Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Ш.Уәлихановтың қоғамдық идеяларының либералдық-демократиялық бағыты.Билікті сайлау принципі,соттың ерекше әлеуметтік рөлі туралы



бет63/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
81.Ш.Уәлихановтың қоғамдық идеяларының либералдық-демократиялық бағыты.Билікті сайлау принципі,соттың ерекше әлеуметтік рөлі туралы.
Шоқан Уалиханов – ұлы ағартушы – демократ, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ халқының ғалымы және ағартушының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады. Өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстары сол кездегі өзінің орыс достары мен жолдастарын, орыс ғалымдарын таң қалдырды.Қоғамдық құбылыстарды ол ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын Еуропа мәдениетінен үйренуге прогреске шақырды. Шоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының бағытына жақын болды. Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы қағидасына сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп-төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің орнына еуропалық ғылым мен гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие жүйесінің ұйымдастыруды арман етті. Бірақ басқа ағартушылар сияқты, Ш.Уәлиханов та қоғамдық құбылыстарды материалистік тұрғыдан түсіндіре алмады. Оның ойынша, сахарадағы әлеуметтік прогресс пен демократиялық өзгерістерге жетудің шешуші жолы мен құралы тек ғана ағарту, «нағыз шынайы білімдерді» тарату, мәдениетті жетілдіру. Ш.Уәлиханов арнайы педагогикалық еңбектер жазбағанмен, бірақ ол Қазақстанның мәдени өмірінен тыс қалған жоқ. Ағартушы-ғалым ретінде Ш.Уәлиханов халықтың арасында ағарту ісін тарату және дамыту үшін күресті.
«Қоғамдағы мұқтаждықты бiлмегендiктен, гуманистiк теорияға шамадан тыс
қызғанышпен қараудың салдарынан, қазiргi белгiлi жағдайда мүлдем қажетi жоқ жаңа
өзгерiстер, реформалар туындауда» деп күйiне жазды Шоқан. Солардың бiрi
қазақтың билер сотын орыс сотына зорлап таңу реформасы екенiне прогресшiл
адамзаттың назарын аударды. 1864 жылғы ақпанның 28-жұлдызында Ресей империясы
жүргiзiп отырған саясаттың шынайы сиқын əшкерелейтiн «Сот реформасы туралы
жазбалар» атты өзінің атақты еңбегін жазды. Ол бұл еңбегiнде, халық өркендеудiң
қандай сатысында тұрса да қарапайым өсу жолында - өздiгiнен даму, өзiн-өзi қорғай
бiлу, өзiн-өзi басқара бiлу қажеттiлiгiн басшылыққа ала отырып, билер сотын бұрынғы
қалпында өзгерiссiз қалдыруды талап еттi, пiкiрiн бұлтартпайтын деректермен
қорытындылады. «Билер сотының артықшылығы, ол iстi некен-саяқ болмаса жалғыз
шешпейдi, оған қатысатын адамға шек қойылмайды, ал тiптi кейде олар ақтаушы да болып көрiнедi, бидiң шешiмiне шағым жасауға да құқы бар... Қазақты орыс заңымен
соттауға болмайды»
Ш.Уалиханов өзiнiң сот реформасы туралы тарихи жазбасында зорлықпен
ырықсыз жасалған реформа адам баласын жойқын апатқа душар ететiнiн, қоғамдық
организм жан-жақты дами алатын мызғымас прогресс заңына негiзделiп жасалған
реформа ғана пайдалы болатынын, өйткенi, халықтың «өмiр сүру-сүрмеуi» соған
байланысты екенiн саралап түсiндiрдi.Патша өкіметінің қазақ даласындағы сот ісін қайта құрудағы кемшіліктерін
сынаған Шоқан сол кез үшін билер сотын артық көреді.
Заманының саяси-әлеуметтік қайшылықтарын көре білген Шоқан қазақ қоғамын сұлтандар мен қожалар, билер мен байлар және “дала пролетариаты” деп айтқанындай кедейлерге бөлді. “Сұлтандар мен билердің пікірлері қадір тұтуға тіпті де лайық емес, өйткені түгел бір ұлттың мүдделері, шын әділдігіне келгенде жеке сословиялық топтың көретін пайдасынан анағұрлым жоғары тұруы керек” – деп, жалпы бұқара мүддесіне сай келетін реформалық билікті көздегеніне көз жеткіземіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет