Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
1-тапсырмада оқушылар мәтіндердің стиль мен жанрды ескеріп, шағын мақала жазуға тиісті. Бұл тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Себебі оқушылардың барлығы мақсатқа сай шағын мақала жазуға тиісті. 1-тапсырманы орындаған кезде оқушылар өз ойларын қағазға түсіріп жатқанда мұғалім сыныпты аралап, қажет тұстарда өз көмегін ұсынады. Мұғалім оқушыларға мақала жазудың үлгісімен таныстырып өтеді.
Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Оқушылар осы тапсырманы орындау арқылы мамандық таңдауға мүмкіндігі болады.
Әрі қарай сабақ топтық жұмыс арқылы өтеді.
Екі геометриялық фигуралар арқылы оқу қабілеті әр түрлі балалардан топ құралады. Үлгерімі төмен оқушыларға арнайы фигураларды мұғалім өзі береді. Сол арқылы үлгерімі төмен оқушылар топ ішінде белгілі бір таспырма орындау арқылы ашылуы мүмкін: мүмкін ол суретті, презентацияны жақсы істей алады.
2- тапсырматақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, публицистикалық және ғылыми стильде мәтін құрастырып, дереккөздеріне сілтеме жасау. Оқушыларға бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтыруына, кеңейте түсуіне мүмкіндігі бар тапсырма. Оқушыларға публицистикалық, ғылыми стильдің жазу ережелерін көмек ретінде ұсынамын. Мұғалім оқушыларға стиль түрлерін түсіндіріп өтеді.
Оқушылардың әртүрлі стильде мәтіндер құрастыра алуы, өзіндік мақала мен баяндама жаза алуы, дереккөздеріне сілтеме жасай алуы бағаланады. Мектептің жағдайы келіп жатса, әр топты ғаламтормен қамтамасыз ету.
3-тапсырма. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесін қайталау ретінде ауызша тексеремін.
Сабақтас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары қандай қосымшалар арқылы жасалады?
Себеп бақыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтарын кім айтып береді?
Қайталаудан кейін жазбаша тапсырма беріледі. Тапсырмалар оқушылардың оқу қабілеттеріне сай жасалаған. Үлгерімі төмен оқушыларға дайын құрастырылған сөйлемдер беріледі.