Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015


МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Pdf көрінісі
бет8/34
Дата20.02.2017
өлшемі3,53 Mb.
#4534
түріСборник
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34

МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Бүгінгі  қоғам  талабы  жас  ұрпақты  өз  халқының  тарихын,  дәстүрін,  салтын,ғұрпын, 
мәдениетін,  адами  қасиетті  мол  шығармашыл  тұлға  етіп  тәрбиелеу  өмір  талабы  болып 
саналуда.  Баланың  бойына  ұлттық  құндылықтарды  және  жалпы  адамзаттық  құндылық 
қасиеттерді  қалыптастыру  үшін  ұлттық  мәдениет,  салт  -  дәстүр,  халық  тағылымдарынан 
мағлұмат беру кажет. Сөздіктерде құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі,ол адамдардың 
өзін  ұстауын  реттейді,  олардың  шынайы  тәртібін  айқындайды.  Мәдениет  құндылықтары 
материалдық  және  рухани  болып  бөлінеді.  Құндылықтардың  мазмұны  қоғамның  мәдени 
жетістіктерімен,  адами  құгдылықтармен  ырылған.  Құндылықтар  әлемі,  сөздің  кең 
мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының 
дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды 
мүдделердің  қарапайым  жалғасы  немесе  бейнеленуі  ретінде  қарастыруға  болмайды.  Олар 
салыстырмалы  өзінділікке  ие.  Руханият-адамның  дүниетанымының  кеңдігінен,  жанының 
нәзіктігінен,  санасының  жоғарлығынан,  әділеттілік  үшін  белсенділігінен,  өзгелерге 
қайырымдылығы  мен  ізгі  ниеттілігінен  көрініс  беретін  оның  ішкі  әлемі.  Адамның 
руханилығы  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  құрметтеуінен,  игілікті  құндылықтарды 
көздеуінен  де  көрінеді.  Адамгершілік  қасиеттерді  қастерлейтін  адам  белгілі  бір  рухани 
мұраттар  мен  құндылықтарды  ұстанады.  Олардың  әрекеттерінен  мейірімділік,  ар  сақтау, 
ұятқа қалмауға тырысу сезіліп тұрады. 
Руханият-адамның  дүниетанымының  кеңдігінен,  жанының  нәзіктігінен,  санасының 
жоғарлығынан,  әділеттілік  үшін  белсенділігінен,  өзгелерге  қайырымдылығы  мен  ізгі 
ниеттілігінен  көрініс  беретін  оның  ішкі  әлемі.  Адамның  руханилығы  жалпы  адамзаттық 
құндылықтарды  құрметтеуінен,  игілікті  құндылықтарды  көздеуінен  де  көрінеді. 
Адамгершілік  қасиеттерді  қастерлейтін  адам  белгілі  бір  рухани  мұраттар  мен 
құндылықтарды  ұстанады.  Олардың  әрекеттерінен  мейірімділік,  ар  сақтау,  ұятқа  қалмауға 
тырысу сезіліп тұрады. 
Руханият  адамға  әдебиет,  өнер,  халық  даналығы,  салт,  мәдени  дәстүрлер,  ғылым, 
білім  арқылы  келеді.  Мәдениет  әр  түрлі  құндылықтардың  бірлігі  ретінде  адамды  рухани 
бостандыққа жетектейді. Рухани құндылықтар өмірге мағына береді, болашаққа жол ашады. 
Руханиятты  қадірлейтін  қоғамның  ғана  болашағы  бар.  Рухани  мәдениет  адамның 
айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты, қадірі, адамшылығы, ұяттылығы, тәрбиелігі, 
зиялылығы,  қарапайымдылығы  арқылы  көрінеді.  Адамның  адамгершілік  қасиеттерінің 
жоғарлығы- руханилықтың негізі. Ал өнер, әдебиет, ғылым мен білім адамға тәрбиелеу мен 
еңбектену арқасында келеді [1]. 
Халық  мәдениеті  –  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық  мәдениет.  Ұлттық 
құндылықтың - ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық 
құндылық  қасиеттер  ұлттық  тәрбиемен  ұлттық  мәдениеттің  дамуындағы  қозғаушы  күші 
болып  табылады.  Әрбір  халықтың  тыныс  тіршілігі  мен  рухани  сенім  нанымы  тәжірибесі 
бар. Әр ұлттың тұрмыс – тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік 
және  дүниетанымдық  көзқарастарын  біз халықтық  тәлім-тәрбие.  Халықтың  тәлім-тәрбиесі 
ол  – халықтың мәдени мұрасы.  Халықтың тәрбиесі  сол халықтың  ұлттық  ерекшеліктеріне 
байланысты дамып, қалыптасады. 
Ал,  ұлттық  тәрбие  мен  жалпы  адамзаттық  құндылық  қасиеттерінің  мәселесі  – 
адамзат  тарихынан  өн  -  бойына  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  ұлы  мақсат.  Бұл 
адамзаттың  өркениеттің  өзгеше  биігіне  көтерілген,  үшінші  мыңжылдыққа  қадам  басқан 

