Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет390/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые слова: клиповое мышление, профилактика клипового мышления, обучение в 

начальной школе, обновленное содержание образования.



Key words: mosaic thinking, prophylactic treatment of mosaic thinking, primary school education, 

updated content of educa

tion.



564

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА МҰҒАЛІМНІҢ

ШЕБЕРЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Б.З. Кожагалиева

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі» ММ, Қостанай қ., 

k.bopezhan60@mail.ru

Қазіргі  қоғамда  болып  жатқан  саяси  және  экономикалық  өзгерістер  кез-келген  қызмет 

саласындағы  жаңартуды  қажет  етеді.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 

Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  арналған  Жолдауына  Қазақстан  дамуының  басымдылық 

бағыттары  айқындалып,  Қазақстанның  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  мақсаты 

қойылған.  Жаңа  технологияларды  меңгерген,  білікті,  білімді  мамандар  ғана  алға  қойылған 

мақсаттар мен жоспаларды жүзеге асыра алады.

Бүкіл әлемдегі білім беру саласы – ұлттық жаңару үрдісінің доминанты.   Қоғам жағдайы – 

білім беру үрдісінің жағдайына байланысты. Қазіргі заманғы білім берудің міндеті — әлемнің 

жаңа  бейнесін  қалыптастыру  адамның  шығармашылық  бастауын  дамыту  арқылы  тұлғаның 

ішкі жан-дүниесін кеңейту. Қазіргі өмір өзгерістерді талап етсе, жастар сол өзгерістердің негізгі 

бастауы болып табылады.  Егер біздің жастарымыз сауатты, білімді, мәдениетті болса, онда 

біздің қоғамымыздың да болашағы жарқын болары сөзсіз.

Қай  кезде,  қай  қоғамда  болсын  жеке  тұлғаның  қалыптасуы  ұстаздан  басталады.  Білім 

саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жаңартылған оқу 

бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын 

арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын. 

Мұғалімдер  оқушылардың  не білетінін   және нені жасай алатынын, сондай-ақ  олардың 

қызығушылықтарын,  әр  оқушының  нені  жақсы  көретінін    және    не  істегісі  келетінін  түсінуге 

тырысады.Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта 

тиімді  қолданысқа  енгізсеңіз,  баланың  танымдық  белсенділігін  арттыруға,  өз  бетінше  білім 

алуға,  шығармашылығын  қалыптастыруға  ықпал  етеді,  оқушылар  оқудың  қызықты  жеңіл 

өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы 

артатындығын баяндайды.

Ең тиімді оқыту – нақты әрекет арқылы оқыту, яғни белсенді оқыту болып есептеледі.Олай 

болса,  педагогтерді  жаңартылған  мазмұн  бойынша  нақты  тәжірибе  негізінде  оқыту  олардың 

кәсіби құзыреттіліктерінің дамуына қолайлы жағдай жасаудың ең тиімді түрі деп санауға болады.

Үздіксіз білім – толассыз, тоқтаусыз білім. Бұл туралы ұлы педагогтер Я.А.Коменский білімнің 

ешқашан аяқталмайтынын, өміршеңдігін атап өтіп, білім адам өмірге келген күннен басталып, 

соңғы күніне дейін бітпейтіндігін  айтса, көрнекті американдық психолог, философ және педагог 

Дж.Дьюи еңбектерінің өзекті мәселесі де әр адамның өмір бойына білім алуында деп көрсетеді.

Қазақ халқы өз еркін өз қолына алып, өз болашағы болып табылатын болашақ жастарды 

білім мен тәрбие ісіне көңіл бөліп, өзіндік бағыт ұстап, жасампаздық жолға меңзейтін әдістер 

ұсынуда. Солардың бірі:

Өз  мүддесі  мен  қоғамдық  мүдделерді  ұштастыра  білетін,  зиялы,  адамгершілігі  мол, 



денсаулығы мықты жеткіншек тәрбиелеу.

Оқушылардың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып, ұлттық рухты 



сіңіру. 

Әр  оқушыны  дара  тұлға  деп  танып,  олардың  бойына  үнемі  оқып  үйренсем  деген 



ізденімпаздық  қасиет  дарыту,  оларға  өздігінен  білімдерін  толықтырып  тереңдету  тәсілдерін 

жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту. 

Қоғамның  өзгеруімен  байланысты  білім  беру  әдістері  де  білім  көлемі  де  үнемі  өзгеріп 

отырады. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа 

технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. 

Педагогикалық шеберлікті арттыру барысында  түйгенім:

Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел- уәждерін на-

нымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, 

сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру. 

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдер:

І. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.



565

ІІ. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

ІІІ. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

ІV. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.

V. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

VІ. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

VІІ. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

ІБілім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер:

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу». Білім беру 

әдістері ішінде ерекше орын алатыны - диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты 

дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі [1]. Әр түрлі 

тақырыпта диалог құрғызу мынадай нәтиже береді: 

*сабақта белсенділік жоғарылайды; 

*сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;

*дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады;

*оқуға қызығушылықтары артады;

Мұғалім оқушыға:

- білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

- жеке ойлау үрдісін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;

- міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға:

- нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

ІІСын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»

бағдарламасы бойынша ол:

- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын

көзбен қарау;

- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімге қабылдауға

құштарлық;

- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінінің сеніміне 

негізделген құрылым [2]. 

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану келесі нәтижені береді: 

- білім алушының белсенділігін арттыру

- пәнге қызығушылығын ояту

- өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру; 

- зерттеуге икемділігін дамыту; 

- сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру; 

- білім алушылар бір - бірімен қарым - қатынас жасай біледі; 

- басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға. 

Жалпы,  сыни  тұрғыдан  ойлайтын  оқушылар  белсенді  болады,  олар  сұрақтар  қойып 

дәлелдерді талдайды. 

ІІІБілім беру үшін бағалау және оқуды бағалау



Бағалау – оқыту нәтижесін анықтау үшін 

қолданылатын  тәсіл,  оқушының  берілген  тақырыпты  меңгерудегі  кемшіліктерін  жоюда,  оның 

үлгерімінің  нәтижелі  болуына  ықпал  ететін  фактор.  Мектеп  тәжірибесіндегі  бағалау  баға 

қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның 

себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. 

Бағалау оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау әр 

сабақта жүзеге асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы барлық іс - әрекет бойынша 

оқушының білім, білік деңгейіне қоса дербес ойлауы, түсінігі, тіпті тәртібі т. б. бағаланады. Ал, 

сумативті бағалау немесе жиынтық бағалау оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, білімді 

тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің өлшемі [3]. 

Жалпы, бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:

Бақылау;


Алынған мәліметтердің интерпретациясы;

Қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.

ІV.  Білім беруде ақпараттық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет