Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Зайырлы мемлекет түсінігі мен белгілері



бет17/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
Ñàÿñàò ?î?àìäû? ?ì³ðä³? ñàëàñû ðåò³íäå

Зайырлы мемлекет түсінігі мен белгілері

Зайырлы мемлекет - азаматтардың дін ұстану еркіндігі мен діни мекемелердің мемлекеттен бөлектігін білдіреді. Дін мемлекеттік идеологияға ықпал ете алмайды. Қазақстанда мемлекеттік немесе міндетті дін жоқ. Бұл Қазақстанда кең таралған екі әлемдік дін - ислам мен православиелік діндерге бірдей қатысты. Діни негізде саяси партия құруға жол берілмейді.
Зайырлы мемлекеттің белгілері:
1. Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі.
2. Діннің саясаттан ажыратылуы.
3. Дін әр, азаматтың жеке ісі болып есептеледі.
4. Мемлекеттік білім-беру жүйесі мен тәлім-тәрбие беру зайырлы сипатта.
5. Діни наным-сенімнің көксейтіні — адамның жеке өмірінің бостандығы.
Зайырлылық қағидаты – діни догманы мемлекеттен алшақтату, бірақ дінді қоғам өмірінен ажырату емес. Зайырлылықтың құндылықтар жүйесі адамның ойлау мәнері мен машықтарынан бастап киім үлгілеріне дейінгі мәдени феномендерді қамтиды. Мемлекеттің зайырлылығы діннен бөлектігінен ғана емес, сонымен бірге басқа дүниетанымның басымдығын мойындамауымен сипатталады.
Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны бар. Дін мемлекеттен бөлек болғанмен, халықтың болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен бөлек емес. «Зайырлылық» ұғымы мемлекеттің дінге деген ұстанымының демократиялық сипатта екенін, діни сенім бостандығының қамтамасыз етілетінін білдіреді. Мемлекет пен діннің арасында зайырлы әрі рухани құндылықтарға сүйенген жанды байланыстар орнаған.



  1. Әлеуметтік мемлекет және белгілері

Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағытталған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет.
Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне – әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші – әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші – бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші – әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші – қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы – өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет