2. Қайырымсыз уақыттың қайсар ұланы,
немесе профессор бейсембай кенжебайұлының рухани
ерліктері жайлы хикая
Асыл дос!
Бейсембай Кенжебайұлы жайында бір толғануымды өтін
дің. Мен үшін бұдан асқан құрмет жоқ. Алғаш қолыма қалам
ұстатқан ұстаз, өмірінің соңғы он жылын бір шаңырақ ас
тында өткізіп, әкелібалалыдай күн кешкен әзіз Адам тағдыры
жайында қолыма қалам ұстап толғанудан асқан абырой жоқ
мен үшін.
Бірақ, бірақ әзіз адам өмірі мен өрлігінің қай қырынан ба
стап кетерімді білмей отырмын қапелімде?! Өмірі ме? Оның
пенделік ғұмыры толы азап. Ол кісіде өзіндік өмір болған жоқ.
Бар ғұмырын ұлтына арнады. Қазақ ұлтының әдебиет тари
хына бағыштады. Өмірі өрліктен тұрады. Ұлт деген ұғымдағы
өрлікті кеңес өкіметі кеше бермейтін еді ғой. Бейсекеңді де
кешпеді. Кеңес өкіметі идеологиясы сыйлаған кермек дәмді
татумен өтті, жарықтық. Оның өмірі – ғылымға арналған
ғұмыр. Өмірінің өрліктен тұратыны секілді ғылымы ерліктен
тұрады. Өмірі – азап, ғылымы ләззат. Өзі момын, ғылымы
мығым. Өзі мейлінше қарапайым, ғылымы қайталанбас қай
сарлық! Қайсыбірін айта бересің оның?!
Оның туған жері – «Күлтөбеде күнде жиын» атанған тари-
хи жер, бүгінде «Бөген» су қоймасының астында қалды. Жетім
өсті. Малдыбек байдың малын бақты. Кәдімгі жалақ ерін, таба-
ны тілінген жалшы, бақташы болды.
Қашып Тәшкен барды.
Өзбек байына малай болды. Қыш құйды. Бақша күтті. «Арқа
еті арша, борбай еті борша» дегендей, өлер болған соң қашып
көшеге шығып кетті. Ұры, қары – көше баласы. Базарды аңдып,
сатушыны қан-қақсатып жүрген қарақшы балалар бағына Ғани
Мұратбайұлы, Ақпаев, Садықбек Сапарбекұлы кездесті. Кір-
қожалақ «шпана» балаларды ұстап алып, № 4 жетім балалар
үйіне тапсырды. Б.Кенжебайұлы, Ө.Тұрманжанұлы, Ж.Арыс-
танұлы, Б.Қасқырбайұлы… Моншаға түсірді. Киімін өртеді.
Сауатын ашты. Бағына Садуақас Оспанов (дирижер Тұрғыт
Османовтың әкесі. Қ.е.), Әмин Жүсіпов (Мәшһүр Жүсіп
Көпеевтің баласы. Қ.е.) секілді Абай жинағын қолтықтаған
зиялылар оқытты жетім балаларды. Ертеден қара кешке дейін
Абай жырларын жаттады, түнде жастанып жатады. Ғани,
Садықбектер келіп, хал біліп кетіп тұрады.
Бірге тәрбиеленіп жүрген Бейсембай Қасқырбайұлының 9
жасар қарындасын 9-шы тоқалдыққа алған армян байына қарсы
Әмин бастап жорыққа шықты. Балиғатқа жетпеген қызды тар-
тып әкеліп, жетім балалар үйіне орналастырды. Кешқұрым
қара көлеңкеде балаларға аула сыпыртып жүрген Әминді біреу
пышаққа жығып кетті. Еруліге – қарулы. Армян байшыкешінің
әрекеті. Жетім балалар тағы тұлдыр қалғандай күй кешті.
Әминді жылап жүріп жерледі. Қабір басында Міржақып
Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы секілді бірсыпыра Алаш
ағалары сөйледі.
Оқуын жалғады. Ж.Аймауытұлы, С.Қожанұлы, Т.Рысқұл-
ұлы, Жұмабайұлы, Чулпон, Н.Төреқұлұлымен танысты. Саға-
лап Ғани үйіне барады. «Жалаңаяқтарыңды құрт» – деп аду-
ын Сара айқай салады. «Жас қайратқа» мақала жазады. Бірде
Ғани, бірде Сара қол қояр газетте бірсыпыра мақаласы жарық
көреді. «Шырақ Бейсембайға!» – деп Ғани фотосуретін сыйлай-
ды. Сөйтіп, бала Бейсембайдың балаң журналистік қаламына
басшылық жасаған – Ғани Мұратбайұлы!
Үздік оқушылар қатарында Мәскеуге аттанады. И.В.Ста-
лин атындағы Күншығыс еңбекшілері коммунистік универ-
си тетінде Ө.Тұрманжанұлы, Ж.Арыстанұлы, Т.Айтматұлы
(Ш.Айт матовтың әкесі. Қ.е.) бәрі бірге оқиды. Ленинді көреді,
Сталин, Троцкиймен кездесіп, сөзін тыңдайды. Т.Рысқұлов,
50
51
Н.Төреқұлұлы, С.Сапарбекұлы келіп, КУТВ оқушыларымен
кездесу жасап тұрады. В.Брюсов ашқан Өнер институтында
оқитын Мағжан Жұмабайұлынан сабақ алады. Үйіне барып
тұрады. Зылиқа жеңгесінің қолынан шәй ішеді. Мағжан ақын
бұған әдеби үйірмеде Абай жайында баяндама жасатады. Сөйтіп,
бозбала Бейсембайдың алғашқы әдеби сын мақалаларына
басшылық жасаған – Мағжан Жұмабайұлы!
Кеңестің қылышынан қан тамған қатыгез уақытында да
бұқпантайламай, Мағжан Жұмабайұлының шайқалған ша
ңырағымен байланысын, жайсаң ұстаз жары – Зылихамен
сыйластығын үзген жоқ. 1970 жылы «Ұстаз» аталатын са
ғынышқа толы естелігін жазып, баспасөзге ұсынды, жұрт
тұра қашты. Ақыры, дымы құрып, аңқасы кеуіп, естелігін
Орталық архивке өткізді.
Жиырмасыншы жылдары оқи жүріп Мәскеуде «Күншы
ғыс халықтары кіндік баспасын» басқарған білімпаз Нәзір
Төреқұлұлымен араласады. Қол ұстасып бірге барған екі
оқушыға қарап тұрып: «Өтебай – сен қазақтың мақалмә
телдерін», «Бейсембай – сен қазақтың боғауыз әңгімелерін
жина» – деп тапсырады Нәзір.
Жанбағу үшін баспаға келіп, шарасыз марксизм-лени низм
классиктері шығармаларын аударып жүрген Әлихан Бөкей-
хан ұлымен таныстырады. «Елімнің келешегі ғой бұлар Нәзір,
халық қазынасымен жақындастырып дұрыс істейсің. О,
айналайындар. Халықтың ендігі уақытта қалай бетбұр мағы
сендерге байланысты ғой» – деп Әлекең екі баланың басынан
сипап, бауырына қысып-қысып қояды. Үлкен кісі үйіне ертіп
апарып Смағұл, Лизамен таныстырады.
Апыр-ай, Алаш аймүйіздері қандай келешекшіл, – деп ой-
лайсың, – буыны қатпаған балаға ұлы Мағжан «Абай жайлы
мақала жаз» – дейді, ертегісін өңдеп береді. Ұлы Нәзір «қазақ -
тың боғауыз сөздерін жина» – дейді, хан тұқымы Әлекең
үйіне ертіп апарып, емізік емес, елдік сөзбен ауыздандыра-
ды, үлкен сенім артады. Ел келешегін ойлаған адам – ұрпағын
ұлы міндеттерге бастайды екен-ау, асылы. О, кетпен тұяқ
кемеңгерлерім-ай!
Нәтижесін қараңыз, нәтижесін!
Бейсекең Әлихан Бөкейханұлын әкесін жоқтағандай жоқ-
тап өтті. Смағұл мен Лиза жөнінде, олардан қалған жалғыз тұяқ
– Ескендірдің 15 жасында сұранып, соғысқа аттанғаны, беліне
граната байлап, Мәскеуге анталап келе жатқан жау танкісінің
астына түскені, жардан бір, жалғыздан екі айырылып, қаңырап
қалған Лизаның сұранып, майданға кеткені, кейін дәрігер-ға-
лым, медицина ғылымының докторы болғаны, еңкейе келе
жалғыз дық шаршатқан шарасыз Елизавета Әлиханқызының
Макс Натанович аталатын жебіреймен тілек қосқаны, сексе-
нінші жылдары қатерлі ісік ауруынан көз жұмғаны, Әлихан
Бөкейханұлы, Смағұл Садуақасұлының көп материалы сол
жебірейде кеткені, сұратса оның бермегені – Әзіз адамның
маған жылап отырып айтқан әңгімелері.
Қазақтан шыққан тұңғыш елші, елшілердің жетекшісі (ду-
айне), тәжік, өзбек тілі оқулықтарын жазған, ағылшын, араб,
француз тілдерінде еркін сөйлеп, жаза алатын білімпаз Нәзір
Төреқұлұлы жөнінде ғұмырнамалық очерк жазып, архивінде
қалдырды. Досы Ж.Арыстанұлы, тарихшы Көлбаевпен бірлесе
отырып атқармақ бірсыпыра істері бар еді, шіркін!
Мағжандай жайсаң ұстазы «көріп» берген ертегілері,
«Абай» аталатын мақаласы Қазақстанда баспасөз бетінде жарық
көрді. Әсіресе, «Еңбекші қазақта» басылған «Абай» – (№ 359,
360, 28-29.08.1925 ж.) – абайтануда төңкеріс жасады. Тегіне
қарап, Абайдан бас тартуға барып қалған қазақ әдебиетшілері,
«Тегінде тұрған не бар? Айтқаны – халық мүддесі, зары – қазақ
қайтсе ел болады – деген зар. Абай – халық ақыны» – деген
концепция арқалап келген мәскеулік боз баланың мақаласын
оқып, бармақтарын қарш-қарш шайнап жіберді, ішіне ыза,
қойындарына тас тықты.
Есесіне, Би-ағасы (Майлин) мақала жарық көрмей жатып-
ақ, қуана құптай, «бойдақ-хат» (открытка) жазып, қаламақысын
мол мөлшерде алдын-ала салып, қанаттандырыпты. Мақала
жарияланған соң біртуардың бірі, қалам ұстағанның «мірі» –
Міржақып Дулатұлы қазақ әдебиеті жайында жасаған тұңғыш
«Әдебиет көрсеткішіне» көлемді үзінді ала отырып енгізіпті.
Өйткені, 21 жастағы балаң жігіттің мақаласы – абайтануда
жаңалық еді.
Төреқұлдай қырғыз азаматымен достығы соншалық, оқу
бітіріп хоштасар сәтте, бірімізден ұл, бірімізден қыз туса –
құда болалық, екеумізден де ұл туса есімін елімізді ел еткен
«Шыңғыс хан» атына ескерткіш етіп, Шыңғыс қоялық деп төс
түйістіріп ажырасыпты.
«Лениншіл жас», «Социалды Қазақстан», «Кедей тілі»,
«Әйел теңдігі», «Қазақ әдебиеті», «Кеңес туы», «Оңтүстік Қа-
зақстан» – 20-шы жылдардың аяғы, 30-шы жылдардың басын-
52
53
да Б.Кенжебайұлы қызмет істеген баспасөз орындары. Бірінде
бас редактор, екіншісінде орынбасар, қалғанында қос-қатар
қызмет еткен, «Қазақ әдебиеті» газетінің бірнеше санына ре-
дактор ретінде қол қойған, Павлодар облыстық «Қызыл Ту»,
Оңтүстік Қазақстан облыстық «Оңтүстік Қазақстанды» қол-
мен құрған Б.Кенжебайұлы – қазақ баспасөзінің бір байрағы!
Бас пасөзде басшы қандай – қосшы сондай! Басшы қандай –
баспасөз сондай! Жиырмасыншы жылдары қазақтың ұлттық
рухы жығылмай, қайта тіктеле түсуінде Бейсекеңдей басшы
журналистің рөлі үлкен!
Жастар баспасөзінде тереңірек танысып, ағалыінілі
бол ған адамы – қазақтың жампоз жазушысы – Жүсіпбек Ай
мауытұлы. Туған ағасындай болған Әмин қабірі басындағы
тебіренісі, Сұлтанмахмұт жөнінде пікірлерінің қабысуы
Аймауытұлымен тымтым бауырластырып жіберген екен.
Жетпісінші жылдары қолымен жазып, архивінің түбіне тыққан
«Телегейтеңіз» аталатын естелік жазбасын ала отырып,
Жүсекең жайында сөйлегенде қарт ғалымның көз жасы әжім
іздерімен тарамдала ағып, қара жерге тырстырс тамғанын
көргенім бар. «Оның да түбіне қазақы надандығымыз жетті
ғой» – дер еді терең күрсініп. Ол – Сұлтанмахмұт әдеби
мұрасын Аймауытұлынан аманат етіп алып қалғандай еді
ғой…
«Еңбекші қазақта» редакцияға тай мініп келетін «бас жа-
зушы» Міржақып Дулатұлына рухани іні, қойдан қоңыр сурет-
кер Бейімбет Майлыұлымен дос болыпты Бейсекең. Міржа-
қыппен бір кабинетте отырып, қатар қалам сілтепті, Бейімбет-
пен бір үйде жатып, тұрыпты. Екеуімен де ниеттес, тілектес
жүріпті. Кейде басшы, кейде қосшы болыпты, кішілігі кісілігіне,
кісілігі кішілігіне ұласқан қарапайым да қадірмен Бейсекең!
Бұл – қазақ тілі мемлекеттік іс-қағаздан ысырылып, Алаш
ардақтылары қайраткерлік, қаламгерлік істен ығыстырыла бас-
таған қасіретті кезең. Аштық келе жатыр аранын ашып, аштық-
қа қарсы көмек ұйымдастырған Аймауытұлы атылды.
Сол жылдары ұлтшыл атанудан қорықпай, лауазым-ман-
сабымнан айырылармын деп сескенбей «Социалды Қазақ стан»
бетінде «Қазақ тілі туралы», «Тағы да қазақ тілі туралы»
(1933) аталатын екі бірдей өткір мақала жазып, Қайыпназарұлы,
Басымұлы, Аманжолұлы сынды тілші-ғалымдармен сілкілесіп
айтысып, ана тілінің абыройын қорғады.
Жиырмасыншы жылдары Абайды арашалай әдебиет ала-
ңына шыққан жас сыншы, отызыншы жылдары асқар бел –
Сұлтанмахмұт үшін айтыса бастады. «Алаш ұранын» жазған
ақынды ұлтшылдыққа бердің-ақ, айырылғаның, қазақ тілі
«қызметінен» кетсе – қанатыңнан қайырылғаның, ана тіліңнің
өшкені – ұлтыңның өлгені. Отызыншы жылдары жазылған
мақалалардың бізге ұғындырары – міне, осы жайлар!
Алашорда өкілдері қоғамдық өмірден аласталып, алды аты-
лып жатқан сүреңсіз сүркіл уақытта А.С.Пушкинді жамылғы
етіп, Абай, Шәкәрім, Міржақып, Бернияз, Жүсіпбек, Ілияс
тәр жімаларын таңдап, талғап алып, «А.С.Пушкин. Таңдамалы
шығармаларын» (ҚКМӘБ 1935) қатырып алғысөз жазып бір
томдық құрастырды.
Өлі Абайдың басына бұлт үйіріліп, тарқап тұрған, Шәкә-
рім өлтіріліп, құдыққа тасталған, Аймауытұлы атылып, тірі
Міржақып қызметінен қуылған, Бернияз Көпейұлы өзін оққа
байлаған, Ғұбайдолла Балақадырұлы өзін-өзі бауыздаған қазақ-
тың рухани қазынасына қатер төніп келе жатқан отызыншы
жылдары Бейсекеңнің осындай әрекетке баруын ерлік деме-
генде не дейміз?! Сонда, ол саналы өмірін сарп етер, күллі
ғұмырына кетерлік азап сатып алып отырғанын білді, біле тұра
осындай елдік, ерлік іске барды ғой. Адалдықтан сатып алған
Азап, тазалықтан тауып алған Тауқымет! Жә, ұлтқа арналған
саналы ғұмыр, тұлғалы тағдыр сыбағасы шығар!
Әлгі жинақтың ізін ала құрастырылған А.С.Пушкин шы-
ғармалары қазақ тіліндегі үш томдығында /1937 ж./ Алаш ар-
дақтыларының заты түгілі, аты жоқ қой, жарқыным-ау. Содан-
ақ біле беріңіз Б.Кенжебайұлы құрастырған қарапайым жинақ -
тың қадір-қасиетін! Ол кезінде қамырға орап берілген у-то-
тияйын райында қабылдануы керек еді. Олай қабылданғанда
Бейсекең бері салғанда итжеккенге кетіп еді. Өзін ұлт мүддесіне
арнаған ұлы перзентті құдай сақтады.
«Кеңес туында» журналистикаға жұмылдырған бір топ
жас тың арасынан Әбзәли Қарасартұлы НКВД-ға кетіп, Шәкә-
рімдей ұлының түбіне жетті. «Оңтүстік Қазақстанға» бірге ала
келген Қадыр Тайшықұлы бай-құлақ баласы ретінде қудалан-
ды, Жақан Сыздықұлы өзінің ізіне түсті. Ақыры Оңтүстік
Қазақстан облысының бірінші хатшысы Восканов қызметтен
қуды. Сөйтіп 70 жылдығын тойлап отырған Оңтүстік Қазақстан
облысы тарихының басында тұрған бірінші басшы жетесіздік
істеді.
54
55
Өзі түлеп ұшқан «Социалды Қазақстан» газетіне бас
редактордың орынбасары болып қайта келді. Ғ.Тоғжанұлы,
С.Лепесұлы, кейінірек Т.Рысқұлұлымен қызметтес болды.
«Қазақ әдебиеті» газетіне кемді күн (аз уақыт) бас редактор
болғанда Шахмет Хұсайыновтың үстінен «бай баласы» де-
ген бәле іздеген арыз-шағым келіп жетіпті. Абырой болғанда
Бейсекеңнің қолына түскенін айтсаңызшы. Қарамағында
қызмет істейтін Шахаңды шақырып алып, есікті тарс бекітіп:
«Еліңнен мынадай хат келіп отыр. Қолыңа беремін. Емін өзің
ізде, өзің тап, өзің жап, өзің құрт. Басшылық (Жазушылар
одағы) білмесін!» – депті. (Жазушы жары – Б.Римова апайдан
естіген әңгіме еді). Бейсекеңе өле-өлгенше қарыздар бейілде
өтіпті, жарықтық Шақаң!
Ұзамай Мәскеуге қызметке аттанды. «СССР Жоғарғы
Советі ведомоствосы» қазақ бөлімінің бас редакторы. Бүкіл-
одақтық староста М.И.Калининмен бір партиялық ұйымда,
Н.С.Хрущев, А.Толстоймен көрші тұрады.
Бір күні он бес одақтас республиканың аталмыш редакция-
да бірге істейтін 30-40 журналисін М.И.Калининнің қабылдау
залына жинапты. Жайластырып отырғызып, алдарына бір-екі
парақ ақ қағаз, бір-бір қаламсап қойыпты.
– Кәні, әрқайсысың өз республикаларыңда жақындарың -
нан ұсталған кісілердің аты-жөнін жазыңдар – дейді.
Саусағын сияға малған жарықтық Бейсекең, – ақ параққа:
«Досымнан Бейімбет Майлыұлы, туысымнан Садықбек Са
парбекұлы ұсталды» – деп жазыпты.
Жазып бола бергені сол, желкесінен қарап тұрған сұңғақ
евротекті (литван секілді. Қ.е.) жігіт ақырын қолын со-
зып алдындағы ақ қағазды алып, «Қойыңыз, Сіздің ешкіміңіз
ұсталған жоқ. Сөйтіп жазыңыз» – деп сыбырлапты…
Жәрдемім тиер ме деген адалдықтан қимас екі азаматтың
атын ақ қағазға түсірген журналист Б.Кенжебайұлы жан-жағы-
на қараса әріптестерінің бәрі де «Елімізде ешкіміміз ұсталған
жоқ!» – деген бір-ақ сөйлем жазып, орнынан көтеріліп барады
екен…
«Құдай қақты» дер еді қартайған Бейсекең бір албырт
шағын есіне алып, – Анау Балтық жағалауы ұл тының өкілі,
әсілі адам емес, маған құдай жолықтырған Қыдыр шығар.
Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде (КГБ) де азаматтардың
бар болғаны ғой.»
Одан кейінгі өмірін олжа көрді ме, әйтеуір ұлт тағдыр-
тарихы, азаматтар тағдыры жөнінде тартынбай, тайсақтамай
әрекет етті ғой.
…Бір тықырдың таянғанын біліп, «есің барда еліңді тап»
дегендей, есен-аманымда Қазақстанға қайтайын деп поезға
билет алып үйіне келсе, елден кісі отыр ошағының пұтында.
Жүзінде үрей табы.
– Иә, әбзи
1
ел аман, жұрт тыныш па?
– Тыныш емес. Екінің бірі – «халық жауы» атанып ұсталып
жатыр. Сабыр ағай (Шарипов. Бейсекеңнің бажасы. Қ.е.) жі-
берді. Бейсембайлар Қазақстанға келмесін. Келсе – ұсталады.
Достары – Өтебай Тұрманжанов, Жүсіпбек Арыстанов ұсталып,
қамалып кетті. Келмесін, – дейді.
Райдан қайтты. Билетін апарып өткізді. Қайыра қызметіне
кірісті. «Тәуекел!»
Асыл дос!
Мына құдайдың қаққанын қараңыз, егерде 193738 жылда
ры Бейсембай Кенжебайұлы Қазақстанда – қазақтар арасын
да тұрса, «ұлтшылдармен» бірге ұсталып «шу, қарағай» деп
кете барадыау. Бас редакторы болған Т.Рысқұлов, Ғ.Тоғжа
нов, «бас жазушы» М.Дулатұлы, Б.Майлыұлы, қанаттас
орынбасар болған С.Лепесұлынан артық дейсіз бе, тәйірі.
Ұлтына берері енді басталып келе жатқан, алда да өзін ұлы
істерге арнар, бас пайда – жеке бас пайдасын емес, ұрпақ
бақытын ойлар фидайы жанды тағы бір рет құдай қаққан…
Кітапханаға барды. Архив ақтарды. Шыңғыс хан, оның
ұр пағы Абылай, қазақ хандығы, Кенесары, Сыздық төре жа-
йында ізденді. Басқа түгілі орыс княздықтарына алым-салық
төлеткен «Алтын орда» тарихына үңілді. Алтын орда ханының
әдейі батпаққа батырған жалаң аяғын сүюге құштар болып
тұрған князді бейнелеген суретті алып көрді. Төрткүл дүниені
тітіреткен Түрік қағанаты жайында қиялдады.
Бір орыс әйелінің «Менің қолымда қырғыз оқымыстысы
Шоқан Уәлихановтың бір жәшік қолжазбасы сақталған еді.
Өміріме қауіп төніп тұрғандықтан Сіздің кітапханаға жібе
ріп отырмын. Құдай үшін қабылдаңызшы. Қымбат қазына»
– деп жалбарына жазған хатын оқыды Бас кітапханадан. Ұлы
оқымысты мұрасының ізіне түсті. «Ел қамын жеген Едіге»
жайында зерттеу мақала жазып жариялады. «Абылай» хан жа-
йында кітап жаза бастады. Қазақ хандығы кезіндегі әдебиет
1
Әбзи – ағай деген сөз, татарша. Қ.е.
56
57
жайында мақала жазып, мәселе қойды. О, ол кезгі көшірмелер,
күнделіктер.
Мәскеуге Мұқаң келді. Өзі жасынан шығармасына әр
кез баспасөз арқылы пікір білдірген Мұхтар Әуезұлы. Орыс
жазушысы Л.С.Соболевпен бірлесе қазақ әдебиетін кең әлемге
шығарсам деген арманы бар. Зерттеу мақала ала кел ген беті.
Үйіне қонажатып сырласқанда «Өзің жаныңды салып ара-
ша лай тын Абай жайында бір роман бастап, бірінші кіта-
бын аяқтадым. Шығу жайы қалай боларын» – деді. Ойында
шығармасына қанағат сезімі мен қорқыныш сезімі телқабыс
түсіп, қосамжарласып жатқанын байқады. «Алматыға қайтсам
қайтеді?» – деген ойласуына, Мұқаң «Бой тасалай тұрғаның
жөн емес пе, Бешім» – деп ойласа жауап берді.
Дегенде “халық жауы” аталатын саяси науқан саябыр та-
ртып, «Егер күні ертең соғыс оты бұрқ ете қалса…» – деген
шартты сөздер көбейіп тұр баспасөз бетінде.
Ақыры шыдамады. 1941 жылдың жазында елге деген
сағыныш, «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!» –
деген намыс Б.Кенжебайұлын Алматыға ала қашты.
Басында Орталық Комитетке идеология хатшысы қызметі-
не уәде етілген Кенжебайұлына тигені – Қазақстан Мемлекет -
тік Біріккен баспасы бас редакторлығы. Бастығы – Ахмет Өте-
ев. Ұзамай соғыс өрті бұрқ ете қалды.
М.Әуезұлы қолжазбасын әкелді.
– Бұл не, Мұха?
– «Абай» романы. Бірінші кітап.
– Жалғасы?
– Бірінші кітап жарыққа шықса, көпшілік қаласа жазамын
әрі қарай жалғап. Заман болса мынадай болып кетті. Үлкен
қаламгер қабағы қабарыңқы еді.
– Шығарамыз Мұха! Жалғасын жаза беріңіз.
Қуанышы қойнына сыймай Мұқаң кетті қунақ басып.
Баспагердің «шығарамыз!» – деген сөзі, жел ала жөнелген
«Ескендір Зұлхарнайынның мүйізі бар екен?» – дегендей елге
тарап кетіпті.
Өтеев екеуін Орталық Комитет шақырды.
– Иә, баспагер жолдастар, Әуезовтің «Абай» романын не
істегелі отырсыңдар?
Орталық Комитеттің бірінші хатшысы Н.А.Скворцов еке уі-
нің жүзіне сынай қарады.
Ахмет біткеннің бәрі Байтұрсынов емес, сақ Ақаң басшы
аузын бақты. Бейсекең де үндемеді.
– Соғыс жүріп жатыр. Қағаз жоқ. Бар қағазды Отан қор-
ғауға шақыратын әдебиет шығаруға жұмсау керек. Сылтау
айтып «Абайды» авторына қайтарыңдар. Мұхтар Әуезовтің
сотты болған кісі екенін білесіздер ғой. Көзқарасы не то… Осы
«сыймен» қайтыңдар!
Қазақстанды басқарып отырған бірінші басшы айтқан
соң болашақ ғажайып эпопеяның шақыртқы кітабы «Абай»
жарыққа шықпауға, жөргегінде тұншықтырылуға тиісті еді.
Директор Ахмет Өтеев «Ләпбай тақсырмен» шыққанымен, бас
редактор тас жұтып, ойланып кетті.
Аз айтып, көп айтып не керек, Орталық Комитетке «Абай»
шықпайды, авторына қайтарылды» деген ақпар беріліп,
көзалдап қайтарылған қолжазбаны қайта алдырып, үйінде жа-
тып, қолында жүрген бала ақын Қуандық Шаңғытбаевты те-
рім басына қарауыл етіп, жаман көздерден жасырып тергізіп,
“Абайды” көп ұзатпай жарыққа шығарды. Тәсіл ойлап, жарық-
қа шыққан “Абайды” жасырып ұстап, сү йінші данасынан
«Қазақ өмірінің энциклопедиясы» ата латын мақала жазып, кі-
тап редакторы Қ.Шаңғытбаев екеуі «Социал ды Қазақстан»
бетінде, алдымен мадақ мақала жария латты.
Арғы жағы түсінікті. Ұрсу. Зеку. Боқтау. Қызметтен «өз
еркімен» кетіру.
Кітаптың ең алғашқы данасын ауруханада жұқпалы дертке
шалдығып жатқан М.Әуезовке екеуі ала барып, «Мұха-лап»
терезеден дабыстап, екінші қабаттың балконына шыққан жа-
зушыға “Сүйінші, Мұха! «Абай» жарыққа шықты” – де генде
ұлы жазушы көзіне жас алып тұрып, «Екеуіңнен де айналайын.
Екеуіңнен де айналайын» – дей беріпті. Бұл тебі реністі сәтті
зергер ақын Қуандық аға Шаңғытбаев шабыттана айтар еді.
Десе дейтініндей бар. Аурухана палатасынан балконға
М.Әуезұлы «қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омархан ұлы
Әуезов» болып шықты ғой. Палатаға қайта кіргенде дана жазу-
шы болып кірді ғой… «Абай» романының жарыққа шығуы -
ның арқасында. Әл-әзір эпопея жазармын деген ой жазушыда
жоқ еді ғой.
Егер де Бейсекеңнің басын бәйгеге тіккен баспагерлік
жанқиярлық ерлігі болмаса, «Абай» жарыққа шығар ма еді,
шықпас па еді?! «Асыл кездік қын түбінде жатпас», «Абай»
шығар. Бірақ, кешігер еді. Әрбір кешігу – Мұхаңдай, тағдыры
58
59
қыл үстінде жүрген адам үшін алмағайып! «Абай» – Мұхаңның
рухани демеушісі, керек болса құтқарушысы. «Абай» романы
жарыққа шықпаса, әйтпесе кешігіп шығар болса – ол эпопеяға
ұласар ма, ұласпас па? Ал, «Абай» – “Абай жолына” ұласып,
жазушыны ұлылық бесігінде әлдилеген даңқ кешіксе не болар
едік? Сорға кездессе, бір сылтау келесі бір сылтауды туғызып,
қолжазбадан бастап, барлық процесс кешіге берсе, кешіге
берсе, үміт сөніп, ұтылысқа кете бермес пе?! Баққа кездесіп,
бір ықылас келесі бір ықыласқа ұласып, қолжазбадан бастап,
барлық процесс жеделдей берген, жеделдей берген. Бар мен
жоқтың арасы қас-қағым сәт! Сөйтіп бір баспагердің қарапайым
ғана рухани демеуі, қаламгерді бақыт биігіне шығарып, ұлтты
ұлы рухани қазынаға қарық етті. Біз бұлай дегенде, баспагер
жаратылысы ұлы жазушыға эпопея жазып берді деуден
аулақпыз, қытымыр уақыттың белгілі бір кезеңінде ар ойлаған
Бейсекең басын қатерге тігіп, жазушы бағын, эпопея жолын
ашуға септесті дейміз. «Егемен Қазақстан» жазғандай, салқар
сахараның ХІХ ғасырдағы бүкіл поэтикасын әдебиет әлеміне
әкелген эпопея бір қатерден қалды!
Бейсекеңнің осы еңбегін ескергендік шығар, жайшылықта
өте сенгіш ұлы жазушы Бейсембай демей, «Бешім» деп
еркелетіп, ол жайында айтқан жел сөздің ешқайсысына сенбей,
берік сенімде өтті. Валентина Николаевна сүтсізденгенде бір
ұлын Меңжамал шешеміздің емізгенінен тартып, Мұхаң өзі
іс-сапарда жүрген кездері – жинақ кітапшасына өзінің қолын
қойып үйіне қаражат алып беруді Бейсекеңе сенгеніне дейін
бұл екі қасиетті қара шаңырақ арасындағы қарым-қатынас,
сыйластық ала-бөтен. Соның бір сәті екеуінің «Абай – қазақ
халқының ұлы ақыны» (1945 ж.) аталатын зерттеу еңбегін
бірге жазып, қазақ, орыс тілдерінде жариялатуы! Қашан көзі
жұмылғанша іріткі сөзге ілеспей, іргелерінің ажырамай,
ынтымақта өтуі – жарастық белгісі.
Бас редакторлық қызметінен қуылған Бейсекең универ-
ситетті жағалады. Ғылымға ден қойды.
Қырқыншы жылдары “орысты шапты” деген мотивпен
жабылатын «Едіге батыр» жырын – халықтық эпос (“Әдебиет
және искусство”, 1940, № 7-8) деп мақала, ханды арашалап
«Абылай» (1941) атты кітап жазып, бастырды. 1932 жылы
айтқан идеясына қайта оралып, қазақтың жазба әдебиетінің
тарихын хандық дәуір (ХV ғ.), тіпті одан да әріге ілгерілетуіміз
керек («Социалистік Қазақстан», 1941, 10 июнь, «Қазақ тілі
мен қазақ әдебиеті мәселелері», (жинақ), Алматы, 1941) – деп
аса маңызды мәселе көтерді. Сау басын тағы да дауға салды.
1946 жылы Б.Кенжебайұлы «Сұлтанмахмұттың ақын ды
ғы» – аталатын тақырыпта кандидаттық диссертация жазды.
Тағы да ағынмен жүрмей, ғылымдағы ағымға қарсы жүрді.
Ол – қазақ ақын, жазушыларын тапқа бөліп, таптық тұрғыдан
талдауға қарсы шықты. «…халқымыз тап ретімен ұйымда сып
үлгермегені былай тұрсын, тапқа айқын жіктеліп те жеткен
жоқ еді. Сондықтан да біздің ол күндегі әдебиетімізде тап
тық бағыт, таптық көзқарас күңгірт жатады. Бізде айқын,
таза тап ақыны, тап жазушысы жоқ деуге болады» – деп
жазыпты ғалым. «Тап» деп ұрандап жатқан ұлы империяда бар
пәленің бастауы Бейсекең пікірі болды да шықты. «Жерден жік
шықты, екі құлағы тік шықты…» Бейсекеңнің батыл пікірі тура
осылай қабылданды.
Өзге ұлтпен бірге қазақты құртқан тапқа бөлу, өкінішке
қарай, кеңес өкіметінің басты идеологиялық қаруы еді. Енді,
айбынбағанда, енді шабынбағанда қашан?!
Б.Кенжебайұлы кандидаттық диссертациясы қолжазбадан
жыртылды, Қазақстан КП Орталық Комитеті 1947 жылғы
«Қа зақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет инсти-
тутының жұмысындағы өрескел қателіктер туралы» қаулы
қабылдады. Республика басшысы “Идеология майданындағы
қызметкерлердің айбынды міндеттері” аталатын баяндамасын-
да сынады. Орысша жазғыш солақай сыншы Ж.Сәрсекеев,
үл кен ақынымыз Қ.Бекхожин, білімді сыншы Б.Сахариев, Ор-
талық Комитеттің философсымақ хатшысы Н.Жанділдин…
құ дай-ау, адалын айтқан Бейсекеңді кім сынамады десеңізші?!
Пікірлерге ден қойсақ, Б.Кенжебайұлы «ұлтшыл», «буржуа зия-
шыл-ұлтшыл ақынның (Сұлтанмахмұт) адвокаты» «Талмуд-
қарилық көзқарастағы адам…». Ақырында Бас газет бетінде
«Б.Кенжебайұлы өзінің бұл ұлтшылдық бағыттағы өрес кел
қателері талай рет қайталанып көрсетілсе де, ол бас пасөз
бетіндегі мұндай пікірлерге күні бүгінге дейін құ лақ аспай,
қателерін түзеуге тырыспай келеді. Тіпті қа теліктерін мо
йындауды да қажетсінбейді. Бірақ, оның мұн дай орынсыз
«қайсарлығына» совет жұртшылығы тө зе бер мейді» («Б.Кен
жебайұлының творчествосындағы қате лік тер». «Социалистік
Қазақстан», 25 наурыз, 1952 ж.) – деген қо рытынды шығарды.
Ұзамай партия қатарынан шығарылып, қызметтен қуылды.
Ғалым қайсарлығына “совет жұртшылығы” төзбеді.
60
61
Ол кездегі партиядан шығарылудың салмағын салмақтап
көріңіз. Қайсар ғалымды тас түрме, тіпті мылтықтың оқпаны
күтіп тұрды.
Отбасын асырарлық нәпақа табатын қызмет жоқ. Сабақ
беріп, Алаш ардақтылары есімін құлағына құяр шәкірті жоқ,
күнде жиналыс, күнде баспасөзге қаралап, сынап жазу…
Өз мүддесінен халық мүддесін жоғары қоятын Бейсекеңнің
елуінші жылдардағы халі міне, осындай, Асыл дос!
«Енді аяқтап, көпшілік талқысына ұсынған диссер та
циямды қолжазбадай көрсеткен ана бәленше ғой, – дер еді,
ауыр күрсініп, қадірлі Бейсекең, – Неге өшікті екен маған?
Оған істеген зәредей жамандығым жоқ еді. Әсілі, анау орган
га қызмет еттіау…»
Ілім-білімін бірінің үстінен бірі арыз жазуға, ақыл-айласын
қандасын құлатуға жұмсаған, қыранын тұмшалап тұғырда
ұстап, қарғасын қарқылдатқан қайран қазақтың қара мінезі.
Қиналғанда күйсандығын сатайын десе, көршілері «халық
жауының» мүлкін алмаған, қымбат кітаптарын Меңжамал ана-
мыздың қойнына салып беріп, базарға шығартып, нан пұлын
ажыратқан, сөйтіп жүріп көне шығыспен мидай араласып
кеткендіктен «кертартпа», «кітаби» атанып, әдебиет тарихынан
аулақтатылған үлкен ағым – бір шоғыр ақынды ағартушы
атап, әдебиетімізге бағдарлы бағыт ретінде қосыпты, сөйтіп
жүріп қазақ жазба әдебиетінің тарихын «Түрік қағанаты»,
Орхон-Енисей ойма жазулары кезеңінен бастау керек деп
мәселе қойыпты, – сөйтіп жүріп “Еңбекші қазақта” қызметтес
болған ардақты Алаш өкілі – Міржақып Дулатұлы жайында
естелік жазып, қызы Гүлнар Дулатованың қолына ұстатыпты,
«Алашорда өкілінің күйеу баласы» деген қаңқудан төлтуманы
қойып, аудармаға көшкен, талантты әдебиетші інісі – Әбен
Сатыбалдиев атына орыс жазушылары кітаптарын алып,
аудармамен айналысыпты.
Ол аздай, «Қазақ әдебиеті» газеті бетінде «Өтелмек па
рыз» («Қазақ әдебиеті» № 4, 25.01.1957) аталатын мақала жа-
зып, Голощекинді «боқтаған» Смағұл Садуақасұлы жөнінде
мәселе көтеріп, Бас редактор С.Мәуленов бастатып орынбаса-
ры Ж.Молдағалиев, жауапты хатшы Төкен Әбдірахманов,
бөлім бастығы Рахманқұл Бердібаевтың қызметтен кетуіне
«себепкер» болды.
– Тікелей қамқорлық көрген абырой, беделі асқақ азамат-
тардың өзі айнып кетіп жатқанда Бейсекеңнің көз көргендікпен
қиын-қыстау сәтте әкем жайында зор сүйіспеншілікпен естелік
айтып, ағалық жүрекпен маңдайымнан сипауы, кейін естелік
жазып беріп, «Мықтап сақта, күні туады, ел боламыз десек,
Міржақып ағам ақталады» – деп, жаныма жалау болғанын
қалай ұмытайын?! – дейді Гүлнар Дулатова.
Асылы, Алаш ұрпақтарымен Бейсекең байланысы бір үзіл -
ген емес. “Асыл адам айнымастың” керін келтіріп, олардың
қай-қайсысымен де еркін араласып, дәм-тұздас жүрді. Бейсе-
кеңнің арқасында олардың біразын біліп, әңгімелесудің сәті
түсіп еді. 1985 жылы 10 мамырда Ғалиябану үйінде Райымжан
Бөкейханов бастаған бірсыпыра кісімен дастарқандас болдық.
Шежіре қарт Әлихан Бөкейханұлы қолында тәрбиеленген
екен…
Алпысыншы жылдары «жылымыққаң ілініп, «азаматтығы
ақталды» дегенді сылтау етіп, татар досы Хабиболла Махмудов
екеуі ұстазы Мағжан Жұмабайұлы өлеңдерін орыс тіліне
аудартып, аудиторияларда әңгімелей айтып, тағы дауға қалды.
Жарты ғұмырын жұмсаған Сұлтанмахмұттың екі томдық
шығармалар жинағын дайындап, Алашордашыл өлеңдерін
қосып, Алашорда өкілі Әлімхан Ермековтің ақын жайлы
естелігін енгізгенін, сұғынған бір көргіш қазақ көріп қалып,
Орталық Комитеттің хатшысы М.С.Соломенцевпен «ұстасуы»
ақын қос томдығының (1962) туралып, өзі партиялық сөгіс
алумен тынды.
Партиядан бір шығып, бір кірген, енді қатаң сөгісті «қал-
жауыр» еткен Б.Кенжебайұлының осы кезеңдегі үлкен ерлігі
– 1959 жылы Ғылым академиясы өткізген конференцияда
қазақ жазба әдебиетінің тегі жайында баяндама жасап, 1960
жылы «Қазақ халқының жазба әдебиетінің тарихы қайдан,
кімнен басталады?» (№ 30. 22.07.1960) аталатын мақала жа-
зып, ұлт әдебиеті түп-тамырын түрік халықтарына ортақ ойма
жазулардан бастау керектігін күн тәртібіне қайта көтеруі.
Ежелгі әдебиет мәселесін көтергені үшін Б.Кенжебайұлы «на-
дан», «гөрі әдебиетші», «айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер
жарады», «көтере алмайтын шоқпарды беліне қыстырады»,
«өзі түсінбейді», «бейшара» деп басталатын талай бейпіл сөз
естіді оппоненттерінен. Алғыс алу орнына, тағы қарғыс алу.
Еңбегі еш, бейнеті сор болғаны ма?
Жо-жоқ. Бұл күнде Бейсекеңнің сондағы батылдығы елге
ырыс, әдебиетке тыныс саналады. Қазақ әдебиеті тарихын зерт -
62
63
теу мектебі – Б.Кенжебайұлы есімімен тығыз байланысты атала-
ды. Б.Кенжебайұлы шәкірт тәрбиелеген ұлы ұстаз. Р.Бердібай,
Т.Кәкішев, Х.Сүйіншәлиев, Т.Қожакеев, М.Жолдасбеков, Қ.Сы-
диықұлы, М.Мағауин, Р.Нұрғалиұлы, А.Қыраубаева, Ш.Ыбы-
раев – бәрі де Бейсембай Кенжебайұлының «Әдебиет тарихын
зерттеу» мектебінің түлектері.
Әттең, көзі тірісінде өмір жасы өксумен өтті-ау. Әйтпесе,
әдебиет ғылымындағы абыройы – кісі қызыққандай ғой. Кеше-
гі қарғыс, бүгін алғыс болып қайтты. Өзін қатарынан шығарып
жіберген Коммунистік партия тарап кетті. Тәуелсіздігімізді
алдық. Алаш ақталды. Ұрпағы Бейсекең рухына тағзым ете
қарайды.
Асыл дос!
Міне, мен де айтар ойымды кемерлеп келемін. Атап
атап өтумен шектелген, әрбір тұлға, әр дәуір әдебиеті мәсе
лелері де Бейсекеңдей әзіз адам, ғажайып ғалымның, тар
кезеңде Өз өмірін құрбан ете жүріп табандап атқарған ісі,
рухани ерліктері, таратып айтар өнегесі! Бұл күнде қазақ
әдебиетінің баға жеткісіз құндылықтары. Ойша талдап
қарар болсақ, Б.Кенжебайұлы өмірі – Алаш ардақтыларын
жүрегіне терең ұялатып алып, солардың есімі ұмытылмасын,
ұлт азбасын, жер тозбасын деп арпалысып өткен фидайы
жанның азапты өмір сапары. Асылы, Бейсекеңнің тозақы
өмірі мен рухани өрлігі жайындағы толғанысты кемеңгер
Әбіш Кекілбайұлының “Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ
көркем сөзі мен ойының өрлеуіне, қазақ азаматы санасының
қалыптасуы мен дамуына қадірлі Бейсекеңдей – Бейсембай
Кенжебайұлындай еңбек сіңірген азамат кемдекем. Ол со
циализм дәуірлеп тұрған өткен кездің өзінде де халқымыз бен
мәдениетіміздің тарихын тереңінен қозғап, оның әлеу меттік
философиялық салиқалылығын жанжақты талдап бере алды.
Ғалым ретінде де, ұстаз ретінде де кейінгі кезеңдегі рухани
гүлдеуімізге мұрындық бола білді.
Азат елдің азат ойының дәуірлеу тұсында Бейсекеңе ұлт
болып тағзым етуіміз әбден заңды” – деп төгіліп бағалауымен
аяқтасақ әрі қарай қыранжүрек ғалымның әрбір рухани ерлігін
басбасына тарата дербес баяндасақ жарасады…
1011.ХІ.2002 ж.
Шымкент.
Достарыңызбен бөлісу: |