Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде



бет30/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
Әлеуметтік қақтығыс

Әлеуметтік қақтығыстар - әлеуметтік іс-әрекет барысында қарсы жақтардың мүдделерінің, мақсаттарының, жеке тұлғалар мен топтардың қажеттіліктерінің қайшылыққа ұшырауы, күресі. Әлеуметтануда және саяси теорияда бұл ұғымды түсіндірудің әртүрлі әдістемелік қырлары бар. Солардың бірі - мінез-құлықтық (бихевиористік) - қақтығысты жеке адам немесе тұлға өз мақсатына, мүдделеріне жетуді көздеп, оған ұқсас немесе бірдей мақсат пен мүддені көздеген қарсы жақты ығыстыру не бағындыруға талпынатын әлеуметтік процесс ретінде бейнелейді.
Қақтығыс, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы, бірақ, оны жүзеге асыруда бірдей құралдар қолданатын топтардың арасында да болуы мүмкін. Қақтығыста қашан да қарсыластың бар екендігін түсіну, екі жақтың да діттегендері мен мақсаттары анық белгіленген. Қақтығыстар өзге құндылықтар жүйесін қабылдамау, қарсыласқа жағымсыз қатынастардың ымырасыз қайшылығы негізінде туады.
Әлеуметтік қақтығыстардың себептері - қоғамның жіктерінің арасында шиеленісті туғызатын объективті және субъективті факторлар. Олар алуан түрлі. Марксистік сараптамалық дәстүрге сай төңкерістің объективті негізі ретінде қоғамның өндіруші күштері мен қалыптасқан өндірістік қатынастардың арасындағы қайшылықтар қарастырылады. Сонымен қатар, өндірістің жаңа тәсілдері мен саяси қатынастардың бұрынғы жүйесінің арасындағы қайшылықтар да аталады. Бұл қайшылықтар әлеуметтік ширығушылықтың шиеленісуіне апаратын қоғамдық қатынастар жағдайының төмендеуінен көрініс табады. Ал, кейбір жағдайларда ол тіпті, үстемдік етуші және бағынушы әлеуметтік топтардың арасындағы ашық қарсылыққа ұласады.
Әлеуметтік қақтығыстарды реттеу жолдары - әлеуметтік қақтығыстарды шешудің немесе олардың ширығушылығын бәсеңдету әдіс-тәсілдері. Саяси тәжірибеде әлеуметтік қақтығыстарды реттеу немесе олардың ширығушылығын бәсеңдетудің бірнеше түрлері бар. Алайда, бұл әдістердің қолданылатындары шамалы-ақ. Олардың барлығын төрт топқа жинақтауға болады:
1) қоғамда бар, орын алып отырған қақтығыстарды көзге ілмеу, мән бермеу;
2) қақтығысушы жақтардың біреуіне немесе барлығына қатысты репрессивті шаралар. қолдану;
3) ашық қақтығысқа әкелген алғышарттардың біразын жоюға бағытталған реформаларды жүзеге асыру;
4) қақтығыстардың тікелей себептерін жою арқылы қақтығысты түбегейлі шешуге тырысу.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет