әдебиеті» газетінің бас редакторы Сырбай Мәуленовті, бас ре-
дактор орынбасары Жұбан Молдағаливті, жауапты хатшысы
Төкен Әбдірахмановты, сын бөлімінің меңгерушісі Рахманқұл
Бердібаевты қызметтерінен босатыпты...
Шұғыл шешім. Партия ғой!
Алайда, уақыт өте келе замана желі басқаша есерін, бұл аза-
маттар Алашорда өкілі Смағұл Садуақасов үшін бүгін қарғыс
алғанымен, уақыт өте келе алғыс аларын, мақтана сөйлеп оты-
рарын шұбар хатшы қайдан білсін?!
Қыранжүрек ғалым бір ысынып, бір күйінді. «Жылымық
заманнан да ештеңе күтуге болмайтын болды-ау» – деп опынды
ол. Бұл күйінде Алаш аймүйіздерін қашан ақтаймыз, олардың
алдындағы азаматтық парызымызды қалай өтейміз? деп қапалы
күй кешті. Бірақ, ол осы бір «Өтелмеген парыз» аталатын
мақаласымен-ақ азаматтық парызын өтеп үлгергенін білген
жоқ. «Өтелмек парыз» – Өтелген парыз еді.
14.04.2004.
Түркістан.
естелік – рухани ескерткіш
(Он бесінші ерлік)
Бейсекең жетпісінші жылдары бірсыпыра естеліктерін жи-
настырып «Замандастар» деген атпен «Жалын» баспасына тап-
сырды. Бірақ қолжазба кітап болып басылмады. Есесіне бір
бет сыпайы жауап келді. Онда: «Осыған орай айта кететін
нәрсе – шындық деген ұғымға байланысты айтылатын да,
айтылмайтын да жайлар болады. Мұқаң және Сәкен тура
лы естеліктеріңізде Сіз мұны ескере бермепсіз. Әр естелік
178
179
әңгімеңізге қайта оралып, мұқият қарап толықтырсаңыз /?/
екен. Осындай себептермен қолжазбаны өзіңізге қайтарып
отырмыз» – делінген.
1977 жылы 5-ші қыркүйекте жазылған № 775-ші ресми хат-
ты қолына алып оқып шықты да, ғалым ойға кетті. Бірсыпыра
ойланып отырып, ақырында кеңк-кеңк күлді.
Ойланатын орны бар. Бейсекең не жайында, кім жайын-
да қалам тартпасын тек шындықты жазады. Шындықтан қо-
рыққан қоғам – өспейтін қоғам, керісінше өшетін қоғам. Қо-
ғамдық идеологияны желеулетіп, мансабынан жасқанып,
шындықтың бетіне тура қарай алмаған адам күйеуінің сыр-
тынан жүріп, көзіне шөп салып, күйеуінің жүзіне тік қарай
алмай жасқаншақтайтын жезөкше әйел секілді. Бейсекең
шын дықты айтамын деп күйеді. Ақыр-аяғы естеліктің өзінде
шындық айта алмаса не болғаны, ғалым міне осыған күйінеді.
Үлкен лауазымға ие болып жүрген замандастарының су жүрек
қорқақтығына, айлакерлігіне қайран қалады, өкінішке дес беріп
қапаланады. Өйткені, естелік – шыншыл жанр. Естелік жазған-
да көңілде қылаудай жамандық, өзек өртер өтірік болмасқа
керек. Бейсекең баспагерлердің «айтылатын да, айтылмайтын
да шындық болады» деген «пәлсапасына» налиды. Ақиқатты
пайғамбар жасынан асқан Бейсекеңдер айтпағанда кім айт-
пақ?! Ақиқатты алалау – адалдықты қаралау, шындықты айтпау
– жалғандыққа болысу, өтірікке дес беру. Мұның бәрі кейінгі
ұрпақты өтірікке тәрбиелеу, мәңгүрт ету. Ғалым қалай ойланба-
сын, қалай күйінбесін?!
Ал, күйінетіні – «Замандастар» атап, баспаға ұсынып
отырған жазбалары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бе-
йімбет Майлиндерден бері қарайғы тұлғалар жайындағы ес-
теліктері. Ғалым біріне іні, біріне замандас болып, бірінің тәр-
биесін алып, бірінің сыйластығын көріп өскен, өмірінің мәні
тұтқан тұлғалар бұлармен шектелмейді ғой. Аттарын ауызға
алуға қорқатын аймүйіздер жайында да естелік жазған Бейсе -
кең. Аймүйіздер ұмытылмасын деп тонның ішкі бауындай жа-
қын шәкірттерінің біріне олардың кітабын жасырып беріп,
енді біріне олар жайында жазған естеліктерін аманат етіп жүр
ғой. «Замандастарға» ол естеліктерін қосып, ұсынса қайтер еді
мына сауысқаннан сақ баспагерлер? Өтірік сынаған болып
айтсақ та бұл ұлы дарындар жайында айтып, жазып жүрейік тә
деп те құлаққағыс қылып көрді анда-мында. Жоқ. Атауға бол -
майды деген жауап алады. Не амал? Ардақтардың аты өшіп ке-
те ме, қайтеді? Сөйтіп отырып «мұқият қарап толықтырыңыз»
– дейді. Күлмегенде қайтеді?! «Толықтырыңыз» емес, қысқар-
тыңыз деп отыр ғой. Бейсекеңнің осылай тауы шағылады.
Көрнекті ғалым Бейсембай Кенжебайұлы – естелік жанры -
на мейлінше адал бола білген жан. Бұл не деген сөз? Бұл –
Бей сембай Кенжебайұлы – алдындағы ағаларына, заманы бір
құрбы-құрдастарына, кейінгі буын інілеріне адал болды деген
сөз.
От басының ғана емес, бүкіл бір халықтың белін қайыс-
тырып, қатарластарының қабырғасын сөгіп дүниеден дарын-
дар өтеді. Адамзаттың ежелгі жолдасы, аяусыз бір халықтың
аяулы перзентінің бетін қайтпас сапарға бұрумен бірге, сол
ұлтқа ортақ даңқты да ортайтып кетеді. Иесінен кейін даңқ та
жетімсірейді. Қайрап салса қара тасқа өтетін аяулы перзентін
қайтпас сапарға аттандырған, қара жер қойнына берген ел қа-
ралы. Тәубеге келер сәт те – осы! Пендешілік кірінен тазарар
сәт – осы! Бірін-бірі артқа түртіп үйренген ағайынның қазаны
ортақ тұтып, азаны бірге азалар, қансыратып келген қазаға
қатар тұрар осы сәт те осы! Қаза – елдің елдігіне, қаза – кісінің
кісілігіне сын. Ақсақал, азамат орнын жоқтатпаймыз, аяулы
адам көтерген батпан жүкті бөлісе көтереміз, ол әкелген даңқ-
ты тұғырында ұстаймыз деп кейінгі ұрпақтың қозғалақтар
сәті де осы!
Қайталанбас қайраткерін, иә қалаулы қаламгерін есте сақ-
таудың жолын іздеу басталады. Мәдениетті елдерде қыруар
міндетке ұласар ұлан асыр істі қысылшаң сәтте қимас адамға
көп болып, ұйымдасқан түрде рухани ескерткіш жасаудан ба-
стайды. Ол рухани ескерткіштің ныспы – замандастар естелігі.
Естелік дегеніміздің өзі не нәрсе? Ерекшелігі қандай? Шарты
қандай?
Естелік – әдебиет жанры. Онда да мемуарлық әдебиеттің
бір үлгісі. Естелік көзбен көрген шынайы шындыққа құрылса
игі. Ол бұл ретте «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дерлік
шыншыл жанр. Жанрдың қалыпты формасы жоқ. Ықтимал
формаларды қайталаудың өзі қателікке ұрындыруы бек мүмкін.
Естелік – еске алып отырған адамның шын табиғатынан тууға,
еске алып отырған адамның шын болмысына ғана ұқсауға ке-
рек. Көрнекті мемуарист Корней Чуковскийдің өз естеліктерін
«ойдан шығарылмаған әңгімелер» деп атауының сыры да осын-
да!
180
181
Орыс әдебиетінде әдемі естелік үлгісін жасаған қаламгер
– М.Горький. Өмірінің соңында естеліктер сериясын жасамақ
болған М.Горький «Людей совершенно одинаковых – нет, в
каждом имеется нечто свое – и внешнее и внутреннее» – деп
жазған. В.Вересаев та әр адам бойында ірілі-ұсақты қызықты
сипаттар болатынын айта келіп: «Мы замечаем и вспоминаем
это больше тогда, когда человек умрет», – дейді.
Айтылған пікірлерде бір-бірімен сабақтас түсіп жатқан, ес-
телік үшін аса қажетті, өлшем тұтарлық ой ұшқындары бар. Ол
адам баласының бірін-бірі қайталамайтыны, көбіне-көп адам
бойындағы қызықты сипат, бағалы қасиеттерді ол өлген соң
ғана біліп, бағалап еске алатындығымыз. Естеліктің, негізінен
дүниеден өткен адамдар жайында жазылу сырын да осы пікір
еске салғандай. Расында да естелік – тіршіліктің қызығын да,
қиындығын да замандастары мен кейінгі ұрпаққа аманат етіп
қалдырып, фәни жалғаннан өткен жандар жайында жазылады.
Қолына қалам алғандардың дені өкінішке жол беріп сөйлейді.
Олардың біразының естелігі жақсының жақсылығын паш
ету, біразының естелігі әруақ алдында кінә-күнәдан арылу…
М.Горький пікірінен түйсінетініміз – жалғанды жалпағынан
басып жүрген адамдардың бір-біріне ұқсамайтындығы секілді,
тіршіліктен аз-кем үлесін алып, қайтпас сапарға аттанған аяу-
лы адамдар жайлы айтылар естелік те қайталанбауға тиісті.
Қайталадың-ақ әруақ тербеткенің, өзіңнің де, өзгенің де қадірін
түсіргенің.
«Невыдуманные рассказы» дегенді айтқан бір К.И.Чуков-
ский емес. Бір атауды айналсоқтап, өз естеліктерін қинала осы-
лай атауға мәжбүр болғандар ондап саналады. Мұнда не сыр
бар? Демек, естелік авторының табынатын тәңірісі – шындық
болуы шарт. Әсіресе, естеліктің мемуарлық аталас жанрлардан
айырмашылығы – шыншылдығында. Естелікте қаны сорғала-
ған шындық қана айтылуға керек. Тіпті, мемуарлық шығарма-
ның өзінде болмысты типтендіруге, бояй суреттеуге ырық бе-
ріледі. Ал естелік жөні бір басқа. Онда боямаға, қоспаға орын
жоқ. Жанрдың осы қасиетін әбес пайымдайтын кейбір ме-
муаристер үлкеннің атын жамылып мақтануға, өзін көрсетіп
қалуға, әйтпесе әруақ қолымен от көсеуге, оның аузымен
екінші біреуді шенеп есе қайтаруға барады. Әрине, бұл дұрыс
емес. Егер естелік шыншыл болмаса – оқушылар үшін қадірлі
болмайды. Естелік шыншыл болмаса, біз орыс халқының ар-
ұяты – А.С.Пушкиннің трагедиясының шындығына жетпеген
болар едік. Естелік шыншыл болмаса біз Некрасовтың карта
ойынына әуестігін, Достоевскийдің құмарпаздықтан достары-
на қарыздар күй кешетінін, Толстой мен Тургенев арасындағы
пендешілік қатынасты, Герценнің махаббат драмасын білмеген,
түсінбеген болар едік.
Міне, естеліктің шын табиғаты, естеліктің әлем әдебиетін-
дегі тарихи орны. Осы тағлым-тәжірибелерді айтқанда Бей-
секең «Замандастары» қай деңгейден табылмақ? Аяулы ғалым,
әз адам естеліктері нендей һикмет айтады, нендей ізгілік сезін-
діреді? Ол естеліктердің тарихы қандай, табиғаты нендей?
Әрине, «Замандастар» қаз-қалпында жарыққа шықпады.
Шықпайтынын әлгі ресми хат та сезіндіргендей еді ғой. 1984
жылы ғалымның сексен жасқа толуына орай «Жылдар жемісі»
(«Жазушы») аталатын кітабы жарық көрді. Кітаптың жедел
жарық көруіне Баспа комитетінің сол кездегі төрағасы, бел-
гілі ғалым Шерияздан Елеукенов, «Жазушы» баспасының сол
кездегі директоры үздік аудармашы Әбілмәжін Жұмабаев шә-
кірттік бейілден жәрдем етті. Міне, сол еңбектің екінші бөлімі
– «Қаламдастар. Замандастар» аталып, оған Сәкен Сейфул-
лин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Баймағамбет Ізтөлин,
Жамбыл, Үкілі Ыбырай, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанұлы,
Сабыр Шарипов, Өтебай Тұрманжанов, Ғали Орманов, Қадыр
Тайшықов, Мәлік Ғабдуллин, Қалмахан Әбдіқадыров жайын-
да естеліктері енгізілді. Үлкен қайраткер, білімдар жан Нәзір
Төреқұлов, мықты әдебиет сыншысы Ғаббас Тоғжанов, қай-
раткер Садықбек Сапарбеков секілді бір шоғыр жұлдыздар
жөніндегі естеліктері кітапқа енбей қалды. Кітапқа енген ес-
теліктердің өзі «құлағы кесіліп құнтиып, құйрығы кесіліп
шұнтиып» жарық көрді. Сексен жылдығына кітабының жарық
көргеніне бір жылаған ғалым, естеліктерінің жұлмаланғанына
екі жылап қарсы алды… Уақыт солай еді! Бұл – ғалымның алпы-
сыншы жылдары жазған естеліктері. Қоғамдағы «жылымыққа»
сәйкес Сәкен, Ілияс, Бейімбет секілді қаламгерлер ақталды ғой
елуінші жылдары. Міне, сол тұста Бейсекең алдындағы тете-
лес ағаларын қалам қуатымен тірілтті. Әрдайым ақ сөйледі.
Жақсы мінез, іс-қаракетін жақсы, жаман мінез, іс-қаракетін
жаман деп жазды естеліктерінде. Мұхтар Әуезов секілді алып
ойшылдардың көп уақыт қуғын-сүргін көргенін де жасырмады.
Көбіне естеліктерінен осындай эпизодтар қырқылып қалып
жатты.
182
183
Алайда, жоғарыда айтқандай, бұл естеліктер Бейсекең қа-
ламынан туған мемуарлық жазбалардың бір парасы ғана.
Б.Кенжебайұлы қаламынан туған естеліктің ендігі бір па-
расы – «ұлтшыл» аталып, ұмытылуға айналған, «Алаш» ата-
лып қоғамнан, туған халқынан аласталған Арыстар жайында
болатын. Тумақ, өнбек, өспек, ақырында – өлмек адам баласы
тағдырындағы ЖАЗУ екенін болжағандықтан ба, жасы келген
адам кейінгі ұрпаққа көрген, білгенін айтып, жазып ұрпақтар
арасындағы рухани сабақтастықты жалғап кетейін деген ойға
бекіді ме, әйтеуір 1970 жылын тұтас естеліктер циклын жазуға
арнады. Алаш атанған азаматтар жайында терең толғанып жаз-
ды. Жазды да бір данасын Қазақстан Орталық мемлекеттік
архивіне өткізді, бір данасын Міржақып Дулатовтың Гүлнар
есімді қызына берді (әкесінің ертелі-кеш бір ақталарын сезіп,
біліп, көңіліне медет етіп жүрсін дегені болар), үшінші данасын
өзінің архивіне салып қойды…
Қазір ғой, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жү-
сіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев жайында кім-кімге де
жазу абырой. Ал жетпісінші жылдары бұлар жайында жазу –
қатер ғой. Асылы, кісілік, азаматтық үлкен істе де, кіші істе де
көрінеді. Бейсекең қатерге басын тігіп, аталмыш арыстар жай-
ында қарапайым естелік жазып, оны тиісті орындарға тапсы-
руы – әрі үлкен кісілік , әрі хас батырлық, әрі көрегендік. Ендігі
жазылар том-том кітаптан қыранжүрек ғалымның жетпісінші
жылдары жазылған қарапайым естеліктерінің қадірлі бола
беретін себебі де міне осында. Ол естеліктердің «Ұстаз»
(М.Жұмабайұлы), «Телегей теңіз» (Ж.Аймауытұлы), «Мірдің
оғындай еді» (М.Дулатов) аталатын кейбірі «Лениншіл жас»
газетінің 1989 жылғы 4, 6 қаңтар, 25 тамыздағы сандарында
жарық көрді. Жарық көру бойында үлкен-кіші оқырманның
ыстық ықыласына бөленді.
«Апыр-ау, ағамызды білмейді екенбіз ғой, үндемей жүріп
үлкен әрекет істеген екен-ау» – деп екінің бірі таң қалып,
Бейсекеңді қайта «ашып», қайыра танып жатты.
Расында да қайта құруға дейін өмірден өтіп кеткен ға-
лымның қоғам келешегін, атар азат таңын, ақталар азаматта-
рын болжағандай көреген, ерен ерлік істер еді. Аталмыш ес-
теліктердің ішкі жанрлық ерекшелігі, көркемдік кестесі, де-
ректік құндылығы жайында тереңіне шым бойлап сөйлер сәттер
алда келер. Әзірге ол естеліктердің қалай сақталып, бүгінге
қалай жеткені, әдебиет тарихында, кісілік-азаматтық парқында
алатын орны жайында көбірек толғанғың келеді.
Қазақ халқының қайтпас қайраткер-қаламгері Міржақып
Дулатов, жойқын ақыны Мағжан Жұмабаев, жампоз жазушысы
Жүсіпбек Аймауытов жайлы естеліктер. Естеліктер авторы –
аяулы ғалым, филология ғылымының докторы, профессор
Бей сембай Кенжебайұлы. Естеліктер кезінде ұлтшылдық қара
таңбасы басылып туған халқынан аласталып қасірет шегіп,
қан жұтып қайтпас сапарға аттанған қадірменді қаламгерлер
хақында. Дұрысы, сол аяулы адамдар өмірінің бір адамға қа-
тысты бір бөлшегі ғана. Кездікті уақытында қадірлемей,
жоғалтып алып, сабы алтын еді деп өкініп жазылып жатқан
ма қалалар қазір көп. Уақыт ағымына орай сол бір аяулы адам-
дардың жанашырына айналып әлдекімнен төлеу сұрап жат-
қан жайымыз бар бәріміздің де. Бұл тірісінде қадірлей алмай,
дүниеден көшкен соң жоқтап қоя беретін қашанғы әдетімізбен
сабақтас мінез. Ал, мына қарапайым естеліктердің жүзі оларға
қарағанда бір түрлі ыстық, оларға қарағанда бір түрлі жарық,
қадірі де даурықпа көп айқай, енді естіліп жатқан саналуан
сұлу сөздерден артық. Себеп?
Уақыт адамның ірілігін, тірілігін, қысқасы кісілігін әр-
уақытта әрқилы сынайтын әдеті. Кезінде жау жоқта – жау
тау ып айқай салғандар да бүгін дүрдиісіп күпсіне сөйлей ала-
тынын байқап қалып жүрміз. Халық басына қасірет болып
келген отызыншы жылдары майысқақ жандар көп болды. Ал
алдымыздағы естелік авторы сол отызыншы жылдардың қанды
қырғынынан ары ақ қағаздай әппақ күйінде шыққан аяулы жан.
Естеліктің бағалы болатын бір себебі осында. Бұл қарапайым
естеліктердің айырықша қадірлі болатын тағы бір себебі –
оның авторы қайта құру аталатын қоғам жаңаруынан әлдеқай -
да бұрын – жетпісінші жылы жазған. Ешқандай есепсіз адал
жанымен жазылған. Ол бұл естеліктерге дейін де әр жылда-
ры осынау халық деп қасірет шеккен қаламгерлердің қара
тақтаға жазылған есімдерін ағарту, ақтау ұшін қаншама
күресті десеңізші!? Сол жолда өзінің де ұдайы ұлтшыл ата-
нып, жұмыстан қуылып, КОКП қатарынан шығарылғаны
жұрт шылық жадында. Бұл қарапайым естеліктердің қадірлі
бо латыны – түрлі орындар сілкілеп, сілікпесін шығарғанына
қарамастан аяулы ғалым өмірдің өткіншілігін сезіп, бар көр ген-
білгенін хатқа түсіріп естелік жазып отырғандығында.
Естеліктер – 1970 жылы жазылған. Бұл – көрнекті ғалым
184
185
Бейсембай Кенжебайұлының қасіретке ұшыраған жандар жай-
ында дүркін-дүркін күресіп шағылып, шаршап, денсаулығын
әлсіреткен жылдар. Бұрын әлденеше рет бұл ақын-жазушылар-
ды ақтау жөнінде тиісті орындарға хат жолдау, студенттерге
дипломдық жұмыс ретінде ұсынып зерттеу, ҚазМУ-дің ғылы-
ми кеңесінде талқылау, татар досы Х.Махмудов, орыс досы
А.Л.Жовтиспен біріге отырып олардың шығармаларын орыс
тіліне аударту жұмыстарын үздіксіз жүргізген және әрдайым
басы тасқа тиген балықтай болып тиісті жаза көрген қадірменді
ғалым енді өз көрген-білгенін кейінгі ұрпағына айтпақ бо-
лып соңғы рет қолына қалам алды. Айнымас адамшылық,
тегеурінді табандылық емес пе?! Қолына қалам алды да осынау
естеліктерін әдейі қарапайым етіп жазды. Сөйтті де дүниеден
көшерінен екі жыл бұрын мені оңаша шақырып алып, амана-
тын айтты:
«– Әдебиет дегеніміз тұтас әлем – деді ол. – Әдебиет – ұлт-
тың рухани қазынасы. Әр дәуірде өмір сүрген ақын, жы рау, жа-
зушы, жылнамашыларды түгендеп орын-орынға қоймай қазақ
әдебиетінің ғылыми тарихы жасалды деуге болмайды. Ала-
сапыран уақытта ұлтын сүйіп шығарма жазған адамның бәрі
ұлтшылдықпен айыпталды да, алыс сапарға айдалды. Олардың
соңына түсіп, әдеби мұрасын іздеушілер де ұлтшылдық қа-
мытын киді. Соның бірі мен. Жылдар бойы жүргізген әре-
кет тен ештеңе шықпағанына қапалымын. Ал оларды ақтау
үшін жүргізген күресіміздің жеңіске жетпеуінің бір себебі
– кезінде олардың айдалуына себеп болған, кейін мұрасының
өңін айналдырып пайдаланғандардың күні кешеге дейін ара-
мызда тірі жүргені. Әлі де тірі олардың бірсыпырасы. Олар-
ды ақтауға ықпал ете алмау – менің бақытсыздығым. Алайда
менің бақытым – ұстаздығымда! Өзім білген талай сөз олар
жөнінде студенттердің құлағында кетті. Соған қуанамын. Ол
жастар мына сұрқай уақыттың психологиясынан арылса елдік,
халықтық ойы оянып әлі-ақ іздейді бұларды. Жалпы алфавит
ауыстыруға, жазушылардан жау табуға үйір болмау керек.
Бұлардың бірі – халықтың көзі, бірі халықтың – сөзі, бірі – ары,
бірі – жаны. Оларсыз ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастық
жалғаспайды. Жалғаспаса халық тарих бетінен жоғалады.
Менің ойлайтыным осы жайлар!
Енді міне мен де қартайдым, қарағым. Жарық дүниені қан-
ша қимағанмен адам баласына аталар жолымен о дүниеге атта -
ну парыз. Сондықтан саған мына жайларды тапсырғалы отыр-
мын. Мынау папкіде ұлтшыл атанып ұсталып кеткен ақын, жа-
зушылар жөнінде жазған естеліктерім бар. Әттең жас ұлғайып,
сырқат меңдей бастаған кезде жаздым. Естелікті, абзалы, көр-
ген, кездескен кісің жайында бар білгенің көмескі тартпай
тұрып, жастау шағыңда жазу дұрыс. Олай етуге біздің қолымыз
байлаулы болды ғой. Енді жас ұлғайғанда «ұйқтап кетсем
оянбаспын» деп Қасым ақын айтқандай жақсылығын көрген,
өнегесін алған ағалар жайында естелік жаздым. Егер, қазақ
іргелі, саналы ел боламын десе бірін-бірі көрсеткіш, бірін-бірі
аяқтан шалғыш мінезден тыйылып, тірі кісіні қойып әруақпен
жауласуды қойып, өткен күнә, кінәсінен арылып, арының ал-
дында ақ сөйлейтін күнге жетер, ұрпақ тәрбиесін ойлайтын
күнге келер. Сондай бақытты күн туса мына естеліктерімді
жариялатарсың. Саған аманат! Менің жазуым қоспасыз таза
естелік. Олардың өмірі мен шығармасы жайында кейінгі
ұрпақ та айта алады, тіпті олар бізден де мықты айтса керек,
бірақ біздің көрген-білгенімізді кейінгі ұрпақ қайдан білсін?!
Сондықтан да бірыңғай естелікке бардым. Аманат саған!»
Өзі жастайынан жетімдік тақсіретін тартқан, жетілу жо-
лында көп адамнан жақсылық көрген көрнекті ғалым осылай
деді тебіреніп. Бәлкім кісінің ойы өз тағдырынан сабақталатын
шығар. Бейсекеңнің халықты құшағына түгел сыйғызуға ты-
рысатыны, әдебиет тарихын тұтас қарауға, оның әрбір кетігін
қалауға бар күшін сарқа жұмсап, ғұмырын сарп етіп өмірден
өткендігі де сондықтан болар. Осындай бірегей елдік ойда
жүрген көрнекті ғалымның алғы күнге иек артып естелік жазып
қалдыруының өзі ең алдымен азаматтық парызды адал атқару.
Ғалымның бұл естеліктері ұрпақтардың, буын-буын өкіл-
дерінің бір-біріне адалдығының куәсіндей. Сонымен бірге
ға лым алдындағы ағаларына адалдығын алғы күнге аманат
етіп отырғандай. Аймүйіздердің тіршілігінде айналасынан
шықпай үйірсектеген көптің ақталғанға дейін ұзақ уақыт олар-
дың есімінен үркектеген сәттері болды. Ал Бейсекең бағзы
сезімнен бір ауытқымай, суымай өтті өмірден. Оның да куәсі
– осы қарапайым естеліктер. Асылдың көзі – Гүлнар Дулато-
ваның маңдайынан сипап, әрдайым әкесінің, әрі олардың тағ-
дырластарының түбі бір ақталатынын айтып, сендіріп, аға-
лықтан таймай өткен ғалым өзінің соңына жазып қалдырған
аманат-естеліктерімен бүгін халықты қайсарлық, тұрақтылық,
табандылық, адалдық, әділдік, ынтымақ сезімдеріне шақырып
отыр. Жазықсыз жапа шеккен жандардың перзентін ғана емес,
186
187
барша ұрпақты олардың ақтығына сендіріп, сенімді сөйлеп
отыр. Халықтың асыл перзенттеріне деген ғалым махаббаты-
ның суымауы, оларды ақтау жолындағы азаматтығы, есімін
ұрпақтар есінде қалдыру жөнінде істеген еңбегі кейінгі ұрпаққа
ғажап ұмытылмас үлгі болғандай.
Ғалымның уақыт алдында көрсеткен табандылығы, қай-
сарлығы, жасаған қажыр-қайраты дарын рухы алдында бәрі-
міз ге бас игізеді. Бұл – әрі ерлік, әрі өшпес өнеге.
Он алтыншы ерлік, немесе зауал алдындағы «Зар»
Көп жұрт Абайды кінәлайды. Не деп? Қазақты жерден
алып, жерге салып, жекігені үшін, ішкенге мәз, жегенге тоқ
тоқмейілсіген қалпы үшін. Бірақ соған қарап ұлы ақынды кі-
нәлауға бола ма? Халқын сүйген, халық тағдыры үшін күйген
үлкен жүректі, қайраткер ойлы адам ғана азалы толғанысқа бар-
мас па?! Әйтпесе, Абайдың жеке басында зарланарлық қандай
қасірет бар? Байлық, көп әйел алушылық, көзі ашықтық, да-
рындылық, өсіп-өнушілік… адам-пенде үшін тіршілік мұрат-
тарын түгендерлік жағдай Абайдың бір басында жетіп арты-
ларлық халде. Алайда, Абай пенделіктен жоғары тұр. Туған
халқының мерез мінез, күңгірт келешегін ойлап зарығады, ту-
ған халқым басым елге бодан бола ма деп тарығады. Өз билігі
өз қолынан кеткен халық бостан болмай, бодан болады деп
жылайды, өлеңмен ой толғап жырлайды. Айтады, зарлайды,
тыңдар құлақ жоқ. Ел есеймеген, қайта басқыншы елдің билікке
таластырып басқаруынан ру-руға бөлініп қырық пышақ бо-
лып барады. Бәрін көре-біле тұра ұлы ақын қалай зарламайды,
қалай қарғамайды? Бұл – Грибоедов айтқандай ақынның асқан
«ақылдан» тапқан қайғысы. Бұл – ұлы Абайдың өзі айтқандай
ілімнен шыққан қайғы!
Қайғыдан қапаланып, қанжұтқан ұлы Абай кетті.
Қараңғыда қармаланып, қармаланып жол таппай халқы
бо дандық тұманына батып қалып бара жатты. Демек, біз ұлы
Абайды кінәлағанша, өзімізді кінәлайық. Империялық саясат
өңін өзгертіп Кеңестік кезеңге келді. Тағы да алдау. Тағы да
алдану. Біреу сыртымен коммунист, біреу ішімен коммунист.
Асыл ойлы азаматтарды атты, асты, айдады. Бассыз, басшы-
сыз халық коммунистік партияның айтқанын істеді, айдауына
жүрді, алдағанына сенді.
Қазақтың орыстануы, дінін, тілін, ділін беруі Абай дәуірі-
нен аспаса кемімеді. Тұманды күні жолға шығып адасқандай
хал кешті халық. Бірақ адастық деп сірә да ойламады. Ойлы,
парасатты көшбасшылар адастық деп айта алмайды халыққа.
Өйткені қалтада – партиялық билет, құйрықта – мансап орын-
дығы, алдыда ішім-жем…
Халықтың ағзасын арамдап, жерін жаралап, ішін кеулеп
жеуі алпыс, жетпіс, сексенінші жылдары тіпті асқынып кетті.
Міне, осындай бір күні – 1966 жылы маусымның 3-і күні
профессор Бейсембай Кенжебайұлы өзінің «Зар» аталатын
толғанысын жазды. Жазба арқылы ішкі запыран-зарын төкті. Ру-
хани өліп бара жатқан халқын сынап отырып, елдікке шақырды.
Жақсыдан қалған көз дерлік оқымысты көрген қуғын-сүргін
секілді құқайға қарамай зарланды.
«– Қазақ өшіп бара жатқан, жойылатын халық.
– Неге?
– Тарихтан, ғылымнан мәлім, халық өзінің жан міне зімен,
тілімен, дәстүрімен, арнамысымен, тарихымен, мә дениетімен
халық. Өзіне хас жан мінезі, тілі, дәстүрі, арнамысы, тарихы,
мәдениеті жоқ халық болмайды». – деп бір қояды ғалым. Оқып
отырып денең дір ете түседі. Өйткені көкірегінде көзі, ар-ұяты
бар адам қазақ жойылатын халық деген пікірге қалай жол беруі
керек? – деп ойлайсың іштей ғалыммен келіспей. Ұлттық әлгі
игіліктерді сақтайтын, дамытатын бүгінгі ұрпақ бар емес пе?
Бар. Бұған ғалым да келіседі. «Ұлттық игілік, нышан белгілер
дің тағдыры сол халықтың азаматтарына, ұрпақтарына,
ұлқыздарына байланысты, солардың қолында» – дейді. Олар
әлгі «игіліктерді ілгері дамытып отырса, халық өсе береді,
жасай береді. Ал, азаматтар, ұрпақтар халықтың халықтық
қасиеттерін, халықтығын қадірлемесе, сақтамаса, ілгері да
мытпаса халық өшеді, жойылады».
Ұлттың сақталу шарты айтылды. Ал, қазақ жойыладыға
жол болсын? Аргумент қайда? Ғалым пікіріне құлақ түрелік.
Ойлы ғалым айтуынша:
1. Осы заманғы қазақ азаматтары, бүгінгі қазақ ұр
пақ тары қазақтың халықтық қасиеттерін, қазақтың мі
незқылығын, әдетсалтын, тілін, мәдениетін, тарихын қа
дірлемейді, сақтамайды, қолданбайды. Көбі оларды ұмытты,
білмейді. Білсе, қазір кейбіреуі емісеміс, шалабұла ғана біледі.
Ұзамай әбден ұмытады, мүлде білмейтін болады.
2. Бүгінгі қазақ өз балашағасына үй ішінде қазақ тілін
188
189
үйретуге ерінеді, жалқау. Тіпті балашағасының ана тілін бі
луі қажет деп ұқпайды; баланың ана тілін білуі мақтаныш
екенін білмейді, тек орыс тілін білсе болады деп қарайды.
Халықтың болашағы саналатын ана тілін білмеуді жастардың
өздері де, атааналары да ұят, намыс көрмейді.
3. Халықтық қасиет, ұлттық игіліктерді ілгері дамыта
тын жазушылар мен ғалымдар. Олар өз шығармалары мен
еңбектерін көбіне орыс тілінде жазады, қолынан келгенін ше
орысша жазуға тырысады. Қазақ тілінде жазған күн де орыс
ша ойлап қазақша жазады, орысша қазақша шүл дірлейді. Қа
зақ тілінің сөз тәртібі бұзылды, сөз қоры жойылып барады.
4. Қазақтың қазіргі бірқатар жазушылары мен ға лым
дары шығармамды, еңбегімді қазақ тілінде жазсам атым
шықпайды, орыс тілінде жазсам, атым жер жүзіне мәлім бо
лады деп ойлайды.
Яғни олар мәдениетін өркендетіп, халық атын шығару
ды ойламай өз атын шығаруды ойлайды, халық аты шықсын
демейді, өз атым шықсын дейді. Атаққұмар.
5. Халықтың арнамысын, правосын жақтайтын, ха лық
тың халықтығын, тілін, мәдениетін, тарихын қор ғайтын,
уа ғыздайтын газеттер, журналдар, баспа орындары. Олар
ха лықтың халықтығын, тілін, мәдениетін, та рихын насихат
тау ескілікті дәріптеу, ұлтшылдық болады деп қарайды. Және
қа зақ азаматтары бірін бірі солай айыптайды, қудалайды.
Оның ескіні дәріптеу, ұлтшылдық емей, халықтың халықты
ғын сақ тау, халықтың мәдениетін өркендету жолында қыз
мет ету екенін бірі білмейді, білгісі келмейді, бәрі бейшара,
қырт.
Осы бейшаралығынан, қырттығынан газет, журнал, бас
па қызметкерлері халықтың халықтығын, тілін, мә де ниетін,
тарихын уағыздасақ, ескілікті дәріптедің, ұлтшыл болдың
деп орнымнан, қызметімнен алып тастайды деп қорқады. Ха
лық қамын ойламай, өз мансабы, қамын ойлайды, мансапқор.
Яғни бүгінгі қазақ халықтық намысы жоқ, халық қа
мын, оның болашағын ойламай, өз қара басының ғана қа мын
ойлайтын тоғышар, жалқау, атаққұмар, мансапқұмар адам
дар. Сондықтан қазақ халық ретінде өшіп барады, барабара
жойылады. Әкесі өлгенді де есіттіреді!
Сонымен басқа бәле тілден дегендей, халықтың халық бо
лып жасауы да, өшіп, жойылуы да оның өзінен, оның азамат
тарынан, ұрпақтарынан.
Азамат, ұрпақ, ойлан! Ойлан! Ойлан!
3 июнь, 1966 жыл». (Б.Кенжебайұлы архивінен. 1, 2, 3 бет-
терден).
Ғалым ойын аяқтады да «Ойлан!» – деген ойлы сөзді
шамырқанып үш рет қайталады.
1966 жылғы 3 маусымда жазылған бұл «Зарды» кезінде бас-
пасөзге ұсыныпты. Баспасөз бұйдасын ұстап отырған жандар
баспаған. Бәлкім «қоқыс қопарып, архив ақтарған, әруақтармен
сырласқан» шалды алжыған, жынданған болар деді-ау. «Тілің
ащы тірілерге тимейсің, Тамұқта да күймейсің» – деген пароди-
яны еске алыңыз… «Зарды» жариялау орнына аяулы ғалымды
мазақтайтын пародия жариялады баспасөз…
Бейсембай Кенжебайұлының бұл «Зарын» қалай түсінуге
болады? Бұл – ұрпағым өшпесе, ұлтым өссе, өркендесе деген
ұлы мұрат. Сол жолда жастарды қамшылау, азаматтарға ой та-
стау, тұтас халыққа үндеу! Әрбір үй Аяз бидің тымағы секілді
үйінің маңдайшасына көшіріп, ойып жазып қойса жарасатын
сөз! Егер ғалым «Зары» кезінде МХК қолына түссе шатақ!
Бүгін ше?
«Зар» – бүгін де зар күйінде. Кеше қауіп – бір орыс халқы
болса, бүгін айнала қауіп. Тіпті қазаққа өзара ынтымағы жоқ
қазақтың өзі қауіп! «Қазақтың қазақтан өзге жауы жоқ» /Абай/.
Абай – Абай. Ал, Бейсембай Кенжебаевтың «қазақ жойылады»
деп зарлауын қалай қабылдаймыз? Бұл – ұлы Абай зарының
жалғасы. Ұлы ақын рухында тәрбиеленген ұлтжанды ғалым-
ның жан айқайы, кейінгі ұрпаққа айта-айта өткен зары! Бұл –
кеше актуальды еді, бүгін одан да актуальды…
Міне, қыранжүрек ғалымның және бір ерлігі!
Достарыңызбен бөлісу: |