ШыМыр жаңҒақ...
(Темірбек Қожакеев жайында бір үзік сыр)
1973 жылы ма, әлде 1974 жылы ма? Әйтеуір біздің курсқа
«Абайтану» мен «Қазақ сатирасы» арнаулы курсы қос-қабат
келді. Әдебиетшілер тобы тағы екі жарылатын болдық. Әлгі
арнаулы курстың бірін профессор Ханғали Сүйіншәлиев,
екіншісін Темірбек Қожакеев жүргізеді. Біздің әулетке әуелден
күлкі түстеніп аттанған. Бір ауыл түгел ойқы-шойқы сөйлеп,
бірін-бірі мүйіздеп, әзілмен түлкі сойғызып, қалжыңмен қасқыр
алдырып жүреді. Содан ба, әйтеуір сатираға жанымыз жақын.
Кейде ащы әжуалап, кейде жұмсақ қалжыңдап жүру – бізге
сүйексіңді әдет. Жаныма жақын сатираға бөліндім.
Аудиторияда отырмыз.
Маңдайы жарқырап, басқан жері шақ-шақ етіп, нақ-нақ
қадаммен кірді Темкең аудиторияға. Аз-кем түгендеді де, дә-
рі сіне кірісті. Сөзі тірі, лекция арасына әзіл-қалжың араласты -
рып та қояды. Сатирадан дәріс оқып, өзі қалжыңнан тысқары
тұрса қызық та болмас. Алғашқы сабақ – «сатираның қоғам-
дағы мәніне, алатын орнына» арналды. Обалы қане, тақыры-
бын тануы мен танытуы, жанрдың жай-күйі, өткені мен бо-
лашағы дейсіз бе? – бәр-бәрін біліп, тауып, шешен сөйлеп жет-
кізіп тұр. Бірінші жартысы жақсы өткен сабақтың екінші жары-
мы жетті менің түбіме. Үзіліске шығып қайтып келгенбіз. Түн-
де ұйқтамағанның әсері ме, дәріс тыңдап отырып көзім ілініп
кетіпті. Бір «құс ұйқы» деген қараң қалғыр бар еді менде. Сол
қысып кетсе бола ма? Ол – өзі біреу біліп, біреу білмей қалатын
бір-екі минөтке жетер-жетпес ұйқы жобасы. Кірпігің айқасып
үлгере ме, жоқ па, әйтеуір тыңайып шыға келесің. Оның үстіне
кешкі ақшам уақыты. Күндізгі ыңыранған лекторлар дәрісі
ыңыршағымызды айналдырып жіберсе керек. Әйтеуір көзім
ілініп кетіпті.
– Әй, Ергөбеков, тұр орныңнан!
Темкеңнің даусы саңқ ете қалды.
Құдайдың төбемнен қосқолдап ұрғанын бір-ақ білдім.
Үрпиіп тұру орнына жымиып көтерілдім орнымнан. «Не де
болса – болары болды. Тәуекел!...»
– Не қарабасты сені? Түнімен қыз қудың ба? Жын қудың
ба? Ұйқтау үшін келдің бе? Тыңдау үшін келдің бе?
Темкең біраз шаңқытты. Онысы жөн. Студенттер ішінен
260
261
дем алады. «Не деу керек? Бірдеңе деу керек шығар..» Мің-
гірледім: – Бір қазықты айнала берсе, кім де болса қалғып кетуі
мүмкін ғой...
– Не дейді-әй, мынау. Бір қазығың не сенің? Менің лек-
циямды сен солай бағалайсың. Ана Кенжебаев, Нұртазин, Ша-
лабаевтардың лекциясын қалай қабылдап жүрсің-ей сен? Сен
немене мына балалардан артықсың ба? Сен туғанда шешең
қалжа жепті де, мына балалар туғанда шешесі қалжа жемеп
пе?
Өкіртіп ұрысты Темкең. Мен жынды адамға ұқсап ыржың-
ыржың күле берсем керек. Аузыма әрқилы сөз келіп-ақ қалады.
Бірақ, айыпты өзім. «Бір елі ауызға төрт елі қақпақ..» Әрі қарай
тыңдамадым. Ұстаз сөзінің ырғағы таныс.
– Отыр. Көремін сені сынақта!
Сылқ ете түстім.
Менің атақты Темірбек Қожакеевтен дәріс тыңдауым осы-
мен тамам.
Келесі сабақта мінезі жұмсақ ағайымыз Ханекең – Сү-
йіншәлиев семинарына ауысып кете бардым.
– Мен сатираға адасып барыппын. Біле-білсек Абай да
сатирик емес пе?! Абай даналығынан сусындайын деп..Сізге
келдім.
– Дұ-р-ы-с айт-а-сың. Әуел бастан Абайды таң-дау-ың ке-
рек еді. Міне, азамат! Абайдан бірінші баяндаманы сен жа-
сайсың. Жарай ма? Ағай дауысын кербез созып қарсы алды.
Сөйтіп аяқ астынан «абайтанушы» болып шыға келдім.
Дәл осы сәтте келесі аудиторияда «Ергөбеков Құлбек! Әй,
ол қайда? Ә, Құлбек құрымай тұрғанда құтылайын деп қашып
кетіпті ғой. Біз де құтылдық деп есептейміз» – деп лекіте күліп,
алып әрі қарай лекциясын оқи жөнеліпті Темкең.
Осы бір қолайсыз кездесуден менің көңілімде «қап, бекер
болды-ау» дегеннен басқа ешқандай бөтен ой, тосаң пікір қал-
ған жоқ. Темкең көңілінде сыз қалмаған секілді. Өйткені, өмір-
дің кейінгі белеңдерінде жылы амандасып, жақсы араласуы-
мыз соның көрінісі.
1982 жылдың наурызы. Қай күні екені есте жоқ.
Сәбит Мұқановтың музей-үйінде жұмыс істеп отыр ған-
мын.
Телефон шылдырады. Таныс дауыс. Телефонда бұйырған-
дай өктем сөйледі.
– Сен мына Бейсекеңнің үйіне келіп кет! Жарай ма?
– Тап қазір ме?
– Тап қазір. Кел!
Сәбең жарықтық пен Бейсембай Кенжебайұлы үйі бір
көшеде. Бір көше ғана емес, бір квартал дейтін бір мүйісте.
Арасы жақын.
Жетіп бардым. Бұрын да барып, Бейсекеңнің халін біліп
кетіп жүретінмін. Шынымды айтсам, ақсақалға бірдеңе болып
қалды ма? – деген күдік алды-артыма қаратпай қуып әкелді.
Барсам, Бейсекең «сорлы болдым ғой» – деп кемсеңдейді.
Мәскен апай Сармурзина «Күйеуім қол көтерген емес. Әкем
үшін мына иттен..» – деп қояды. Филология, журналистика ка-
федралары ұстаздары отыр. Темкең екі белін таянған. Ашулы.
– Әй, сен аяғың аспаннан салбырап түстің бе? Жоқ, мына
шал сияқты, шалдан жаралып, анадан тудың ба? Сен итте
жүрек жоқ екен ғой. Мына Бейсекең саған әке болайын дейді.
Сен көнбейсің. Бейсекең сен түгілі біздің әкеміз. Көрмейсің бе,
әкеміз үшін таяқ жеп, қырылып қала жаздадық. Мені қойшы.
Мына Мастура Ғайсақызына қол көтеріп, оңбаған. Ұят болды.
Өзіміз-ақ бағар едік, Бейсекеңді. Жан деп бағар едік. Бірақ,
біздің өзіміз шалмыз. Кемпіріміз аяғын сүйретіп зорға жүреді.
Өзімізді бағатын кісі керек. Өзіңді білеміз. Келін қазақы бала
дейді. Нелерің кетеді? Бағыңдар мына әкемізді. Бала болыңдар.
Қалап отыр. Ана маскүнемді қойыңдар. Бүгін көшіп кел! Жарай
ма? Кергіме. Бейсекең айтса кергитін көрінесің.
Ашуын ішіне бүккен Темкең төгілді. Ара-арасында «Жарай
ма?» – деп қоятыны болмаса, сөзінің бәрі бұйрық.
– Келіншегіммен ақылдасып көріп едім: «Үдесінен шыға
алмасақ ұят болады. Үлкен кісі...» – деп отыр. Негізінен кір-
қоңын жуатын әйел. Ол жаңағыдай дейді.
– Әйел. Әйел. Кімнің әйелі ол?
– Менің әйелім деп жүрмін ғой... Әзілге шаптырдым.
– Сенікі болса, көндірмей қара басты ма сені? – Әрі қарай
Темкең де қалжыңға басып жіберді. Жұрттың жүзіне шырай
жүгірді.
«Құлбек көндіреді ғой», «Келін қазақы бала болса көнеді
ғой», «Бейсекең өзі жүріп-тұрады. Ауыртпалық сала қоймас».
Біреуі төндіріп айтады. Біреуі көндіріп айтады. «Сорлы бол-
дым ғой» – деп Бейсекең күңіренеді. «Сүйт, сүйт, қарағым,
сүйт». Әйелдер жағы жинала бастады. «Болды. Келістік!».
Тағы да Темкең. Нығарлап жатыр. «Бейсеке, Сізге, қартайғанда
бала құтты болсын! Саған әке құтты болсын!», «Хабарласып
262
263
тұрамыз. Саған сендік Құлбек!». Бәрі біртіндеп есікке беттеді.
Менің лепесім «енді...» деуден әрі аспай, жолдан қиылып кетіп
жатыр. Тыңдайтын ешкімді көріп тұрғаным жоқ.
Шошайып Бейсекең екеуміз екі жерде отырмыз. Люда
жеңгей күйеуін милицияға айдатып жіберген зиялы топты оқты
көзімен атып шығарып салды.
Кішкентай Шыңғыс пен Фархад даладан ойыннан кірді.
Олардың ештеңемен шаруасы жоқ. Бейсекең «аһлеп, уһлеп»
қояды. «Меңжамал бақытты екен. Алдымен кеткен. Мені тас-
тап кетті. Уәдеміз бұлай емес еді» – дейді үзіп-үзіп. «Сорлы
болдым ғой» – дейді тағы да. Кісі аярлық. Жары – Меңжамал
(Минкамал Мұхамедиярқызы ) анамыз қайтыс болғалы көріп
келе жатқаны – осы. Бірге тұруға шәкірті – Бисенғалиев Зинолды
шақырған. Жамал екеуі ақылдаса келе бас тартты. Ұлы Шыңғыс
– Асқар есімді суретші жігітті алып келіп, үйінде тұрғызған.
Өзі «Әкейге серік боларсыңдар» – деп алып келген баланы өзі
шығарып жіберді. Тұрақтамады. Жиі хабарласып, келіп халін
біліп тұратын мен бұл жайлардың бәрінен хабардармын. Аузы
ішкіліктен құрғамайтын ұлдан қайыр жоқ. Бірінші әйелден
ажырасқан. Бір ұл, бір қыз онда кетті. Енді екінші әйелмен
тұрады. Шыңғыс, Фархад есімді екі ұл өсіп келеді. Тәрбие жоқ.
Екі сәбиде жазық жоқ...
Бірсыпыра уақыт отырып, әңгімелесіп, көңілін аулаған
болдым. Бейсекең «Кел. Көшіп кел. Мені балам болып бақ.
Ақырғы сапарға сенің қолыңнан кетейін...» – деген өлердегі
сөзін айтып қалды. Қоштасып қайттым.
Ертеңіне тағы телефон. Темкең. Қандай шешімге келгенімді
сұрайды. Мен қиқаңдаймын. Ол қоқаңдайды...
Тағы телефон. Көтерсем Бейсекең.
– Құлбек, келіп кетші – дейді. Үні жалынышты.
Жақын жер. Жеделдетіп жетіп бардым.
Бейсекең төрде. Қасында Шыңғыс аға. Ванна қабылдаған
ба, сүртініп отыр. Люда жеңгей, балалар көрінбейді.
Әке балаға қарады. Бала басын қасып отырып маған өтініш
айтты.
– Құлбек, сен келін екеуің келіп осында тұрыңдар. Папама
қараңдар. Люда, балалар үйге кетті. Біз енді мұнда келмейміз.
Кеше папамның шәкірттері мені он бес күндікке жібере
жаздады. Зорға шықтым. Суға түстім. Күнәмді жудым. Құлбек
сөйт. Жарай ма?
– Біз Шыңғыс екеуміз осылай келістік – дейді әке байқұс
– Осы соңғы сөз. Мен тіріде табалдырығымнан аттама деп
отырмын Шыңғысқа!
Қысқасы, біз наурыздатып келіншегім Баян екеуміз бір
чемоданмен Бейсекең босағасын аттадық. Біріміз бала, біріміз
келін болып.
Әрине, Бейсекеңе бала болу маған, келін болу Баянға
оңай болған жоқ. Ресейге «өз еркімен» қосылған қазақ елінің,
орысша тәрбие алған аға буынның тағдыры аса оңай болған
жоқ. Ұрпақ урбанизацияға ұшырап туды. Әке мен бала бірін-
бірі түсінбейтін халде тіршілік кешті. Басы жақсы басталған
өмірдің аяғы осылай ырың-жырың болып аяқталып жатты.
Қазақ халқының қадірменді ғалымы – Бейсекең де соның бірі
еді.
Қалай болғанда да жұрт өз әке-шешесін бағудан бойын
аулақ салып, ат-тонын ала қашып жатқан сол бір тұста жарынан
айрылып, жар соғып қалған Бейсекеңе тумасақ та туғандай
бала бола алғанымыз үшін өзімізді бақытты санаймыз. Біз
жарымыз екеуміз Бейсекеңді біздің ғана әкеміз емес, халықтың,
елдің әкесі деп ұқтық. Жастық шақта қызметімізді солай ой-
лап, Бейсекеңдей ақсақалға аямай арнадық. Әсіресе миға
қан құйылу салдарынан жылдап төсек тартып жатып қалған
кездері қиын-ақ болды. Кім білсін?! Темір емес, адамбыз
ғой. Қажыдық талай. Торықтық талай. Дегенде, осы бір ауыр
міндетті абыроймен атқарып шықтық деп өзіміз тәуба етеміз.
Кезінде біздің бұл еңбегігімізді жазушылық ортаның рухани
ерлікке балаған, аңызға айналдырған кезі де бар.
Міне, сол Бейсекеңе бала болуды бізге ерекше міндеттеген
жарықтық Темкең еді.
Кейін білдім. Темкең Бейсекеңе шәкірт десе шәкірт, бала
десе бала екен. Шәкіртін баласындай көретін Бейсекең әдеті.
Оның үстіне, неге екенін, Бейсекең шәкірттері ылғи қина-
лып жүріп қорғайды. Бұл – біріншіден, Бейсекеңнің шәкірт-
теріне бейсауыт жеңіл-желпі тақырып бермей, ылғи бір қиын ға
салатынынан. Сонымен қатар, Бейсекеңмен ғылымда айтыс-
қан ғалым оның шәкірттері жолын міндетті түрде бөгеуге
тырысады. Бұл – Бейсекеңнің концепция ғалымы екенінен.
Бейсекең шәкірттері қорғаса – ұстазының концепциясы ор-
ныға береді, белең алып, бедел алып кетеді. Шамасы, осыны
ойлаған әріптестері Бейсекең шәкірттеріне қарсы шығып
қала береді. Әйтпесе, олар да обал-сауапты білетін жандар.
264
265
Темкең де қазақ сатирасы жайлауын бір өзі иемденіп, соның
жетістігі мен кемшілігін, жанрлық табиғаты мен жаратылу
тарихын бір кісідей жазып, ғылымға айналдыра талдай айтып
жүруіне қарамастан Қазақстанда қорғай алмай қорлық көріпті.
Бейсекең шәкіртін жетелеп Қырғызстанға апарады. Онда ескі
көз достары Қарасаевтар бар. Беделді ғалым. Шолпан қызын
ұзатқан құдандалы ел. Олар қарсы емес. Қайта құшақ жая қарсы
алады. Жеме-жемге келгенде Темкең ізіне түсушілер, жұдырық
түюшілердің аяғы онда да жетеді. Аяғы жеткен соң қазақ қоя
ма, таяғы тиеді. Жап-жақсы басталған іс Қырғызстанда да
жүзеге аса қоймайды. Тауы шағылатын кісің Бейсекең бе?
«Қорғамасаң – қорғамассың. Сенің осы жүрісің, жазған ең-
бегің шын ғалымға тән жағдай. Бір жанрдың табиғатын аштың.
Одан артық не керек?» – дейді. Одан әрі жігерлендіріп, тонның
ішкі бауындай шәкіртін Оғыздар еліне – Әзірбайжанға алып
барып бәйгеге қосады. Бағы жанады. Оншақты жыл шәкіртімен
бірге мұңайып, бірге күліп, өмірдің еңісі мен биігін бірге алып
жүрген ұстазын иманды шәкірт «әкем» демегенде не дейді?!
Аптасына бір-екі рет арнайы келіп Бейсекеңнің көңілін
сұрау – Темкеңнің бұлжымас шарты. Ондайда, Темкең екеуміз
«ауызбен» Бейсекеңе кемпір де әпереміз, тойын да жасаймыз.
Мереке сайын дәл сол күні таңертең почта жәшігінде
Темкеңнің құттықтау хаты құлқынсәріден түсіп жатады. Оны
көбіне ұлы әкеліп жәшікке салып кетеді. Қиғаштай жазылған
құттықтауда толайым жақсы тілек толғанып, соңына таман
«Құдай бұйыртса бір сары қарын бәйбішені Сізге ұйғарып
жүрмін. Той болар күн алыс емес» – деген әзіл де аралас жүреді.
Әкеліп, ашып Бейсекеңе оқып беремін. Бейсекең езуін тартып
әлсіз күледі. «Айналайын!» – дейді әлсіз ғана.
Біреуге ойын керек, біреуге өлім керек дегендей, өзін-өзі
зорға алып жүріп келе жатқан Бейсекеңе елден өтініш арқалап
келушілер бар. Олар не балаларын оқуға түсіруді сұрайды.
Немесе, өз бетімен оқуға келеді тағдыр айдап. Қолынан кел-
генінше Бейсекең оларға жәрдем еткісі келеді.
Бірде балдызымның сыныптасы келді. Жетім қыз екен.
Онсыз да барар жері жоқ қызға «Бағын сынап көрер. Үйде
тұра берсін» – дедік Баян екеуміз. Әлгі қыз балаға бірте-бірте
жанымыз аши келе оқуға түсуіне тілек қосқымыз, ықпал еткіміз
келді. Бейсекеңді артық қинағымыз келмейді. Өзі төсек тартып
жатып «оқуға бала түсір» деп өтініш айтқызу ауыр. Кісілікке
жатпайды. Бейсекеңнің халін білу, көңілін сұрау үшін Темкең
келді әдетінше. Әзіл-қалжың әңгіме арасында Темкең қыздың
жайын сұрай қалсын. Мен дәнекерші болып Бейсекең шәкіртіне
тапсырма беріп кеп жіберді.
– Темірбек, мен жетім өскенмін. Жетім бала көрсем жаным
ашып тұрады. Мына қыз бала әке-шешесі жоқ, аға-жеңгесінің
қолына қараған жетім екен. Аға-жеңге менде де болған. Әке-
шешедей қайдан болсын?! Жазатыны бар дейді Құлбек. Осы
бала оқуға түсетін болсын, Темірбек.
– Болды Бейсеке! Әңгіме бар ма?! Келін, мына қыз бала
Бейсекеңнің көрпе-төсегін жуысуға жәрдем ете ме? Жәрдем
етсін. Еңбек бір жағы өзіне тәрбие. Студентпін десін.
Ой, қыз баланың қуанғанын көрсең.
Бейсекеңнің бір ауыз сөзімен оқуға түсті. Оқуға түсіп қана
қойған жоқ. Бес жыл бойына қаһарлы декан Темірбек Қо жа-
кеевтің қамқорлығында болды. Сөйтіп Меңдігүл Шыңдалиева
Бейсекеңнің батасымен бақытын тапқандай болған.
Бірде үйге Бейсекеңнің туған жері – Шымкент облысы,
Бөген ауданынан аудандық газеттің бас редакторы ақын ағамыз
Нармахан Бегалиев келді баласын алып. Он жылдықты бітірген
баланың талабы – журналистика.
Негізі – Бейсекең кіндігін туған жерден үзіп алған кісі. Оқта-
текте ағасының қызы – Тәш апай болмаса, ешкім хабарласып
жатпайды, ешкім елден келе бермейді. Осындай жағдайда,
Нармахан аға Бейсекеңді елмен байланыстырушы дәнекер
азамат. Нармахан келгенде Бейсекең міндетін кісіге артып,
төсек тартып жатып қалған. Есі бірде кіреді, бірде шығады
дейтін жағдай. Өзіне келген бір сәтте Нармаханды танысты -
рып, келген жұмысын айттым. Басын изеді Бейсекең. Күрмел-
ген тілімен «Темірбекке айт» дегенді ишара аралас білдірді.
Уақыт, жағдай талғамай келіп Бейсекең көңілін сұрайтын Тем-
кең уақыт, сағатында кірді үйге. Хал сұрады. Бейсекеңнің
жатысына налыды. «Академиктердің келіншектерінің ықы-
ласын аударған қайран Бейсекең!» – дейді ишаралап. Оны
Бейсекең мен екеуі ғана түсініп жатса керек.
Темкең шабыттана сөйлеп отыр. Бірде торығады. Ондайда
көзіне жас та үйіріледі. Бірде, айқай қалжың айтып, бөлмені
басына көтеріп, қарқылдап кеп күледі. Бейсекең Темкеңдей
сүйікті шәкірті айтқан әңгімеге іштей ілесіп, бірде көзіне жас
алып, бірде езу тартып, жымиып қойып төсекте жатыр. Тезегін
266
267
өзі тастай алмай жатқан адамды Темкең екеуміз екеулеп ауыз-
бен қыз көрсетіп, үйлендіріп, тойын да жасап қоямыз.
Әңгіме арасында маған ымдады. Бөлмеге кірген Дидар
баланы – Бегалиевті нұсқады.
– Не айтады? – дейді Темкең маған қарап.
– Мына бала Бейсекеңді туған жерімен байланыстырып
тұрған жалғыз «шуда жіп» (Ғ.Қайырбеков) – аудандық газеттің
бас редакторының баласы. Осы баланы оқуға түсірсін – дейді
Бейсекең.
– Бізге ме?
– Иә. Журфакқа!
– Кәне бері қарашы-ей бала. Болатын бала ма, жоқ па? Атың
кім?
Бөлмеден Бейсекеңнің шелегін алып сыртқа шығуға бет-
теген бала жұмсақ үнмен өзін таныстыра бастайды.
– Болды Бейсеке. Сіз айтқан соң, бізде не тұрыс бар?!
Тапсырмаңыз орындалады, Бейсеке! Шелек-шелек боқты төге
бер, бала! Бейсекеңнің боғы да дәрі, қарағым. Әлі шелек-шелек
боқ төккенің тарихқа айналады...
Кеше Бейсекеңнің көлеңкесін сағалаған көп кісі сырттап
кеткен. Ал, шәкірттері адал. Мұхтар Мағауин жүр «Бейсекеңнің
қолжазбасын қашан әкелесің? Қаражатын дайындатып қойдым.
Тезірек қолжазбасын әкеліп, ақшасын алып кет. Бейсекең
қисайып қалса – қиналып қаласың, бала!» – деп.
Темкең ұлық тұтқан ұстазы соңғы демі бітіп Ана – Жер-Ана
қойнына біржолата кеткен соң да ол кісінің рухына адалды ғын
танытты. Сирек те болса «Амансыңдар ма?» – деп телефон
шалатын. Дүние құбылып кеткен бір заман болды емес пе?
Темкеңнің өз басына да бұлт үйірілді емес пе? Партиядан шы-
ғарылып, қызметтен қуылып, көрмеген құқайды көрді. Мо йы -
ған Темкеңді көргенім жоқ. А.С.Пушкин атындағы (қазіргі
ұлттық кітапхана) кітапханаға барып, «Ақ жол» секілді сот-
талған сөздерді ашып, қазақтың небір қасқа мен жайсаң аза-
маттарын қайраткер ғана емес, қаламгер райында да қара тізім-
нен арашалап алып, қайта тұлғалап, халқына қайта таныстырып
жатты. «Жыл құсы», «Көксеңгірлер» кітаптары солай келді
өмірге. Сол кітаптарды, ондағы журналистік қырынан ашы-
лып, қайраткерлік биігіне барып сабақтасатын шығармашылық
порт реттерді бас алмай, шөліркей оқып оты рып, Темкеңнің
өзге әріптестері секілді «мынау алыс, мынау жақын» деп бұра
тарт пай, беделге салмай, барынша әділ бағалап жазғанына куә
болдым. Аға – ағаламаған, бедел жағаламаған, турасын айт қан
да ,қарап тұрған. Бұл – бір жағы өзі де жалған жала жабы лып,
қолдан ұйымдастырылған қуғын зардабын көрген адамның
1937 жылы нақақтан-нақақ күйіп атылып кеткен жан дардың
тағдырын терең түсінуі, қайта құруға байланысты ақтаңлақтар-
ды ашуға өз тарапынан қолқабыс жасауы, қаламгер ретін де
үлесін қосуы! Сонымен қатар, ұстазы Бейсекеңмен тізе қоса
еңбектеніп жаз ған қазақ баспасөзі тарихын зерттеуді заңды
түрде одан әрі ұластыру. Бұл да кезінде ұстаз ұсынған, тапсыр-
ған тақырыпқа адалдықтың куәсіндей. Темірбек Қожакеевтің
сол екі кітабында қазақтың небір қасқа мен жайсаң азаматтары
рухани ақталды, тарих толқыны аумалы-төкпелі күй кешіп,
қазақ ұлты тәуелсіз ел боламыз деген ұлы ұмтылысқа түскен ХХ
ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы талай атпал азаматтың ұл-
тын сүю, халқын құрметтеу, өз мүддесінен халық мүддесін жо-
ғары қоя сөйлеген сөзін тасқа басқан талай газеттің өмір-тари-
хын шын талқылап жазып, шынайы методологиялық жітілік-
пен хатқа түсіріп кеткен Темкең. Соның жуан ортасында өмір
сүрген уақытына орай журналист Бейсембай Кенжебайұлының
шығармашылық портреті. Онда Бейсекең, қазақ баспасөзіне
20-шы жылдары келіп араласып, жаңа газеттерді негіздеуші,
сөйтіп ұлт журналистикасын қалыптаушылардың қатарында,
қазақ баспасөзінің тарихын ұлттық тұрғыдан зерттеуші, оны-
мен шектелмей, қазақ журналистикасы теориясын жасау шы-
лардың бірі болғанын әділ айтып береді. Бейсекеңдей ұстаз-
дың ұстаздығын, оның әдебиет тарихы саласындағы реформа-
торлығын да жеткізіп зерттеп, жетелі баяндаушы да Темірбек
Қожакеев!
1994 жылы Бейсембай Кенжебайұлының туғанына 90 жыл
толды.
Тәуелсіздікке қол жеткізген еліміз қуана тойлап, қол
соғатын бір әдемі сәт деп ойлағанбыз. Олай болмады. Бір
жағы өмір бойы сыртта өсіп, сырттап қызмет істеп туған ауыл,
облысымен байланысты ойламаған фидаиылық әсері шығар,
бір жағы қасиетті перзенті қадірін біле бермейтін марғау пе-
йілдің самарқаулығы болар, әйтпесе атасын тексеріп ала қоя-
тын өңірдің суықбауырлығы ма, әйтеуір, Бейсекең тойы бас-
пасөз бетінде қаншама жазып, мәселе көтеріп жатқанымызға
қарамастан, алға бір жылжымай қойды. Бейсекең туған өңір,
268
269
жылы жақтан үп еткен жылы самал еспеді. Амалсыз сол кезгі
Мемлекеттік хатшы, халқымыздың дана перзенті, кісі қадірін
білетін Әбіш аға Кекілбайұлына хабар жеткіздік, мәнсіз жайды
аңғарттық. Өзі де Бейсекеңдей ой шешенінің шәкіртімін деп
есептейтін Мемлекеттік хатшы білек сыбанып кірісті де мәсе-
ле оң шешілді. Туған жерінде Бейсекеңдей әзіз ұстаз, ғажа-
йып табанды ұлтшыл ғалымды елімен, туған жерімен қайта
қауыштырар той жоспарланды. Комиссия жауапты хатшысы
ретінде делегация құрамын жасақтауға атсалыстық. Әрбір
шәкіртін туған баласындай көретін ұстаз тойына кешегі бала,
бүгінгі бас сөзді айтып жүрген шәкірттерін алаламай-бөлмей
іріктеп қостық. Жуан ортасында Темірбек Қожакеев.
Тұтас бір вагонды алып оңтүстікке беттеген қонақтар ара-
сында гу-гу әңгіме, бейресми сұхбат. Қарсы алдында отырған
Рымғали Нұрғалиұлы қайдағы сұрақтарды қойып, Темкеңді
сөйлетіп отыр.
– Сонда не дейді бұлар Сізге, Темке? Коммунист болса
Сіздей-ақ болсын, декан болса Сіздей-ақ болсын. Не істемедің
дейді бұлар Сізге?
– Бір сөзбен айтайын ба?
– Өз еркіңіз. Бейсекең туған Бөгенге жеткенше екі құлағым
Сіздікі...
– Бір сөзбен айтсам «Өлтіреміз» – дейді.
– Сіз өлмей қала бересіз. Қазақтың «бессмертный Кощейі.»
– Ей, неге өлейін? Оларға қор қылғанда өлмей қала беремін.
Және ештеңе болмағандай жүремін. Жауларымның жыны келе-
ді. Ең болмаса ері мойнына кетіп, ұнжырғасы түсіп, мұрнынан
боғы ағып жүрсе дейді. Мен өйтпеймін. «Кесіп ал!» – деп қарап
тұрамын. Ол жаналғыштарыма ұнамайды. Ұнамаса қайтейін?
Ұстазымыз Бейсекең өнегесі. «Басыңа іс түссе, бұқпа! Басыңды
көтеріп жүр. Дұшпаныңның мысы басылады» – деп үйреткен.
Бейсембай Кенжеабайұлының туғанына 90 жыл толуы об-
лыста жақсы аталып өтті. Шәкірттері ақжарылып сөйлеп, ақ-
тарылып сыр айтты. Ұстаз ұлылығы, талант тұғырлылығы, ол
қозғаған тарих тұңғиықтығы соның бәрін ұлттың көркеюіне
қалтқысыз жұмсаған Бейсекең данышпандығы тілге тиек етіл -
ді. Мемлекеттік хатшының бағалауға толы құттықтау хаты
оқылды. Міне, осы тойда «бірінші», «екінші», «үшінші», «төр-
тінші» деп ұстаз ерлігі мен өрлігін саусақпен санап, қолмен
қойғандай етіп сөз сөйлеген ақадал шәкіртінің бірі – Темкең –
қайтпас қайсар қазақ Темірбек Қожакеев болды.
Той тарқады.
Ауыл-аулымызға қайттық. Өмір бойы ой кешіп өткен ойлы
адамның тойынан ой кешіп қайттық. Мен ол кезде Түркістан-
да – Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік универ си-
тетінде доцентпін. Түркістанға қарай жол тарттым. Қонақтар
Алматыға аттанды. Көзіммен шығарып салып, Ал матыға деген
қимастығым сағынышқа айналып туған Түркістанға қайттым.
Ауылдың алыстап кетуінен шығар, әйтеуір Бейсекеңнің
өзге шәкірттері секілді Темкеңмен де байланысым сиреді.
Түркістаннан Шымкент ауысып, облыстық әкімдікте біраз жыл
қызмет атқарып қара орын – қара шаңырақ – Түркістанға 2003
жылы қайта оралдым. Бұл жолғы қызметімнің түрі –Қ.А.Ясауи
атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-пре-
зиденті. Қызмет еткен жеріңнің мүддесін алдымен ойлайсың.
Ол заңды. Қызмет соңынан кетіп біраз жыл суыған қалам ісімен
бірге, жаныңа жақын жақсылығын көп көрген қимас жандар-
ды да іздей бастайсың. Сол іздеген қимас ағалардың бірі тағы
да Темірбек Қожакеев болыпты. Жақсы лектор, бір жанрдың
білгірі тұтып Түркістанға қызметке шақырыппын. Сол бір сәтті
күнделікке былай түсірген екенмін:
«Жақында Темкеңмен телефон арқылы сөйлестім. Кәдімгі
профессор Темірбек Қожакеев.
Барлық жерден шеттетілген, содан да жетімкөңіл болып
жүр екен. Телефондағаныма қуанып қалды. Алғысын жаудырып
жатыр. Рас шеттетілген. Темағаңның өзінен де бар. Мінезі
жайсыз. Жүрген ортасына сыйымсыз. Өзімде кемшілік бар
ау, менікі қатеау деп сірә да ойламайды. Тек «алға!» Ұстаған
жерде тырнағы, тістеген жерде тісі қалады. Балашаға, кәрі
құртаң, алысжақын деген ұғым жоқ ол кісіде.
Бірақ, осы кісіде бір жақсы мінез бар. Өз көңілі жеткен
жерге – адал. Бірінші – сатира жанрына адал... Содан соң,
ұстазы Бейсекеңе (Кенжебайұлы) мейлінше адал...
Асылы, кісі дүниеден жақсылық іздей білуі керек. Кім
болғанда да кісі бойынан жақсы мінез, жайсаң қасиеттер
іздеуі керек. Іздесе – табады. Темірбек Қожакеев ағамыз
бойынан мен жақсылық іздеймін. Сол жақсылықты табамын.
Содан хабарластым. Қуанып қалды. «Мені де іздейтін кісі бар
екен ғой» – деп қалжыңдап қояды.
270
271
Хабарласқан себебім:
1. Біздің журналистика кафедрасына келіп, дәріс берсе.
2. «Бейсембай Кенжебайұлының кабинетін» ашып едім.
Облысқа қызметке кетсем, жаңа басшылық кабинетті жа
уып, әріптес бір ағамыз ішіндегі кітаптарын алып кетіпті.
«Кабинет ашқаның жақсы екен. Тапаталтүсте үптеп кеткен
кім? Масқара!» – деді ол. Соған кабинетті қалпына келтіру
үшін өзіңіздің жеке кітапханаңыздан кітап берсеңіз. Айта
алмай тұрмын, тіпті кітапханаңызды түгел бізге берсеңіз.
Тізімдеп алып, өз атыңыздан қояр едік. «Беремін кітап,
беремін. Бейсекеңнен бөлектейтін не бар? Бейсекеңді бас
етіңдер. Шәкірттерінің кітапханасын сонда қойып төбесіне
бірбір сурет ілсеңдер жетіп жатыр.»
Екі өтінішіммен де келісті. Қанша айтқанда ескі кадр.
Журналистер «Темірбек Қожакеевті көрген едік, тыңдаған
едік, білім алған едік» – деген сөздің өзі не тұрады?!
20 шілде 2003жыл».
Иә, күнделігіме осылай деп жазыппын.
Бірақ, Темкең Түркістанға келе алмады, халықаралық
университет студенттері оның дидарын көріп, шебер оқылар дә-
рісін тыңдай алмады. Екеуара әңгімеде денсаулығы жөнінде тіс
жарып ештеңе айтқан жоқ еді. Сөйтсек, соңғы кезде денсаулығы
сыр беріп жүреді екен. Біраз уақыт өткен соң Темкеңнің дүние
салғанын естідік. Ұлы Мәдет хабарлады. Жылап тұр. Ата-ана
баланы өлгенімде жыласын деп табатын болуы керек. Барып
топырақ салғым келді-ақ. Реті келмеді. Түркістанда тұратын
замандас досы Рахаң – Рахманқұл Бердібайды жарақтап жол-
ға дайындадық. Маған Темкең жарықтық оңайлықпен шағыл-
майтын шымыр жаңғақ секілді елестейтін. Кеңестік қоғамда
шағылмаған «шымыр жаңғақты» ажал шіркін шақты... Кімді,
нені шақпаған ажал! Атпал азамат жалғасы бар. Соңында қал-
ған із бар. Одан бері бірсыпыра жылдар өтті. Азат жеңгей де
қайтыс болды. Жақсы жандар еді. Салған бір уыс топырағымыз,
оқытқан дұғамыз осы естелік болсын!
14 қыркүйек,
Түркістан.
Достарыңызбен бөлісу: |