Бастауыш мектепте грамматиканы оқыту бірінші сыныптан басталып, әр сынып сайын күрделене береді. Бастауыш мектепте оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстарында грамматикалық әдістерді қолдану- оқушылардың сөздерді дұрыс қолдануын қамтамасыз етуімен қатар, қазақ тілінің грамматикалық ұғымдарын бірте-бірте меңгеруін қалыптастырады. Нәтижеде оқушылардың бойында мынадай дағдылар мен икемділіктер қалыптасады:
-өз ойын білдіруде тілдік материалдарды дұрыс қолдана алу;
-тілдік материалдарды тек лексикалық мағынасы тұрғысынан емес, грамматикалық мағынасына қарай таідай алу, яғни сөзді лексика-грамматикалық мағыналық бірлікте қолдану;
-Ойын толық жеткізуде сөздерді дұрыс тіркестіре алу;
-Оқу бағдарламасына сәйкес грамматикалық біліктіліктерді
меңгеруі;
-Сөздердің сөзжасамдық қасиеттерін аңғару;
-Өз бетінше ізденуі арқылы танымдық қабілеттерінің артуы;
-Білімін көшіре алушылық қабілетінің дамуы;
Осындай дағдылар мен икемділіктерді ққалыптастыру үшін әрбір сабақ үстінде жаттығу жұмыстары орындатылады. Жаттығулар проблемалық ахуал сипатында болып, оқушылардың дербестік қасиеттерін жетілдіруте арналуы керек.
Бастауыш мектеп окулшларының сөздік кррын молайтуға грамматикалык, тәсілдер төрт бағытта жүргізіледі:
Сөзжасамды оқыту барысында сөздік қорды молайту тәсілі
Сөз таптарын оқыту барысында сөздік қорды молайту тәсілі;
Сөз тіркесін оқыту барысында сөздік қорды молайту тәсілі
Сөйлемді оқыту барысында сөздік қорды молайту тәсілі
Сөздік қорды молайтуға негізделген жаттығулардың басқа жаттығулардан айырмашылығы жаттығулардың әрқайысы үш түрлі тапсырмадан тұратындыіы. Грамматиканы оқыту барысында оқушыларға берілетін бірінші тапсырма сөздің мағынасын ашуға, ұғындыруға негізделсе, екінші тапсырма өтілген материалмен байланыстырылып, үшінші тапсырма-оқушылардың алған білімдерін шығармашылық сипатта қолдануын қамтамасыз етеді. Бұлар оқушылардың сөздік қорын молайту барысында сөздердің мағынасын толық түсініп, оны өздерінің шығармашылық жұмыстарында дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыруға негізделеді. Нәтижеде оқушылар үйренген сөздерден өтілген материалдармен байланьстыра отырып, күнделікті өмірде орынды және кеңінен қолдануды тез меңгереді. Бұлар жаттығулардың өзіндік құрылымдық ерекшелігіміз оқушылырдың күнделікті практика жүзінде меңгерген білімдерін пайдалану қабілеттерінің қалыптасуымен тығыз байланыста.
Бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту жұмыстарында сөздердің жасалу жолдарына арналған жаттығулардың алар орны ерекше. Себебі оқушылар сөздердің жасалу тәсілдерін үйрену арқылы түрлі сөздерді жасап, мағынасын өзгерте алатындығын, танып біледі. Бүл оқушылардың сөздік қорындағы сөздерді орынды қолданып, оларды белсенді пайдалануына септігін тигізеді. Оқушылар сөздердің мағыналарын жеке дара ретінде қарамай, олардың күрделі грамматикалық құрылыс негізінде жасалынған бүтін дене екендігін аңғарады, әрбір сөздің гарамматикалық құ]ылысы әркелкі болатындығын, бұл қүрылыс грамматикалық
Мысалы «Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы» деген мақалдағы "ар" сөзінің мағынасын түсіндір. Төмендегі сөздерден мәндес сөзді табыңдар ұят,намыс, ауру.
2-Тапсырма. Төмендегі сөздерден түбірлес сөздерді бір бөлек жаз: арбау, арба, арбакеш, ар-ұят, араб, ара.
3- Тапсырма. «ар,ұят, намыс», сөздерінен мағыналық реттеріне қарай сөйлем құрастыр.