Байланысты: Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері
82.Н.Чернышевскийдің революциялық күрестің,жетекші мамандарды дайындаудың қажеттілігін негіздеуі.Революционерлердің саяси ұйымының маңыздылығы туралы. Орыстың ұлы сыншысы, философ — материалист, жалынды революция-тныл — демократ, жазушы және публицист Никалай Гаврилович Чернышевский 1828 жылы 24 шілдеде Саратов қаласында священниктің семьясында туды. Бастауыш білімді үйінде алған, одан кейін жергілікті семинарияда оқып, кейін Петербург университетінде оқыды. Университетте оқыған кезінің өзінде крепостнойлық бүғаудың езгісінде жүрген қарапайым халақтың өміріне зер сала көңіл аударды. Оның дүниеге көзқарасы крепостнойлық қүрлысқа қарсы шаруалар қозғалысының баған сайын қүлаш жайған жылдарында қалыптасты.
XIX ғасырдың 60 жылдарындағы қоғамдық педагогикалық қозғалыстың ықпалымен Н.Г.Чернышевский орыстың ұлы педагогі К.Н.Ушинский бастаған ағарту ісінің прогресшіл қайраткерлердің жалпыға бірдей білім беру талаптарын қолдады. Бірақ ол бұл сияқты талаптардың шеңбері тар екендігін көрсетті. Чернышевскийдің дәлелдеуінше, халықтың материалдық хал — жағдайын түбірінен жақсартпайынша, халық саяси билікке ие болмайынша, оның оқып білім алуына берілген қандай прова болса да іс жүзіне аспайтын бос қиял ғана болып қалады.Н.Г.Чернышевский тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін де ревалюцияшыл — демократтық тұрғыдан шешті. Оның ойынша, тэрбиенің мақсаты — қоғамдық идея жағынан үстамды күрес адымын, ревалюцияшылда тэрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын, «азаматтық іскерге» араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу. Тэрбиенің осы мақсаттары арқылы тәрбиеленетін жаңа адамдардың асамаңызды қасиеттердің бірі — отанға жэне өз халқына деген сүйіспеншілік деп есептеді. «Әрбір орыс адамының тарихи маңызы оның отанға еткен еңбегінде, оның адамгершілік азаматтығы -оның патриоттық күшімен өлшенеді», — деп жазды. Ол бүл образды өзінің атақты «Не істеу керек?» романындағы кейіпкер Рахметов арқылы береді. Сөйтіп, Чернышевскийдің педагогикалық принципінде: бүкіл жаңаның жеңіп шығуы жолындағы күресшілерді тәрбиелеу, жаңа қоғам күресшілеріне қажет қасиеттерді тәрбиелеу талаптары болды.Н.Г.Чернышевский жас өспірімдерге, болашақ белсенді қоғам қайраткерлеріне, шын халық мүддесін қорғаушыларға мынадай негізгі адамгершілік сапалар мен қасиеттер қажет деп есептеген: патротизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық, сөзді іспен байланыстыра білу, кішіпейілділік, әдептілік т.б.