Сабденова гульмира есбатырқызы қазақ хандығЫ ҚҰрылуының тарихнамасы


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ НЫҒАЮЫ ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ (ХҮ ғасырдың 70-жылдары – ХҮІ ғасырдың бірінші ширегі)



бет2/15
Дата03.11.2023
өлшемі259,51 Kb.
#121620
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

3 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ НЫҒАЮЫ ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ (ХҮ ғасырдың 70-жылдары – ХҮІ ғасырдың бірінші ширегі)


3.1 Этникалық аумағының қалыптасуы………………………………….....
3.2 Халқының орналасуы және этникалық құрамы……………....….
3.3 Мемлекеттік атрибуттары: билік институттары………………......
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………….
...…
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………………………....
Қазақ хандығының
550 жылдық мерейтойына арналады Г.Е.Сабденова

АЛҒЫ СӨЗ


Соңғы кездері қазақ мемлекеттілігі туралы мәселе интернеттік басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында көптеп көтеріле бастады. Оған кеңінен түрткі болған РФ Президенті В.В.Путин тарапынан жастардың «Селигер-2014» форумында қазақ мемлекеттілігі болмағандығы туралы кездесу барысында айтып қалуы еді. Бұл сөз қазақ халқы арасында наразылық тудырып, ел ішінде бірқатар пікірталастарға алып келді. Ресей Президентінің сөзін өзге пиғылдағы кейбір саясаткерлер іле жөнеліп, тәуелсіздігімізді, елдігімізді мансұқтай бастады, тіпті қазақ жеріне, оның біртұтастығына көз аларту күшейе түсті. Осындай пиғылдағы келеңсіз сөздерге тосқауыл қою үшін терең тарихымызды паш ететін еңбектерді жариялау күн тәртібіне қойыла бастады.
Осы орайда айтарымыз, ұсынылып отырған монографиядағы зерттеу тақырыбының өзектілігі еліміздің өз дамуында сапалы жаңа кезеңге аяқ басуынан туындайтын міндеттер мен мақсаттарға байланысты. Олардың қатарына отан сүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелейтін ұлттық құндылықтарымызға құрметпен қарауға жетелейтін тарихи кезеңдер мен оқиғаларды жан-жақты зерделеу жатады. Әсіресе, халқымыздың өз алдына отау тігіп, тарих сахнасына шығуын, этникалық бастауларын зерттеудің ғылыми-практикалық маңызы ерекше.
Бұл бағыттағы ізденістердің танымдық және тағылымдық маңыздылығы отандық тарихнамадағы біраз мәселелердің бұрмалаушылыққа ұшырап келе жатқандығында және осыған байланысты тарихи шындықты қалпына келтіру қажеттілігінен де туындайды деп тұжырымдауға болады. Ұзақ уақыт бойы орталық билік пен тоталитарлық өкімет қазақ халқының өткенін мансұқтап, ұлттық болмысын бұрмалап, бірлігі мен тұтастығын жоққа шығару арқылы оны болашағынан айыруды көздеді. Көшпелілер
қоғамындағы мемлекеттіліктің әлсіздігі, оның негізгі нышандарының пісіпжетілмегендігі, халқының «құрамалылық» сипаты, Қазақстан аумағындағы этногенетикалық процестерде «кірме» элементтердің басымдылығы сияқты бұрынғы ұлы державалық, еуроцентристік концепциялардың жалғасы болып табылатын құйтыртқы арақатынасы, қазақтардың түркілік сипаты жөнінде де түрлі пікірлер айтылуда.
Осының өзінен-ақ қазақ мемлекеттілігінің тарихын жан-жақты, бүгінгі күнгі таным талаптары тұрғысынан зерттеуге мүмкіндіктер туғызатын тарихнамалық ізденістердің қажеттілігі, ғылыми-практикалық маңыздылығы түсінікті. Себебі зерттеу нысаны ретінде алынып отырған Қазақ хандығының тарихнамасы, қазақ халқының қалыптасуы мен оның мемлекеттілігінің құрылуы қоғамдық санаға, оның ішінде халықтың этномәдени санасына ықпал жасайтын тақырыптар қатарына жатады. Қазақ халқының мемлекетілігі тарихи тәжірибесін объективтік шындық тұрғысынан зерделеу қоғамдық дамудың жолын дұрыс таңдап алуда да ерекше маңызды рөл атқарады. Ол тек мемлекеттіліктің іргетасының бірі болып табылатын қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу үшін ғана емес, сонымен бірге тәуелсіздігіміздің қазіргі таңдағы ахуалы мен сипатын, республиканың дамуының болағашын анықтау үшін аса қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының үшінші сессиясында жасаған баяндамасында: «Бұдан бұрынғы кезде қазақтардың мемлекеттілігі болмағаны туралы алуан түрлі сыпсың пікірлерге елеулі түрде тосқауыл қою қажет... өз мемлекетіміздің бастауын іздеуде жазылған және жазылмаған деректер бойынша осы күнге дейін адасып жүргенімізде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру туралы қалай әңгіме айтпақпыз? Міне, тарих ғылымының кезек күттірмес міндеттерінің өзі осындай», – деп көрсетті [1].
Бұл сөздер 90-жылдардың орта кезінде айтылған еді. Бірақ одан кейінгі уақытта да тарихнамалық ахуал өзгере қойған жоқ. 1998 ж. академик М.Қозыбаев этногенез және мемлекеттіліктің өзара байланыстылығына тоқтала келіп, былай деген еді: “Ең алдымен ол этногенез мәселесі. Біз тұтас ұлтпыз, оның биік деңгейі немен өлшенеді? Ұлттың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі қандай? Қазақ сахарасын жайлаған тайпалардың бүгінгі күнге тартылар желі бар ма?…
Тағы бір түйін – мемлекеттік мәселе. Қай ғасырда пайда болды, оның территориялық аясы, тайпалық құрамы, мемлекеттік рәміздері, оның пісіп жетілу деңгейі, сипаты, тағы басқа мәселелерді қамтып, бір жүйеде, тұтас әдіснамалық деңгейде қарастыру әлі де тарихнамада жетіспейді» [2].
Монография осы талаптардан туындайтын отандық тарих ғылымының алдына қойылған міндеттерді шешуге бағытталған, Қазақ хандығының тарихнамасын жүйелі түрде зерттеп, жаңа ізденістерге жол ашуды көздейді. Сонымен тақырыптың өзектілігі, зерттеу нысанының өзіндік құндылығы, танымдық маңыздылығы және қазақ халқының рухани өрлеуінде аса зор рөл атқаруға тиісті тарих ғылымының алдында тұрған мақсат, міндеттерге байланысты өзара байланысты өлшемдермен анықталады.
Монография ХY ғасырдың орта кезінен ХYІ ғасырдың бірінші ширегіне дейінгі мерзімде Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы тарихына арналған отандық және шетелдік зерттеулерді зерделеуге арналған.
ХY ғасырдың 50-60 жылдарынан ХYІ ғасырдың бірінші ширегіне дейінгі Қазақстан тарихы отандық тарих ғылымында қазақ мемлекеттілігінің пайда болып, аяғына нық тұрған, қазақ халқының қалыптасу процесі біршама аяқталған, этникалық аумағы қалыптасқан дербес хронологиялық кезеңі ретінде танылған.
Зерттеу нысаны ретінде ХҮ ғасырдың 50-60–жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі жарық көрген еңбектер қамтылды. Мұның себебі халық тағдырына шешуші ықпал жасаған тарихи оқиғалардың заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктері туралы таным-түсініктердің ұзақ уақыттан кейін ғана қалыптасатындығы туралы тарихнамалық принциптен туындайтындығына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет