1-тапсырма. Талқылау
Айтыс атауы «айтысу» деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу деген мағынаны білдіреді. Айтысқа тапқыр, білімді, тез арада өлең құрастыра алатын ақындар қатысады. Әсерлі болу үшін ақындар сөздерін әуенге қосып, домбыра аспабымен сүйемелдеген
2-тапсырма. Суырыпсалма.
«Мектебім менің» тақырыбына суырыпсалма өлең құра.
• Өлеңнің мазмұны мен ұйқасына қарай мына сөздерді қой:
барғанша, жаңаша, тамаша.
Біздің мектеп ... ,
Асығамыз ... .
Қамқор болған ұл-қызға
Ұстаздары ...
3-тапсырма. Орындау.
Ұлдар:
Кәне, айтысты бастайық,
Ақындарға ұқсайық.
Жақсы болса сабағың,
Саған мақтау табайын.
Қыздар:
Бастасақ, біз де бастайық,
Ақындарға ұқсайық.
Айналайын қарағым,
Жақсы менің сабағым.
Ұлдар неге шулайды?
Үзілісте зулайды,
Тап-таза болып жүрмейді,
Қашан алға өрлейді?
Ұлдар:
Ұлдар ылғи ...
Үзілісте ...
Сынды қабыл аламыз,
Біз ақылды баламыз.
«ҚҚҚ» әдісі
-Мен үшін құнды
-Мен үшін қиын
-Мен үшін қажет
|
Мұғалім қимылын қайталай отырып жасайды.
Айтыс туралы түсінік алу
өз шығармашылық жұмысын көрсетеді.
Оқушылар екі топқа бөлініп айтысады.
|