Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Осы мақсаттарға қол жеткізу мынадай міндеттердің қойылуын және іске асырылуын айқындайды



бет42/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
Осы мақсаттарға қол жеткізу мынадай міндеттердің қойылуын және іске асырылуын айқындайды:
1) жаһандық және өңірлік қауіпсіздік жүйелерінің тиімділігін арттыру;
2) шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен жан-жақты ынтымақтастықты тереңдету;
3) Қазақстанның экономикалық мүдделерін халықаралық аренада
жан-жақты ілгерілету, ұлттық инвесторлар мен экспорттаушылар мүдделерін қорғау, өңірлік және жаһандық сауда-экономикалық қатынастар жүйесіне белсенді қатысу;
4) ұлттық-мәдени ерекшелікті сақтау және мемлекет пен азаматтық қоғамның одан әрі дамуының өзіндік жолын ұстану;
5) шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке, отбасылық құқықтарын және заңды тұлғаларының іскерлік мүдделерін қорғау;
6) халықаралық қоғамдастыққа қазақстандық "жұмсақ күш" пен ұлттық мәдениетті трансляциялау;
7) шетелдегі қазақ диаспорасына және қазақ тіліне қолдау көрсету;
8) Қазақстанның халықаралық ұстанымдарын нығайту және әлемдік қоғамдастықта елдің оң бейнесін қалыптастыру, ақпараттық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.



  1. Қазақстан және БҰҰ

Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі атанды. Халықаралық ұйымға мүше болу жаһандану жағдайында Қазақстанға саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуге және халықаралық ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көпвекторлы сыртқы саясат бағытын ұстанып келеді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан ядролық қарулануды тежеуге, халықаралық лаңкестікке, діни экстремизмге, есірткі саудасы мен басқа да осы заманғы қатерлерге қарсы күреске жұмылған халықаралық ауқымды ынтымақтастықтың белсенді мүшесі болып келді және болып қала береді» деп Қазақстан халқына Жолдауында айқындады Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында «БҰҰ-ның әділ әрі демократиялық әлемдік тәртіпті орнатудағы орталық және үйлестіруші рөлін көрсетті . Қазақстанның БҰҰ-дағы қызметі бейбітшілік пен қауіпсіздік, экономикалық даму, әлеуметтік даму, қоршаған ортаны сақтау, халықаралық құқық, гуманитарлық мәселелер, денсаулық сақтау және тағы басқа мәселелерді шешуге бағытталған . Қазақстан БҰҰ-на мүше болып кіргеннен бастап бірқатар бағыттар бойынша айқын белсенді ұстанымда болды және қауіпсіздік саласында бірқатар бастамалар ұсынды.
БҰҰ-ға мүшелік кезінде Қазақстан әр жылдарда жүзеге асырылған немесе іске асырылып жатқан мынадай бастамаларды ұсынды.

  • Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін (АӨСШК) шақырту;

  • Арал және Семей сынды экологиялық апатты аймақтарды қалпына келтіру;

  • 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні ретінде жариялау;

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың терроризмге қарсы әрекет ету және БҰҰ-ның терроризмге қарсы бөлімдері және мүше мемлекеттермен күш қолданатын экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бастамаларын іске асыру мақсатында Ұйымның іс-әрекетіне бастаманың негізгі постулаттарын қосу және оларды БҰҰ құжаттарында көрсету үшін жұмыс жүргізілуде.

  • Мемлекет басшысының «Әлем. XXI ғасыр» манифесті БҰҰ басшылығына жіберілді және Бас ассамблеяның құжаты ретінде А/70/818 және Қауіпсіздік Кеңесінің құжаты ретінде S/ 2016/317 тіркеу нөмірлерімен БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер арасында алты ресми тілде таратылды.

  • Астанадағы БҰҰ қолдауымен БҰҰ Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту орталығын құру, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс бюджетінің бір пайызын БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына арналған арнайы қорына жыл сайын аудару, ЭӘК-ті Жаһандық Даму Кеңесіне реформалау жөніндегі БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі конференцияларын шақыру бастамалары

  • Орталық Азиядағы және Ауғанстандағы БҰҰ аймақтық торабын құру жөніндегі бастама.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет