Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет22/78
Дата24.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#96378
түріСборник
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78
Байланысты:
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

Клиникалық жағдай №5

44 жастағы науқасты жедел жәрдем бригадасы клиниканың қабылдау бөліміне ауыр күйде жеткізді.


Әйелінің айтуынан: 2 күн бұрын жұмысында қатты салқындаған, ертеңіне қалтырау, бас ауруы, ентігу, кеуде сарайының оң бөлігінің ауыруы, құрғақ жөтел, дене қызуының 390С дейiн жоғарылауы пайда болған; ауырсыну жөтел мен тыныс алуда күшейген. Үйінде бар дәрмектерді қабылдаған, дәрігерге бармаған. Екінші күні құсу, психикалық қозу дамыған, жедел жәрдем шақырған. Науқас ауруы басталғаннан 22 сағатта клиникаға келіп отыр.
Об-ті: тері жамылғылары қуқыл, салқын, айқын ентігу бар, дене қызуы 39,50С, АҚ 70/40 мм сын. бағ., пульсі 115 мин., өте әлсіз, қылдай. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, ЖЖС 115 мин. Өкпенің төменгі бөліктерінде өкпе дыбысы тұйық, өте әлсіз, естілер-естілмес везикулалық тыныс, бірлі-екілі крепитациялар мен плевраның үйкеліс шуы естілді.



  1. Жетекші симптом мен басқа клиникалық белгілеріне сүйеніп, басты синдромдарын нақтаңыз, олардың ерекшеліктеріне байланысты күдікті нозобірліктер тізімін құрыңыз. Диагнозын болжаңыз, асқынуларына көңіл бөліңіз.

  2. Аурухананың сәйкес бөліміне жатқызу тактикасын шешіңіз. Кеңеске мамандарды шұғыл шақырыңыз. Шұғыл тексерулерді жоспарлаңыз, зерттеулер мен кеңестерді науқас қасынан кетпей, оның статусын үздіксіз бағалай отырып ұйымдастырыңыз.

5. Жауаптары:


1. Негізгі симптомдары жөтел, артериялық гипотензия (шок). Жетекші синдромдары: өкпенің тығыздалу, интоксикациялық, фебрильді қызба, инфекциялық-токсиндік шок, плевраның “құрғақ” зақымдануы. Күдікті аурулардан бірінші кезекте: ауруханадан тыс лобарлы пневмония – себебі келесі диагноздық критерийлер бар: дерттің жедел, қалтырау мен қызбадан және кеуде сарайының жөтел мен тыныс алуда күшейетін ауырсынуынан (плевраның қоса зақымдалуы) басталуы; бірінші тәуліктің аяғына қарай өкпе тінінің тығыздалуының қалыптасуы; плевраның құрғақ плеврит тәрізді зақымдануы және улану белгілері мен өте жоғары қызба; сонымен қатар ауруының шокпен асқынуы (инфекциялық-токсиндік шокпен асқынуын Альговер индексі – 1,6 арқылы нақтадық). Екінші кезекте плевриттен күдіктенуге болар еді, бірақ, плевритте өкпе тіні тығыздалмайды және бірінші тәулікте шок дамымайды.


Нег. ауруы: Плевропневмония, ауруханадан тыс, этиологиясы нақталмаған, қос өкпенің төменгі бөліктерінің, жедел барысты. (J15.9)
Асқ.: Инфекциялық-токсиндік шок 3 дәр.
2. Шұғыл консилиум реанимация бөлімінде өту керек, яғни мұндай жағдайдағы науқас реанимация бөліміне шұғыл госпитализацияланады. Консилиумге реаниматолог, пульмонолог, жетекші кезекші дәрігер, рентгенолог қатысу керек. Тексерулердің барлығы науқас төсегінің қасында ұйымдастырылады. Шешуші тәсіл – кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасы. АҚ мен пульс және диурез мониторингі үздіксіз жүргізіледі және диниамикасы бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет