СарасөЗ (Әдебиеттану, сын әлемі)



Pdf көрінісі
бет17/41
Дата28.12.2016
өлшемі2,26 Mb.
#667
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
2. «...Дүркін-дүркін...»
–  Мақалаң  жақсы  екен­дейді  кезінде  қызметтес  болып, 
сыйлас  жүрген,  «Сәбеңнің  кейіпкері»  аталатын  очеркімді 
«Жастықтың жарқын іздері» аталатын жастар жинағына 
сыртымнан енгізіп қамқорлық жасаған қаламдас Дәуренбеков 
Жақау ағам. Әңгіме менің «Егемен Қазақстан» газеті бетінде 
жарық көрген «Дүние шіркін, дүркін­дүркін, өтеді бір күн...». 
(22 шілде 2010.) аталатын мақалам туралы.
–  Өзі  Мұхамеджан  Қаратаевтай  соқпа­соқпасы  көп 
бұралаң  өмірде  сараман,  Сын­өнерде  сардар  бола  білген  ірі 
тұлға  туралы  туса  мақала  неге  жаман  болуы  керек?  Мұқаң 
жайындағы  материал  неге  нашар  жазылуы  керек?  –  деймін 
сыйлас ағаның мақтағанына өсе сөйлеп, әліптің аяғын бақпай 
арандап...
– Үлкен тағдыр иесі – Адам ретінде Мұқаңның портреті 
жақсы жасалған.
Бірақ...
–  Иә,  бірақ,  Жақа?  «Егемен  Қазақстан»  газеті  бетінде 
жарияланған мақалаға жазушы Шәрбану Бейсенова, сатирик 
Көпен  Әмірбек,  Сүлеймен  Мәмет,  Қайсар  Әлім,  Мұқаңның 
келіні – Жәмилә Қаратаева пікірлерін айтып телефон шалды. 
Ықыласты.  Тіпті  Жәмилә  жеңгейдің  көңілі  босап  тұрды 
сөйлескенде. Алайда бірде бірі Сіз айтқан «бірақ..». жайында 
жақ  ашқан  жоқ.  Жобасы  оқыған  сәттегі  жалпы  әсердің 
жетегінде кеткен болуы керек олар.
– Жо, жоқ... Мақала мықты. Формасы табылған, көркем 
тілмен төгіле, сырласа отырып жазылған эссе. Оған дау жоқ. 
Бірақ, Мұхамеджан ағамыз өзің айтқандай, алдымен әдебиет 
сыншысы  емес  пе?  Ағамыздың  сол  әдебиет  сыншылығы  кө­
рінбей қалған ба деп ойлап отырғаным ғой.
–  Өте  дәл  байқағансыз  Жақа.  Эссе  үштік  толғаныстан 
тұратын.  Алғашқы  бунағында  («Дүние  шіркін..».)  Мұха мед ­ 
жан Қаратаев ағамыздың жалпы адами кешулерін айту мін­
детінде  болдым.  Екіншісісінде  («...Дүркін­дүркін...»)  Мұқаң­
дай  ұстазды  әдебиет  сыншысы  райында  көрсетсем  деймін.  
Ал  үшінші  бунақта  («Өтеді  бір  күн...»)  Мұхамеджан  Қара­ 
таев та «Мен де адаммын жаралған сүйек­еттен..». (С.Мұ­
қанов)  дегендей  тіршілік  кешіп,  өмірінің  бесін  шағында  бас­
тан кешкендерін көз алдынан өткере отырып дүние – жалған 
екенін шын сезініп жазған мемуарлық шығармалары жайында 
болмақ.

218
219
– Онда саған қолқа салайын.
– Айтыңыз Жақа.
– Айтсам Мұхамеджан Қаратаевтың тек әдеби­сын ма­
қалаларынан  іріктеп,  сұрыптап  жиырма  бес  баспа  табақ 
көлемінде  бір  кітабын  құрастырсаң.  Алғысөзіңнің  басы  міне 
менің қолымда тұр.
– Бір мәселе бар, Жақа. Мұқаңның келіні – Жәмилә жең­
гейдің қолында қаламы бар, атасының әдеби мұрасына иелік 
ете алатын кісі. Кітапты сол кісі құрастырып, мен алғысөзін 
жазумен шектелсем қайтер еді?
– Ол да дұрыс. Алдынан өтейік тіпті. Бірақ, сыни еңбек­
терді іріктеу ол кісіге қиын соқпас па? Сенің мәселеге сыншы 
ретінде араласқаныңды қалап тұрғаным. Өйткені Мұқаңның 
жазғандары  бірыңғай  «социалистік  реализмнен»  тұратын 
сияқты еді ғой. Оны сыншы сараптамаса...
– Ойласайық. Ұстаз үшін біз қызметке дайынбыз. Алайда, 
алдымен Жәмилә жеңгейдің алдынан өтіңіз.
– Болсын!
Жақау аға дұрыс айтады, Мұхамеджан Қожасбайұлы – ал-
дымен әдебиет сыншысы. Ол әдебиетке жиырма жастан асар-
аспас  бозбала  шағында  сыншы  болып  араласты.  Содан  өзге 
жанрға ара-тұра қалам тартқанымен, негізінен әдебиет сыншы-
сы  болып  өтті  өмірден.  Сексенінші  жылдардың  жариялылы- 
ғы,  тоқсаныншы  жылдардың  «өтпелі  кезең»  аталатын  өкпек 
желіне  өкпесі  қайта  шалдықса  –  әдебиет  дамуына  ілесе  оты- 
рып,  ту ған  әдебиетінің  жақсысын  –  асырып  айтар,  жаманын 
– құтын қа шырып айтар сыншылық кәсібінен ұшырады. Әйт- 
песе,  отызыншы  жылдардың  жазасы  адами  тұрғыдан  да,  мо-
ральдық тұрғыдан да әбден өтелген-ақ еді.
Біз бұлай дегенде ұстазымыз отызыншы жылдары «сүттен 
ақ,  судан  таза»  шығып  еді  дегелі  отырған  жоқпыз.  Алайда 
отызыншы  жылдарда  балаңдықпен  жазылған  сол  бір  жалалы 
мақала  үшін  кезінде  екі  мәрте  Сібір  айдалып,  жазасын  екі 
есе  атқарып,  қанаты  қырқылып  оралған  адамға  тоқсаныншы 
жылдардың  қара  дауылының  қайта  соғуы  ауыр  тигенін,  ға-
ділетсіз  істе  әділеттің  бола  қоймағанын  айтып  отырғанымыз. 
Ұлы  Абай  тілімен  «Екі  күймек  бір  жанға  әділет  пе?..».  еді 
дегеніміз.  Дей  тұрсақ  та  Мұхамеджан  Қаратаевтай  тұлғаның 
отыз  жетінің  құйынына  қалай  кіргені,  одан  жаза  өтей  жүріп 
арылып, әдеби сынға қайта оралу диалектикасын толық ұғыну 
үшін де сөзді оның өмірбаянынан бастаған жөн болар асылы.
Мұқаң  әдебиетке  отызыншы  жылдары  келді.  Отызыншы 
жылдардағы әдеби сын методологиясы жиырмасыншы ға сыр-
дың жиырмасыншы жылдарының белінде дайындалды.
Ленин жарықтық жаңа қоғамның әдебиеті де жаңа болуы 
керектігін жарғақ құлағы жастыққа тимей жарлай айтумен бол-
ды. Өзі армандаған жаңа әдебиетке жол бастар серке жасау үшін 
сырт елде (Сорентода) жүрген М.Горькийді елге қайтуға, жаңа 
міндет  жетегіне  жегілуге  үгіттегені  тағы  мәлім.  М.Горький 
жаңа  әдебиеттің  жайына  кірісіп  жатқанда  барлық  бұратана 
ұлттар  алдына  ұстап  отыған  орыс  әдебиеті  екіге  жарылып 
жатты. Бірі – әдебиетті тапқа бөлуге қарсы. Олардың ұраны – 
«Өнер – өнер үшін!» Келесісі – таптық әдебиет жасаушылар. 
Сын – әдебиеттен туып, әдебиет тәрбиесіне жүретіні бесенеден 
белгілі. «Өнер – өнер үшін» принципін ұстанған Розанов аштан 
өлді,  Брюсов  елу  жасына  дейін  бұл  принципті  мойындамай 
келіп, өзінің елу жасына таяғанда «әдебиеттің халыққа қызмет 
етуі»  керектігін  мойындағандай  болып  «Мой  Пушкиннен» 
«Пушкиннің  халықтығы»  мәселелеріне  барып  мақала  жаза 
бастады.  Ремизовтың  бір  туындысының  «Репутация»  аталуы-
ның сыры да осыдан туады. Потебня типтес туындыны тілдік-
әдеби пішімде талдайтын зерттеушілер еңбегі жылы жабылды. 
Сын  мінберіне  М.Горькийден  бата  алып  Луначарский  көте - 
рілді. Социалистік жаңа қоғамның өнерін жасайтын социалис-
тік  реализм  теория  райында  төбе  көрсете  бастады.РАПП  кү-
шіне мінді. Қазақ әдебиетінде кейін «кәззап» аталған ҚазАПП 
өмірге келді.
Қазақ әдебиетінде Мағжан Жұмабайұлының «Шолпанның 
күнәсі»  аталатын  әңгімесі,  Жүсіпбек  Аймауытұлының  «Күні-
кейдің жазығы» повесі осы орайда сарындас туындылар. Олар 
жаңа қоғам және жаңа адам деп отырмыз. Оларды біз қайдан 
аламыз? Әрбір ұлттың өз ішінен туып, адал жолмен тәрбиеленіп 
өсіп шыға ма? Әлде арам жолдан сырттан келе ме? Міне осы 
сұрақты заманынан оза туған қос жампоз жазушы Шолпан мен 
Күнікей тағдыры арқылы астарлап айта білді.
Орыс  әдебиетінде  жаңа  қоғамды  мойындамаған  жазушы-
лар қарасыны ұлт әдебиеттеріне қарағанда молдау болды. Жаңа 
қоғамнан  сырт  айналып,  шет  ел  өтіп  сырттап  кеткен  оларға 
кейін  кешірім  берілді  де  А.Куприн,  А.Толстой  сынды  кейбірі 
қайтып келіп, өмір жолын Россияда жалғап жатты. В.И.Ленин 
тарапынан  Алашорда  өкілдеріне  берілген  кешірімінің  Т.Рыс-
құловтың И.В.Сталинге 1924 жылы жолдаған жүз беттей «до-

220
221
носы»  негізінде  жолы  қиылды.  Алашорда  өкілдері  қайтадан 
кеңестік қызметтерден алынып, қайтадан қуғындалды, Қазақ-
станнан  аласталып  әр  тарапқа  айдалып  кете  барды.  Орыс 
әдебиетінде  социалистік  реализмге  көшу  процесі  ескі  мен 
жаңаны  ұштастыру  арқылы  жүргізілсе,  бізде  ескіні  жою, 
жаңаны  тыңнан  жасау  арқылы  әділетсіздікпен,  күш  қолдану 
арқылы жүзеге асырыла бастады.
Сонымен жаңа қоғамның әдебиетін (өнерін) жазушылар со - 
циалистік  реализм  әдісімен  бейнелеуге  тиіс  болды.  Оты-
зын  шы  жылдары  айқындалған  концепция  1934  жылы  СССР 
Жазушыларының  бірінші  съезінде  ресми  сипат  алды.  «Со-
вет  әдебиеті  –  социалистік  реализм  әдебиеті»  ретінде  ресми 
хатталды.  Кеңес  әдебиеті  –  кеңестік  жаңа  әдебиетті  социа-
листік  реализм  әдісі  арқылы  жасаушы  болғанда,  жаңа  қо-
ғамның жаңа адамын өнерде сол көркемдік әдіс арқылы жасай 
алған,  алмағанын  тексеретін  (зерттейтін)  ілім  –  маркстік-
лениндік  эстетика  аталды.  (Осының  бәрінің  түп-тұқиянында 
В.И.Лениннің «Белгілі бір қоғамда өмір сүре тұра ол қоғамнан 
бостан  бола  алмайтындығы»  туралы  теориясы  жатты.  Оған 
«Сәулелену теориясы» қосылды дегендей...)
Ауылда нағашылары атақты ахун Ахмет Оразай мектебі нен 
тіл сындырған, Жаңақорған ауданында интернатта өскен, одан 
Абай атындағы педагогикалық институтта оқыған, Ленинград 
университетінің аспирантурасын аяқтап диссертация қорғамақ 
жап-жас  Мұхамеджанның  әдебиетке  келетін  уақыты  міне 
осындай  дүниетанымдағы  айырым  кезеңі.  Ленинградта  оқы-
ған  жылдары  орыс,  еврей,  немістің  «сен  тұр,  мен  атайын» 
профессорларынан  білім  алған  уыздай  жас  Қазақстанға  кел-
генде  маркстік-лениндік  эстетикамен  жеткілікті  дәрежеде  қа-
руланған,  социалистік  реализм  теориясымен  «ауырған»  жас 
талант.  Оның  қазақ  әдеби  сынындағы  алғашқы  мақаласының 
«Қызыл  ат»  және  социалистік  реализм»  аталуының  сыры  да 
енді өзінен-өзі түсінікті.
Отызыншы жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының жа-
уапты  хатшысы  (Төрағасы  С.Мұқанов),  «Қазақ  әдебиеті»  га-
зетінің жауапты хатшысы Мұхамеджан Қаратаев С.Сейфуллин, 
І.Жансүгіров,  Б.Майлин,  М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Ғ.Мүсірепов 
шығармалары  жайында  Ғ.Тоғжанов,  Б.Кенжебайұлы  сынын 
сынап мақала жазған, жанр бағдары жайында баяндама жаса-
ған жас азамат. Соның дені социалистік реализм әдісін бетке 
ұстай жазылған сауатты сын мақалалар. Мақалаларына Сәкен, 
Мұхтар, Ғабит ағалары қолдау пікір білдіреді. Сәбит аға болып 
бауырына тартып жанына қызметке қабылдап отыр. Жас азамат 
үшін осының бәрі абырой.
Социалистік  реализм!  Оның  өмірі  қаншалық  болды?  Қа-
лай  дегенде  де  өзінің  ғылыми  жетекшісінің  есімін  «Менің 
ме тодологиям»  деп  авторефератына  тасқа  басып  жазып  қою-
дан биігірек, жоғарырақ, сапалырақ еді... Қазір кірпідей жиы-
ры лып  жатар  болсақ  ол  –  оның  «социалистік  реализм»  деген 
атауынан.
М.Қаратаев  осы  отызыншы  жылдардан  өмірінің  соңына 
дейін социалистік реализм аясында еңбек етті. Қандай еңбекті 
талдаса  –  осы  теория  негізінде  талдады.  Шығарма  жетістік-
кемшілігін  социалистік  реализм  әдісі  арқылы  саралады.  Оны 
айтамыз,  «дамыған  социализм»  дәуірінде  тіпті  социалистік 
реализм теориясы мәселесімен халықаралық аренада ой бөліс-
ті, пікір таласына бара алды. Өзі сенген, сенгендіктен проблема 
ретінде қарастырған Қаратаев бұл орайда Б.Сучков, Д.Марков 
сынды  орыс  әдебиеттанушыларымен  қатар,  болгардың  Тодар 
Павловы секілді еларалық өреде социалистік реализм жайында 
пікір  жарыстыра  білді.  Өз  уақытында  бұл  сыншының  биік 
өресін танытатын үлкен бедел болды.
Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті филология фа-
культетінің  қазақ  және  орыс  бөлімдеріне  академик  Мұхамед - 
жан  Қаратаев  социалистік  реализм  теориясының  шығу  тари-
хынан  тартып  бүгінгі  тағдыры  жайында  арнаулы  курс  өтті. 
Жасыратын не бар, дәріс тартымдылығынан ба, әлем әдебие-
тінің  мол  деректерімен  салыстырыла,  сабақтастырыла  айты-
латын  лекция  мазмұн  байлығы,  оқылу  мәнері  жөнінен  клас-
сикалық  лекция  дәрежесінде өткенін  шәкірттік  бейілден  айту 
бізге парыз.
Біз  келмеске  кеткен  кеңестік  қоғамның  ұраны  болған  со-
циалистік  реализмді  дәріптеп  отырғаннан  саумыз  ба?  Әрине, 
жоқ. Біз социалистік реализмді дәріптеуден аулақпыз. Алайда, 
бүкіл  сыншылық,  ғалымдық  мұрасы  социалистік  реализммен 
байланыста  туған  Мұхамеджан  Қаратаев  әдеби  мұрасының 
қазақ  әдеби  процесіндегі  барша  заңдылықтарды  айта  білген, 
талдап жеткізе білу сырына шым батып бару үшін тілге тиек 
етіп отырған жайымыз. Шарасыздық? Жоқ! Заңдылық!
Егер  социалистік  реализм  әдіс  ретінде  тарих  аренасынан 
кеткені рас болса, онда бүкіл шығармашылығын сол кеңестік 
қоғаммен бірге келіп, кеңестік қоғаммен бірге кеткен әдіспен 

222
223
байланыста  жасаған  бас  сыншы  еңбегінің  де  өміршең  бол-
мағаны  ма?  Жоқ!  Тағы  да  жоқ!  Олай  болатыны  –  Мұқаңның 
негізінен  ден  қойып  қарастырғаны  кеңестік  кезеңнің  әдеби 
процесі. Ал, кеңестік кезеңде социалистік реализмді жамылшы 
етіп  талай  асыл  туындылар  туды.  Қазақ  әдебиетінің  әлемдік 
деңгейге көтерілуі, әлемге танылуы – сол кеңестік кезеңде туған 
асылдарымыздың  арқасы.  Жазушыларымыздың  социалистік 
реализмді  жамылшы  ете  отырып  шын  шедевр  жасаған  сәтін 
Мұ қаңдай  бас  сыншы  танымай,  қапы  жіберіп  алса  сөз  басқа. 
М.Қаратаев шығармашылық өмірінің екі дүркін қамауға алы-
нып, сотталып, Сібір айдалған кезеңінен өзге уақыттың бірінде 
де әдеби процестен кенжелеп тіпті кенжелеп көрген кісі емес.  
Ол сыншы ретінде қазақ әдебиетінің тамыршысына, баромет-
ріне  айнала  білді.  Маркстік-лениндік  эстетикамен  қаруланған 
білімпаз райында социалистік реализмді методология ретінде 
пайдалану  –  көркемдікті  қапысыз  ажырататын  сыншы  бәсін 
түсіре алған жоқ. Ол социалистік қоғамға күйлеп жазған шы-
ғармаларды қазақ халқының шын өмірін шынайы көрсете біл-
ген  құндылықтардан ажырата білді. Тақырып тілегімен туған 
жадағай туындыны жазушы жүрегінен туған алғадай туынды - 
дан қапысыз ажыратып, шынайы көркемдік жыртысын жырту - 
мен  жүрді,  жақсының  жақсылығын  айтып  нұрын  тасыта,  жа - 
манның  жамандығын  айтып  құтын  қашыра  білді.  Бұл  –  шын 
сыншыға  тән  мінез.  Иә,  Мұхамеджан  Қаратаев  –  қазақ  әде-
биетінің «қара нары» (Ш.Мұртаза) атанған шын сыншы еді.
Қазақ  әдебиетінің  небір  асыл  туындылары  Мұқаңдай 
сыншы батасын алып барып, әдеби, ғылыми айналымға түсіп 
жатар еді ол кезде. Оған мысалды молынан келтіруге болады.
Мұхамеджан  Қаратаев  қаламына  іліну  –  қазақ  ақын-жа-
зушылары  үшін  құрмет  болғаны  күні  бүгін  көз  алдымызды. 
Қаратаев қаламына ілінсе – әдебиетке келген сияқты, қаламына 
ілінбесе келмеген сияқты сипат алу – белгілі дәрежеде сыншы 
еңбегіне өлшем болары анық.
Бір  қызық  бар.  Қазақтың  мықты  ақыны  Мұқағали  Ма-
қатаевта  «Сыбағам  қайда?»  аталатын  өлең  бар.  Осы  өлең 
Мұқаңа  арналған.  Еркелей,  еркіндей  сөйлеген  ақын  назы  – 
менің поэзияма неге назар салмайсыз дегенге саяды. Сыншыны 
құрметтеу,  еркелеуі  аралас  жатыр.  Әбділда  Тәжібаевтай  әрі 
ақын,  әрі  ғалым,  тіпті  білгір  сыншы  бола  білген  адамнан  ақ 
бата  алған  Мұқағали  Мақатаев  ешкімнен  пікір  дәметпесе  де 
болғандай.  «Сөзімді  таныған  кісі  алсын!»  Міне,  критерий. 
Бірақ, бала көңіл ақын Мұқаңа арнап «жылап» «емшек сұрап» 
балаға  айналып,  өлең  тілінде  сөйлеп  отырғанын  қайтерсің! 
Әрине, мұнда себеп бар. Себептің сырына бойлау үшін арыстан 
кеуделі ақынның «Сыбағам қайда?» өлеңінің өзін тағы бір рет 
бірге отырып оқып көрейікші.
Сыбағам қайда?
Қарамай сақалыңа, шалдығыңа, 
Жарасып тұрушы еді қалжыңым да.
Қарабайдай қатайып алыпсың ғой
Ата, 
Сен шынымен алжыдың ба?!
Сұрың да, сұхбатың да сондай бөтен!..
Бұйымым бар, 
Үйіңе қонбай кетем.
...Жыламаған сәбиге емшек бермес, 
Жыламасам алдыңда болмайды екен.
Мен сені сыйламасам, түсінбесем, 
Жүрмес ең әр жырымның ішінде сен.
О, менің пайғамбарым!
Сен болмасаң
Тірі пенде алдында кішірмес ем.
Ат басы алтын берсе табылмаған
Еншім бар менің сенде алынбаған!
Қобызың емес пе едім қолыңдағы, 
Ұмыттың неге мені, жаным бабам?
Қатыбас өмірден мен пайда алмадым, 
Жаныммен жазған жырым – жайған малым.
Қылышың емес пе едім қынаптағы, 
Жоғалттың неге мені, пайғамбарым?!
Ат басы алтын берсе табылмаған, 
Сыбағам қайда менің алынбаған?
...Бір түйір кәрі көздің жасы емес пе ем, 
Ұшында сақалыңның дамылдаған?!
  1971  жылы  16  науырыз  күні  жазылған  өлеңді  ақын  сол 
жылы  26  науырыз  күні  Абай  атындағы  педагогика  институ - 
тын да Қазақ ССР-нің (АССР) 50 жылдық мерейтойына ар нал-
ған ақындар мүшайрасында Сәбит Мұқанов бастап ақындар өз 

224
225
өлеңдерін  оқыды.  Мұқаң  –  Қаратаев  жиында  көшелі,  білімді 
сөз сөйледі. Сөйлеп шықты да уақыты тығыз, міндеті мол (Қа - 
зақ  ССР  энциклопедиясының  бас  редакторы)  сыншы  мүшәй-
радан  кетіп  отырды.  Бірсыпыра  уақыттан  кейін  кезек  тиген 
Мұқағали Мақатаев «Мен мына өлеңімді Мұқаңа арнап оқиын 
деп  едім,  Мұқаң  кетіп  қалды.  Енді  арнамай  оқимын»  –  деп 
осы «Сыбағам қайда?» аталатын су жаңа өлеңін оқыды. Жұрт 
Мұқағали  Мұқаңа  өкпелі  екен,  өлеңінде  сын  басым  ғой,  деп 
сыздықтатып  әкетіп  бара  жатты.  Өз  басым  өлеңде  ерке  наз 
болғанымен өкпе, одан артып айтылған сын бар деп білмеймін. 
Қайта  бір  өлеңнің  ішінде  екі  рет  қайталай  «пайғамбарым» 
деп көкке көтере құрметтеуімен өлең кісілік биігіне көтеріліп, 
өнер  пәніне  айналған  деп  білемін.  М.Мақатаев  ақындық  өзге 
қасиеттерімен  бірге  поэтикалық  портреттің  шебері  болатын. 
Оның  бірсыпыра  поэтикалық  портреттерінің  ішінде  ұстазы 
Ә.Тәжібаевқа арнаған өлеңі, одан кейін М.Қаратаевқа арнаған 
осы өлеңінің жұлдызы жоғары. Аталған екі өлең жәй ақындық 
арнау, не бірыңғай мадақ емес, өлеңде лирикалық кейіпкердің 
сыртқы  портреттік  пішінін  салып,  мінез  құйылысы,  кісілік 
болмысын  айнытпай  дәл  беруімен  қымбат.  Әбділдадай  ақын 
портретін  алғаусыз  адал  көңілмен,  айқыш-ұйқыш  мінез  шар-
пуымен әдемі жеткізген ақын сыншы портретін қалай ашпақ. 
Сыншы – поэзияға баға беруші. Сыншыдан өз өлеңінің бағасын 
алу  –  ақын  үшін  бақыт.  Осы  орайда  Мен  «...Бір  түйір  кәрі 
көздің  жасы  емес  пе  ем,  Ұшында  сақалыңның  дамылдаған» 
«Сыбағам қайда?» , мені неге елемейсіз, ескермейсіз? – деуі бір 
жағы сыншыны бедел тұту болса, екншіден сыншы-лирикалық 
кейіпкер образын жасаудағы ақындық тәсіл дерлік. Мұқаңдай 
сыншыдан Мұқағали ақын «сыбаға» дәметсе ерсі емес, сыбаға 
дәметкен  болып  сөйлеп  сыншының  образын  поэтикалық 
палитрамен беріп жатса ол да тапқырлық. 
О, ол кезде Мұқаңдай сыншы қаламына іліну – әдебиетке 
келу  пспортына  пара-пар...  Мұқаш  ағамыздың  өлеңі  аздық 
қылмас.  Аздық  қылса  Сәкен  Жүнісовтей  прозашының  «Аға- 
тай-ау, мен жайында өлгенде жазасыз ба?» – дегені және бар. 
Бұ ған «Арыстық арыс ақын» (Д.Исабеков) – өлеңдері ұясына 
қор ғасын құйған сақадай шымыр Бекен Әбдразақовтың «Мұ - 
қа  қашанғы  «т.б»  –  ның  (тағы  басқалар)  ішінде  жүреміз?»  – 
деген назын қосыңыз.
Иә,  Мұхамеджан  Қаратаев  шын  сыншы  еді.  Оның  сыны 
шын сын еді. Ұлы М.Әуезовтің «Сын шын болсын, шын сын 
болсын!» – деген қанатты сөзін қағида тұтқандай еді-ау Мұқаң 
ұстаз.
 Өзі сыншылығына дау бар ма? Сын жанрын оның кадрымен 
қосып қорғайтын шыр-пыры шығып. Бірде әріптес інісі Серік 
Қирабаевты  Тоқаш  ақынның  орынсыз  «тиісуінен»  қорғады 
бас пасөз бетінде. Бел салып Бейсембай Кенжебаевтай әріптес 
ағасының кітабын (Бейсекең кітабын жарыққа шығару кеңес-
тік саясат үшін қылмысқа пара-пар еді ғой.) жарыққа шығар-
ды.  «Сынға  Сағат  келді!»  –  деп  алақайлаған  Мұқаң  болатын. 
Бақыт Сарбалаұлына сәт сапар тілеп «Қызыл алма» аталатын 
сын  мақалалар  жинағына  алғысөз  жазған  Мұқаң.  Өзіміздің 
де  атымызды  атап,  баспасөз  бетінде  жұртқа  таныстырып  жа-
татын  жарықтық.  «Білім  шіркін  ырық  бермей  бойда  лек-лек, 
Тізесіз  авторларды  тізбек-тізбек»  –  деген  қағытпа  жазған  Тә-
кен  Әлімқұлов  М.Қаратаевтың  Москвада  үлкен  беделге  ие 
екенін  айтқаны  құлағымда.  СССР  Жазушылар  Одағының  қа-
зақ  әдебиеті  жөніндегі  кеңесшісінің  пікіріне  куәлікті  оның 
мақалаларынан табуға болады. Ал, өмірде де, өнерде де өзара 
сыйлас  ғұмыр  кешкен  қаламдастың  қағытпасын  қалай  түсіну 
керек?
Әдеби  сын  іштей  түрлі  жанрлық  сипатқа  ие  екені  әмбе ге 
аян. Сарабдалдық тән сынды тектеп қарастыратын теорияшы-
ларымыздың біресе әдебиетке, келесісі баспасөз еншісіне бере 
сөйлеуінің  сыры  да  оның  ішкі  жанрлық  алуандығына  бай ла-
нысты.  Мәселеге  нақтырақ  келсек  «сын-заметка»,  әйтпесе 
«за метка» түрінде туатын сын болады. Оны әдеби текке қалай 
жатқызасың? Әйтпесе сөзін мысалға жүгіндіріп отырған жүй-
рігіміз  Тәкен  Әлімқұловтың  «Жұмбақ  жан»  аталатын  таза 
тұ тас  сын  кітабын  қалай  баспасөз  жанрына  жатқызбақпыз? 
Әңгіме  –  М.Қаратаев  туралы  еді-ау.  Тақырыптан  ауытқымай 
сөйлесек, Мұхамеджан Қаратаев – әдеби сынның жанрлық ішкі 
мүмкіндігін кеңінен пайдаланған сыншы. Оның қаламынан же-
ке кітапқа жазылатын рецензиялық пікірден бір әдебиеттің ха - 
лін  кеңінен  көрсетерлік  әдеби  шолуға  дейін,  бір  жанр  туын-
дыларын шолу формасында ала отырып талдай жөнелетін тал-
дауға шейін сынның неше атасы туып жатататын кезінде. Со-
ның ішінде бас сыншы райында жауапкершілік пе, әлде Тәкен 
айтқан «лек-лек» білім бе ала қашатын, әйтеуір әдеби шолуға 
көп баратын. Жанрдың жаманы жоқ. Шолуды менсінбеуге ха-
қымыз  жо-о-қ.  Әдеби  шолу  –  қаламгерлік  қырағылықты  қа-
жет етеді. Ұдайы қадағалап отыратын сыншы ғана әдеби шо  - 

226
227
лу дың үдебарасына шыға алмақ. Ол өзінің жылма-жыл жарық 
көріп  жататын  сын  кітаптарында  қазақ  поэзиясын  Абай  дан 
Тұманбайға дейін қамти сөйледі. Осы аралықта қазақ поэзия-
сының  бар  даму  тенденциясы  анықталып  жатты.  Ол  қазақ 
прозасын  С.Көбеевтің  «Қалың  малынан»  (ол  кезде  «Қалың 
мал» қазақтың тұңғыш романы саналатын.Қ.е.) тартып С.Жү-
нісовтың  «Ақан  серісіне»  дейін  қамти  талдап  қазақ  қара 
сөзінің  көш-керуенінінің  жолын  анықтап,  көркемдік  нәрінің 
қандай  екенін  айқын  ажыратып  берді.  Соның  ішінде  Мұхтар 
Әуезов  шығармашылығын  М.Қаратаевтай  жетік  талдаған 
сыншы кемде-кем. Әдебиетіміздің өлшеміне айналып үлгерген 
М.О.Әуезов әлемі – Мұқаңның азапты сапардан оралған бетте 
қазақ  әдебиетіне  ену  үшін  қаққан  есігі,  үзіліс-үздіксіз  үңіле 
жүріп  өзінше  дербес  ашқан  әлемі.  С.Сейфуллиннің  «Қызыл 
атымен» социалистік реализм әдебиетіне енген М.Қаратаев ұзақ 
жылғы үзіліс – дүркін-дүркін (екі дүркін) абақтыға жабылып, 
Сібір айдалудың азапты жолынан оралған соң қазақ әдебиетін 
Әуезов  әлемі  арқылы  қайыра  ашты.  Әлемдік  тұлғаның  әрі-
сәрі  бағаланатын  жиырмасыншы  ғасырдың  жиырмасыншы 
жыл дары  жазған  әңгімелерінен  тартып  «Абай  жолындай» 
эпопеяға дейінгі жолды жазушы ізімен жүре, жазушымен бірге 
өсе  отырып  зерттеп,  талдап  бере  білді  біздің  ұстазымыз.Көзі 
тірісінде М.Әуезовтей тұлға еңбектерінің қазақша басылымын 
М.Қаратаевтың  қазақ  тілінде  жазылған,  орысша  басылымын 
аталған сыншының орыс тілінде жазылған білгір мақалалары 
түсіндіріп  бірге  жүрді.  Әлі  күнге  солай.  Таяуда  қолыма 
М.О.Әуезовтің әңгімелері мен повестерінің бір томдығы түсіп 
қалғаны.  Ашып  қарасам  М.Қаратаевтың  алғысөзімен  жа рия-
ланыпты.  Көзіме  оттай  басылды,  біртүрлі  ыстық  көрінгені. 
Жасырып керегі не, бүгінгі талғамға жауап бере алар ма екен 
дегендей көңіл көрігін күдік торлай оқыдым...
«Геройларының ішкі дүниесіне үңіліп, жан құбылыстарын 
бейнелеуге шеберлік, нәзік лиризм, табиғат құбылыстарының 
да көріністерін адам көңіліне сәйкес суреттеу тәсілі М.Әуе­
зов  талантына  әуелден  тән  қасиет.  Бұған  «Қорғансыздың 
күніндегі» сұмдық қорлық көрген Ғазизаның дүниеден түңіліп, 
молаға кету алдындағы жан тебіренісі мен ызғырық боранның 
сұрапыл суреті айғақ бола алады.
Сұм  заманның  құрбаны  болған  қорғансыздар  тақырыбы 
әлгі екі шығарманың ғана емес, жиырмасыншы жылдардағы 
М.Әуезов  шығармаларының  көбіне­ақ  арқау  болған.  «Қыр 
суреттерінде»  әмеңгер  шалдан  қашып  боранға  ұшыраған 
Рабиға,  «Жетім»  деген  әңгімеде  әке­шешесі  өлгеннен  кейін 
байшыкеш  туысы  Иса  мен  оның  әйелі  Қадишаның  қолында 
қалып,  құлдыққа,  қорлыққа  төзбей,  қашып  шығып  өлген 
жетім бала Қасым – бұлар ескілікке мойынсұнбаған қорғансыз 
жандар.
М.Әуезов  1921  жылы  жазған  «Қорғансыздың  күні»  мен 
1928  жылы  жазған  «Қилы  заман»  повесінің  арасындағы  бір 
топ прозалық шығармаларының қай­қайсысында да “Толстой 
мен Тургеневтің, Чехов пен Горькийдің дәстүрінде” адам әре­
кеттерінің психологиялық дәлелдемелерін бейнелеуге бейімді­
гін көреміз». (Алғысөз// Мұхтар Әуезов Көксерек. Әңгімелер. 
Балауса баспасы. 2006. 6 бет.) 
Бір  деммен  оқып  шыққанда  алабұртқан  көңіл  ризашы-
лық пен  орнына  барып  жайғасқанын  аңғарып  отырған  болар-
сыздар.  М.О.Әуезовтей  ұлы  жазушының  алаулы  албырт  ша-
ғының,  әлі  қағажу  көре  қоймаған,  буырқанған  аса  зор  да-
ры нының  жемісіндей  болып  жарық  дүниеге  келіп,  кейбірі 
кітап  болып  басылар-басылмаста  қайта  тәркіленіп,  зыңданға 
тасталған,  кейбірі  көп  шығармаларының  арасында  елеусіз 
жү ріп  келген  жиырмасыншы  жылдардағы  рухани  рыздықты 
Мұқаңнан асырып күні бүгін айта алуымыз екіталай... Демек, 
М.Қаратаевтай  ұстаздың  көп  әдеби  сын  еңбектері  күні  бүгін 
көркемөнер мен оны тұтынатын ұрпақ арасына (Әрине оқитын 
ондай  ұрпақ  болса)  дәнекер  –  сыншылық  қызметін  ақ-адал 
атқарып келеді екен. Оған да тәуба!
Хамза  Есенжанов  1937  жылдың  лаңымен  алыс  сапарға 
айдалып кетіп, қайта келгенде іште бірге келген «Ақ Жайық» 
романы жайында жақсы мақала жазып «хош келдің!» – деген 
сөзді  айта  алған  Қаратаев.  Зейін  Шашкин  осындай  азапты 
сапардан  оралып,  қан  түкіре  жүріп  жазған  –  жеке  адамға 
табынушылықты  сынайтын  «Теміртау»,  «Доктор  Дарханов» 
романдарын  әдеби  орта  дұрыс  қабылдамай  жатқанда  арнайы 
мақала жазып жұртты сендірген де көндірген Қаратаев. Ілияс 
Есенберлиннің  «Көшпенділері»  өмірге  келіп  әдеби  орта  екіге 
жарылғанда  (Ғабит  Мүсірепов  қарсы)  қазақтың  ұлттық  рухы 
мен жанр табиғатын өзара сабақтастыра сөйлеп, бітімшілікке 
жүріп,  жолын  ашқан  Қаратаев!  Қаратаев  сыншы  қаламынан 
туған  проза  жайлы  классикалық  мақаланың  бірі  –  «Қан  мен 
тер» қалай аяқталды?» Бәленбай рет қайта жөнделген романның 

228
229
көркемдік  табиғатын  сан-алуан  нұсқасын  салыстыра  отырып 
талдау...бұл кәнігі кәсіпқой сыншы ісі. 
Ол  төлтума  әдебиетпен  қатар  телтума  әдебиет  (аударма 
өнері)  жайында  да  құлашын  кеңге  сермей  жазды.  Өзі 
М.Горькийдің  «Менің  мектептерім»,  М.Шолоховтың  «Тынық 
Дон» романдарын аударған, аударысқан маман райында орыс-
шадан  қазақшаға  тәржімаланған  әдебиетті  ғана  емес,  қа-
зақ  әдебиетінің  құнарлы  шығармаларының  орыс  тіліне  қа-
лай  жеткені  жайында  да  білгірлікпен  сөйледі.  Әдеби  сын... 
О, әдеби сын Мұқаңның бар ғұмыры еді. Расына келгенде ол 
про заға да қабілетті жан. «Даладағы дабыл», «Гудок в степи»... 
көп  жәйттен  үміттендіретін.  Тек  Мұқаң  сынға  адалдығынан 
да  өзге  жанрға  бұрылған  жоқ.  Әйтпесе  кірпіш  роман  жасау 
оның  да қолынан  келетін. Ал әдеби сын жанрын бақылауы – 
үздіксіз.  Жылт  еткен  жаңалық,  үлп  еткен  жақсылық  көрсе 
жанымен  қуанар  еді-ау  жарықтық.  Ол  тамаша  портретші  еді. 
Сыни  очерктерінде  алдындағы  ағаларынан  бастап  қадірлі 
қанаттастары,  ізінен  ілескен  іні-қарындас  қаламдастарының 
алуан-алуан портреттерін қилы-қилы бояумен жасады.Сыншы 
Қаратаев  қаламынан  тамаша  әдеби  портреттер  туған.  Соның 
баршасын  социалистік  реализм  аясында  жинақтап,  шолып, 
талдап бере білді Мұқаңдай бас сыншы. Тағы да социалистік 
реализм...
Социалистік  реализм  –  кертартпа  әдіс  емес-ті.  Тіпті  әдіс 
деуге  де  келмес,  социалистік  реализмді  әдебиет  пен  өнердегі 
уақытша ағым деп қарауға болар асылы. Кертартпа емес, бірақ 
ол  өмір  сүрген,  тікелей  өмірге  келуіне  ықпалды  социалистік 
қоғам  шектеулі  болған  соң,  сондай  қоғамның  жемісі  ретінде 
өмірге  келген  социалистік  реализм  ағымы  да  шектеулі  еді. 
Оны  әдеби  әдіс  ретінде  қараған  зерттеушілер  социалистік 
реализмді  әдебиетке  әмірін  жүргізуші  күшке  айналдырғысы 
келген.  Ақыр  соңында  совет  әдебиеті  өкілдері  социалистік 
шеңберден  шығып  адамзаттық  құндылықтарға  қалам  тарта 
бастаған  кезде  социалистік  реализм  үшін  тек  кеңестік  құн-
ды лықтар  ғана  емес,  адамзаттық  құндылықтар  да  жат  емес 
деген  бағыт  ұстанып  ағымның  аясын  кеңейтуге  тырысты. 
Социализмнің  өзін  теорияшылар  «дамушы  социализмнен» 
«кемелденген  социализм»  биігіне  көтерген  жоқ  па?!  Сол 
секілді  социалистік  реализм  аясын  да  оның  жақтастары  – 
зерттеушілер  кеңейте  түскендей  болды.  Алайда,  социалистік 
жүйемен  бірге  өмірге  келген  социалистік  реализм  «әдеби 
әдіс»,  «көркем  шығармашылық  методология»,  «социалистік 
қоғамда  ғана  өмір  сүруі  шарт  емес,  оның  әдіс  ретінде  аясы 
кең» деген теориясымақтарға қарамастан социалистік жүйенің 
құлауымен бірге өмір сүруін тоқтатты, күресінге кетті. Біздің 
қимас ұстазымыз, білімдар оқымысты, ауыр тағдырлы азамат 
– Мұхамеджан Қаратаевтың да социалистік реализм жайында 
жазған еңбектері өзінің сырт елдердегі, өз ішіміздегі әріптес-
тері еңбектері секілді сұраныстан адасып, рухани қажеттілік - 
тен қалды. Оны жасырып қажеті не? Тіпті көп жұрт социалис-
тік  реализмге  де  мақұл,  тек  Мұқаңдай  ұстаздың  1937  жылғы 
балалықпен «заманға күйлеп» жазған әсіре белсенді көрсеткіш 
мақаласын кешіре алмай жүрген секілді. Замана зәйілінен ерік - 
сіз туған ол мақаланы да кешірер ме еді, егер ұзақ жылдық азап-
ты айдаудан қайтып келген соң әдеби сында социалистік реа-
лизм сойылын соғып, өзінің әдеби сын шығармашылығында сол 
тақырыпқа  қайта  оралып,  ұлтшылдарды  кінәлай  бастамаса!...
Ұстаз үшін шәкірттері – біздер жамиғаттан кешу сұрар жеріміз 
де осы сәт болса керек... 
Иә,  Жақау  Дәуренбеков  дұрыс  айтады.  М.Қаратаев  қазақ 
әдебиеті құндылықтарына социалистік реализм өлшемі арқы лы 
келді,  сол  теориялық  әдіс  тұрғысынан  қарап  талдады  шығар-
маны. Мәселенің мәселесі тақырыпқа қалай келуде ғана емес, 
тақырыпты  қалай  ашуда,  шығарманың  жүрекке  шымырлап 
барып  сіңетін  құлақкүйін  танып  басуда,  таныған  құнарыңды 
көркемдік нәрі ретінде көрсете білуде. Демек, көркем туындыны 
қалай  талдауда!  М.Қаратаев  қазақ  әдебиеті  құндылықтарына 
социалистік реализм әдіс-тәсілі арқылы қарағанымен, көр кем-
дікті  көрмейтін  басыр,  теориядан  ауытқыдың  деп  қаламгерге 
жекитін  тасыр  емес,  телегей-теңіз  білім  иесі,  талғампаз 
эстет  сыншы  еді.  Білім  –  мәдениет.  Білім  кім-кім  үшін  де 
қажет-ақ  қой.  Әмсе  әдебиет  сыншысының  білімдарлығы  ауа-
дай  қажет.  Білімділік  әдеби  аңғарымпаздыққа,  эстетикалық 
талғампаздыққа  барып  ұласқан  жерде  әдемі  сыншылық  бар. 
Бұл  жайларды  біз  сырттан  оқып  алып,  тасып  әкеліп  айтып 
отырғанымыз жоқ, Мұқаңдай бар ғұмырын Бас сыншылықтан 
аудармай  өткен  ардақты  адамның  әдеби-шығармашылық  тағ-
дырын талдау арқылы ашып, өзіміз таң қалған жайды сыншы 
үшін  қажеттілік  екен-ау  деп  оқырманға  ұсынып  отырмыз. 
Байқап  қарағанда  жоғарыда  критерий  орнына  айтып  отырған 
қадір-қасиетіңіздің  қай-қайсысы  да  Мұқаң  бойынан  табылып 
отырады  екен,  табылғаны  бір  сәрі-ау,  бәрі  тұтасып  келіп 

230
231
Мұхамеджан Қаратаевты қазақ әдебиетінің хас сыншысы, бас 
сөзді  айтар  Бас  сыншысы  ретінде  тұлғалайды  екен.  Бүгін  біз 
соған қуанамыз.Тіршілігінде екі дүркін Сібір айдалған азамат 
өмірге құштарлығын жоғалтып алмай әдебиетке қайта оралып 
дүрілдетіп  еңбек  етті,  дүркін-дүркін  жеміс  берумен  өмірден 
өтті. Өмір өтті, өнерлік із қалды.
      
3. Дүние шіркін, өтеді бір күн...
– Мақалаңа рахмет, Құлбек! Өзі өмірде жоқ үлкен тағдыр­
лы адам жайында жазыпсың. Сауапты іс. Мұхамеджан аға­
мыз отызыншы жылдары Сібір айдалып, азап көргені жайын­
да мемуар жазған депсің ғой. Жары Мархума туралы повесть 
жазған мені Сібір мемуары қызықтырып  отыр. Бірінші рет 
естуім. Келіні Жәмила да білмейді­ау Мұхамеджан ағамыздың 
мемуар жазғаны жайында ештеңе демеген еді. Табыла қалса, 
маған оқуға беруге қалайсың?
– Кітап оқитын ұрпақ қалған болса. Мына мақала көзіне 
түсіп, оқыса Мұхамеджан Қаратаев ұстазымыздың жан аза­
сы түрінде жазылған ол шығармасы табылар. Қолыма тиіп 
жатса, оқуға Сізге берейін.
Телефондаған нәзік жанды, қайсар қаламгер, аяулы Шәр­
бану  Бейсенова.  Әңгіме  «Егемен  Қазақстан»  газетінде  (22 
шіл де  2010  ж.)  жарияланған  «Дүние  шіркін,  дүркін­дүркін, 
өтеді  бір  күн...»  аталатын  менің  мақалам  туралы.  Онда  біз 
қолқалап,  Мұқаң  өмірінің  соңғы  сәттерінде  өзінің  Сібірде 
айдауда  болған  өмір  кезеңінен  мемуарлық  повесть  жазғаны 
жа йында айтқан едік. Аманаттай шығарма дерегі бірсыпыра 
кісіні қызықтырған секілді.
Бұл  жайлар  мені  Мұхамеджан  Қаратаев  –  мемуарист 
ретінде дербес ойландырды. Толғандым.
Бәлкім Абайдың қара сөздерінің мемуарға қатысы бар. Тек 
қалыпты мемуар емес. Жанр атауы ол кезде қазақ сахарасына 
жетпеген.  Шәкәрімде  мемуар  ұшқыны  бар.  Іздеген  кісі  таба-
ды. Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Сұлтанбек 
мемуар жазып үлгермеді. Мұстафа Шоқайда мемуарлық жолақ 
бар.  Өкініш  орнын  аз  да  болса  қиын-қыстау  сәтте  қасында 
болған жан-жары Мариям Шоқайдың жазбалары толықтырады. 
Тимирязев  академиясын  бітірген  алғашқы  қазақ  азаматы  – 
Садықбек Сапарбеков мемуарлық толымды кітап жазғанын іні-
шәкірттері  Б.Кенжебайұлы,  Ә.Тәжібайұлы  айтар  еді.  Өкініші 
қолда  жоқ.  Кітап  болып  басылмады.1937  жылы  тәркіленген. 
Жоқ содан бері. Сәкен, Ілияс, Бейімбет...Ілияста өмірбаяндық 
жазбалар  кездеседі.  Сәкен  мемуары  –  жанрдың  төлбасы  са-
налады.  Кім  білсін?  Ұшқарылық  бар  секілді.  «Тар  жол,  тай-
ғақ  кешудің»  тигізген  шарапатынан,  шарпыған  кесепаты  көп. 
Т.Рысқұлов, Ә.Жангелдин, С.Мұқанов мемуарлық жазбалары-
нан большевизмнің исі бұрқырайды... Олар жанрдың қасиетін 
емес, қасіретін асырар сірә?! Бұл кеше. Бүгін ше? 
Бүгінде  өкініш  орнын  толтырар  қуаныш  көп.  Мемуар  – 
әдебиеттің іргелі, көшелі бір бай жанрына айналып қалыптасты 
қазақ әдебиетінде. Әр ел, әр елде мемуарлық жүйелі дәстүрлер 
қалыптасқан.  Әрбір  отбасы,  ошақ  бұтының  –  әулеттің  өз  ме-
муарлық жазбалары болатынын қайтерсің! Шынында кісі қы-
зыққандай  емес  пе!?  Өзге  халықтарға  тән  осындай  әдеби, 
жанрлық  марқаю  түп-түгелімен  болмаса  да  ептеп  қазақ  әде-
биетіне де келіп, байырқаланып жатқан жайы бар. Бұл күнде 
қазақ мемуары өз алдына бір жүйе қызықты әдебиет болып бой 
түзеді. Әсіресе, жазушылар жазған мемуарлық шығармалар бір 
жүйе бізде. Айталық, С.Сейфуллин,  С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, 
Ә.Тәжібаев, Т.Әлімқұлов, С.Шаймерденов, М.Әлімбаев, Т.Кә-
кішев,  З.Қабдолов,  Қ.Жұмаділов,  М.Мағауин  жазған  мемуар - 
лық роман, повесть, эссе бір бар қазақ әдебиетінде! Бұл күнде 
мемуар эпикалық тыныс алып марқайып қана қойған жоқ, ол 
іштей  байып,  жанрлық  балапан  бұтақтарға  жүлгеленіп,  ба-
лақтанып кетті. Айталық, бұл күнде қазақ әдебиетінде ше бер-
ханалық сырын ашатын эссе секілді ішкі жанрлық бұтақтары 
өсіп  жетілді  мемуардың.  Мұның  өзі  уақтылы  назар  аударып, 
жинақтап зерттеп жүрмегеніміз болмаса, өз алдына үлкен бір 
әдеби  процеске  айналып  үлгерді  деген  сөз.  Мемуардың  осы 
сан-алуан формада, ішкі жанрлық жүйелер бойынша сала-сала 
болып дамуына атсалысқан жазушы, ғалымдарымыз бірсыпы-
ра. Сол бірсыпыраның бірі – академик Мұхамеджан Қаратаев.
Мемуар жазу үшін кісіге машақатты да мағыналы өмірбаян, 
үлкен тағдыр керек. Қиын тағдырлы жаннан ғана қызықты ме-
муарлық  шығарма  тумақ.  Мұхамеджан  Қаратаев  кім?  Мұха-
метжан болып туып, Мұқаңдық биігіне қалай көтерілді ол?
Біріншіден, Мұхамеджан Қаратаев – қазақ кеңес әдебиеті - 
нің  балаң  кезеңінен  атсалысып,  онымен  бірге  өсіп,  біте  қай-
насқан аға буын өкілі, үлкен қайраткері. Екіншіден, Мұхамед - 
жан Қа ратаев бұралаң соқпақты, ауыр жолды кешіп өткен тағ - 

232
233
дыры  күрделі  қаламгеріміздің  бірі.  Үшіншіден,  Мұхамеджан 
Қара таев  өмірбаянына  үңіле  бастасақ,  оның  өмірі  Қазақстан 
Жа зушылар одағы, Қазақстан Ғылым академиясы, Қазақ эн цик-
лопедиясы секілді, белгілі бір ұлттың мәдени, әдеби, ғылыми 
қасиетті  үш  шаңырағының  қалыптасу,  өрлеу,  қажет  болса 
құлдырау  кезеңдерімен  егізқатар  өрілген  екен.  Бұл  –  Сәбит 
Мұқановша айтқанда «ет пен сүйектен жаралған» бір жұмыр 
басты жанның өмірбаяны үшін аз шаруа емес.
Демек, Мұхамеджан Қаратаев бүгініне дейін көп жолды ке- 
шіп өтті, сол жолда көп-көп адаммен дәм-тұздас болды, өмірдің 
көп сырын көңіліне түйіп жетті тәуелсіз бүгінге! Соның бар- 
шасы Мұқаңа мемуарлық шығармаға қол артуға ырық береді. 
Ырық  бергені  несі?  Ұзақ  жолда  көргені  мен  көңілге  түйгені 
Мұқаңды мемуар жазуға міндеттейді. Өйткені, ол өзінің ғана 
жан сыры емес, осы жолдардың біразын бірі ұстаз, бірі тұстас, 
бірі  аға,  бірі  замандас,  бірі  іні  болып  бірге  кешкен  аға  буын 
қазақ зиялыларының да сыры. Қажет болса, олардың біразының 
айтып  үлгермеген,  жазып  қалдыруға  тағдыр  мұрсатана  бере 
қоймаған қымбат сырлары шығар. Демек, Мұқаң талай аптал 
азаматтың  айтылмаған  сөзі,  жазылмаған  сыры,  олардың  кей-
бірінің  аманат-ойларын  арқалап  кейінгі  ұрпаққа  жеткізуші. 
Демек, Мұхаң талай-талай айдау мен қорлау жолдарынан аман 
келіп,  қара  жерді  тірі  басып  жүргені  үшін  де,  сол  жолдардан 
оралмаған азаматтар үшін де жауапты адам. Демек, Мұхамед-
жан Қаратаев жәй мемуарист емес, жүгі ауыр, бір өзі бірнеше 
азаматтың аманатын арқалаған мемуарист. Қыл-қысқасы, қа зақ 
әдебиетінің  бір  қайраткері  М.Қаратаевтан  біздің  мемуарлық 
шығарма  күтуіміз  қандай  заңдылық  болса,  оның  мемуарлық 
шығармаға қол артуы соншалық табиғи құбылыс! Ал, бұл мін-
деттерді  мемуарист  қай  жанрда  (ішкі  жанрды  айтамыз),  қай 
дәрежеде атқарды? Міне, енді мәселенің осы жағына келейік.
«Жалын»  баспасынан  ғалым-сыншының  «Көргенім  мен 
көңілдегім»  аталатын  кітабы  жарық  көрді.  Кітаптың  жарық 
көрген мерзімі – «1982 жыл» деп айқайлап тұр! Бірақ, бұл қа-
лың еңбек бір жылдың ғана жемісі емесі хақ. Біздіңше, Мұқаң 
бұл кітапты алдымен өмірде жазды... Өмірде жазғаны қалай? 
Алдымен, өмірде ол осынау жолды жүріп өтті. Жәй жүріп өткен 
жоқ. Дүниені әнге бөлеп туды, айналасын қуанышқа бөлеп ес 
жиып өсті, білім қуып тәуекелді қадам жасап, қияға қанат қақты, 
сарылып отырып білім нәрін жиды, қайраткерлікке араласты, 
қате басты қадамды, уақыт қателігінен, шалыс басқан қадамнан 
ұзақ жылдық азапты, кісі төзгісіз ауыр мехнатты бастан кешті, 
қайта  оралды  мынау  сәулелі  өмірге,  ағартушылық  қызметке 
араласты, дұшпандары қайта «көрсетті» – қайта ұсталды, Сібір 
айдалды, тағы азап, қан-қасап «көсем» И.В.Сталин өліп әупірім-
тәңірмен жарық күнге қайта шықты, ғылымға араласты, самғап 
академиктік  биікке  көтерілді...  Ал,  енді  ойлап  көріңізші  бұл 
бір  кітап  болғанымен  бір  адамның  бала  шағынан  басталатын 
бүкіл ғұмыры. Және анау-мынау адамның пешенесіне жазыла 
бермейтін, жазылсын деп тілемейтін иір-қисық ауыр жол, үлкен 
тағдыр. Куә болып отырғанымыздай және оның бәрі алдымен 
тап  осылай  өмірде  жүріп  өткен  ауыр  жол.  Өмірдегі  әрбір 
қуаныш пен қайғының, бейнет пен сордың, азап пен ләззаттың 
әрі тәтті, әрі кермек дәмі бар осынау кітапта!
Алайда, мәселе Мұқаңның мемуар жазғанында емес, қалай 
жазғандығында ғой. Мұқаң мемуарды қалай жазды?
Мемуар  жазамын  деп  қазақ  зиялыларының  басына  бұлт 
үйірілтіп алу – болған қазақта. Сәкен Сейфуллинді айтамыз.
Мемуар  жазамын  деп  саясат  ырқында  кетіп  болмағанды 
болды деп, өзін кірлетіп алу – болған қазақта. Сәбит Мұқановты 
айтамыз.
Мемуар жазамын деп не тарихи сипаты жоқ, не уақыт сыры 
жоқ, өзін-өзі мақтаумен масқаралыққа бару – ол да бар қазақта. 
Ал, Мұқаң ше? М.Қаратаев мемуарист ретінде қандай қырынан 
көрінеді?
Мақсаттың  қалай  жүзеге  аспағы  асылы  мақсаткерлікке 
бай ланысты.  М.Қаратаев  мемуарға  қол  ұрғанда  әуелгіде  қан-
дай  мақсат  көздеген?  Мемуарист  айтады:  «Мына  тұста  же ке 
басымның  естеліктеріне  қатысты  бүгінгі  есейген,  ер  жет кен 
қазақ совет интеллигенциясына ең алғаш рухани дамуда ықпа- 
лы  болған  оңды  үлгі,  өнегесімен  ұстаз  ретінде  тәлім-тәрбие 
берген аға буынның ардақты есімдерін атап өтуді жөн көрдім. 
Атағанда жалпы түрде емес, нақты түрде атау және тұтас алып 
емес, жеке өз басымның қарым-қатынасыма байланысты үздік-
үздік әсерім түрінде алу... Мақсат, ниет біреу-ақ. Сол ұстаздардың 
жарқын  бейне леріне  тамшыдай  болса  да  деректі  мағлұмат 
қосып, олардың саңлақ ескерткіш белгілеріне бір кірпіш болса 
да қосу, сөйтіп олардың халыққа, ғылымға, мәдениетке қажет, 
қадірлі  образын  толық  тануға  сеп  тигізу.  Құдай  бір  нәрседен 
сақтасын: естелік жазып отырып, өзім туралы ұстазым: «Сен 

234
235
үлкен  ақын  боласың»,  «Ғалым  боласың»,  «Сен  үлкен  талант 
иесісің»  –  деп  еді  деген  секілді  көпірме  сөздерді  ұялмай-
қызармай қыстырудан сақтасын...» (4-бет) 
Міне, авторлық мақсат! Біз де оның мемуарына осы мақсат 
өресінен қалай шықты деген сұрақ өзегімен қараймыз.
Мемуарист  автор  аталмыш  кітабына  әр  жылдары  жазған 
ме муарлық  жазбаларының  басын  біріктіріп  екі  тарауға  жүйе-
леп орналастырыпты. Оларды мемуардың жанрлық табиғатына  
жыға  баяндасақ  мынадай  болып  шығады:  Бірінші,  «Ұядан 
қияға»,  «Қос  қанат»,  «Арман  асуы»,  «Арман  азабы»  секілді 
жарық  дүниеге  келген  сәтінен  әдебиет  сыншысы  болып  қа-
лыптасқанға  дейінгі  өмір  кезеңін  баяндайтын  жазбаларында 
М.Қаратаев  мемуарист-публицист  ретінде  көрінеді.  (Таби ға-
тында мемуар публицистикалық характердегі жанр). Автордың 
мемуарлық  бұл  жазбалары  өзара  желілес,  сабақтас  дүниелер. 
«Менің  соқпағым  Телікөлдегі  қыстауымен  Арқадағы  жай-
лауының  аралығы  жеті  жүз  шақырым  жерге  түйемен  же-
тетін  көшпелі  ауылдың  жон  даласынан  басталды»  (6-бет) 
–  деп  бірінші  жақтан  баяндалатын  бұл  мемуарлық  жазбалар 
автордың бала шағынан болашағына қалай қадам жасап, арман 
асуларынан  қалай  асқаны  хақында  тартымды  баяндап  береді. 
Бұл мемуарлық жазбалардың алдымен дерегі мол. Мол дерек 
жинала келе туындыгердің өмірбаянын қызықты өріп шығады. 
Атасы  Қаратайдың  қадір-қасиетінен  бастап,  жоқшылықта 
күн кешкен әке тағдыры, халыққа індет болып жаппай келген 
обадан  арашалаймын,  елді  емдеймін  деп  құлаған  жандармен 
бір жүріп опат болатын аяулы ана бейнесі, жетім баланың ілім-
білім  іздеу  жолдары,  нағашысы  Ахмет  ишан,  оның  баласы 
Мұстафа,  революционер  Деевтің  қазақ  арасында  өткен  өмірі, 
атаман Шайтановтың ауылға бүлік салуы, оқудан кенжелеген 
баланы қамқорлығына алатын Әбдиев Бейсембай, аяулы ұстаз 
Высоцкая, Баталов, академик Тарле, профессор Пиксанов, өзі-
нің  студенттік,  аспиранттық,  жазушылық  ортасы  осы  мему-
арлық жазбаларда әдемі көрініс беріп өтеді. Жоғарыда айтқа-
нымыздай, мемуарист өз өмірбаянын баяндап отырып өзін-өзі 
қызықтаудан  сақтанғандықтан  да  тым  тартыныңқырап  си пат-
тайды  өсу  жолдарын.  Соның  әсерінен  де  мейлінше  со зымды, 
бояу араластыра көркем жеткізуге мүмкіндігі бола тұра қысқа 
қайырып отырады. Соның өзінде автордың бұл жаз баларында 
көркем  детальдар,  қазақ  сахарасының  қилы-қилы  суреттері, 
уақыт  бедері  бар.  Мұқаңның  мемуарлық  жазбаларын  оқып 
отырып автордың өзгеге ұқсамас, өзгені қайталамас әрі ауыр, 
әрі  қызықты  өмірбаян  белестеріне  куә  боламыз.  Сол  үшін  де 
оқушылық бейілмен авторға дән риза боламыз.
«Бұл өңір (Телікөл) түйе көрінбейтін ну қамыс пен қы зыл 
жыңғылға толы. Қыста малға пана сол. «Қозы Көрпеш – Баян 
сұлу» дастанында Қарабай бай Аягөз жаққа қашар да Айғыздың 
туған жермен қоштасып:
«Балталы, Бағаналы – ел аман бол, 
Бақалы, балдырғанды көл аман бол», –
дейтін көлі, тарихи деректерде және Ілияс Есенберлин нің 
«Алмас қылыш» романында үш жүздің бас қосып, тас қа таңба 
басқан көлі – осы Телікөл».
«Ауылымыз Телікөлдегі қыстауда екі-үш ай ғана аял дайды. 
Бес  шақырым  жерде  нағашы  атам  Ахмет  Оразаев  салдырған 
мешіт пен мектеп бар еді. Мұны Ахмет Оразаев Бұхарада оқып, 
хатыршат  алып  келгеннен  кейін  салдырған  деседі.  Бір  қабат 
қызыл  кірпіш  үйдің  үлкен  бөлмесінде  Ахмет  имамдық  етіп, 
намаз оқытса, екінші қанатында та тар молдасы жас балаларға 
сабақ  жүргізеді.  Намазға  жұрт  әрбір  жұмада  жиылады.  Басқа 
күндері татар молдасы са бақ жүргізеді. Екі қыс сол сабаққа бес 
шақырым  жерден  тиіп-қашып  қатысып,  арапша  шала-шарпы 
хат таныдым, әпиектен бірен-саран аят жаттадым. ...Бұл 1920 
жылы еді. Мен онға енді ғана шыққанмын».
«...сені  қалайда  оқытам.  Ендігі  жылы  өзім  Ақмешітке 
апарып,  қолымнан  орналастырам.  Буының  сәл  қата  түссін, 
есің кіре түссін, сен де дәрігер боласың» – деуші еді. Апам ның 
уәдесі  менің  сенімімді  күшейтіп,  алдағы  жылдың  тез  жетуін 
іштей асыға армандаймын».
«Мүнда бір жазға айналғанда елге оба ауруы келді. Анам 
Бибісара  Бұхарада  Ибн-сина  медицинасынан  сабақ  алған 
дәрігер  әкесінен  үйренген  тәуіптігі  бар  еді.  Ауырған  жұртты 
емдеп жүріп, өзі ауырып қайтыс болды».
«Әкем Қожаспай Қаратайдың жеті ұлының қара ша ңырақта 
қалған  кенжесі  екен.  Қаратай  шешен,  пысық  кісі  болыпты. 
Ахмет  ишан  оны  атқосшы  етіп,  Меккеге  ертіп  барыпты. 
Сондықтан Ахмет ишан өзіне еңбегі сіңген серігі Қаратайдың 
баласы Қожаспайға кіші қызы Бибісараны берген. Қаратай атам 
менің екі жасымда дүние салыпты.

236
237
Көп ұзамай оның жеті ұлының жетеуі де кедейленіп қалған 
көрінеді. Шиеттей жетім балаларын асырау енді Қожаспайға да 
тым ауыр тиіп, тұралап қалады да, мен шешем өлген 1922 жылы 
бір қыс нағашымның қолына көштім. Онда тағы бір қыс оқып, 
Ибраһим Сейфутдинов дейтін татар мұғалімнен сабақ алдым. 
Орыс әріптерін, төрт амал есеп үйрендім».
«Тығылмаған  жалғыз  менің  шешем  және  әлгі  Әбіш  ағам. 
Келгендер  Колчактың  Солтүстіктен  Оңтүстік  жаққа  қашып 
келе жатқан әскер тобы екен. Бастығы атаман Шайтанов деген. 
Ауылды тінтіп алай-түлей етті».
«Қожаға,  қайтпаймын  үйге,  –  деп  қасарысып  отырып  ал-
дым. – Менің оқығым келеді».
«Мұғалімнің  аты-жөні  Әбдиев  Бейсембай  екен.  Хал-
жағдайыма әбден қанғаннан кейін ол кісі ойламаған жер ден:
– Олай болса, менімен бірге Жаңақорған станциясына жүр, 
– деді.
Сөйтіп  осы  бір  ақ  көңіл  қайырымды  кісінің  етегінен  ұс-
тап, Жаңақорғанға келдім. Мені ол интернатқа орна лас тырып, 
бірден үшінші класқа әкеліп отырғызды».
«Орынбордағы  медицина  техникумы  мен  малдәрігер лік 
техникумының даярлық бөліміне ересектер алынатын болып-
ты. Наркомпростың оқушылар қабылдайтын өкілі Біләл Сүле-
евке арыз бердім де, Орынборға жүріп кеттім».
«Жазушылар  алда,  1934  жылы  май  айында  болатын  рес-
публикалық съезге, августа болатын Одақтық съезге жан сала 
дайындалуда. Сол дайындық шараларының бір түрі – қалайда 
әдебиет  газетін  шығару  болды.  Өлкелік  комитет  жазушылар-
дың  ұсынысын  қолдаған,  бірақ  әлі  не  үй,  не  штат  жоқ.  Бар 
болғаны жалғыз корректор. Сондықтан Жа зушылар одағының 
ұйымдастыру комитеті бастығы Ілияс Жансүгіров болып, Сә-
кен, Бейімбет, Мұхтар, Ғабиттің қа жырлы көмегімен, газет тің 
алғашқы номерлерін әзірше ай лық алмай-ақ шығаруға ұйғар-
ды. Редакторлығына Ғабит Мүсірепов, жауапты хатшылығына 
мен тағайындалдым».
«Талаптан  тәуекел  пайда  болады  екен  де,  тәуекел  тағ-
дыр  қайығына  мінгізеді  екен.  Ақылға  салса,  менің  өз  ба-
сым  Ленинград  сияқты  қалаға  алыс  ұзап  оқитын  еш қан дай 
жағдайым  жоқ  еді,  неге  десеңіз  жатақханада  тұратын  әйелім 
мен балам бар. Оның үстіне әйелім жүкті. Кәрі әкем Қожаспай 
екі  жас  баласымен,  кіші  анамызбен  подвалда  тұрады.  Өзі 
КазПИ-дің  қарауылы.  Мен  жүрерде  ол  қатты  ауырып  қалды. 
Москваға  барғаннан  кейін  үшінші  күні  ха бар  алдым  –  әкем 
қайтыс болыпты. Не істеу керек? Қай тып барсам, қатарымнан 
қаламын. Қалмадым. Осы күні ойласам, оным ақымақтық екен. 
«Әкесі  өлсе  де  қа йырылмаған»  дейтін  оңбағандық  осы  ма 
деймін ішім нен».
“Бас қосудың бастамашысы көбіне Педагагикалық ғы лым-
дар  Академиясында  оқитын  Төлеген  Тәжібаев,  Гер цен  атын-
дағы  пединститутта  оқитын  Темірғали  Нұртазин,  тағы  басқа 
институттардан  Батырбек  Бірімжанов,  Нұрмолда  Күзем баев, 
Әділше Аяпбергеновтер болатын”.
«Осы  жиналыста  қала  басшыларының  (Ленинград.  Қ.е.
жиырма төрт жастағы маған сеніп баяндама жасатуы және оның 
тұжырымының ертеңіне «Ленинградская Прав да ның» бетінде 
жариялануы менің өмірімде ешқашан ұмы тылмайтын, әрқашан 
мақтан етіп, медет тұтатын сәт деп білемін».
«Ақыры  кезегім  келгенде  осы  теріс,  осы  кемшілік  деген 
пікірімді бет-жүзіне қарамай, әркімге қатысты айтып шықтым. 
Тіпті өзімнің бастығым, өзімнің қамқорым Сәбе ңе де байқамай 
тиісіп  кетіппін.  Ол  не  десеңіз,  Сәбеңнің  «ХХ  ғасырдағы  қа-
зақ  әдебиеті:  ұлтшылдық,  байшылдық  дәуі рі»  дейтін  моно-
графиясындағы кейбір ағат айтылған деп білген пікірлерім еді. 
Бұдан үш жыл бұрын аға жазушының «Екпінді» повесіне жаз- 
ған  «Сырттан  пішкен  тон»  дейтін  мақаламда  да  кемшілігін 
сынап  кеткенім  бар.  Бірақ  оны  ақ  көңіл  Сәбең  елемеген  кісі 
сияқты еді. Мына жолы тағы да қымсынып қалған едім, алайда 
«құдай  оңдап»,  ол  кісі  қорытынды  сөзінде  менің  айтқан  сын 
пікірімді  дұрыс  деп  кетті.  Бұдан  артық  әділдік,  шыншылдық 
болар ма? Осы күнге дейін таң қалам, тәнті болам сонысына!...
Абай  жөніндегі  теріс  позициясы  үшін  қаттырақ  сынал - 
ған Ғаббас Тоғжанов та, азын-аулақ сын ұшқыны тиіп кеткен 
Бейсембай  Кенжебаев  пен  Әмина  Маметова  да  еште ңе  деген  
жоқ.  Тек  лирикалық  өлең  жинақтарын  шарпып  сынаған  Жұ-
мағали  Саин  мен  Есмағамбет  Ысмайылов  қана  сәл  дызалақ-
тады, бірақ бұл насырға шапқан жоқ».
Жетім  баладан  академикке  дейін  жеткен  жолдың  ұзына 
бойына  осы  бір  үзіктер  арқылы  көз  жіберсе  де  кісінің  көзі 
талай  нәрсеге  жетеді.  1910–1937  жылдар  аралығында  қазақ 

238
239
даласында  болып  жатқан  өзгерістер,  қазақ  елі  бастан  кешкен 
ауыр  жағдайлар,  сол  ауыртпашылықты  тасты  жарып  шығар 
шынардай қинала жүріп өсіп келе жатқан сыншы Мұхамеджан 
Қаратаевтың  тағдыры  көз  алдыңа  елестейді.  Қазақ  балалары 
үшін мектеп, медресе салдырып, татар оқытушысын алдырған 
нағашысы  –  Ахмет  Оразаевтар  қандай  қамқор,  қандай  ха-
лық шыл?!  Айта  кетелік  Ахмет  Байтұрсынұлына  жәрдем  етіп 
«Қазақ»  газетін  шығарысатын  осы  Оразаевтар!  Елге  келген 
обаға қарсы тұрамын, елді емдеймін деп опат болатын Бибісара 
ана қандай аяулы?! Арғы тегі түрік Колчак әскерінің қазақты 
талауы, қанауы қандай жанға тиеді десеңізші! Қазақ даласына 
жеткен жаңалық атаулы қазақ ұлтының пешенесін бірден ашып 
жібере  алмағаны  көрінеді.  Қазақстан  Жазушылар  одағының 
құ рылуы,  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің  жарыққа  шығуы...бәрі-
бәрі  Мұхамеджан  Қаратаевтай  қиын  тағдыр  кешкен  адамның 
көзімен шежіреленіп отыр. Тағлымды.
Оу,  Мұхамеджан  Қаратаев  1937  жылдың  қара  құйынына 
ұшыраған кісі емес пе? Ол жөнінде жұмған ауызын ашпағаны 
ма?  Олай  етсе  мемуар  тұтастығына,  шыншылдығына  нұқсан 
болмас па?
Алдымен  мемуарлық  шығарманың  сексенінші  жылдары 
жазылғанын  еске  алайық.  Сексенінші  жылдары  «ит  жеккен» 
аталған  Сібірге  екі  дүркін  айдалып  жүрекшайлықты  болып 
қалған Қаратаев түгілі, әріптестерін айдатып, қаматып жібер- 
ген  «жүрекжұтқандардың»  өзі  1937  жылдың  қасіретін  айта 
алған  жоқ.  Атылып  кеткен  аяулы  алашордалықтарды  ақтап 
ала ал ған жоқ. Төбесінде – кәпірдің айбалтасы, төсқалтасында 
коммунистің  қызыл  билеті.  Мұндай  жағдайда  Мұхамеджан 
Қаратаев қайдан айтсын 1937 жылдың қасіретін?! Шындай ай-
туды уақыт көтермепті. Шым-шымдап айтуға қалай Қаратаев? 
Сүйектен өткен сұмдықты шым-шымдап айтыпты. Мемуарлық 
шығарманың  бір  тарауының  «Арман  азабы»  аталуы  да  соны 
байқатқандай.  Өкініші  –  «Арман  азабы»  тарауында  сыншы 
жылап отырып айтқан 1937 жылдың қасіретін беретін сахналар 
қысқарып кетіпті. Оны біз тараудың құлағы кесіліп құнтиған, 
мұрны  кесіліп  шұнтиған  пошымынан,  сосын  кітаптың  өн-
бо  йында  айтылатын  «аса  қадірлі  кісіден  амалсыз  ажырап 
қалғандағы  қайғы-қасіретім  жөнінде  атүсті  болса  да  «Арман 
азабы»  дейтін  тарауда  бірсыдырғы  жазып  өткенмін»  (55  бет) 
–  секілді  сілтеме  сөйлемдердің  ізімен  жүріп  салыстырып 
қарағанда  көзіміз  жетті.  Жоқ.  Қысқарып  кеткен.  Сонда  да 
болса қағып-қағып астарлап айтып, ишаралап кететін сыр бар 
екен. «Осыдан кейін екі жылға жетпей оның (Саттардың. Қ.е.
қайтыс болғанын естідік. Алматыдан өзінің аурулығын айтып 
жазған екі хаты, өкінішке қарай, сақталған жоқ. Сақталмаған 
нәрсе жалғыз ол емес, әрине».
«...кездейсоқ  оқиғаның  салдарынан  көп  жыл  әдебиет  ор-
тасынан  қол  үзіп  қалды.  Былтыр  ғана  сүйген  жары  Софьяға 
үйленіп, сәнді семья құрып, нәрестелі болған еді. Одан да қол 
үзді.  Махаббат  қарызына  берік  Софьяның  баласы  өлгеніне 
қарамай,  күйеуін  іздеген  қиямет  сапары  өз  алдына  «жыр». 
Жиырма жылға жуық жарық көрмей, шыңдалмай томаға-тұйық 
қалыпқа түскен талант семіп қалуы да мүмкін еді. Бірақ бақыт-
қа қарай, олай болмапты» – деген Х.Есенжанов туралы толға-
ны сы,  немесе  Жамбыл  тура лы  толғанысындағы:  «Ол  кездегі 
жазу-сызуым, диссертаци ям бәрі құйынға ұшырап кеткен ғой. 
Ой,  жаратқан-ай,  не  ғажап,  басқа  дүниемнің  барлығы  ғайып 
болғанда осы бір әлдеқалай мен жазып алған Жамбыл өлеңі сол 
күйінде, сол «Савой» қонақүйінің штампы бар блокнот қағазда 
сақталыпты»  –  деп  мұңдана,  «Осыдан  кейін  көп  ұзаған  жоқ, 
Мұқаңдармен көпке дейін көріспес сапарға мен де аттандым. 
Сегіз жылдан кейін сәлем бере кіргенімде, ол енді оқырманға 
танымал  болған  «Абай»  трагедиясы  мен  «Абай»  романының 
авторы  екен»  –  дегендей  өкінішке  толы  тебіреністерінде  сел- 
кем-селкем күйінде бұқпантайлай айтыла ды екен. Оны әрине 
1937 жылдың ойранын жақсы білетін біз түсінерміз-ау, кітап- 
тан жырақ өсіп келе жатқан бүгінгі бейқам ұрпақ аңдап, аңға- 
рып оқи алар ма, тіпті оқыр ма? 
Абайлап,  аңғарып  оқыған  кісі  академик  Мұхамеджан  Қа-
ратаевтың  мемуарлық  шығармасынан  өмірдің  1937  жылғы 
ауырт пашылығынан өзге де қазақ ұлты тағдырына қатысты көп 
мәлімет, бірсыпыра тағлым алары хақ.
М.Қаратаевтың  екінші  бір  жүйе  мемуарлық  жазбалары 
«Портреттер»  аталады.  Олар  «Қайран  Жәкең»,  «Сәкен  аға», 
«Биаға»,  «Дала  жұлдызы»,  «Мұрат  мұхиты»,  «Халық  қа лау-
лысы», «Саңлақ ғалым», «Ағайынды Жұбановтар», «Қаныш», 
«Талант пен тағдыр», «Саттармен ұшырасқан сәттер» аталады. 
Бұлар – автордың өмір жолында бірі ұстаз, бірі тұстас, келесісі 

240
241
қанаттас  дос  болып  тағдыры  тоғысқан  аяулы  жандар,  қазақ 
әдебиеті мен өнерінің, қазақ ғылымының біртуар нар тұлғала-
ры хақында. Жанрлық жағынан алғанда, бұлар – естеліктер. Қа-
зақ әдебиетінде мемуардың естелік формасы аз емес. Әйтсе де, 
Мұхаңның өзінің көргені, өзінің түйгені олардың ешқайсысын 
қайталамайды. Басып айтар, батып айтар бір жай – қай естелікте 
де  автор  өзінен  бұрын  өзіне  ықпалы  болған  аяулы  адамдар 
жөнінде, олардың ауыр да, ғибратты ғұмыры жөнінде баяндау-
ға тырысып бағады. Бұл орайда мемуарист мәдениетіне қызы-
ғып қарайсың, мерейленіп қарайсың.   
Естеліктер  бірін-бірі  қайталамайды,  бірін-бірі  толықтыра 
түседі. Сонымен қатар бұл естеліктер автор өмірбаянымен қа-
быса баяндалып отырады. Естеліктер сериясын қызықты етіп 
тұрған бір жай – оның мол дерекке құрылатыны. Бірер мысал 
келтірейік.  Айталық  Жамбылдың  баяғы  Кенесары  жорығын 
жырлайтын  Нысанбай  жыраумен  кездесуі  Мұқаң  естелігі 
арқылы  мәлім  бізге.  Әйтпесе,  Грузиядан  қайтып  келе  жатқан 
Жамбылмен  жазушы  И.Эренбургтың  жол  бойы  сөйлесіп, 
блокнотына  үздіксіз  жазбалар  түсіріп  отыруы  –  Мұқаң  ғана 
куә  болған  қызықты  дерек.  «Осы  күні  ойлайтыным  –  дейді 
мемуарист, – Эренбургтың архивінде содан бір із қалмады ма 
екен деймін, бірақ білуге қол тимей жүр» (52-бет). Әдемі емес 
пе? Мұқаң барар-бармас Эренбург архивін ақтаруға, ал кейінгі 
буын жамбылтанушылар үшін бұл тың дерек көзі ғой.
Ендігі  бір  дерек  орайы  мынадай:  қазақ  әдебиетінің  аға 
буын өкілдері өздерінің шығармашылық шеберханасын ашып 
үлгермей  кеткені  мәлім.  Ал,  Мұқаң  өз  естеліктерімен  әрі 
аға  тұтқан,  әрі  қатарлас,  қанаттас  жүрген  сол  аяулы  азамат, 
қалаулы  қаламгерлердің  лабораториясына  кілт  есепті  қызық 
деректер келтіріп отырады. «Бір күні – дейді мемуарист автор, 
–  Ілекеңнің  (І.Жансүгіров)  «Құлагер»  поэмасының  кітап  етіп 
дайындаған  вариантын  оқып  пікір  алыстық.  «Социлистік 
Қазақстанда»  өткен  күзде  жарияланған  варианты  бойынша 
айтылған пікірлерді ескеріп, автор көп жөндеулер енгізіп, көп 
толықтырған  екен»  (61-бет).  Әрі  қарай  қазақ  поэзиясының 
бір  асыл  нұсқасына  қай  қаламгердің  қандай  пікір  айтқанын 
баяндайды.  Сөйтеді  де:  «Бірақ,  не  керек,  «Құлагердің»  бұл 
варианты  сақталған  жоқ»  (62-бет)  деп  шерлі  күрсініспен 
тәмамдайды.  Замандас  ақын-жазушылар  шығармашылығына 
кілт іспетті дерек, шеберханасына енгізе сөйлеу!
«Сөйлеушілер  Майлинды  шаруа  жазушысы  ма,  жолби-
ке  жазушы  ма  деп  бастарын  қатырды.  Ал  оны  пролетариат 
жазушысы  деген  сөз  ешкімнің  аузына  түскен  жоқ,  өйткені 
ол  кездегі  тұрпайы  түсінік  бойынша,  жазушы  пролетариат 
жазушысы  атану  үшін  міндетті  түрде  жұмысшы  табын  жазу 
керек. Осы күні күлкі болатын әлгі сықылды топас түсінік ол 
кезде  ұялмай-ақ  айтылып  жатқанда,  Б.Майлинге  қарадым  да 
отырдым.  Ол  сөйлеушілер  өзін  неше  саққа  жүгіртіп  жатқан 
кезде,  үн  жоқ,  төмен  қарап,  күлімсіреп,  саусағымен  шашын 
шиырумен әуре. Бейімбеттің шеберлігі жайын сөз еткен біреу 
оны «Қазақтың Чеховы», – деп еді, Бекең жақтырмаған пішін 
білдіріп, жұрт тарқарда Өтебай Тұрманжановқа (Бұл да Бекең 
мінезді ақын еді) дауысын шығармай; «Чеховтың ауылы алыс 
қой бізге», – деді».
«1934-1935 жылдың қысталаң қысы өтті. Май айында біз 
Алматыдағы  мәдениет  құрылысының  І  съезіне  ша қы рылдық. 
Содан  кейін  жазғы  каникулымызды  осында  өткізуге  қалдық.  
Бірақ  қайда,  қалай  өткіземіз?  Хамза  Есенжанов  екеуміз 
«Қазақстан» баспасымен келісіп, бас та уыш мектептің ІІІ класы 
үшін ана тілі оқулығын жазбақ болдық. Қайда жата ты нымыз - 
ды  көп  ойланған  жоқпыз.  Дәл  шарт  жасаған  кезде  баспада 
болған  Бейімбет  Майлин  мен  профессор  Құ дайберген  Жұба- 
нов  бұл  мәселені  оңай  шешті:  тауда,  «Ка менское  плато»  ку-
рортының қасында екеуі екі киіз үй тігіп жатыр екен. Бейімбет 
мені, Құдайберген Ха м заны үйіне жатқызбақшы болды. Қырық 
күн  бір  үйде  жатып,  бір  дастарханнан  ас  ішіп  Бекеңмен  де, 
семьясымен де етене ара ласып, жақын болып кеттік. Осындай 
ішкері тілектес, сырлас жағдайда, байқауымша, өте сирек кез-
десетін та ма ша адам: кішіпейіл, қарапайым, мейлінше адал, ақ 
пейіл,  сезімтал,  ерекше  еңбеккер.  Жаздыгүнгі  режимі  мына-
дай:  таңертең  мен  оянғанда  Биаға  ұйқтап  жатады.  Киіз  үй 
ішінде дөңгелек столдың үстінде арап әрпімен әдемі жазыл ған 
қолжазба жатады. Бұл қалай десек, Биаға түні бойы жазып, оны 
таза көшіріп барып, таң алдында ұйқыға кі реді екен. Сағат он 
бір – он екі шамасында шайдан кейін тауға жөнеледі де, сағат 
екі-үш кезінде бір сағат жатып дем алады. Төрт-бес шамасында 
бізбен  және  қаладан  келген  достарымен  бірге  түстік  тамаққа 
отырады,  әңгімелеседі,  газет,  журнал  қарайды  немесе  көрші 

242
243
курортқа  барып  кино  көреді,  түнде  қайтып  келіп  жұмысқа 
отырады».
Молырақ  алынған  үзіндіде  Б.Майлин  мен  Қ.Жұбановтың 
ұлт  қамын  ойлаған  ұлы  қамқорлығы  көрінеді.  Хамза  мен 
Мұхамеджанды  қырық  күн  қабатына  алып,  үйіне  түсіріп, 
еңбекке  баулуы  ғажап.  Қазіргі  қайраткерсымақтарымызда 
осындай  қамқорлық  кездесер  ме  екен?  Әй  қайдам?  Ол  үшін 
ұлт қамын ойлайтын ұлттық рух керек қой. Сонымен қатар осы 
үзікте М.Қаратаевтың Биағаны адам ретінде, қаламгер райын - 
да жақыннан бақылауы байқалады. Тіпті жұмыс ырғағына де- 
йін әдемі айтып отыр емес пе?!
Қысқасы, М.Қаратаевтың осы екі жүйе мемуарлық жазба-
ларының  қайсысы  да  автордың  ғана  өмір  жолын  баяндаумен 
шектелмей, бүкіл қазақ кеңес әдебиетінің өсу-өркендеу жолы - 
нан  мол  мәлімет  берерлік,  аяулы  тағдырлар  хақында  сыр 
шертерлік  қызықты  дүниелер.  Қазақ  мемуаристикасын  мол 
дерекпен толықтыратын шынайы туындылар. 
Адам  баласы  алғы  буыннан  қалған  тәжірибені  өміріне 
тұтынады. Сөйте жүріп, өзі де тәжірибе жинақтайды. Ал, жи-
нақталған  тәжірибені  тарихта  қалдыру  –  әрбір  зиялы  адам 
міндеті.  Ал,  жеке  адамдардың  іс-тәжірибесі,  өмірбаян  белес-
терінен тарих құралады. Демек, мемуар – тарихқа барар жол. 
Тарих  шындығын  безбендейтін  таразы.  Осы  пікірді  М.Қара - 
таев естеліктері мен жазбаларына да айта аламыз.
Қазақ әдебиетінде академик Қажым Жұмалиев, профессор 
Бейсембай Кенжебаев, журналист Жүсіпбек Арыстанов жа зып 
қалдырған  қызықты  мемуарлық  жазбалар  бар.  Біз  әдебиетші, 
журналистердің мемуарын ғана айтып отырмыз. Бұл дәстүрді 
бұл күнде академик Зейнолла Қабдолов, Серік Қирабаев, Тұр-
сынбек  Кәкішев  сынды  сындарлы  әдебиетшілер  сәтті  жалғай 
бастады.  Ал,  Мұқаңның  мемуарлық  жазбалары  сыншы,  ға-
лым  дар жазып қалдырған, жазып жүрген мемуаристиканы мол 
деректермен  толықтыратын,  қайталанбас  қызықты  дүниелер. 
Қиын тағдырдан туған қызықты мемуарлық шығармалар. 
Ал,  ендігі  бір  айтар  мәселе  –  М.Қаратаевтың  мемуарлық 
жазбаларының  қайсысы  да  1938  жылдың  қара  құйынына  де-
йін  көсіле  шауып  келеді  де  кілт  тоқтайды.  Әрі  қарай  неге 
жазылмады, неге жалғанбады бұл мемуарлық жазбалар деген 
сұрау көңілде.
Біз  осы  жайларды  сұраудай  алға  тартып:  «Ендігі  тілек, 
мынау  жария  заманда,  автор  өзі  қиналып  өткен  қиын  жыл-
дардың  шындығын  жазса.  Бұл  –  кісінің  иманы  қасым  болып 
отырып  жазылатын  тақырып  (Орыс  әдебиетінде  көптеп  жа-
зыла  бастаған  тақырып).  Міне,  осы  тақырыпты  өзіңіз  жылап 
отырып  жазыңыз,  Мұқа.  Оқушыларыңыз  жылайтындай  етіп 
жа зыңыз,  Мұқа!  Ал,  ол  мемуарлық  шығармалар  жалғасын 
жазу  үшін  құдайым  Сізге  қуат  берсін!»  –  деген  тілек  айтқан 
едік.  Өйткені,  оның  және  оның  замандастарының  бастан 
кешулері адам баласына тілемейтін ауыр жағдай, қанды қасірет 
еді.  Өйткені,  бұрын  өзінің  мемуарлық  жазбаларында  шым-
шымдап  айтар  сырды  айдындандырып  айтар,  бұрын  «кезінде 
кінәсіз кінәлі болғандар жөнінде Ақаңның көзқарасы ағасы Құ-
дайбергенге қандай кіршіксіз болса, басқамызға да сондай таза 
еді» – дегендей түйетайлылау айтылған жайлар ашынып айтар, 
арылып айтар шынайы сырға айналар деп білгенбіз.
Мұқаңдай  ұстаз  біздің  тілегімізді  қабыл  алып  өзінің  «си-
бириадасына»  кіріскен  еді.  Ұмытпсам  ол  жазбаларын  «Шыр-
ғалаң» деп атаған секілді еді. Сөз басында қазақтың психолог 
жазушысы  Шәрбану  Бейсенованың  қолқалап  отыр ғаны  сол 
туынды.  Әттең-ай,  ұстаз  қолжазбасының  қолға  түспей  отыр-
ғаны. Әйтпесе, 1937 жылғы ағат қадамы үшін «өлі» рух пен тірі 
ұрпақ алдында кешірім сұрап, ағынан жарылып, арылар ма еді? 
Жан күйзелісін айтып ары алдында жаңбырдан кейінгі жердей 
тазарар ма еді? Кім білсін? Шамасы, бізге сәлем айтатын қыз 
бала  да  газет  оқымайтын  бүгінгі  ұрпақтың  өкілі  болғаны  ма, 
тәйірі?!  Қолға  түскенде  бүгін  М.Қаратаевтың  мемуарлық 
жазбаларымен  бір  қосып  талдап  өткен  болар  едік-ау,  шіркін! 
Амал  қанша?  Дегенде  «қазан  аузы  жоғары»,  «ештен  кеш 
жақсы», – деп ертеңге үміттенген көңіл күйде боламыз дағы... 
Иә, дүние шіркін, дүркін-дүркін, өтеді бір күн!
2010 ж.
Түркістан.

244
245

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет