Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Даосизм:жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқындағы әлеуметтік зұлымдық себептері мен оның шығу тегі туралы



бет62/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

79.Даосизм:жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқындағы әлеуметтік зұлымдық себептері мен оның шығу тегі туралы
Ежелгі Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімінің негізін салушы болып б.з.д VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналады.Оның басты еңбегі "Дао және дэ туралы кітапта" Аспан астындағы күштер туралы діни түсініктерден даосизмнің айырмашылығы-аспан астындағы билеушіден тәуелсіз заттардың табиғи дамуы мен табиғи заңдылықтары туралы сипаттама берілуінде.Яғни,даосизм ілімі "дао" ұғымына негізделеді,ал "Дао" "алғашқы түп негіз" дегенді білдіреді.
Даосизм ілімінде аспан,табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады.Бұл заңдылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды.Дао ілімі бойынша барлық адам тең.Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін,халықтың қайыршылық жағдайын және т.б.Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді.Сол кездегі халықтың ауыр жағдайына наразылық білдірген Лао-цзы даоның әділдікті қайта орнататынына сенеді.
Лао-цзы даоны аспан және адам даосы деп екіге бөледі.Оның айтуынша,аспан даосы байлардың артық дүниелерін алып,кедейлерге береді,ал жердегі дао кедейлердің керек затын алып,байларға береді.
Даосизм ілімінде адамдардың қанағатшылдығы мен белсенді әрекеттерден тартыну принципі көбірек орын алған.Лао-цзы сонымен бірге соғыстың барлық түрі мен армияны қатты сынға алады.Оның айтуынша,әскер жүріп өткен жерде арам шөптер мен тікенектер ғана өседі,үлен соғыстардан кейін ашаршылық жылдары басталады.Прогресстік дамуды жақтырмаған Лао-цзы өткен дәуірге қайта оралуды және білім мен ғылымнан бас тартуды ұсынады.Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға "дао" жолымен жүруге жағдай жасайды.Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды.Оның басты міндеті-елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана.

80.Алексис де Токвиль.Американдық демократияны талдауы.
Токвиль Алексис (1805-1859) - "Америкадағы демократия туралы", "Ескі тәртіп пен революция" еңбектерінің авторы. Демократияны теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жан-жақты талдаған. Демократияның негізгі тендік принципі жаппай тендік өз-өзінен индивид автономдығын сақтайтын саяси құрылымға әкелмейді. Еркіндік және теңдік әртүрлі құбылыстар. Адамдар А.Токвиль бойынша, еркіндіктен гөрі теңдікті қалайды. Демократиялық құндылықтарға қолдау көрсету мен оны таратудағы саяси қатысудың рөлі. Бұл дәлел кезінде А. Токвильмен негізделген. А. Токвиль пікірінше, адамдардың саяси немесе саяси емес мақсаттардағы еркін біріккен қызметі демократиялық бағыттың пайда болуына және әлеуметтік сенім, өзара қарым-қатынас ережелерін, ортақ игілік тұжырымын қалыптастыруға және өзімшілдікті жоюға жағдай жасайды. Сонымен бірге, азаматтардың кеңінен еркін қатысуына сай қауымдастықтардың болуы, өз кезегінде мемлекеттік араласуды шектейтін және еркіндікті қорғайтын, азаматтық қоғамның негізі болып табылады. Мүдделік топтарға бірлесуде американдықтар алдына жан салмайды деуімізге болады. Американдықтар өз мүдделерін қорғап, оны жүзеге асыру мақсатында әртүрлі бірлестіктерге бірігуге дайын тұрады. Осы ерекшелікті кезінде танымал ойшыл А. Токвиль өзінің "Америкадағы демократия" еңбегінде американдықтардың ұлттық қасиеті ретінде тамаша көрсете алған. А. Токвиль "... Францияда әр жаңа бастаудың басында сіз өкімет өкілін көресіз, Англияда - ақсүйек өкілін, ал Құрама Штаттарда сіз қандай да бір комитетті көретініңізге сенімдімін" - деп дәл айқындаған. Ал демократиялық мемлекеттерде мүдделік топтарға бірлесу не үшін қажет? Демократиялық басқарудың өзі халықтың саяси өмірге қатысуын қамтамасыз етпей ме? деген сұрақтар туындайды. Тағы да еріксіз А. Токвильге жүгінуге тура келеді, себебі ол "демократиялық халықтарда өмір сүрудегі теңдікпен жойылған вельмождар орнын бірлестіктер алуы керек", - деп бірлестіктердің басқаруға қатысу маңыздылығын анықтаған. Сонымен бірге, демократиялық елдердегі бірлестіктерге бірігу қоғамдық өмірдің негізі, әрі оның үдемелі дамуы осы саладағы үдемелікке тәуелді екенін көрсеткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет