Көмір нарығы
Қазақстанның көмір өнеркәсібі
Көмір өнеркәсібі Қазақстан Республикасының маңызды ресурстық салаларының
бірі болып табылады. Отын өндірудің ағымдағы құрылымында көмір негізгі үлесті –
74%-ды немесе жиынтық тұтынудың 51,0 млн. тоннасын құрайды, ол 2014 жылмен
салыстырғанда 1,6 млн. тоннаға аз. Қазақстанда көмір өнеркәсібінің барлық негізгі
сегменттері ұсынылған, алайда энергетикалық көмірді өндіру мен пайдалану ерекше
дамыған.
2015 жылғы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасы дәлелденген көмір
қорының көлемі бойынша дүние жүзінде сегізінші орынға ие (33,6 млрд. тонна немесе
жалпы дүниежүзілік қордың 4%-ы).
Қазақстан Республикасында энергетикалық көмірді өндіру соңғы жылдары орташа
қарқыны 2%-бен тұрақты өсіп отырды, алайда 2015-2040 жылдар арасындағы кезеңде
көмір өндіру жылына 1%-ға жетпейтін қарқынмен баяу азаяды деп күтілуде.
35
2015 жылы 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,2 млн.тонна
(концентратты есепке алмағанда) немесе 95% көмір өндірілді. Мұнда ішкі нарыққа 69
млн.тонна, экспортқа – 29,2 млн.тонна (2014 жылғы 96% пайызбен салыстырғанда)
көмір жеткізілді.
Көмірге ішкі сұраныстың азаюы эндогенді өртті болдырмау және көмір сапасын
жоғалтпау үшін көмірдің мол қорын қоймаларға сақтап қоюға жол бермеу
мақсатындағы маусымдылыққа байланысты. Сонымен қатар, көмірге ішкі сұраныс 2015
жылдың қыс-күз айларында температураның неғұрлым жоғары болуына байланысты
азайды.
Экспорттың азаюы Ресейде импорт алмастыру саясатын енгізу салдарынан Ресей
электр станцияларының берген өтінімдерінің азаюына байланысты.
Қазақстандағы энергетикалық көмір нарығы біршама үзік-үзік болып келеді:
жиынтық өндірудің 36%-ға жуығын қамтамасыз ететін ірі ойыншы – «Богатырь Көмір»
ЖШС («Самұрық-Энерго» мен «РУСАЛ»), жиынтық өндірудің 30%-ға дейінгі көлемін
«ENRC» («Восточный», «Шұбаркөл Көмір» кесігі), өндіреді, одан соң – «Қазақмыс» (8
%), «Қаражыра» (6 %), «Ангренсор Энерго» (5 %) және басқалар.
Энергетика саласындағы көмір
2015 жылы Қазақстан Республикасының энергетикасы үшін көмір өндіруші
кәсіпорындардың көмір сату көлемі 49 236 мың тоннаны құрады. «Богатырь Көмір»
ЖШС-ның көмір сату көлемі 22 252 мың таннаны құрады, бұл Қазақстан
Республикасындағы көмір сатудың жалпы көлемінің 45%-ын құрайды. Осы көрсеткіш
бойынша Қоғам көшбасшылық орынға ие және ERG (14 872 мың тонна) және
Kazakhmys (6 691 мың тонна) құрылымына кіретін көмір өндіретін ірі кәсіпорындардан
озады. «Богатырь Көмір» ЖШС-ның ең ірі тұтынушылары «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС,
«Екібастұз
ГРЭС-2
станциясы»
АҚ,
«ҚарағандыЭнергоорталық»
ЖШС,
«СевКазЭнерго» АҚ болып табылады. 2015 жылы Қазақстан Республикасының көмір
өндіруші кәсіпорындарының Ресей Федерациясына көмірді экспорттау көлемі 19 709
92,9
82,5
93,4
110,1
114,3
112,8
107,6
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
Энергетикалық көмір өндіру, млн тонна
36
мың тонна деңгейінде, соның ішінде «Богатырь Көмір» ЖШС экспортының көлемі
10 587 тыс.тоннаны құрады. «Богатырь Көмір» ЖШС экспортының үлесі экспорттың
жалпы көлемінің шамамен 54%-ын құрады. Ресей Федерациясында көмірдің негізгі
тұтынушылары Рефтинск ГРЭС-і, Троицк ГРЭС-і, Серовск ГРЭС-і, Жоғарғы Тагил
ГРЭС-і, Қорған ЖЭО болып табылды.
(Реализация, всего – Сату, барлығы)
(Реализация в Казахстане – Қазақстанда сату)
Саланың реттегіш ортасы
Уәкілетті орган (Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі) 2004 жылғы
9 шілдедегі № 588-II «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
негізінде электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыру мақсатында:
электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
электр энергетикасы саласындағы техниалық регламенттерді әзірлейді және
бекітеді;
электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды
әзірлейді және бекітеді;
Қазақстан Респбликасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесі бар,
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша электр байланысы жоқ өңірлер үшін
электр энергиясының көтерме нарығының жұмыс істеу және оны ұйымдастыру
ерекшеліктерін белгілейді;
электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асырады;
электр қуаттарын орналастырудың перспективтік сызбасын әзірлеп, бекітеді;
қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Электр энергиясын жеткізу және тарату бойынша қызметтер табиғи монополиялар
саласы болып табылады және 1998 жылғы 3 шілдедегі № 272-I «Табиғи монополиялар
және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында басшылықты жүзеге
2015 жылғы көмір сату және 2016 жылға жоспар
м
ың
т
онн
а
37
асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті
(бұдан әрі – ҚР ҰЭМ ТМРжБҚК) болып табылады.
2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес ҚР ҰЭМ ТМРжБҚК:
1)
тәулік аймақтары бойынша және (немесе) жеке тұлғалардың электр энергиясын
тұтыну көлеміне тәуелді энергиямен қамтамасыз етуші ұйымдардың электр
энергиясына белгіленетін тарифтерді саралау тәртібін бекітеді;
2)
энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарттар жасайды;
3)
жеке тарифті бекітеді;
4)
Интернет-ресурста энергиямен қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясын
сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін
жүргізеді, орналастырады және жаңартады;
5)
энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қолданыстағы заңнамалардың
талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды
жою туралы орындалуы міндетті болып табылатын ұйғарымдарды шығарады;
6)
өз құзыреті шегінде осы Заңда анықталған нормативтік құқықтық актілерді
әзірлейді, бекітеді;
7)
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актлерінде
көзделген өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 шешімімен бекітілген Қазақстан
Республикасының Энергетика министрлігі туралы ережесіне сәйкес, көмір саласындағы
конкурска шығаруға жататын көмірсутекті шикізат, көмір мен уран бар жер
қойнауының учаскелері тізілімінің жобаларын әзірлейді.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін
атқарушының 2014 жылғы 15 қазандағы №67 бұйрығына сәйкес, Қазақстан
Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер
қойнауын пайдалану комитеті көмір саласында мына қызметтерді жүзеге асырады:
1)
жер қойнауын зерттеу мен пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге
асырады;
2)
өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт
талаптарын орындауына мониторинг жүргізеді және бақылау жасайды;
3)
жер қойнауына мемлекеттік мониторинг жүргізежі;
4)
Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген өзге де өкілеттерді
жүзеге асырады.
Нарық жағдайындағы SWOT-талдау
Сыртқы және ішкі ортаның талдауына сәйкес, 1-кестеде Қоғамның әлеуеті мен
әрі қарайғы даму перспективасын белгілейтін SWOT-талдау әзірленіп, ұсынылған.
Жағымды әсер
Жағымсыз әсер
38
Күшті жақтары
Әлсіз жақтары
1
Өндірген кезде өзіндік құны төмен
энергетикалық көмірдің мол
қорының болуы
2
Қазақстан Республикасындағы
қуаттардың тозуының жалпы
деңгейіне қатысты тиімді
энергетикалық қуаттар
3
Мемлекет пен Қор тарапынан
қолдау көрсетілуі
4
Белгіленген қуатты пайдалану
коэффициентінің төмен болуы
5
Қарыз жүктемесінің тым көп болуы
6
Баға
ұсынысын
басқару
мүмкіндіктерінің төмен болуы
Мүмкіндіктер
Қауіп-қатерлер
1
Өсіп отырған сұраныс, бәсекеге
қабілеттілікті қамтамасыз ету
есебінен нарықтың үлесін кеңейту,
және келешекте нарық моделін
өзгерту
2
Қазақстан Республикасының
экспорттық әлеуетін, оның ішінде
Ұлттық оператор мәртебесі
есебінен дамыту
3
Нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес,
қуат теңгерімін оңтайландыру
(ЖЭС, ЖЭО, СЭС, ЖЭК)
4
Көмірді пайдалану бағыттарын,
оның ішінде байыту есебінен
кеңейту
1
Байланыстырып өндіруді сақтау және
кеңейту
2
Өндіруші қуаттарға сұраныс пен
ұсыныстың арасындағы алшақтықтың
ұлғаюы
3
Экологиялық заңнамаларды шектен
тыс қатайту
4
ЕАЭО бірыңғай электр энергетикалық
нарығын дамыту есебінен Қазақстан
Республикасының
нарығына
қолжеткізудің қиындауы
Күшті жақтары
Компания ұзақ мерзімді перспективада Қоғам мен сыртқы тұтынушылардың
қызметін қамтамасыз ете алатын энергетикалық көмір қорына ие. Солай бола тұрса да,
көмір өндірудің өзіндік құны әлемдегі ең төмендегілердің бірі болып табылады.
Қолжетімді энергия ресурстарын тиімді пайдалану Қоғамның стратегиялық бәсекеге
қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік береді.
Қоғамның активтерін дамытудың ауқымды бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ
таяу арада өндіруші қуаттардың енгізілуі Қазақстан Республикасындағы қуаттар әбден
тозығы жеткен жағдайда пайдаланылатын жабдықтардың технологиялық жоғары
деңгейін көрсетеді. Жүктеме деңгейін арттырған және инвестициялық
бағдарламаларды іске асыруды жалғастырған жағдайда Қоғам Қазақстан Республикасы
энергетикасының операциялық тиімділігінің көшбасшысы болуы мүмкін.
«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстан Республикасының жүйе құрушы
компанияларының бірі және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрамына
кіреді. Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігінің кепілі ретіндегі рөлін
есепке ала отырып, мемлекет пен Қор тарапынан Компанияға стратегиялық қолдау
көрсетіледі.
39
Әлсіз жақтары
Электр энергетикасы нарығының жұмыс істеу конъюнктурасы мен моделі Қоғам
қуаттары жүктелімінің төмен болуына жағдай жасайды. Қуаттардың жүктелімінің
төмен болуы Компания активтерінің жұмыс жасауының технологиялық және
басқарушылық тиімділігінің төмендеуіне себепші болады, бұл өз кезегінде электр
энергиясының өзіндік құнының артуына және оның бәсекеге қабілеттілігінің
төмендеуіне әкеп соғады.
Қоғамның салынған инвестициялары көлемінің ауқымдылығы қарыз жүктемесі
деңгейінің ұлғаюына әкеп соқты, бұл өндірістік жоспарды жүйелі орындау және қуат
жүктемелерін ұлғайту қажеттігін арттырады. Нарықтың қазіргі кездегі тәртібі бойынша
инвестициялық жүктеменің жоғары болуы тарифтердің жоғары болуынан көрінеді, бұл
Компанияның нарықтағы ұстанымының әлсіреуіне әкеп соғады. Келешекте қуат
нарығын енгізу арқылы бұл проблема белгілі бір дәрежеде өзінің өзектілігін
азайтады.азайту тәсілдерінің бірі ретінде қызмет ете алады.
Компанияның ірі станциялары нарықтың үстем субъектілері болып табылады.
Осыған байланысты Қоғамның қазіргі ұйымдық құрылымымен икемді баға саясатын
жүргізуге мүмкіндігі жоқ, бұл әртүрлі санаттағы тұтынушыларды тарту мүмкіндіктерін
азайтады. Бұл проблеманы компанияның сату функциясын қайта ұйымдастыру ғана
шеше алады.
Мүмкіндіктер
Электр энергиясының экспортын ұйымдастыру бойынша құзыреттердің болуы
және әлеуетті түрде Ұлттық оператор мәртебесін алу Қоғамға экспорттық қызметті
айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының пайдалы
экономикалық-географиялық жағдайы және бай энергия ресурстарымен үйлескен
тиімді өндіруші қуаттарының болуы дәстүрлі солтүстік және перспективті оңтүстік
бағытта экспорт әлеуетін қамтамасыз етеді.
Операциялық тиімділікті арттыру және келешекте электр энергетикасы нарығы
моделінің өзгеруі есебінен Қоғам ішкі нарықтағы электр энергиясын сатуды
айтарлықтай кеңейтуі мүмкін. Сату саясатының бәсекеге қабілеттілігін және
икемділігін арттыру нарықтың органикалық өсу есебінен де, сондай-ақ өзара іс-қимыл
ұзақ мерзімді негізде жүзеге асырылатын клиенттер – электр энергиясының ірі
тұтынушалары санының өсу есебінен де нарықтың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы көмір энергия блоктарын, маневрлік қуаттарды, аралас өндіру мен
болашақтың энергетикасын (ЖЭК) қатар дамыту Компанияға нарық көшбасшысы
ретінде өз жағдайын нығыз бекітуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде Қоғамның
тұрақтылығы оның кейінгі қарқынды дамыуының бекітілімі болып шығады.
Көмірмен жұмыс істеудің заманауи технологиялары, ең алдымен, оны байытудың
инновациялық тәсілдері Екібастұз көмірін қолдану спектрін және оны монеталаудың
әлеуетті мүмкіндіктерін күрт кеңейтуге мүмкіндік береді. Көмірді байыту оны
жеткізудің тиімді радиусын ұлғайтады және оны стандартталған өнімнің халықаралық
нарығына шығарады.
Қауіп-қатерлер
40
Қазақстан Республикасы электр энергетикалық нарығының қағидалары
байланысқан қуат өндіруді дамыту мүмкіндіктерін шектемейді. Солай бола тұрса да,
экономиканың қазіргі моделі жетекші индустриялық компаниялардан байланысқан
қуаттарды ұстау тартымдылығының жоғары болуына себепші болады. Келешекте ірі
өнеркәсіптік жобалардың көбі дербес энергетикалық қуаттарды құруды көздейді, бұл
электр энергиясының еркін нарығының шамасын азайтады. Бұған қоса, қуат өндірудің
тиімділігін арттыру үшін индустриялық компанияларға көбінесе электр энергиясының
артығын демпингтік бағалар бойынша өткізу пайдалы, бұл нарыққа теріс әсер тигізеді.
Келешекте байланысқан қуатпен байланысты бәсекенің қиындығы екі деңгейлі
тарифтер жүйесін ендіру есебінен азаюы мүмкін, бірақ бос нарықтың шағын үлесіне
қатысты сақтау қауіп-қатері сақталады.
Экономиканың өсу қарқынының баяулауы электр энергиясын тұтынудың өсу
қарқынының аса жоғары болмауына алып келеді. Сонымен қатар, өндіру қуаттарын
дамытудың қолда бар жоспарын іске асыру орташа жылдық артық қуатты арттырады.
Нәтижесінде өткізу нарығы үшін бәсекелестік артады және электр энергиясының
тұрақты экпорттын ұйымдастырудың өзектілігі артады.
Энергетика экологиялық заңнамалардың өзгеруіне өте сезімтал болып табылады.
Әсіресе бұл күлі көп, калориясы аз көмірге сүйенетін қуатты өндіру үшін өзекті болып
табылады. Қазақстан Республикасының қарқынды экологиялық жаңғырту жолын
ұстануы электр энергиясын өндіруде шығындардың көбеюіне әкеп соғуы мүмкін.
ЕАЭО бірыңғай электр энергетикалық нарығының құрылуы нәтижесінде Қазақстан
Республикасы қатысушы елдердің нарықтарына жеңілдетілген қолжетімділік алып қана
қоймайды, сондай-ақ ішкі нарықтың ашықтығын арттырады. Ресейдің Сібір мен Орал
БЭЖ-інде, сондай-ақ Қырғызстанда жаз кезеңінде электр энергиясының өзіндік
құнының төмен болуы Қоғамды электр энергиясын жетекші өндіруші және Ұлттық
оператор ретінде экспорттық экспансияны шектеу тәсілін әзірлеуге міндеттейді.
Қорытынды
Қазақстанның электр энергетикасы нарығы әлеуетінің өсу мүмкіндігі мол,
Қоғамның нарықтағы ұстанымы осы әлеуетті іске асыруға, акционерлік құнды
жоғарылатуға барынша сәйкес келеді. Қоғам ЕТҰ-ға операциялық бақылау орнатуға
және қолайлы нормативтік орта құруға көмектесе отырып, жаңа станцияларды салу мен
жаңғырту, оның тиімділігін көтеру арқылы электр энергиясын экспорттауға,
компанияның құнын өсіруге бағытталған ұзақ мерзімді стратегияны іске асыру қажет.
Қызмет нәтижелері
Өндірістік қызмет
Негізгі қызмет көрсеткіштері
«Самұрық-Энего» АҚ компаниялар тобының 2015 жылғы энергия өндіру
көлемі 22,3 млрд кВтсағ. құрады, ол ҚР БЭЖ бойынша 2015 жылы өндірілген
жиынтық электр энергиясының 25 %-ын құрайды.
41
Үш жыл ішінде негізгі көрсеткіштер бойынша қол жеткізілген нәтижелердің
динамикасы, алдағы жылдың жоспары
Атауы
Өлшем бірлігі
2013
2014
2015
2016
(жоспар)
Электр энергиясын
өндіру көлемі
*
млн кВтсағ.
33 497
28 217
*
22 318
23 259
Электр энергиясын сату
көлемі
млн кВтсағ.
8 133
8 605
8 414
8 758
Электр энергиясын
тарату көлемі
млн кВтсағ.
11 859
12 344
12 113,6
12 332,0
Жылу энергиясын өндіру
көлемі
мың/ Гкал
6 783
7 551
6 907
7 359
Көмір өндіру көлемі
млн тонна
41,7
38,0
34,5
32,5
* «Самұрық-Энерго» АҚ бойынша барлығы
Энергия тасымалдағыштардың түрлері бойынша бөлгендегі электр энергиясын өндіру,
ГВт/cағ.
*
Ертіс СЭС каскадын қоспағанда
(ГЭС и ВИЭ – СЭС және ЖЭК)
(ГРЭС – ГРЭС)
(ТЭЦ – ЖЭО)
ЕТҰ бойынша бөлгендегі электр энергиясын өндіру, млн кВт/сағ.
ЕТҰ атауы
2013
2014
2015
2016
(жоспар)
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС
13 492
14 096
10 729
11 175
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ
6 280
4 755
3 211
4 945
«АлЭС» АҚ
5 228
5 036
5086
4920
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ
628
667
666
872
«Шардара СЭС» АҚ
465
565
465
265
«Мойнақ СЭС» АҚ
899
577
903
906
1 364
1 142
1 450
21 366
21 372
15 116
5 857
5 703
5 752
2013
2014
2015
ГЭС и ВИЭ
ГРЭС
ТЭЦ
42
«БЖЭС» ЖШС
-
-
79
172
«Samruk-GreenEnergy» ЖШС (Қапшағай қ. 2 МВт
КЭС)
-
0,4
3,15
3,4
«ЖГРЭС» АҚ
1 594
2 520
1 176*
-
Барлығы
28 587
28 216
22 318**
23 259
* «ЖГРЭС» АҚ 2016 жылдың 15 мамырына дейін «Самұрық-Энерго» АҚ құрамында болды
**Ертіс СЭС каскадын қоспағанда
Электр станцияларының белгіленген қуаты 6 774 МВт. құрады, бұл ҚР БЭЖ
электр станцияларының жиынтық белгіленген қуатының 31,8 %-ын құрайды.
Өндірістік (белгіленген) қуаттар, МВт
Атауы
2013
2014
2015
2016
(жоспар)
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС
4 000
4 000
4 000
4000
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ
1 000
1 000
1 000
1000
«ЖГРЭС» АҚ
1 230
1 230
-
-
«АлЭС» АҚ
1 239
1 239
1 239
1239
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ
88
88
88
118
«Шардара СЭС» АҚ
100
100
100
100
«Мойнақ СЭС» АҚ
300
300
300
300
«Samruk-GreenEnergy» ЖШС (Қапшағай қ. 2 МВт
КЭС)
-
2
2
2
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС
-
-
45
45
Станциялардың барлық түрлері бойынша
қорытынды
7 957
7 959
6 774
6 804
Жылу энергиясын өндіру, мың Гкал
Атауы
2013
2014
2015
2016
(жоспар)
«АлЭС» АҚ
4 960
5 580
5 031
5 449
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ
1 760
1 868
1 795
1 834
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ
63
103
81
76
Барлығы
6 783
7 551
6 907
7 359
Электр жеткізуші әуе және кабельді желілердің ұзындығы
Кернеуі 0,4 – 220 кВ - 70 111 км ЭЖЖ жалпы ұзындығы, оның ішінде:
Әуе ЭЖЖ – 63 741 км;
Кабельді ЭЖЖ – 6 370 км.
Кернеуі 220 кВ және одан аз қосалқы станциялар бойынша деректер
Кернеуі 35 кВ және одан көп ҚС саны – 579 бірл., трансформаторлық қуаты -12 463 МВА;
Кернеуі 6-10/0,4 кВ ҚС саны – 13 956 бірл., трансформаторлық қуаты -3 932 МВА.
Электр беру және тарату желілерінің ұзындығы*, км
43
Желі түрлері
Желілерінің ұзындығы 35 кВ-дан
көп
Желілерінің ұзындығы 35 кВ-дан
аз
2013
2014
2015
2013
2014
Достарыңызбен бөлісу: |