54 
кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақсатандық патриотизм, 
азаматтық  парыз,  тұлға  бойындағы  ұлттық  құндылықтар  мен  ар  тазалығы  және  жалпы 
адамзаттық  қасиеттерді  жатқызамыз

Олай  болса,  қазіргі  кезеңде  мектеп  табалдырығынан 
бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының 
еңбектерін,  қоғам  дамуына  қосқан  үлесін  айтып  түсіндіру  арқылы  оқушылардың  адами 
құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. 
Оқушының жалпы адамзаттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, 
имандылық,  кішіпейілдік,  кеңпейілділік,  салауаттылық,  тіршілікке  бейімділігі,  өнершілік, 
шешендік, ақындық, сыпайлығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Әрбір 
ұлттың  ұлттық  тәрбиеге  (халық  педагогикасына)  байланысты  дамып,  қалыптасқан.  Халық 
педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрінен құралады [2]. 
«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына 
қажетті  нәрсенің  бәрін  де  ертегіден  алады»  деген  пікірді  айтқан  белгілі  педагог 
Сухомлинскийдің  де  руханилық  адқ  адқ  адқ  адамды  жеке  тұлғаның  негізгі  сапалық 
көрсеткіші екенін нақтылаған. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, 
ар-ұят,  өзін-өзі  бағалау  және  адамгершілік  сапалары  дамиды.  Бұл  болашақ  ұрпақты 
мейірімділікке,  ізгілікке,сондай-ақ  адамды  құрметтеу,  оған  сену,  әдептілік,  кішіпейілдік, 
қайырымдылық,  жанашырлық,  ізеттілік,  инабаттылыққа  шақырады.  Адамгершілік  - 
адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. 
Жас  ұрпақтың  бойына  адамгершілік  қасиеттерді  сіңіру,қоғамнің  ғана  емес,ең 
алдымен  -  ата-ана  мен  ұстаздардың  еншісіндегі  өзекті  мәселе.  Адамгершілік  тәрбиесінің 
негізі - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті 
күнделікті  тұрмыс-тіршілігінен,  өзін  қоршаған  табиғаттан  бойына  сіңіреді.  Жас  ұрпақты 
саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу 
тәрбие  жұмысын  дұрыс  жолға  қоюда  ата-аналармен  жұмыстың  орны  орасан.  Сондықтан 
казіргі кезде мектептерде ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Онда 
«Білгенге маржан»,  «Қауіпсіздік ережесі»,  «Ата-аналарға кеңес» деген бұрыштар бар.Атап 
айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге тақырыптары: «Балаға көркемдік 
тәрбие  беру»,  ашық  сабақтарға,  ойын-сауық  кештері,  ата-аналарға  арналған  сауалнамалар, 
басқа шаралар ұйымдастыруға болады. Әр ата-ананың мектепте болып жатқан іс-шараларға 
деген қызығушылығы да әр қалай. 
Ата-аналарға  арналған  мерекелік  шаралар  «Менің  Қазақстаным»,  «Жаңа  жыл 
мерекесі»,  «Бәйшешек  бүр  жарғанда»  -  атты  аналарға,  әжелерге  арналған  мерекеміз  және 
«Қош  бол,  мектебім»  атты  үлкен  кештер  өткіземіз.Ата-аналармен  жүргізілген  әңгіме  - 
кеңесте  бала  тәрбиесі  мәселесінде  ата-ананың  жауапкершілігі  зор  екендігі,  баланың 
отбасында  адам  баласына  тән  қасиеттерге  дағдыланып  ұяда  көргенінен  өнеге  алатьндығы 
сөз болды. 
Бұл  шарада  балалар  патриоттық  сезімге  тәрбиелеу  туған  еліне,  жеріне  деген 
сүйіспеншілігін  арттыру,  әскердегі  борышын  өтеуге  дағдыландыру  мақсаты  болды. 
Мектептерде  ата-аналар  басқа  да  мамандармен  кездесіп,  пікірлесіп  отыруы  қажет.  Ата-
аналар  мұғалімнің  басты  көмекшісі  деуге  болады.  Балалардың  жасалған  жұмыстарынан 
көрмелер  ұйымдастырылып  тұрады.  «Отбасы»  тақырыбына  байланысты  «Отбасы  -  алтын 
ұям» атты ашық шара, ата-аналардың қатысуымен өткізіліп, үлкен жұмыс жүргізілді. 
Оқушылар  бойына  ұлттық  құндылықтар  мен  жалпы  адамзаттық  қасиеттерді 
қалыптастыру  мен  құрметтеуге,  сақтауға  тәрбиелеуде  белгілі  әлемдік,  отандық 
ғалымдардың  еңбектерін  пайдалануға  болады.  Осы  арқылы  оқушының  мәдениетті,  білімі 
кеңейеді.  Оқушының  мәдениетті  болуы  үшін  ұлттық  мәдениетті  ұштастыруы  қажет.  Олай 
болса,  оқушылардың  ұлттық  құндылық  қасиеттерін  қалыптастыру  негізінің  бірден-бірі 
мектепішілік  жүргізілетін  тәрбиелік  іс-шаралар.  Адамның  бойына  жақсы  адамгершілік 
қасиеттерінің  қалыптасуы,  өнер-білімді  игеру  -  тәрбиеге,  өскен  ортаға,  үлгі-өнеге  берер 
ұстазға байланысты [3]. 
Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, «Ұстазға қарап шәкірт өсер» деп халқымыз 
ұстазға үлкен жүк артқан. 

55 
-
 
Қазіргі  таңдағы  мұғалімдерге  оқушылардың  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыруды 
қатаң талаппен сұрайды. Оған негізінен мынадай үш түрлі басты міндет жүктеледі. 
-
 
тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру; 
-
 
сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру
-
 
мектеппен отбасының байланысын жасау; 
Әр ұстаз балаларға сүйіспеншілікпен қарап, қайрат-жігерін аямаса, оны талапқа сай 
орындау  қиын.  Қазіргі  оқушылардың  ақыл-ойының  дамуын  зерттеу  т.б.  мәліметтерді  әр 
кезде  біліп  отыру,  тестік  әдісті  қолдану  мектептерде  орын  ала  бастады.  Әсіресе  баланың 
даму барысын есепке алу, бейімділігін, қызығушылықтарын, сабаққа деген көзқарасын т.б. 
кейбір  объективтік  көрсеткіштерді  назардан  тыс  қолдануға  болмайды.  Мектептің  жүрегі 
мұғалім  болса,  сыныппен  жұмыс  жүргізетін  сынып  жетекшісі.  Қорыта  келе 
айтарымыз,оқушылардың  ұлттық  құндылықтары  мен  жалпы  адамзаттық  қасиеттерін 
сыныптан  тыс  тәрбиелік  іс-шаралар  арқылы  қалыптастырып,  ғылыми  тұрғыда  дәлелдеп 
дамыту ұстаздардың еншісінле. 
 
ӘДЕБИЕТ 
1.
 
Шитякова  Н.П.  Особенности  духовно-нравственного  воспитания  школьников  в  совре-
менных условиях: курс лекций для студентов, обучающихся по специальностям педаго-
гического образования. - Челябинск: Изд-во ЧГПУ. - 2004. - 158 с. 
2.
 
Өтешова  Б.  Ұлт  ұрпағының  дүниетанымын халық  тағылымдары  арқылы  дамыту-2007  - 
225 б. 
3.
 
Харисова  Л.А.  Духовно-нравственное  обучение  школьников:  Конспекты  занятий.  -  М.: 
Гуманит. изд. центр ВЛАДОС. - 2002. 
 
 
Оспанханова С.Е. - магистр, Еспенбетова Д.Б., Мурзабаева М.А.  
«Мирас» университеті «Педагогика және психология»  
кафедрасының оқытушысы, Шымкент қ. 
 
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ҚЫЗ БАЛАҒА ҰЛТТЫҚ  
ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Қоғамдағы  қазіргі  жағдайда  жаңаша  білім  беру  мен  тәрбиелеу  мәселесіне 
байланысты келер жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру бүгінгі күнде өзекті мәселелердің біріне 
айналуда. 
Әр адам баласының алдында қай заманда болмасын ең бірінші міндеті - өзінің өмірін 
жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу.  Еліміздің басшысы  Н.Ә. Назарбаевтың:  «Тамыры 
жоқ  болашақ  ұрпақ  ұлттық  сипатты  жойып,  дүбәралық  күйге  ұшыратады»  -  деген 
философиялық түйінінен байқаймыз. Әрине, ұлттық тәрбиенің тамыры тереңде болып отыр 
[1]. 
Еліміз  егемендікке  қол  жеткізгеннен  соң  жас  ұрпаққа  ұлттық  тәрбие  беру  міндеті 
уақыт  талабымен  бірге  келген  игілікті  іс.  Сондай-ақ,  адамзат  баласының  ежелден  келе 
жатқан  ортақ  мүддесінің  бірі-ұрпақ  тәрбиесі  болып  отыр.  Оның  ішінде  қыз  бала  тәрбиесі 
өзекті мәселе. Осы мақсатта әрбір халықтың әр түрлі ой-пікірлері мен ой- тұжырымдары, іс-
тәжірибелері  көптеген  жылдар  бойы  жинақталып  келген.  Осы  орайда  халық 
педагогикасында  қыз  бала  тәрбиесін  жетілдіру  барысында,  сонымен  қатар  ана  тіліміздің 
және де қазақ салт-дәстүрлеріміздің өрісін кеңейту барысында, білім беру саласынан өткен 
кемшіліктердің орнын толықтырып - оларға ұлттық тәлім-тәрбие беру ең бірінші мәселе. 
Ұлттық  тәлім-тәрбие  беру  мәселесі  бүгінгі  күнгі  қоғамда  адамзаттық  рухани 
мәдениет үлгілерін үйрену барысында, сонымен қатар оны ұлттық қалыпқа келтіре отырып, 
басқа да әлем халықтарының әлеуметтік мәселелермен тығыз байланыста. 
Қазақ  елiнің  егемендiгi  мен  тәуелсiздiгi  жарияланғаннан  кейiн,  қазақ  халқының 
ұлттық  тәлім-тәрбие  түрлері,  салт-дәстүрлері  жайлы  зерттеулер  нәтижесі  көбірек  зерттеле 

56 
бастады. 
Ұлттық  санамыз,  саяси  ой-өрісіміз,  салт-дәстүрлеріміз,  тәлім-тәрбиеміз  өрлеу 
жолында  ата-бабаларымыздың  кең-байтақ  өлкені  қалай  қорғағанын,  батырларымыз  бен 
көсемдеріміздің,  яғни  сөз  бастаған  шешендеріміздің  үлгі  өнегесін  бүгінгі  күнгі  ұрпаққа 
ұғындырып, келешекке мирас етіп қалдыру – біздің парызымыз. 
Бүгінгі  күні  қыз  балаларымызды  қазақ  халқының  салт-дәстүрлері  арқылы  ұлттық  -
тәрбие негізінде тәрбиелеудің қажеттігі туындап отыр. Мұндай жағдайда қыздарымызды өз 
халқының  рухани  казынасымен,  оның  ұлттық  мәдениетімен,  әдет-ғұрып  дәстүрлерімен 
тереңірек танысу қажеттігі бірінші орында тұратыны белгілі. Өйткені, өз халқының ұлттық 
тәрбиелерін сезбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерімен салыстырмай, бағаламай өз 
рухани байлығын арттыру мүмкін емес. Тәрбиені ұйымдастырудағы сыртқы ұқсастықтарға 
қарап, тәрбие барлық халықтар үшін біртұтас деп айтуға болмайды. 
Халықтық тәрбиенің арқауы, ұлттық тәрбиенің негізі - фольклор, ауыз әдебиеті мен 
халықтық  салт-дәстүрлерге  ерекше  мән  берген.  Қыз  балаларды  жан-жақты  қабілетті  етіп 
өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиесі орасан зор болып отыр. Салт-дәстүрлер 
халықтардың  тіршілік  кәсібіне,  наным-сеніміне,  өмірге  деген  көзқарасына  байланысты 
туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпақка ауысып, өзгеріп отыратын дүние. 
Әрбір  ұлттың  қыз  бала  тәрбиелеуде  ескіден  келе  жаткан  жолы  бар  екендігі  белгілі. 
Ұлттық тәлім-тәрбие баяғыдан бері сыналып келе жатқандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, 
әр ұлттың қыз баласы өз ұлтының намысын ойлайтын болғандықтан, тәрбиеші, қыз баланы 
сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті. 
Қазақстанда  жүзден  астам  ұлт  өкілдері  өмір  сүретінін  білеміз.  Ұлттық  тәрбиенің 
қарама-қайшылығы  мен  қиындығының  бір  түйіні  осында  болып  отыр.  Соған  орай  барлық 
ұлттың  ар-ожданын  тең  құрметтей  отырып,  ортақ  Отанымыздың  рухын  жан-жақты 
тереңдету  тәрбиесі  пайдалы  екені  айқындалуда.  Бұл  белгілі  мерзімде  жаңа  оку-тәрбие 
үдерісі  арқылы  қалыптасып  жүзеге  асады.  Сондықтан  да  ұлттық  тәрбиенің  талап  ететін 
өзіндік қажетті заңдылықтары бар екені анық. 
Демек,  ұлттық  тәлім-тәрбиенің  аса  қажетті  кезеңі  әрі  оның  іргетасын  нығыздай 
түсудің  көкейкестілігі  де  осымен  тығыз  байланысты.  Ұлттық  тәрбиенің  топтастырылу 
жүйесінене  келетін  болсақ,  бұл  мәселе  оның  әдіснамалық  негізділігіне  тікелей  қатысты 
болып  отыр.  Оның  қалыптасу  барысында  табиғаты  мен  оған  ықпал  жасайтын  тарихи-
әлеуметтік, оқу-тәрбиелік т.б. факторларды анықтау басты талапқа жатады. 
Бүгінгі күнгі халақтың ұлттық тәрбиесін насихаттауда тәрбие құралы ретіндегі салт-
дәстүрлері:  бала  тәрбиесі,  тұрмыс-салт,  әлеуметтік-мәдени  салт-дәстүр  болып  үш  топқа 
бөлінеді. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыпқа баланың дүниеге келген күнінен бастап 
жүргізілетін  тәлім-тәрбиелік  дәстүрлерден  (шілдехана,  сүйінші,  балаға  ат  қою,  бесікке 
бөлеу,  қырқынан  шығару,  тілін  дамыту,  сүндет  той  т.б.)  бастап,  қыз  балаға  болашақ 
отбасын құруға, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн-жоралғылар кіреді. 
Ал,  тұрмыс-салт  дәстүрлеріне  қазақтың  киіз  үй,  оның  жиһаздары,  ұлттық  киімдер 
мен  тағамдар,  аңшылық,  балықшылық,  бағбаншылыққа  қатысты  кәсіптерге  үйретудің 
тәлімгерлік түрлері жатады. 
Қазақ халқының «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген ұлағатты ұғым 
бекер  айтылмаған.  Ата-бабаларымыз  осы  ұғымға  байланысты  қыз  балаға  тәрбиенің  ең 
көркемін  беріп  отыруға  тырысқан.  Ұлдарын  өздеріндей  еңбексүйгіш,  малсақ,  жауынгер, 
әнші,  күйші,  аңшы,  кұсбегі  сияқты  қазақтың  қанына  сіңген  кәсіптің  біріне  тәрбиелеуді 
мақсат етіп тұтқан. Ал, қыздарын отбасының ұйытқысы болатын үй жиһаздарын жинауға, 
киіз  үй  бұйымдарын  жасауға,  қол  өнерге,  дастарқан  мәзірін  даярлап,  ас  жасай  білуге 
баулыған.  Ұлттық  салт-дәстүрлер  -  тарихи  көне  үрдіс  болып  есептеледі.  Өйткені,  олар 
халықтардың  тіршілік  кәсібіне,  наным-сеніміне  байланысты  ұрпақтан  ұрпаққа  ауысып 
отырған. 
Бүгінгі  мектеп  табалдырығын  аттаған  жас  өркеннің  ертең  қандай  адам  болып 
шығатыны  ата-аналар  мен  ұстаздар  қауымының  арасында  мәңгілік  таусылмас  тақырып 
болып отырғаны белгілі. Демек осы казақ халқының қыз тәрбиелеудегі дәстүрлі тәрбиесіне 

57 
жүгінер болсақ. Ата мұраң - асыл қазынаң деген бар. Халық өз дүниетанымын, салты мен 
дәстүрін, ғұмырлық тарихын ең алдымен ұрпағына жеткізуге тырысып баққан. 
Демек,  Қазақстан  Республикасының  өркениетті  тәуелсіз  мемлекет  екендігі,  «Бала 
кұқықтары» туралы конвенция (1994 ж.) «Еркектер мен әйелдердің тең кұқықтары мен тең 
мүмкіндіктері туралы» заңы (1995 ж.), «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар 
тәрбиесі»  тұжырымдамасы  (1995  ж.)  қыз  балаларымызды  халқымыздың  дәстүрлі  тәрбие 
түрлерімен тәрбиелеу мәселесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. 
Сондай-ақ,  кыздарымызға  ұлттық  тәлім-тәрбие  берудің  көкейкесті  проблемалары 
ескерілмеген,  қазақтың  дәстүрлі  тәрбие  түрлері  арқылы  қыз  балаларды  тәрбиелеу  -  халық 
педагогикасы  материалдары  қыздарды  тәрбиелеудегі  әдістер  мен  жолдары  жеке 
қарастырылмаған.  Осы  айтылғаннан,  ғасырлар  бойы  тәрбие  кұралы  болып  келген  қазақ 
педагогикасы  материалдарын  балабақшадан  бастап,  барлық  сыныптарда  оқытылатын 
пәндер мен тәрбие әрекеттерінде кешенді пайдалану жолдарын белгілейтін және осыларды 
жүзеге  асыруда  болашақ  мұғалімдердің  даярлығын  қамтамасыз  ететін,  атап  айтқанда,  қыз 
балаларға  ұлттык  тәлім-тәрбие  берудің  проблемалары  және  оларды  үздіксіз  білім  беру 
жүйесіне  ендіру  жолдары  қарастырылмағандықтан,  арнайы  тұжырымдама  жасауды  талап 
ететіні белгілі. 
Әсіресе,  қыз  балаларымызды  жан-жакты  үйлесімді  дамыту  ғасырлар  койнауынан 
келе  жатқан  қыз  бала  тәрбиесінің  негізгі  мақсатын  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Қазақ 
өзінің  қыз  баланы  жібектей  мінез,  уыздай  тәтті  қылық,  іскерлік-ұқыптылық,  сыпайы-
салмақтылық,  әдепті-ізеттілік,  иманды-инабаттылық,  адал,  мейірімді,  ар-ожданы  жоғары 
болып  өссін  деген  үмітпен  өмір  тәжірибесінен  өткен  тәлім-тәрбие  мұрасын  қолдануды 
міндет етіп тұтқан. 
Соның  ішінде,  ұлттық  тәлім-тәрбиенің  асыл  казынасы,  қыз  баланы  тәрбиелеу 
барысында өзіне тән ерте заманнан жиып терген мол тәжірибесі бар екенін ескертеді. Олар: 
құрсақта  жатқан  кездегі  ана  мен  баланың  қарым-қатынасы,  ананың  бесік  жыры,  бала 
тәрбиесіне  байланысты  әдет-ғұрыптары,  салт-дәстүрлері  -  қыздардың  ұлттық 
дүниетанымын, сана-сезімін, әрине мінез-кұлқын калыптастыратын тәлім болып табылады. 
Қазақ  халқында  отқа  табыну,  оған  байланысты  ырым-тыйымдар  қалыптаскан. 
Осыған  байланысты  Ш.  Уәлиханов  өзінің  этнографиялық  еңбегінде  жаңа  түскен 
қалыңдықты қайын атасының үйіне кіргізерде тізе бүккізіп, отқа май тамызып, от-ана, май-
ана  шапағатыңды  тигізе  көр,  -  деп  қасындағы  әйелдер  қолдарын  отқа  қыздырып, 
қалыңдықтың  бетін  сипайды.  Бұл,  әрине,  қазақ  халқының  жасы  үлкендерді  сыйлап, 
олардың  атын  атамай,  жұмсақтық  пен  биязылыққа  тәрбиелеудің  мәнін  білдіреді,  -  деп 
айқындаған [2]. 
Сонымен  қатар  орыс  педагогі  К.Д.  Ушинский  халық  тәрбиесінің  мақсаты  мен 
мазмұнына  тоқтала  келе:  «Орыс  халқының  бала  тәрбиесі  сол  халықтың  сан  ғасырлық 
тарихымен тығыз байланысты, демек, тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен 
іздестіру  керек»  деді  [3].  Сонымен  біздің  қарастырып  отырған  мәселенің  негізі  ғасырлар 
бойы  жалғасын  тауып  келе  жатқан  қыз  бала  тәрбиесінде  ананың  рөлі  жоғары  орынға 
қойылатыны  айқындалды.  Егер  біз  этнос  субъектісі  -  ана  деп  қарастырсақ  онда,  ол  ана 
тіліне,  төл  тарихына,  рухани-  мәдени  мұраларына  аса  құрметпен  қарайтын,  атадан-балаға 
мирас  болып  келе  жатқан  салт-дәстүрін,  әдет-ғұрпын,  ауыз  екі  шығармашылығын  қайта 
жаңғыртуға бейім, оны ұрпақтан ұрпаққа тасымалдаушы тұлға болып табылатыны белгілі. 
Қазақ  халқында  ананы  әрдайым  қастерлеген,  қызын  қырық  үйден  тия  отырып, 
алақанына  салып  еркелетіп,  еркін  өсуіне  жағдай  жасап,  жат-жұрттық  деп,  жас  күнінен 
отбасының  ұйытқысы  болатын  қара  қазанның  иесі,  ақылшысы  ретінде  ұзатылып  кеткенге 
дейін баурап тәрбиелеп өсірді. 
Ата-бабаларымыз ежелден-ақ қыз бабаларға осындай талаптар қоя отырып, олардың 
табиғи  дарын  қасиеттерінің  ашылуына  мүмкіндіктер  жасай  білген.  Сондықтан  да  қазақ 
жұртынан ел басқарған көсем әйелдер, ерлігімен көзге түскен, қол басқарған батыр аналар, 
сөз бастаған шешен билер, ақын, әнші, күйші өнерлі қыздар көптеп шыққаны мәлім болып 
отыр. 

58 
Халық  даналығы  -  тәрбие  негізі  екенін  ерекше  бағалаған,  Ахмет  Байтұрсыновтың 
«Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде қазақ ұлтының ерекше тәрбие дәстүрлері: қыз ұзату, 
оны  оң  жақта  тәрбиелеп,  мәпелеп  болашақ  ана  болуға  дайындау  әр  ананың 
жауапкершілігіне  жүктелген.  Босағаны  аттап  шыққан  қыз-бойжеткенге  «жар-жар»  жұбату 
сияқты өлең айтылған. 
Той  бастар,  беташар,  неке  қияр  сияқты  ғұрыптарға  А.Байтұрсынов  терең  талдау 
жасап,  жіктеп,  оның  тәлімдік  мүмкіндіктеріне  тоқталған.  Сонымен  қатар,  ақын  қыздарға 
арнап  өзі  шығарған  өлеңін  домбырамен  айтқанды  жақсы  көрген:  Соның  біріне  тоқталсақ, 
қыз  баласының  атына,  заты  сай  болып,  теңесіп  тұрғандағы  ой-пікірін-қазақ  қыздарының 
сөйлеген  сөзін,  қылығын,  перизаттай  сұлулығын,  тәрбиелілігін,  сымбаттылығын  өлеңге 
қосып білдіреді [4]. 
Ұлттар мен ұлыстардың өздеріне тән ұлттық мәдениеті ұлттың сезімімен, мінезімен, 
психологиясымен  біте  қайнасып  кететінін  білеміз.  Қазақ  халқының  этномәдениеті 
халықтың  сезімі,  мінезі,  рухы  сияқты  әр  қырынан  көрініс  береді.  Бұған  байланысты  М. 
Арынның «Бес анық» атты кітабынан жауап табуға болады. «Ұлттық сезімді білдіретін бес 
шарт немесе бес анық бір ғана ұлтқа қатысты емес, кез келген ұлтқа байланысты айтылар 
әңгіме.  Жеке-жеке  алған  кезде  бұлардың  қай  қайсысы  да  тұтастықты  білдіре  алмайтын 
сияқты.  Бес  шарттың  бірімен  бірінің  байланысы  бар.  Бірінен  бірі  туындап  жатқан  тәрізді 
және бірін-бірі қажет қып тұрғандай», - деп: 1) тіл, 2) дін, 3) дәстүр - әдет-ғұрып, мораль, 4) 
тарих,  5)  атамекен,  жер-су  мәселесін  атайды  [5].  Бұл  «бес  анық»  -  этномәдениеттің  тірегі 
болады. 
Қазақ  халқының  ұлттық  дәстүріндегі  ерекшелік-тәлімдік  ақыл-кеңесті  жас  ұрпақ 
санасына,  әсіресе,  қыз  балаға  тұспалдап,  астарлай  жеткізу.  Бұл  салт  әлі  күнге  дейін 
сақталып келе жатыр. Мәселен, «Келінім саған айтам, қызым сен тыңда», «Қыздың қырық 
жаны  бар»  деген  мақал-мәтелдерде  тәрбиелік  талап  тілектерде  бірден  айта  салмай  көбіне 
оларды  жанамалап  жеткізе  білген.  Мұндай  ақыл-кеңесті  көбнесе  қыздың  анасы  немесе 
сырлас жеңгесі айтады. Бірінде талап тілек, бірде ойлануға негіз болатын ескертпе ретінде, 
яғни  бойжеткеннің  мінез-құлқы  мен  іс-әрекетіне  лайықты  («жақсы  сөз  —  жарым  ырыс» 
дегендей) әдіс-тәсілдер ретінде айтылатын. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет