Сборник материалов Международной научно-образовательной конференции


ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке



Pdf көрінісі
бет24/59
Дата03.03.2017
өлшемі6,76 Mb.
#6100
түріСборник
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

Данная  технология  позволяет  строить  учебный  процесс  на  научно  -  обоснованных 

закономерностях  взаимодействия  личности  и  информации,  технология  направлена  на 

развитие  навыков  работы  с  информацией,  умений  анализировать  и  применять  данную 

информацию. 

  

Я остановлюсь на тех приёмах, которые меня заинтересовали и которые использую 

на своих уроках.  

 

Прием «Обучение сообща» (работа в группе над общим заданием). 

Каждая группа получает постер под названием «Части текста». Задание – подписать все 

части  текста  –  начало,  основная  часть,  заключение  (концовка).  Далее,  используя  свой 

кластер, собрать разрозненные части текста из предложенной учителем карты с текстом. 

Группа обсуждает, составляя правильный вариант. Далее, при оценивании работы группы, 

учитывается вклад каждого участника в общую работу. 

 

«Высказывания».  Данный  прием  позволяет  учащимся  самостоятельно  определить 

знания  по  данной  теме,  учит  анализировать  собственный  уровень  усвоения  материала. 

Например: 

 - Текст можно делить на части 

 - Текст имеет заголовок 

 - Я умею составить текст – рассуждение самостоятельно 

При проведении фронтального опроса по теме используем «Тонкие и толстые вопросы» 

  

В  нашей  профессии  нет  предела  совершенству.  То,  что  еще  вчера  казалось 

единственно возможным, выглядит сегодня устаревшим. Появляются новые идеи и желание 

что-то  изменить.  И  любой  творчески  работающий  учитель  находится  в  постоянном 

поиске. Учение – это радость, а не только долг, учением можно заниматься с увлечением, а 

не только по обязанности. 

 

1.

 

Ануфриев А.Ф. Как преодолеть трудности в обучении / А.Ф. нуфриев, С.Н. Костромина. – 

М.: Ось-89, 2001. – 272 с. – ISBN 5-86894-319-8. 

2.

 

Бардин К.В. Как научить детей учиться / К.В. Бардин. – М.: Просвещение, 1987. 93 с. ISBN 

5-222-00053-2. 

3.

 

Березовин  Н.А.  Воспитание  у  школьников  интереса  к  учению  /  Н.А.  Березовин,  А.П. 

Сманцер. – Минск, 1987. 

4.

 

Васильева Р.А. Самостоятельная работа учащихся на уроке / Р.А. Васильева, Г.Ф. Сувррова. 

– М.: Просвещение, 1975. – 98 с. 

5.

 

Иванова Т.Ф. Проверка и оценка знаний учащихся младших классов как важнейшие условия 

реализации воспитывающей и развивающей функции процесса обучения / Т.Ф. Иванова, А.В. 

Коробкина // Проблемы и перспективы начального образования. Материалы НПК. Армавир, 

2000. – С. 190-198. 

6.

 

Розенталь  У.Д.  Некоторые  проблемы  повышения  успеваемости  в  условиях  всеобщего 

среднего образования / У.Д. Розенталь // Советская педагогика. – 1975. – №8. 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



7.

 

Чекмарева  Т.К.  Мотивация  учения  (управленческий  аспект)  /  Т.К. Чекмарева  //  Завуч 

начальной школы. – 2001. – № 2. – С. 72-80. 

8.

 

Широких  О.С.  Еще  один  способ  контроля  знаний  учащихся  /  О.С. Широких   //  Начальная 

школа. – 1991. – № 12. – С. 27-28. 

9.

 

Эльконин  Д.Б.  Психология  обучения  младшего  школьника  /  Д.Б.  Эльконин.  –  М.: 

Просвещение, 1974. – 239 с. 

 

ЖАҢАША ОҚЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ 

 

Кушерова Ляззат Кудиярхановна 

ФЗБ НЗМ, 

қ

азақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 

Талдықорған қаласы, Қазақстан 

 

Түйін 

 

Бұл  мақалада  Қазақстан    Республикасының    жаңартылған  білім  беру  мазмұнын 

апробациядан өткізу жағдайында оқыту, білім беру, бағалау бойынша туындаған мәселелер 

талқыланды.  

Аннотация 

 

В  статье говорится об обсуждений  вопросов обучения, образования, оценивания  в 

условиях  апробации  содержания  усовершенствованной  модели  образования  Республики 

Казахстан.  

 

Талдықорған  қаласындағы  физика-математика  бағытындағы  Назарбаев  Зияткерлік 

мектебінің  аясында  2017  жылдың  5  қаңтарында  тірек  мектептермен  тәжірибе  алмасу 

семинары  өткізілді.  Семинардың  тақырыбы  -  «Тілдік  пәндерді  оқытудың  формалары  мен 

бағалау түрлері». Мақсаты - тірек мектеп мұғалімдерімен тәжірибе бөлісу. 

Семинарға Жаркент қаласының Хамраев атындағы 

орта  мектептің  және  Талдықорған  қаласының  Шоқан 

Уәлиханов  атындағы  №10  мектеп-гимназияcының  

бірінші-екінші  бастауыш  сынып  мұғалімдері,  қазақ  тілі, 

орыс,  тілі,  ағылшын  тілі  пән  мұғалімдері  және 

психологтармен  дөңгелек  үстел  ұйымдастырылды. 

Дөңгелек  үстелде  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыру, 

жоспарлау,  қалыптастырушы  бағалау,  бөлім  бойынша 

жиынтық  бағалау,  тоқсан  бойынша  жиынтық  бағалау, 

психологиялық сүйемелдеу, ата-аналармен жұмыс мәселелерінің мықты және әлсіз жақтары 

талқыланды. Директордың орынбасары З.А. Маметаева қатысушылардың айтқан ойларын, 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



пікірлерін  тыңдай  отырып,  мұғалімдерге  ең  бастысы  бірлесіп  жоспарлау  керек  деген 

қ

орытынды жасады.   

Сонымен  қатар  пән  мұғалімдері  секцияларға 

бөлініп, шеберлік сыныптар өткізді. Шеберлік сыныпта 

қ

азақ  тілі    мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімдері: 

А.Н.Баримбекова,  Г.Т.Жакупова,  Л.К.Кушерова,  орыс 

тілі  мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Г.Ш.Таникенова, 

С.Н.Хасеинова,  С.Б.Есбулатова  топтық  жұмыстар 

жүргізді.  Семинар  қатысушылары  шеберлік  сыныбында 

мәтінмен жұмыс істеу барысында қолдануға өте тиімді 

«Идеал» әдісімен таныстырылды. Бұл әдіс оқушылардың 

сыни  ойлау  дағдысын  арттырады.  Тыңдалым,  айтылым  және  жазылым  дағдыларын 

арттыру  мақсатында    «Мақта  қыз  бен  мысық»  атты  мультфильмды  көріп,  топта 

кейіпкерлердің  әрекеттерін  талқылап,  олардың  біріне  жағдайды  дұрыс  шешу  үшін  кеңес 

беріп, хат жазды; жұптасып әңгіме мазмұны бойынша берілген суреттерді ретімен қойып, 

мазмұнын  болжады;  топта  оқиға  желісін  болжай  отырып,  сахналады.  Күнделікті  сабақта 

бастауыш  сынып  оқушыларын  жалықтырып  алмай,  қызығушылығын  арттырып, 

ынталандыру  үшін,  бағалау  үрдісінде  әділетті,  шынайы  болу  мақсатында    әр  түрлі 

қ

алыптастырушы бағалаудың түрлерін сабақта қолдануға болатыны туралы айтылды.  

Семинар  соңында  қатысушылар  аталған  шараның  өздеріне  қаншалықты  тиімді 

болғандығына,  алдағы  уақытта  өз  іс-тәжірибелерінде  қаншалықты  маңызды  болатынына 

тоқталды. Өз пікірлерін білдірді. Өзара кері байланыс жүріп, нәтижелі жұмыс жасалғанына, 

семинардың    пайдалы  болғанына  өз  ризашылықтарын  қатысушылар      «Екі  жұлдыз,  бір 

тілек» әдісі арқылы  ұсынды. 

 

Қ

олданған әдебиет: 

1.  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі»  ДББҰ  Бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  арналған 

критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құралы. Астана, 2016 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 

САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ  

 

Кабытаева Ақмарал Болатовна 

Ж.Ақылбаев атындағы мектеп –гимназиясы, 

бастауыш сынып мұғалімі 

Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, 

Қ

арағанды облысы, Қазақстан 

 

Түйін 

 

Кабытаева  А.Б.  «Бастауыш  сынып  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

дамыту» атты мақаласы бастауыш мектеп саласының заманауи мәселелеріне арналған.  

Аннотация 

 

Статья  Кабытаевой  А.Б.  «Развитие  функциональной  грамотности  учащихся  в 

начальной  школы»  посвящена  современным  требованиям  функциональной  грамотности  

учащихся начальной школы.  

 

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең 

ететін  күш  –  білім  және  білімді  ұрпақ.  Сондықтан  да  Елбасымыз  Н.Назарбаев  өзінің 

Жолдауларында  білім  саласына  айрықша  көңіл  бөліп,  еліміздің  жарқын  болашағы  білікті  де 

парасатты 

жастардың 

қ

олында 

екенін 

назардан 

тыс 

қ

алдырған 

емес. 

Қ

азіргі  қоғамның  өзекті  мәселелерінің  бірі  –  әлеуметтік,  экономикалық  өзгермелі 

жағдайларда  өмір  сүруге  дайын  болып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оны  жүзеге  асыруға, 

жақсартуға  игі  ықпал  ететін  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Мұндай  тұлғаға  қойылатын 

бірінші  кезектегі  нақты  талаптар  –  шығармашылық,  белсенділік,  жауаптылық,  терең 

білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда 

мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.  

Осы  қажеттілікті  шешу  жолдарының  бірден–бір  жолы  функционалдық 

сауаттылықты  қалыптастыру.  Білім  беруді  жаңарту  оқушы  білімін  ғана  емес,  оларды 

қ

олдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.   

Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  қазіргі  таңда  оқыту  жүйесіне 

қ

ойылып  отырған  әлеуметтік  сұраныс  талаптарымен  сай  келу  үшін  бастауыш 

сыныптардан  бастап  оқушының  оқу,  жазу  сауаттылығын,  жаратылыстану  ғылымындағы 

сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын, денсаулық 

мәселесіндегі  сауаттылықты,  құқықтық  сауаттылығын  қалыптастыруға  бағытталған 

арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі 

сенімді,  интеллектуалдық  деңгейі  биік,  дүние  танымы  қалыптасқан  азамат  етіп 

тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. 

«Функционалдық  сауаттылық»  —  ұғымы  өткен  ғасырдың  60-жылдары  ЮНЕСКО 

құ

жаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді.  Функционалдық сауаттылық – 

мектепте  алған  білімдерін,  іскерлік  дағдыларын,  адами  іс  әрекеттердің  әр  түрлі 

салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін 

пайдалану болып табылады.  

Бүгінгі  күн  талабына  сай  жан  –  жақты  дамыған,  белсенді,  өмірге  талпынысы, 

қ

ызығушылығы  бар  адамды  мектеп  табалдырығынан  дайындап  шығарудың  ең  бір  тиімді 

тәсілі  ол  –  оқытудағыматематикалықсауаттылық.      Математикалық  сауаттылық 

проблемалары  осы  күнге  дейін  аз  айтылып  жүрген  жоқ.  Егер  әр  бір  мұғалім  әр  сабақта 

математикалық  сауаттылықты  қалыптастырып,үнемі  көңіл  бөліп  отырса,  білім  сапасы 

ә

лдеқайда жақсарар еді. 

Бастауыш  сыныптарда  оқушылар  сандық  өрнектермен  арифметикалық  амалдарды 

орындаумен  шектелсе,  алгебра,  геометрия,тригонометрия  әлеміне  енген  сайын  басқа  жаңа 

талаптар қойылады.Бастауыш сыныптарда 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және «+», «-», «*», «/» секілді 

таңбалармен  қатар  І,V,X,  M,  L,  C  тәріздес  Рим  цифрларын  білумен  шектелеміз.Ал  енді 

алгебрада  латын,грек  әріптерін  үйренуге  тура  келеді.Міне,осы  әріптерді  дұрыс  жаза  және 

оқи білу математикалық сауаттылық білдіреді. Оқушылар геометрия ұғымдарымен бірінші 

сыныптан  таныс  болады,  кейін  жаңа  жазулар  мен  сызулар  кездесуі  мүмкін  және  оқытуда 

арнайы  заңдылықтар  сақтау  қажет.  Мұғалім  оқушыны  математика  пәнінің  қыр  сырына 

ү

йрету  үшін  оған  математикалық  сауаттылықты  сақтау  жөнінде  күнделікті  қатаң 

талаптар  қойып,орындалуына  мұқият  зер  салуы  керек.Сонда  оқушы  математикалық 

ө

рнектерді  оқуда,жазуда  және  сызбаларды  сызуда  сауаттылық  көрсетіп,тәртіпке 

бейімделеді  де,есептерді  де  алгаритм  немесе  логика  бойынша  тез,әрі  сауатты  шеше 

алады,сабаққа да ынтасы арта түседі. 

Сауаттылық  қызметі  –  алған  білім,  білік,  дағдысын  күнделікті  іс  –  әрекетте 

пайдалану  біліктілігі.  Оқушылардың    танымдық  әрекет  амалдарын  меңгеруін  есепке  алып, 

алгоритмдік  есептерден  эвристикалық  типтегі  есептерге  көшу  кезінде  оқу-зерттеулік 

есептер  көбейе  түсетін  өзара  байланыс  түрі  өте  тиімді.    Математикалық 

сауаттылықтың  дамуы  оқушының  жалпы  сөйлеу  мәдениетін  дамытып,  қазіргі  қоғамда 

тұлғаның  ұтымды  сөйлеу  коммуникацияларын  қалыптастырады.    Математикалық 

сауаттылықты  қалыптастырудың  бастауыш  сынып  оқушылары  үшін  сыныптан  тыс 

жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтары мен сауаттылығын дамыту.  

Математикалық  сауаттылықты  қалыптастыру  дағды  мен  іс  әрекет  негізінде 

ө

здігінен  ізденетін,өздігінен  шешім  қабылдайтын,нарық  заманында  өмір  сүріп,адал 

еңбектенетін,бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді. 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



«Әдебиеттік  оқу»  пәні.    Мәтінді  дұрыс,  мәнерлеп  және  шапшаң  оқуды  меңгеруі, 

шығарма авторының көзқарасын түсіну, мәтінді оқырман ретінде қабылдауға тәрбиеленеді, 

көркем-шығармашылық  қабілеттері  дамиды.    Сөз  өнеріне  деген  қызығушылық,  тілдік 

эстетикалық  талғамы  қалыптасады.    Сөйлеу  әрекетінің  түрлері  жетіліп,  ұлттық  және 

жалпыадамзаттық құндылық пен рухани- адамгершілікке тәрбиеленеді.  

Мәтінді оқу сапасы дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп дағдысы қалыптасады.  

«Қазақ тілі» пәні. Сөйлеу қызметінің барлық түрлерін меңгерген сауатты жазу және 

оқу  дағдылары  жетілген,  шығармашылық  қабілеттері  мен  тілдесімдік  дағдылары  дамыған, 

алған  тілдік  білімдерін  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  әрекеттерінде  қолдана  білетін  жеке 

тұлға  қалыптасып,  дамуына  ықпал  етеді.    Оқушылардың  өз  ана  тілі  –  қазақ  тіліне  деген 

қ

ызығушылығын ояту арқылы тілдің құдіретін, эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы 

қ

азақтың ұлттық мәдениетімен туралы білім алады.  Тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды 

ө

зін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде қалыптасады.    

Тәрбиенің  сан  –саласы,  күрделі  мәселелеріне  терең  бойлауға,  күнделікті  тұрмыста 

кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы 

баспалдағы – бастауыш сынып. 

 Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту, 

баланың бойында алған білімін өмірде қолдана білуге ерте кезден, балдырған кезінен дайындау 

деген сөз.  

«Дүниетану»  пәнінің  1-сыныптан  бастап  ұғымдардың  қалыптасып,  бірте-бірте 

дамуы тұрғысында оқытылуы қажет.  

Ендеше, дүниетануды оқытуда функционалдық сауаттылық қалыптастырудың келесі 

шарттарын  анықтайды,  ол  оқушыларда  сұлулықты  көру  мен  түсіну,  бағалау  және  оны 

қ

олымен ұстау, тәжірибе жасау біліктілігін дамыту шарттары болып табылады.  

Егер  осы  шарттар  бастауыш  сыныпта  орындалғанда  оқушының  функционалдық 

сауаттылығы  қалыптасадыСондықтан  бастауыш  сынып  үшін  оқушылардың  жас 

ерекшелiктерiн ескеру ұстанымы басшылыққа алыну қажет.  

Бұл  ұстанымның  мәні  –  бастауыш  сынып  оқушыларының  ұғымына  жеңiл, 

психологиялық  ерекшелiктерiне  сай  келетін,  бiлiм  деңгейлерiне  лайықталған  және  олардың 

ө

мiр тәжiрибесiн есепке алатын материалдардың қамтылуы.  

Осы  орайда  ұлы  ұстаз  Абайдың:  «Адам  ата-анадан  туғанда  есті  болып  тумайды: 

естіп,  көріп,  ұстап,  татып  ескерсе,  дүниедегі  жақсы,  жаманды  таниды-дағы,  сондайдан 

білгені,  көргені  көп  болған  адам  білімді  болады»  деген  дана  сөздерінен  адам  табиғатының, 

болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады.  

Егер  оқу  үдерісі,  балаларға  білім,  білік,  дағдыларды  игерту  осы  ұстанымға  негізделсе, 

нәтижелі болатыны анық.  

Бастауыш  білім  беру  деңгейі  баланың  жеке  тұлға  ретінде  адамгершілік  қасиеттерін 

қ

алыптастыруға,  оның  жеке  қабілеттерін,  оқу  ісіндегі  оң  ынтасы  мен  іскерлігін:  негізгі 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



мектептің білім мазмұнын меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, 

шығармашылық  тұрғыдан  өзін-өзі  көрсетудің,  мінез-құлық  мәдениетінің  берік  дағдыларын 

дамытуға бағытталып, таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын, 

функционалдық сауаттылығының қалыптасуын қамтамасыз етеді. 

Бастауыш  білім  беру  деңгейі  баланың  жеке  тұлға  ретінде  адамгершілік  қасиеттерін 

қ

алыптастыруға,  оның  жеке  қабілеттерін,  оқу  ісіндегі  оң  ынтасы  мен  іскерлігін:  негізгі 

мектептің білім мазмұнын меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, 

шығармашылық  тұрғыдан  өзін-өзі  көрсетудің,  мінез-құлық  мәдениетінің  берік  дағдыларын 

дамытуға бағытталып, таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын, 

функционалдық сауаттылығының қалыптасуын қамтамасыз етеді. 

ХХІ  ғасырдың  жан-жақты,  зерделі,  дарынды,  талантты  адамдарды  қалыптастыруда 

білім  беру  мәселесі,  оның  оқыту  жүйесін  заман  талабына  сай  үйлестіре  алу  міндеті 

туындап,  жаңа  талаптар  қойылуда  .Соған  орай  ұстаздардың  алдында  тұрған  міндет: 

табысты  және  әрекетке  дайын  қабілетті,  әлеуметтік  рөлін  сезінетін  құзырлы  тұлғаны 

қ

алыптастыру.  

Қ

ортындылай  келе,  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға 

бағытталған  білім  мазмұнын  игерген  оқушылардың  білімдері  мен  біліктері  өмірлік 

жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған 

ақпараттарды  сыни  тұрғыдан  бағалай  білуді,  өзінің  болжамдарын  ұсыну  және  зерттеулер 

жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі 

салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік 

міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет