Сборник материалов «миссия молодежи в науке республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет53/58
Дата06.03.2017
өлшемі7,92 Mb.
#7618
түріСборник
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58

 

1.  Тәжібаев Т. Жалпы психология. – Алматы, 1993. – 300 бет. 

2.  Намазбаева Ж.И. Психология //Оқулық. -  Алматы, 2005.- 430 бет. 

3.   Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995. 

 

 

ӘОЖ 311.12.133. 



 

Ч.Т. Мажинова  

Ӛскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бӛкей атындағы 

№44 мектеп-лицейі» КММ, Ӛскемен қ., Қазақстан 

 

ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ ЖАҢАШЫЛ ҦСТАЗ 



 

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Ҧлттық бәсекелестік қабілеті 

бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп тҧжырымдаса, ҚР 

2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тҧжырымдамасында «Орта білім 



478

 

 



берудің  мақсаты-жылдам  ӛзгеріп  отыратын  дҥние  жайында  алынған  терең 

білімнің  кәсіби  дағдылары  негізінде  еркін  бағдарлай  білуге,  ӛзін-ӛзі  іске 

асыруға, ӛзін-ӛзі дамытуға және ӛз бетінше қабылдауға қабілетті жеке тҧлғаны 

қалыптастыру»-деп атап кӛрсетілген. Қай уақытта болмасын білім жҥйесі және 

оның дамуы мемлекеттік бағдарламалардың маңызды бӛлігін қҧрайды. 

Мамандардың пікірінше, XXI ғасырда тиімді білім беру жҥйесін жасайтын 

жас ҧрпақтың ақыл-ой және рухани потенциалын барынша дамытуға мҥмкіндігі 

бар ҧлт қана озат бола алады.  

Қазіргі  таңда  Қазақстанда  білім  беру  жҥйесін  дамыту  стратегиясының 

мақсаттары  мен  міндеттері  2020  жылға  дейін  білімді  дамыту  стратегиясының 

негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда. Бҥгінгі ғаламдық білім беру 

кеңістігіне сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, ӛзінше ғылыми тҧжырым 

жасауға,  олардың  қажетіне  қарай  ғылым  жетістігін  сҧрыптауға,  мҧғалімге 

ӛзінің  іс-әрекетінің  субъектісі  болуына  мҥмкіндік  туғызу  болып  табылады. 

Ӛйткені,  тек  жоғары  білімді  маман  ғана  қоғамның  экономикалық,  әлеуметтік 

және мәдени  ӛркендеуінің кӛшбасшысы бола алады. 

Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат-жан-жақты білімді, ӛмір сҥруге 

бейім,  ӛзіндік  ой-тҧлғасы  бар  адамгершілігі  жоғары,  қабілетті  жеке  тҧлғаны 

қалыптастыру. 

«Келер  ҧрпақ  алдында  зор  жауапкершілік  жҥгін  арқалап  келеміз»  деген 

Елбасы Н.Назарбаевтың сӛзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы кӛркейіп, 

ӛркениетті  елдер  қатарынан  қосылуы  бҥгінгі  ҧрпақ  бейнесінен  кӛрінеді. 

Осыдан  барып  жас  ҧрпақтың  бойындағы  іскерлік  қабілетін  ашу  және  оларды 

шығармашылыққа баулу туындайды. 

Әрбір  мемлекеттің  ӛсіп-ӛркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті  болуының  ең 

басты  ошағы-осы  ҧстаз  берген  білім.  Сондықтан  да  дамудың  ең  биік 

кӛкжиегінен  кӛрінгісі  келетін  кез  келген  мемлекет,  ең  алдымен,  білім  беру 

саласын  дҧрыс  жолға  қойып,  сапасын  кӛтеруді  мақсат  етеді.  Ендеше  осындай 

бесекеге  қабілетті,  рухы  биік  ҧрпақ  тәрбиелеу  жаңа  формация  мҧғалімінің 

еншісіне тиері анық. 

Жаңа формациядағы жаңашыл ҧстаз: 

- ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, ӛзін-ӛзін 

кӛрсетуге  ҧмтылысы,  пәннің  әдіснамалық  негіздерін,  әлеуметтік,  тҧлғалық, 

коммуникативтік,  ақпараттық  және  біліктіліктің  басқа  тҥрлерін  меңгерген 

қҧзырлығы жоғары деңгейдегібілімді ҧстаз. 

-  ол  ӛзінің  пәнін  біліп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  педагогикалық 

процестегі  әр  қатысушының  орнын  кӛре  біліп,  оқушылар  іс-әрекетін 

ҧйымдастырып, оның нәтижелеріналдын ала байқап, мҥмкін болатын жағдайда 

арттақалушылықты реттеуі керек; 

-  білімге  ерекше  қабілетті  бар  балалармен  жҧмыс  істеуді  жҥзеге  асыру 

қажет; 



оқушылардың  адамгершілік-рухани,  азаматтық-патриоттық,  кӛп 



мәдениетті, денсаулығын сақтау тәрбиесін жҥзеге асыра білуі тиіс

Ал  жаңа  формация  мҧғалімі  дегеніміз  кім  деген  сҧраққа  жауап  іздейтін 

болсақ,  Қазақстан  Республикасының  жоғары  педагогикалық  білім  беру 


479

 

 



тҧжырымдамасында 

«Жаңа 


формация 

мҧғалімі-кәсіби 

дағды 

мен 


педагогикалық  дарыны  қалыптасқан,  жаңалыққа  қҧмар,  рухани  дҥниесі  бай, 

шығармашылықпен жҧмыс істейтін жеке тҧлға» деп кӛрсетілген, яғни ол ізгілігі 

мол,  әр  іске  жаңашылдықпен,  ҥлкен  ізденіспен  зерттеуші  ретінде  қарайтын, 

ақпараттық  технологияны  толық  меңгерген,  бір  сӛзбен  айтқанда,  толыққанды 

қҧзырлы адам. 

Білім беру жҥйесінің негізгі міндеті баланың рухани мҥмкіндігін дамыту, 

оны  оқыту,  тәрбиелеу  мен  ӛзіндік  қабілетінің  дамуына  жағдай  жасау. 

Тәуелсіздік туы желбіреген мемлекетіміздің ертеңгі, ел тізгінін ҧстар азаматы-

бҥгінгі  білімді  шәкірт  екендігіне  еш  кҥмән  жоқ.  Ал  білімді  шәкірт-білімді 

ҧстаздың жемісі. Оқушы жан-жақты жетілген, тәрбиелі болу ҥшін кӛп ізденіс, 

еңбек  керек.  Оның  бойындағы  дарындылықты  дамытуға  негізделген  сабақтың 

қызықты  ӛтуі  әрине  мҧғалімнің  ҥнемі  ізденуіне,  ҧтымды  әдіс-тәсілдерді 

қолдануына, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. 

Педагогикалық  Білім  концепциясында  «мҧғалім  ӛз  пәнін  міндетті  тҥрде 

терең білуге тиісті, бірақ сонымен қатар оқу ісіне қатысатын мҥмкіндіктердің ӛз 

орнын біліп, оны уақытында бағыттап, нәтижеге жетелеп, дер кезінде тҥзетулер 

енгізе  алатын  қҧзыретті  тҧлға  болуы  керек"  делінген».  Қҧзыретті  мҧғалім 

дегеніміз-адамның  ӛз  мамандығы  бойынша  әлеуметтік  және  кәсіби  пісіп 

жетілуі. 

Мҧғалім 


шығармашылықпен 

шыңдап 


айналысу 

арқасында 

педагогикалық  шеберлікке  қол  жеткізеді.  Педагогикалық  энциклопедияда 

«Педагогикалық шеберлік-ӛз кәсібін жақсы кӛріп таңдаған және баланы сҥйетін 

әрбір  мҧғалімнің  қолынан  келетін  тәрбиелеу  мен  оқытуды  жоғарғы  дәрежеде 

ҥнемі  жетілдіріп  отыру  ӛнері»  деген  анықтама  берілген.  Ӛз  кәсібін  сҥю  деген 

ҧғымды  білдіреді.  Педагогикалық  шеберліктің  іргетасы  педагогкты  даярлау 

кезінен бастап қаланады. Бірақ шебер педагог болуға бҧл да жетімсіз, ол кҥнбе-

кҥн ӛз әрекеті арқылы жоғары кәсіби деңгейді кӛрсетіп отыруы тиіс. Егер олай 

болмаса,  педагогикалық  шеберлік  іске  асырылмаған  мҥмкіндіктер  кҥйінде 

қалып қоюы мҥмкін. 

Шығармашыл  мҧғалімге  аса  қажетті  сапа-белсенділік.  Ҧлы  педагог 

К.Д.Ушинский  қоғамдық  қатынастарды  ҧзақ  уақыт  жан-жақты  зерттеп  талдау 

нәтижесінде  бәрі  де  тек  тәрбиеге  байланысты  деген  нақты  тҧжырымға  келе 

отырып, ол басқа да кӛрнекті педагогтар сияқты қоғамды жақсартудың бірден-

бір  жолы  мектеп  ісін  жетілдіруде  деп  тҥсінді.  Сондықтан  қайсібір  мҧғалім 

болмасын  оның  ӛзінің  қоғам  жайлы,  білім  және  тәрбиеге  байланысты 

кӛзқарастары болып, тиісті жерлерде ӛз кӛзқарастарын ашық білдіріп отыруға 

қалыптасуы тиіс. Мысалы, жаңа оқулықтардың сапасы қандай, оқытудың жаңа 

технологиясының  тиімділігі  жайлы,  бір  сӛзбен  айтқанда,  оқу-тәрбиеге 

байланысты кез келегн проблемалар бойынша. Ҧстаздық мамандық-ӛмір бойы 

оқып  ӛтетін  мамандық.  «Мҧғалім  қай  кҥні  оқуды  тоқтатады,  сол  кҥні  білім 

беруін  де  тоқтатады»  деген  сӛз  қай  мҧғалімнің  де  есінен  ешқашан  шықпауы 

тиіс. Себебі, неміс педагогі Ф.А.Дистерверг айтқандай «ӛзгерістердің басқаның 

бәрі тҧрақсыз», яғни дҥниеде бәрі ӛзгеріп отырады. Мысалы, кҥні кешеге дейін 

мҧғалім-оқыту  ҥрдісінің  субъектісі,  ал  оқушы-нысаны,  яғни  объектісі  болып 

есептеліп  келсе,  қазіргі  кезеңде  оқушының  да  еркіндігі  мойындалып,  оқыту 


480

 

 



ҥрдісінің  субъектісіне  айналып  отырғандығы  соның  айқын  дәлелі.  Бҧдан 

шығатын  қорытынды,  осы  заманғы  педагогикалық  кӛзқарас  бойынша 

бҧрынғыдай  оқушы  мҧғалім  берген  білімді  енжар  қабылдаушы  емес,  ӛзі  де 

білім  алу  ҥрдісінде  қатысады,  ал  мҧғалім  оқушының  білім  алуына  жағдай 

туғызушы.  Оқытудың  тҥпкі  мақсаты-ӛмірге  жан-жақты  бейімделген,  ӛз 

мҥддесін  қоғам  мҥддесімен  ҥйлесімді  ҧштастыра  алатын  оқушы  тҧлғасын 

тәрбиелеп  шығару  мҧғалімнің  қасиетті  борышы.  Пікірталасқа  қатысып,  ӛз 

кӛзқарастарын  батыл  білдіріп  отырғаны  жӛн.  Сонда  ғана  ортақ  іс  ілгері 

жылжиды,  мҧғалім  де  шыныға  тҥседі.  Себебі,  тәрбие  мәселесі  аса  маңызды 

мемлекеттік  іс,  ал  оны  тікелей  жҥзеге  асырушы  мҧғалім-тек  ағартушы  ғана 

емес, ол қоғамдағы барлық тірлік саласына қатысатын саясаткер де. 

Қазіргі  кезде  білім берудің  мазмҧны  жаңарып,  жаңаша  кӛзқарас,  басқаша 

қарым-қатынас  пайда    болады.  Баланың  жеке  басын  тәрбиелеуде,  оның  жан 

дҥниесінің рухани баюына кӛңіл бӛлінуде. Сондықтан білім беру саласындағы 

оқытудың  озық  технологияларын  меңгеріп,  жаңа  формация  мҧғалімі  болу-

заман 


талабына 

сай 


білім 

берудің 


жолы-тиімді 

педагогикалық 

технологияларды  ҧтымды  пайдалана  білу  шеберлігі.  Бҧл  мҧғалімнің  бойында 

қҧзыреттіліктің ҥш тҥрі болуы міндетті: 

-

 

проблемалардың шешімін табу қҧзыреттілігі; 



-

 

ақпараттық қҧзыреттілік; 



-

 

коммуникативтік қҧзыреттілік; 



Проблемалық 

шешімін 


табу 

қҧзыреттілігі-бҧл 

тҥрлі 

жағдайлардапроблемаларды  анықтайды,  жауапты  шешім  қабылдайды,  ӛз 



шешімінің  нәтижесін  бағалайды.  Ӛз  іс-әрекетіне  мақсат  қоя  алады,  оны  іске 

асыруға  қажетті  жағдайларды  анықтайды.  Сонымен  қатар  қойылған 

міндеттерге сәйкес технологияларды таңдайды. 

Ақпараттық  қҧзыреттілік-сыни  тҧрғыдан  ҧғынылған  ақпарат  негізінде 

саналы шешім қабылдайды, ақпараттарды ӛз бетімен табады, талдайды, іріктеу 

жасайды,  қайта  қҧрады,  сақтайды,  тҥрлендіруге  және  тасымалдауға,  соның 

ішінде  қазіргі  заманғы  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың 

кӛмегімен аталған жҧмыстарды жҥзеге асырады. 

Коммуникативтік қҧзыреттілік-нақты ӛмір жағдайында ӛзінің міндеттеріне 

жету  ҥшін  мемлекеттік  және  басқа  тілдерде  ауызша  және  жазбаша 

коммуникациялардың  тҥрлі  қҧралдарын  қолданады.  Тілдік  қатынас 

міндеттеріне сәйкес стильдер мен жанрларды таңдайды және қолданады. 

Жаңа формациядағы ҧстаздың кәсіби мәдениеті тӛмендегідей сипатталады: 

I.

 

Кәсіби қасиеті: 

-

 

ҧйымдастыру қабілеті; 



-

 

білімнің тереңділігі; 



-

 

ғылыми білімі; 



-

 

дарындылығы; 



-

 

шығармашылығы; 



-

 

интеллектуалдық қасиеттері



II.

 

Моралдық-этикалық қасиеті: 



-

 

адамгершілігі; 



 

481

 

 



-

 

ақиқатқа қҧштарлығы; 



-

 

мейірімділігі; 



-

 

қарапайымдылығы; 



III.

 

Психологиялық даярлығы: 



-

 

сыртқы келбеті; 



-

 

киім киісі; 



-

 

жҥріс-тҧрысы; 



-

 

сӛйлеу мәдениеті; 



-

 

әдептілігі; 



«Барлық мҥмкіндік балалардың бойында» деген ҧлы ойшыл  

А.Толстойдың  даналық  сӛзі  бар,  ал  баланы  дамытатын  шығармашыл, 

талантты,  білімді  ҧстаз.  Жалпы  алғанда  барлық  салалардағы  сияқты 

педагогикалық  істе  де  талант  сирек  кездесетін  нәрсе.  Әрбір  мҧғалімнің 

талантты  болмауына  да  болады.  Алайда,  ол  ӛз  ісінің  шебері  бола  алады  және 

болуға тиісті. Жақсы шебер мҧғалім оқушылармен ӛзара қарым-қатынасты бір 

деңгейде қалыптастыра алады. 

А.Макаренко  «Ӛзара  қарым-қатынас  қуанышты  болуға  тиісті.  Ол 

шығармашылықты  ӛрлеуді,  батылдықты,  сергектікті  керек  етеді»  деді.  Ӛз 

жҧмысының  сипатына  байланысты  мҧғалім  ҧйымдастырушы,  жетекші, 

насихаттаушы болуы керек. Ол барлық жағынан оқушыларға ӛнеге, ҥлгі болуға 

тиісті, тіпті сыртқы келбетімен де тәрбиелейді. 

Әрбір тҧлға ӛмірінде ҥлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына 

ҧялатқан  ҧстазын  мәңгілік  есінде  сақтайды.  Алайда,  талантты,  шебер  жаңа 

формация  ҧстазы  болудың  алғышарты  шебер  мҧғалімдердің  жҧмыстағы  озат 

тәжірибесінен,  педагогикалық  еңбектің  технологиясын  зерттеп  ҥйренуден 

басталады.  Осындай  жағдайда  ғана  білім  алушылардың  тҧлғалық  болмысы 

қалыптысып,  егеменді  еліміздің  ертеңіне  лайықты  ҧл  мен  қызы  болатын  жас 

ҧрпақты тәрбиелейтін ҧстаздардың кӛбейтетініне сенімдіміз. 

Жаңашыл  ҧстаз  ӛз  пәнін  жетік  біліп  қана  қоймай,  әрбір  қатынасушының 

педагогикалық  ҥдерістегі  орнын  білуі  керек.  Оқушылардың  оқу-тәрбие 

жҧмысын  ҧйымдастыра  алуға  қабілетті  болып,  оның  нәтижелерін  алдын-ала 

болжамдап  кӛре  білуі  тиіс,  болуы  мҥмкін  ауытқушылықтарды  дер  кезінде 

тҥзете  алуы,  яғни  қҧзыретті  тҧлға  болу  керектігіне  назар  аударылады. 

Жаңашыл  ҧстаз  ҥш  тҥрлі  қҧзыреттілікке  ие  болуы  тиіс:  әдіснамалық, 

жалпымәдени,  пәндік-бағыттылық.  Педагогикалық  қызметтің  шығармашылық 

бағытталуы, біріншіден, мҧғалімге мамандығы ҥшін мәні бар кҥшті және әлсіз 

жақтарын  (ӛзін-ӛзі  тануын,  эмоционалдық  қалпын,  коммуникативтік  және 

дидактикалық  қабілеттерін  және  т.б.)  бағалай  алуы;  екіншіден,  зияткерлік 

мәдениетін  (ойлау,  ес,  қабылдау,  зейін),  мінез-қҧлық,  қарым-қатынас,  соның 

ішінде  педагогикалық  қарым-қатынасты  меңгеруі;  ҥшіншіден,  қазіргі 

интеграциялық  ҥдерістер,  әлемдік  білім  берудің  даму  тенденцияларын 

бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.Сондықтан жаңа 

ғасырдың ҧстазына қойылатын талап та кҥрделі. «Қыран-тҥлегіне қайтпас қанат 

сыйлайды,  ҧстаз-шәкіртіне  талмайтын  талап  силайды»  демекші,  ҧстаз  –  қай 

кезде  де  мектептің  жҥрегі,  қоғамның  тірегі.  Қоғам  тҧлғаны  қаншалықты 



482

 

 



жетілдірсе, жетілген тҧлға қоғамды соншалықта дәрежеде дамытады. Ал жеке 

тҧлғаға білім беріп, тәрбиелейтін, дамытатын, әрине-ҧстаздар қауымы. 

 

Әдебиеттер тізімі 



 

1.

 



Қазақстан  Республикасында  білі  беруді  дамытудың  2011-2020 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы.  Егемен  Қазақстан.  2010,  14 

желтоқсан. 

2.

 



Жаңа  формация  мҧғалімін  дайындау  мәселелері.  Қазақстан 

Педагогикалық Ғылымдар Академиясының хабаршысы. 2012, №1. 

3.

 

Т.И.Ильина. Педагогика. Алматы. «Мектеп», 1977. 187-189-б. 



4.

 

Ш.Беркімбаева,  А.  Қҧсайнов,  А.  Рысбаева,  М.  Бҧлақбаева.  Жоғары 



мектеп педагогикасы. 2009. 18-19-б. 

5.

 



Ерденова  Б.  Жаңа  формация  мҧғалімі  және  болашақ  мҧғалім.  -КК. 

Wikipedia.org/wiki/ (8.11.12.) 

 

 

ӘОЖ 212.10.13(3) 



 

А.Ш. МолдабайГ.А. Бахрамова 

М. Әуезов атындағы Оңтҥстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 

Шымкент қ., Қазақстан 

 

МҦҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ  



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС 

 

Мҧғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, ӛзіндік ерекшелігі мол 



шығармашылықты  сҥйеді,  ӛйткені  жеткіншек  ҧрпақты  ӛмірге,  еңбек  пен 

әлеуметтік  іс-әрекетіне  дайындау  мҧғалімдерді  кӛп  іздендіріп,  ойландыратын 

жҧмыстың  ең  басты  тҥрі.  Олай  болса,  әр  бір  мҧғалім  орта  немесе  жоғары 

дәрежелі психологиялық-педагогикалық білім алумен қанағаттанып қоймай ол 

тәрбие  мен  оқытудың  тиімді  жолдарын  ҥнемі  іздестіріп,  жҧмысында 

пайдаланып  отыруы  тиіс.  Сонда  ғана  мҧғалім  жаңашыл,  оқушыларға  тәрбие 

және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы кҥші және 

асқан шебері бола алады. Мҧғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі 

жҥйелікпен  жҥзеге  асырылатыны  айқын.  Мысалы,  оңайдан  қиынға  жеңілден 

ауырға  нақтылы  тҥсініктен  абстрактылы  ҧғымға  біртіндеп  ауысу  ережелерін 

және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмағанша оқу және 

тәрбие  жҧмысында  белгілі  нәтижеге  жету  қиын.  Сондықтан  мҧғалімнің 

алдындағы  басты  міндет  –  оқушыларды  біліммен  қаруландыра  отырып, 

ойлауға, сӛз шеберлігіне, еңбек ете білуге ҥйрету және тәрбиелеу. Ҧстаз ертеңгі 

кҥнге  де  жҧмыс  істеуі  қажет.  Ол  заман  дамуынан  артта  қалмастан,  ӛзін-ӛзі  

жан-жақты    дамыту  ҥшін  саяси  –  идеялық  дәрежесін  кҥнбе-кҥн  жетілдіріп 

отыруға  талаптанады.  Мҧғалім  ӛз  мамандығына  байланысты  ғылыми  – 

теориялық мәселелерді, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарға сәйкес 



483

 

 



меңгеруі  тиіс.  Егер  ол  ӛзінің  теориялық  білімін  ӛмір  талабына  сай  жетілдіріп 

отырмаса,  онда  жстарды  жан-жақты  дамытып,  тәрбиелеуге  шамасы  келмейді. 

Социологтардың  зерттеу  мәліметі  бойынша  институтты  бітірген,  мҧғалімнің 

білімі 6-8 жылдан кейін ескіреді. Ал мҧндай жағдайды болдырмау ҥшін мҧғалім 

ҥнемі  ізденіп  жҧмыс  істейді.  Сондықтан  оның  шығармашылық  іс-әрекеттері 

кӛп  болуы  керек.  Мысалы,  арнаулы  әдебиеттер  мен  пәндік  журналдарда 

жарияланатын  мәселелермен  таныс  болуы,  ғылыми  семинарлар  мен 

конференцияларға белсене қатысып ҥлес қосуы ой ӛрісін кеңейтеді. [1] 

Психологиялық-педагогикалық 

ғылым 


жетістіктері 

мен 


озат 

педагогикалық  тәрбиені  заман  талабына  сай  меңгеру  оқушыларға  білім  мен 

тәрбие  берудің  негізгі  кӛзі.  Қазіргі  кезеңде  ғылымның  соңғы  табыстарына 

негізделіп мектеп ӛмірінде жҥзеге асырыла бастаған және ең басты мәселелер 

оқытудың  технологиялық  принципі  арнаулы  факультатавтік  курстар; 

бағдарламалап  және  дифференциялау  арқылы  оқыту;  қоғамдық  пайдалы  және 

ӛнімді  еңбектің  оқу  мен  тәрбие  жҥйесінде  алатын  орны;  кәсіптік бағдар  беру; 

компьютер және т.б. болып отыр. Осы мәселелерді іс-жҥзінде асыру мҧғалімнің 

техникалық,  психологиялық,  педагогикалық  білім  деңгейіне  байланысты. 

Сондықтан  ол  балалардың  жас  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып, 

физиологиядағы 

қҧбылыстардың 

негізгі 

ҧғымдарын 

заңдылықтарын 

принциптері  мен  ережелерін  және  олардың  табиғи  байланыстылығын,  атақты 

И.М.  Сеченов,  И.П.Павлов,  белгілі  психологтар  А.А.Смирнов,  А.Н.Леонтьев, 

А.А.Есипов,  М.А.Данилов,  Л.В.Занков,  М.Н.Скаткин  т.б.  ғалымдардың 

еңбектерін  қол  ҥзбей  оқып  терең  меңгеру  керек.  Сонда  ғана  мҧғалім 

шығармашылық  еңбектің  тамаша  шебері  бола  алады.  Мектеп  ӛмірінде осыған 

керісінше  фактілер  де  жиі  кездеседі.  Кейбір  мҧғалім  ӛздігінше  теориялық 

білімін одан  әрі дамытумен  шҧғылданбайды,  жаңалықтармен  сирек  танысады. 

Осының  нәтижесінде  ӛмір  ағымынан  артта  қалып,  ӛз  жҧмысында  ҥлкен 

бақылау  мәліметтеріне  қарағанда  мҧндай  мҧғалімдердің  оқушыларға  жҥйелі 

тәрбие  берудің  орнына,  ҧзақ  зеріктіретін  нақыл  сӛздерді  айтып,  моральдық 

нормалар мен талаптарды ҥстіртін ҥйретумен шектелінетіндігі және әр баланың 

табиғи дербес ерекшеліктерін еске алмайтындықтары байқалып келеді. Кейбір 

педагог-психолог  ғалымдардың  мәліметтері  бойынша  шығармашылық 

тҧрғыдан  психологиялық-педагогикалық  міндеттердің  ҥш  тҥрін  анықтауға 

болады. 


Стратегиялық  (стратегия  –  қандай  болса  да  мақсатқа  жетудің  басшылық 

ӛнері)  міндеттерді  шешу  ҧзақ  уақытты  талап  етеді.  Мысалы,  мҧндай 

міндеттерге  жеке  адамның  дамуы,  тәрбиесі,  қалыптасуы  оқушыларды  ӛмірге, 

еңбекке баулу және олардың ӛзара қарым-қатынастары және т.б. 

Техникалық  (тактика  қандай  болса  да  мақсатқа  жетудің  жолдары  немесе 

әдістері)  міндеттер  жҥйесі  арқылы  стратегиялық  еңбекке  баулу  мәселелері 

жӛнінде тактикалық міндеттерді іске асыру тиіс. 

Оперативтік  міндеттер  –  бҧл  іс-әрекеттерін  тікелей  орындау,  яғни 

тактикалық  міндеттерден  оперативтік  міндеттерге  кӛшіп,  мәселелерді 

балалардың қатысуымен шешу. [2] 

Мҧғалімнің шығармашылығы ӛзінің жеке шығармашылық қабілетін танып 


484

 

 



білуден  басталады,  ӛйткені,  оқыту  мен  тәрбиелеу  ісі  ӛзіне  тән.  Ал  тҧлғаның 

жеке  даралығы  қажет  кезінде  кӛптеген  мәселелерді  шеше  алады.  Болашақ 

мҧғалімнің  жеке  шығармашылығына  оның  дара  тҧлғалық  ерекшеліктеріне 

кіреді  «Шығармашылық  даралығына»  -  мынадай  тҥсініктер  беруге  болады: 

шығармашылыққа  тҧлғаның  қатысының  алатын  орны,  ӛнімді  іс-әрекеттің 

деңгейі,  психологиялық-педагогикалық  ҥрдістегі  іс-әрекеттің  мәнін  ҧғыну  т.б. 

Бҧдан 

басқа 


психологиялық-педагогикалық 

іс-әрекет 

спецификасы 

шығармашылық 

істің 

бағыт-бағдарынан 



тҧрады. 

Психологиялық-

педагогикалық 

шығармашылыққа 

мҧғалімді 

даярлау, 

оның 

жеке 


шығармашылыған  қалыптастыруға  негізделеді.  Оның  механизмін  екі 

тенденциямен сипаттауға болады:  

1. Болашақ мҧғалімнің озық психологиялық-педагогикалық тәжірибелерді 

қабылдап  меңгеруі  және  сол    тәжірибелерді  шығармашылықпен  қайта  ӛңдей 

алуы.   

2. Тҧлғаның даму ерекшеліктерімен қамтамасыз етілуі. 

Болашақ  мҧғалімді  шығармашылық  іс-әрекетке  даярлау  екі  нәрсе 

маңызды:       

1. Тҧлға ретіндегі жеке даралығы.  

2. Адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің ӛзгеріске ҧшырауы. 

Бҧдан  мынандай  тҥйін  шығады,  тҧлғаның  (жеке  индивидті)  ерекшеліктерін 

ескере  отырап  қалыптастыру  арқылы  жеке  шағармашылық  жолын  жасауға 

болады.  Жеке  даралықтың  тҧлғадан  айырмашылығы  сол;  ол  адамның  ӛзінің 

белсенді қатысуымен қалыптасады. Бҧл жӛнінде С.Рубенштейн, А.Леонтьев ӛз 

еңбектерінде атап кӛрсетеді.  

Қарым-қатынас  ӛздігінен  білім  алу  мен  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеудің  басты 

қозғаушы  кҥші.  Іс-әрекет  объектісіне  қатынас  субъекті  ҥшін  қҧндылық  және 

ӛзіндік  бейнесі  арқылы  іске  асырылады.  Осыған  сәйкес  болашақ  мҧғалімнің 

жеке  шығармашылық  қалыптасуы  тек  кәсіптік  тҧрғыдан  ғана  емес,  ӛмір 

салтының  психологиялық-педагогикалық  іс-әрекетіне  қатынасынан  да 

байқалады.  Егер  мҧғалім  ҥшін  психологиялық-педагогикалық  жҧмыс  ӛмірінің 

мәніне айналса, онда тҧлға шығармашылыққа ҧмтылады. [3] 

Әр бір мҧғалім психологиялық-педагогикалық іс-әрекет субъектісі әрі жеке 

дара  тҧлға  ретінде  қалыптасуы  тиіс,  ал  жеке  даралықты  шығармашылықтан 

бӛліп  қарауға  болмайды.  Бҧл  ҥрдістің  ӛзі  қалыптасудың  жаңа  танымы  мен 

ойлауында шығармашылық сипатқа ие. 

Психологиялық-педагогикалық шығармашылықтағы тҧлғалық ойпат әр бір 

мҧғалімнің іс-әрекеті барысында пайда болады. Оқулық та, сынып та, берілетін 

материалдар бірдей болғанымен, әр бір ҧстаз әр қайсы әрекет етеді. Сондықтан 

да  студенттерге  оқу  мекемелері  қабырғасында  жҥрген  кезден  бастап,  жеке 

шағармашылықтың  кей  бір  ерекшеліктерін  қалыптастырып,  ондай  тәжірибеде 

жҥзеге асыру мҥмкіндіктерін ашуға баулу керек. 

Мҧғалімнің  тҧлғалық  әлеуметі  кӛп  ӛлшемді  және  кӛп  модельді.  Мҧны 

талдаған  ғалымдар  кәсіби  маңызды  сапаларынан  (В.Козиев,    Л.Поздняк, 

С.Тютюнник  т.б.)  немесе  қҧрылым  ерекшеліктерінен  (Б.Ананьев,  В.Мерлин, 

Н.Кузьмина т.б) кӛреді .  



485

 

 



Аталған  аспектілер  психологиялық-педагогикалық  іс-әрекетті  реттейді, 

оған  педагог  тҧлғасының  жеке  қҧрылымы  контексі  енеді.  Мҧндай  тҧлғалық 

бӛліктердің маңыздысы ӛзіндік таным. 

Кәсіби жағынан ӛзін-ӛзі тануды оқып ҥйрену жҧмыстарын байыта отырап, 

зерттеушілер мынандай бӛліктерді алға тартады. 

1. Белгілі кәсібилікке ӛзінің қажеттілігін сезінуі. 

2. Кәсіби сәйкестігіне ӛзінің дәрежесі тҧралы ойының болуы. 

3. Кәсіби топта оны мойындаудың дәрежесін білу. 

4.  Ӛзінің  әлсіз  және  кҥшті  жақтарын,  жетілу  жолдарын,  жетістіктері  мен 

кемшіліктерін білуі. 

5. Ӛзін және болашақта атқаратын жҧмысы жолында тҥсінігінің болуы. 

6. Кәсіптік іс-әрекеттегі және «Мен» бейнесі. 

Психологиялық-педагогикалық  ӛзін-ӛзі  танудың  бӛліктері  –  тітіркену 

(рефлексия)  және  ішкі  диалог  тәжірибесі,  психологиялық  педагогикалық  іс-

әрекеттегі  тҧлғалық  ақыл-ой,  ӛзін-ӛзі  бағалау  және  кәсіби  деңгейі,  жағдайлар 

қҧралымында  ӛз  орнын  білу,  әлеуметтік  –  психологиялық-педагогикалық 

міндеттері  мен  мҥмкіндіктерін  сезіну,  психологиялық-педагогикалық  іс-әрекет 

барысында  әр  тҥрлі  жағдаятта  кездесетін  кедергілерді  адекватты  шешудің 

рӛлдік  тәжірибесі,  т.б.  Әрине  жоғарыда  аталған  бӛліктердің  бәрі 

психологиялық-педагогикалық  білім  берудің  бастапқы  кезеңінде  қалыптаса 

қоймайды.  Жанжалдарды  шешудің  рӛлдік  тәжірибесі  мен  психологиялық-

педагогикалық  іс-әрекет  қҧрылымында  ӛз  орнын  білу  сияқты  бӛліктер 

мҧғалімнің  оқушылар,  ата-аналар  және  қоғам  алдындағы  моральдік 

жауапкершілігін ӛзектендіре тҥседі. 

Ӛмірлік тәжірибе мен кәсіби білім деңгейі де десек ғылыми атақ- дәрежесі 

де жҥргізетін пән де,  тіпті жастары да шамалас мҧғалімдердің кәсіби шеберлігі, 

яғни  сабағының  ҧғымдылығы  мен  оның  жҧғымдылығы  әсте  бірдей  ҧстанған 

оқыту  әдістемесіне  еншілейміз  де,  тек  ҧстаздық  шеберлікті  ҧштар  ҧстаз 

шеберлігінің ӛзегі – тіл байлығымызды, дәлірек айтсақ, ойды жҥйелеуге қажет 

сӛздік  қорымыз  деңгейімен  және  сӛйлеу  мәдениетімізбен  сабақтас  екендігін 

байқар едік.  Ол ҥшін ҧстаз біріншіден, ӛзі еркін білетін тілде сабақ алуы қажет. 

Тҥсінікті  тілде  білім  беру  кәсіби  біліктілік  қалыптастырудың  қағидалық 

аксиомасы  екендігін  әр  кез  басшылыққа  алуға  тиістіміз.  Соның  нәтижесінде, 

шығармашық іс-әрекет техникалық кәсіби білім берудің қай деңгейін алмаңыз, 

бірде-бір  пән  қазақ  тілінде  оқытылған  емес.  Мҧғалім  білмәр  әрі  білікті 

болғанымен,  дәрісханада  оқылатын  пәнді  кәсіби  біліктілік  қалыптастырып 

шығуы  әсте  мҥмкін  емес.  Кәсіби  шығармашылық  іс-әрекетті  жетілдіруді  оқу 

әдебиетінің  атқарар  рӛлі  зор.  Оны  ешбір  бекерге  шығара  алмайды. 

Шығармашылық  қарым-қатынас  әсіресе,  жасӛспірім  балада  ӛте  тез дамиды да 

жаңа мағына мен жаңа нысанаға ие болады. [4] 

Мҧғалімдердің  әдістемелік  пен  бірлестіктеріне  әр  тҥрлі  мәселелер 

қарастырылады,  талқыланып  талдау  жасалынады.  Мәселен,  оларға  сабақтар 

типологиясы  және  қҧрылымы,  жаңашыл  мҧғалімдердің  іс-тәжірибелерімен 

танысу,  аралас  қайталау  жинақтау,  лабораториялық  және  семинар  сабақтарын 

ӛткізу  әдістері,    жазба  бақылау  жҧмыстарының  мәтінін  жасау,  оларды  ӛткізу, 


486

 

 



талдау  тәсілдері,  оқушыларды  шығарма  жазуға  ҥйрету,  сабақта  кӛрнекі  және 

техникалық қҧралдарын, оқыту машиналарын пайдалану т.б. жатады. 

Мектепте оқу және тәрбие жҧмыстарын жетілдірудің жаңа бір формасы, ол 

мҧғалімнің шығармашылық, қарым-қатынас іс-әрекеті. Шығармашылық бҧл ең 

алдымен мҧғалімдердің мамандықтарына сәйкес терең және берік білімді, мол 

тәжірибені  талап  етеді.  Шығармашылық  қабілетті  дамыту  ӛз  бетімен  іздену, 

зерттеу  жҧмыстарына  байланысты.  Шығармашылық  іс-әрекет  ең  кӛкейкесті 

мәселелерді  шешу  жолдарын  іздестіреді  оларды  келешекке  мҧғалімдердің 

игілігіне  айналдырады.  Қаралатын  мәселелердің  бағыттары  дифференцивтік 

және мәселелік оқыту, оқушылардың логикалық ойын дамыту, дҥниеге ғылыми 

кӛзқарасын қалыптастыру тәрбиесі қиын балармен жҧмыс кәсіптік бағдар беру 

мәселесі, қоғамдық пайдалы жҧмыстарды ҧйымдастыру мәселелері т.б. 

Мектеп 

ӛмірінде 



мҧғалімдердің 

кәсіби 


дайындығын 

кӛтеруде 

психологиялық-педагогикалық семинарлардың және практикумдардың маңызы 

арта  тҥсуде.  Мҧғалімдердің  практикалық  іскерлігін,  шығармашылық 

қабілеттерін  дамытуда  практикумдар-семинарлардың  рӛлі  ӛте  зор.  Сенымен 

бірге,сабақ  ҥстінде  оқушылармен  атқарылатын  жҧмысты  басқаруға,  сабақты 

бақылау  әдісіне,  талдау  тәсілдеріне  ҥйретеді.  Осының  нәтижесінде  әрбір 

мҧғалім  ӛз  ісіндегі  кемшіліктерді  байқайды,  теориялық-практикалық  білім 

алуға тырысады, қызығушылығы белсенділігі артады. 

Қазіргі  заман  мҧғалімнің  жаңа  мәселелерді  жҥйелі  тҥрде  оқуын  және 

зерттеуін  талап  етеді.  Сондықтан  әрбір  психолог-педагогтың  оқу,  білім  беру, 

тәрбие  және  ҧжымды  басқару  теориялары  мен  психологиялық-педагогикалық 

мәселелермен, шетел психологтары және педагогтардың теорияларымен ҥнемі 

қаруланып отыруы қажет.    

Мҧғалімнің  кәсіби  шеберлігін  жетілдіруде  екі  жағдайыды  ескеру  керек. 

Олардың бірі – мҧғалімнің жеке жоспарына сәйкес ӛз бетімен білім алу жолы, 

екіншісі  -  әр  тҥрлі  ҧжымдық  жолмен  мамандықты  кӛтеру.  Ҧжымдық 

формалары:  әдістемелік  және  теориялық  семинарлар;  мҧғалімдердің  білімін 

жетілдіру  институты  жанындағы  қысқа  мерзімді  курстар;  психологиялық 

семинарлар мен тренингтер және де мҧғалім мен оқушылар арасындағы қарым-

қатынастың  бірлігі;  сынып  сағаттарын  ӛткізудің  тәрбиелік  ерекшелігі; 

психологиялық  –психологиялық  сайыстар  ӛткізу  т.б.  Сонымен  мҧғалімнің 

қандай болса да песихологиялық-педагогикалық еңбекке жарамдылық деңгейін 

анықтау ҥнемі жаңартып, жетілдіріп отыруды қажет етеді. 

Әйгілі педагог А.Дистервегтің «Нашар мҧғалім ақиқатты ӛзі айтып береді, 

жақсы  мҧғалім  ӛзін  ізденуге  жетелейді»  деген  қанатты  сӛзінің  тілге  оралуы 

заңдылық.  Жаңа  буын  оқулықтары  жоғарыда  айтқандай,  дамыта  оқытуға 

ыңғайлы.  Ізденуші  мҧғалім  бала  бойындағы  туа  біткен  тҥрлі  қасиеттерді  дәл 

байқап, оның салалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай ӛз бетінше дамыта 

тҥсуіне жағдай тҧғызуы керек. 

Ӛзіндік бақылау және оның қҧрам бӛлігінің біріне жататын ӛзіндік басқару 

тҧтас бір  дидактикалық  жҥйе  қҧрайды.  Осы  тҧрғыдан  алғанда ӛзіндік басқару 

мен  бақылау  ҧғымдарын  психологиялық-педагогикалық  жағынан  қарастыру 

оқушының оқу танымдық іс-әрекетінің кӛкейкесті кҥйін талдауға оның дамуын 



487

 

 



болжауға  мҥмкіндік  береді.  Енді  осы  мәселені  теориялық  тҥрде  негіздеп 

кӛрейік. Ӛзіндік бақылауға бейімдеу мақсатын жҥзеге асыратын ӛзіндік басқару 

оқушылардың  теориялық  білімді  терең  игеруге,  оның  кӛмегімен  ӛз  білімін 

тҧрақты  тҥрде  толықтырып  және  жаңартып  отыруды,  қажетсінуді,  әдетке 

айналдыруды  және  ойлау  әрекетін  дамытып,  ӛзіндік  бақылауға  бейімдеудің 

тиімді әдіс-тәсілдерін игеруге мҥмкіндік береді.  

 

Әдебиеттер тізімі 



 

1.

 



Әліпбек А.З. Педагогикалық психология.Лекциялар жинағы. - Шымкент 

2009. 


 2.  Абеуова  И.  Білім  беру  саласындаєы  психологиялық  қызмет:  әдіснама, 

технология, практика: Монография / - Алматы.: "Эверо", 2011. - 452 б. 

3.  Жаздықбаева  Ҥ.,  Тажиева  Ж.  "Жаңа  адамды  тек  жаңашыл  ҧстаз 

тәрбиелейді"/ әдістемелік қҧрал. – Шымкент, 2011. 

4.  Ыбыраймжанов  Қ.  Педагогикалық-психологиялық  технология  // 

Бастауыш мектеп №8, 2005. – 7 б. 

 

 

ӘОЖ 159.9:316.6 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет