Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Демократиялық мемлекет: түсінігі мен белгілері



бет16/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Демократиялық мемлекет: түсінігі мен белгілері

Демократия деген сөз гректің “demos” –халық және “kratos” – билік деген сөздерінен құралған. Демократиялық мемлекеттің негізін халық билігі құрайды. Халықты жоғарғы биліктің басты иесі ретінде мойындау - халық егемендігінің белгісі. Халық егемендігі халықтың ешқандай әлеуметтік күштердің қысымынсыз, өз билігін олардан тәуелсіз, тек өз мүддесі тұрғысынан жүзеге асыратындығын білдіреді. Халық егемендігі бөлінбейді, тек бір ғана субъектісі бар - халық. Осылайша, халық билігі биліктің бүкіл халыққа тиесілі екендігін білдіреді. Халық билігі жағдайында билікті халық, яғни мемлекет азаматтары заңдылығын мойындап, бақылап отырады. Халықтықтың еркін білдіру түріне қарай өкілетті және тікелей қатысу демократиясы түрлері анықталған. Өкілетті түрінде - халық билігінің тек өздері өкілі болып табылатын, солардың атынан шешім қабылдап, олардың еркін білдіретін сайланбалы өкілетті өкілдер арқылы жүзеге асырылуы. Тікелей демократия - жалпы халықтың немесе оның бір бөлігінің тікелей өз еркін білдіруі. Халық билігінің жоғарғы тікелей қатысуы референдум және сайлау арқылы жүзеге асырылады. Демократия саяси алуан түрлілік принңиптері арқылы қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері:
Демократиялық мемлекеттер бір түрде, бір ғана жолмен орнықпайды. Бірақ демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың бәріне ортақ белгілері бар. Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Саяси биліктің негізгі органдарының сайлануы.
2. Шешім қабылдаудағы азшылықтың көпшілікке бағыну тәртібін ресми мойындау.
3. Азаматтардың жалпыға бірдей сайлау құқығының болуы.
4. Сайлауда бір орынға бірнеше үміткердің болуы (балама сайлау).
5. Саяси, экономикалық, рухани әртүрлілік.
6. Саяси биліктің үш тармағының болуы.
7. Қарсылықты (оппозицияны) заңдылық ретінде мойындау.
8. Саяси биліктің заңға бағынышты болуы.
9. Қоғамдық-саяси шешімдер қабылдаудағы жариялылық.
10.Азаматтардың заң алдындағы теңдігі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет