Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Өтпелі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы идеялық және ұлттық бірлестік мәселелері



бет10/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

12.Өтпелі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы идеялық және ұлттық бірлестік мәселелері
Ұлттық идея – белгілі бір бағыттағы қоғамның даму өлшемі мен бағытын анықтаушы құрал. Ұлттық идея – қоғамның бастапқы даму сатысында оның негізгі біріктіруші факторы ретінде рөл атқарады. Сондықтан жеке адамның қызметінде оның өмірлік ұстанымын анықтап, оған шабыт беріп, сонымен бірге барлық қоғам мүшелерін бір арнаға тоғысуға жетелейтін құндылықтар идеясы болады. Алайда қазіргі таңда қоғамда нақты ұлттық идеяның болмауына байланысты түрлі идеялардың өзара күресі туындап, ол халықты бір бағытқа жұмылдырудың орнына керісінше белгісіз жағдай туындатуда. Сондықтан мақалада қазақ тарихына үңіле отырып, жалпы қазақ халқын біріктіретін ортақ ұлттық идеяны іздеуге талпыныс жасалған.Тәуелсіз Қазақстан өзінің даму барысында және ұлттық бірегейлігін қалыптастыру кезеңінде арғы шығу тегi, салт-дәстүрiн, руханимәдени ұстанымдарын, тарихын, яғни қазақтардың қайдан, қашан, қалай шыққанын, болмысын танып-бiлуге ұмтылғаны күмән туғызбаса керек. Ұлттық өзіндік менді қалыптастыратын тетiктер мен жағдаяттар сан алуан. Оған көшедегi қаптаған жарнамалардан бастап, ендi ғана дүние есiгiн ашқан сәбидiң құлағына естiлетiн ән мен күйге дейiн кiредi. Солардың бәрiнiң басын қосатын, бәрiн өгiздей өрге сүйрейтiн құдiрет Ұлттық Идея деп бiлгенiмiз жөн. Ойы онға, санасы санға бөлiнiп отырған қазаққа ортақ ұлттық идеяны таба қою оңай мiндет емес. Ал қажеттiгiн отансүйгiш рухтағы әрбiр қазақстандық азамат сезiнiп отырғаны айдай ақиқат.
13. Платонның мемлекет туралы трактаттары
Платонның алғашқы кезеңдегі еңбектерінде («Апология Сократа», «Протогор», «Критон») Сократқа еліктеушілік басымдау болады. Сократ сияқты ол рационалды идеяға көбірек беріледі. Ал кейінірек жазылған («Мемлекет»,
«Саясаткер», «Софист», «Парменид» және «Заңдар») еңбектерінде діни-мифологиялық сарын көбірек кездеседі.Платонның ойларындағы басты идея екі әлем жайлы.Біріншісі – идеялар әлемі, екіншісі – құбылыстар әлемі.Идеялар әлемі Платон үшін ол – нағыз болмыс, яғни құдайдан түскен жарлықтар, ал құбылыстар әлемі – ол болмыстың кері құбылмалы көшірмесі.Платон жердегі қалыптасқан саяси өмір мен саясатжәне мемлекет туралы айтқанда оны барынша идеялар әлеміне жақындатуға тырысты.
Платон демократияға «демократия қысқа мерзімге арналған халық билігі. Биліктен шаршаған халық қайтадан бір тиранды таққа отырғызады...» деп анықтама береді.Платон «Мемлекет» еңбегінде жеке меншікке шектеу қояды. Өйткені шектен тыс байлық қоғамға алауыздық әкеледі, сондықтан да байлық орташа болуы керек дейді.«Заңдар» еңбегінде Платон мемлекеттің екі құрылымы туралы айтады: біріншісі – барлығының үстінен билеушілер қадағалайтын, екіншісі – билеушілер үшін де заң жазылған мемлекет. Ал, бұл жерде Платон заң үстем болатын мемлекет туралы айтады. Осы «Заңдар» еңбегінде Платон «заңды сыйламаған, құрметтемеген елдің болашағы жоқ» деген пікір айтады.Заңды жүзеге асыруда Платон сот жүйесіне жүгінеді, ол үшін соттардың қызметін жақсарту керек дейді.Платон өзінің идеялық көзқарасында идеалист болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет