Ключевые слова:
исследование урока, колоборативная среда, командная работа, обратная
связь, обмен опытом, доверие
Keywords:
lesson study, collaborative environment, teamwork, feedback, experience sharing, trust
ю
«Бірге жиналу –
бұл бастама, бірге болу –
бұл прогресс, бірігіп жұмыс жасау –
бұл
табыс»
деп Генри Форд айтқандай
[
1, б.
8]
«Мектептегі тәжірибемді» өзім көшбасшы
ретінде таныла отырып, өз мұғалімдерімді де көшбасшылыққа жетелеу арқылы мектепті
дамытудағы үлесімізді арттыру болып табылды. Ал табысты мұғалімдер біріккен
жағдайда мектептің оқушылары да табысты болмақ.
Зерттеу
жұмысының алдында аудит жүзеге асырылды. Мектебіміздің «Ізденіс»
қоғамдастығының отырысын ұйымдастырып, мектеп проблемасын анықтауда аудит
жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 20 мұғалім қатысты. Осы сауалнаманың қорытындысы
бойынша және тәлімгерлердің тәлімалушыларымен кәсіби әңгіме жүргізулері және
сабақтарға қатысу арқылы мектептің ортақ мәселесі анықталды: мектептегі оқыту мен оқу
тәжірибесіне өзгеріс енгізуде бірлескен жұмыстың әлсіздігі, мұғалімнің
қалыптастырушы
бағалау бойынша кәсіби шеберлігінің төмендігі. Осыған орай сабақты не үшін, қалай
өткіземіз, қандай бағытта жүрсек дұрыс нәтижеге жетеміз деген көп сауалдар пайда болды?
Бірлескен жұмыс ортасын құру арқылы мұғалімдердің қалыптастырушы бағалау
әдістерін
қолдану дағдыларын жетілдіру тақырыбына тоқталдық. Зерттеу жұмысын дұрыс бағытта
жүргізу мақсатында мектеп көшбасшыларына міндеттер бөлінді. Сонымен қатар, тәжірибе
алмасу жұмысы арқылы кәсіби шеберлігімізді арттыруда көмегі зор болады деген өздерінің
бастамасымен көшбасшылар құрамын екі жас маманға да міндеттер бөлінді.
Осылайша
жұмысымызды тиімді жүргізу мақсатында бөлінген көшбасшылықты жүзеге асырдық.
Аталған жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру үшін жетекші, үйлестіруші, бақылаушылар,
операторлар, сарапшылар, кофе
-
брейк ұйымдастырушысы тағайындалды. Осылайша,
мектебімізде бөлінген көшбасшы қызметтерін атқаруға кірістік.
Қалыптастырушы
бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады,
оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін
көрсетеді, оқудағы
қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасының оқу мақсаттарына қол жеткізуге
көмектеседі.
[
1, б.
90]
Аудиттің нәтижесі бойынша мұғалімдердің қалыптастырушы бағалау
дағдыларының жеткіліксіздігі анықталған, ал оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып
табылатын қалыптастырушы бағалауды оқу үдерісінің басты тұлғалары дұрыс жүзеге
асырмаса, онда оқушының қалыптасуына үлкен кедергі келтіретіні сөзсіз.
Сонымен мұғалімдерің кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында бірлесе отырып,
коучингтер жоспары әзірленіп, жүзеге асырылды. Бірінші коучинг «Сабақты зерттеу»
тәсіліне арналды. Коучинг барысында мұғалімдер белсенділік танытты. Сабақты зерттеу
бойынша
ақпараттар беріліп, бірлесе отырып, «Ойлаудың алты қалпағы» стратегиясы
арқылы сабақты зерттеудің барлық тұстары талқыланды. Кейбір мұғалімдерге таныс емес
тәсіл болғандықтан ақпарат беру тиімді әдіс болды. Бірақ, коуч көп уақытын мұғалімдердің
психологиялық
-
эмоционалдық жай күйіне кетірді. Осыған байланысты тақырыптың негізгі
тұстары проблеманы
анықтау, зерттеу тақырыбын құрастыру, жұмыс жоспарын құру,
топтың міндеттерін бөлу, толтыратын құжаттармен жұмыс сияқты маңызды тұстары қалып
қойды. Сондықтанда уақыттың тапшылығына байланысты «Зерттеушілер» тобымен қайта
түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылды. «Оқу мақсаты мен критерийлердің сәйкестігін
қамтамасыз ететін тапсырмалар әзірлеу» және «Тиімді кері байланыс тәсілдері»
коучингтері тиімді жүзеге асырылды. Сонымен, мұғалімдерге қалыптастырушы бағалау
бойынша толық ақпарат беріліп, дағдыларын жетілдіру жұмыстары жүзеге асырылды. Әр
коучингтен кейін «Ізденіс» мұғалімдер қоғамдастығы мұғалімдердің сабақтарына қатысты.
184
Және нәтижесі бойынша мұғалімдердің барлығы да қалыптастырушы бағалауды
ұйымдастыруда
.
Алекс
Рапп айтқандай, сабақты зерттеу кәсіби тұрғыдан өсуге берілген тамаша
мүмкіндік,сонымен бірге топта бірлесіп жұмыс істеудің тамаша жолы.
[
1, б.
58]
Сабақты зерттеуді «Зерттеушілер» тобы ұйымдастырдық. Сабақты зерттеудің бір
айналымы төрт кезеңнен тұрды. Сонымен қатар, дейінгі және кейінгі отырыстар өткізілді.
Сабақты зерттеуді өткізуде пән мұғалімі мен бақылаушылар негізгі қызметті атқарды. А
оқушысын өзім, В оқушысын тәлім алушым, ал С оқушысын тиімді оқыту ұстазы
бақылады. Сабақ жоспарлары кейінгі отырыстарда әдіс
-
тәсілдердің тиімділігін
анықтағаннан кейін әзірленіп отырылды. Отырыстарды өткізуде уақытты тиімді пайдалану
үшін үйлестіруші тағайындалды. Аталған тәсіл оқушылардың уәжін кері байланыс арқылы
арттыруда зор әсерін тигізді. Бірлесе отырып әзірленген жоспардың сәтті жақтары А,В,С
оқушыларының сабақ барысындағы іс
-
әрекеттерін бейне жазбадан көру арқылы тиімді
әдістер таңдаудың оңай болғаны. Және мұғалімдер бөлінген міндеттеріне деген
жауапкершіліктері, бірлескен ортада жұмыс жасау дағдыларының артқандығы байқалды.
Сонымен қатар, сыйластық пен сенімнің пайда болуы, бір
-
біріне қолдаушы, бағыт беруші,
көмекші ретінде қараулары.
Мектепте өзгеріс енгізу жұмысын жүзеге асыруда
тиімді тәсілдің бірі іс
-
әрекеттегі
зерттеу. «Зерттеушілер» фокус
-
тобының айтуы бойынша егер де әр мұғалім өз сыныбы
немесе пән бойынша осы зерттеуді қосса, онда мектебіміздің жаңашыл, табысты мектепке
айналуы жылдамдайды. Себебі, бір мұғалім емес, барлық мұғалімдер мектептің дамуына
проблемаларды, кедергілерді жоюмен айналысады. Аталған зерттеуді тәлім алушы екеуміз
бастадық. 6
-
сыныпта жаратылыстану пән бойынша сабағына қатысып, ең алдымен
проблеманы анықтап алдық. Тәлім алушы таңдап алған зерттеу тақырыбы бойынша
әдебиеттермен танысу жұмыстарынан бастады. Бұл зерттеу аяқталған жоқ, бірақ
сабақтарына қатысып жүрген мұғалімдердің айтуынша өте қызықты, тиімді, әрі рефлексия
жүргізу арқылы келесі сабақтарда пайда болған проблеманы жою жолдарын іздестіру,
үнемі зерттеу үстінде болу мұғалімдерге ұнаған.
Шынымен де мұғалімдерге тәжірибе
алмасу,
тәлімгерлік жұмыс, қолдау, көмек –
барлығы осы тәсілде көрінеді. Және
мұғалімдерде осы тәсілді енгізгеннен беру сенімділік, сабаққа қатысу немесе сабақты
жүргізу барысында еш қобалжу болмайтынын байқадық. Бұл тәсіл мектебіміздің
тәжірибесіне кеңінен енгізілді. Төрт фокус топ құрылды.Әр фокус топтың пән бойынша өз
проблемасы, өз басымдықтары, зерттеу сұрақтары анықталды. Және бірнеше айналымнан
өтіп отырды. Осы жерде іс
-
әрекеттегі зерттеу де жүзеге асырылды.
Сабақты зерттеу
барысында әр сыныпқа тиімді әдістер қарастырылды, саралау тәсілі енгізілді және зерттеу
барысындағы іс
-
әрекетке зерттеу жасалды. Сабақты зерттеу барысында бақылаушылар,
сабақ беруші мұғадім, хатшы, операторлар алдын ала тағайындалды. Сонымен қатар, осы
жұмысты сырттан бақылап, баға беруші ретінде әр айналымға тәуелсіз бақылаушы
тағайындалды. Және
төрт фокус топтың жұмысы бір
-
бірімен тығыз байланыста жүзеге
асырылды. Аталған тәсіл арқылы оқыту мен оқу үдерісіндегі жетістіктеріміз бен
кемшіліктерімізді көре білдік. Мұғалімдердің айтуынша, ашық сабақ беріп, қобалжып,
жалғыз бірнеше адамның сынына қалғаннан, бірлесе отырып, жетістікке жету және одан әрі
зерттеу арқылы анықталған кемшілікті жою оңай екен.
Сөзімді қорыта келе, төмендегідей нәтижеге зерттеу жұмысының дұрыс жүргізілуі,
команданың дұрыс құрылуы және бірлескен ортада сеніммен жұмыс жасауымыздың
арқасында жеттік:
-
100% бірлескен жұмыс ортасын құру дағдылары қалыптасқан;
-
65% сыныбына зерттеу арқылы оқушылардың талдау, салыстыру және бағалау
қабілеттерін арттырады;
-
75% проблеманы анықтай отырып, зерттеу тақырыбын құрастыра алады;
185
-
55% зерттеу тәсілдерін тиімді ұйымдастыра алады;
-
75% бақылау, талдау,
бағалау дағдылары қалыптасады;
-
35% деректер бойынша кешенді ойларды жеткізе біледі;
-
55% оқушылардың
үлгірімін жоғарлату мақсатында қызметкерлерді басқарып,
басшылардың кәсіби дамуына қолдау көрсете алады;
-
14% білім сапасының артуы байқалды.
Табыс критерийінен өсу динамикасы +6
Жоғарыда атап өткендей, желілік қоғамдастық арқылы тәжірибе алмасу жұмысы
және желілік қоғамдастықта «Іс
-
әрекеттегі зерттеу» тәсілі бойынша тәжірибе алмасу
жұмысы толық жүзеге асырылмайды. Осы жұмысты міндетті түрде ұйымдастырамыз
деген ойдамыз. Табыс критерийлердің осы екі маңызды аспектісі қалып қойғаны біз
үшін өкінішті болды.
Біз –
команда құрдық. Бірлескен ортада тиімді жұмыс жасадық. Бос уақытымыз болған
жоқ. Даму үстінде болдық. Үдеріс –
үздіксіз болды. –
бұл сөздер біздің ұжымның
алғысы ретінде қабылданды. Бұнымен ештеңе біткен жоқ, бітпейді де. Біз бұдан мықты,
бір
-
бірімізге сеніміміз зор –
команда болдық.
Достарыңызбен бөлісу: