Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


Мемлекеттік  этносаясатты  іске  асырудың  нормативтік  құқықтық



Pdf көрінісі
бет19/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77

Мемлекеттік  этносаясатты  іске  асырудың  нормативтік  құқықтық 

базасын жетілдіру саласында:

мемлекет  саясатының  заңнамалық,  ұйымдық,  басқарушылық  жəне 

басқа  да  аспектілерінде  этносаралық  қатынастарды  үйлестіру  мəселелері 

бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық идеялары 

мен қағидаттарын жетілдіру жəне іске асыру;

этносаралық  келісімді  сақтаудың  жəне  нығайтудың,  Қазақстан  халқы 

бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық тетіктерін жетілдіру;

Қазақстан азаматтарының нəсілдік, этностық жəне діни қатыстылығына 

қарамастан  олардың  тең  құқықтығын  қамтамасыз  ететін  құқықтық 

стандарттар мен нормаларды одан əрі дамыту;

этносаралық қатынастар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің 

Конституция нормаларына сəйкестігі мəніне сараптама жүргізу;

Ассамблея  сайлаған  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мəжілісі 

депутаттарының этносаралық жəне конфессияаралық қатынастарды нығайту, 

этностар қызметінің белсенділігін арттыру жəне Қазақстан азаматтарының 

құқықтарын  қорғау  жөніндегі  заңнамалық  базаны  жетілдіру  мақсатында 



Мемлекеттік тіл саясаты

167


мемлекеттік  органдармен,  Ассамблея  Хатшылығымен,  азаматтық  қоғам 

институттарымен, этномəдени бірлестіктермен парламенттік ынтымақтастық 

тетіктерін дамыту жəне жетілдіру;

Доктрина  ережелерін  жəне  қоғамдағы  орта  тапты  дамытуды  ескере 

отырып,  қоғамды  əлеуметтік  жаңғырту  аясында  өмір  сапасының 

қазақстандық стандартын қалыптастыру мен жетілдіруге қолдау жасау;

этносаралық қатынастар саласында халықтың саяси-құқықтық мəдениетін 

көтеру,  қоғамның  барлық  салаларында  ксенофобияның,  экстремизмнің, 

тұрмыстағы ұлтшылдықтың жəне сепаратизмнің көрініс беруіне төзбеушілік 

көзқарас қалыптастыру;

теріс  үрдістерді,  оның  ішінде  этносаралық  жəне  дінаралық  қатынастар 

саласындағы қатерлерді анықтау, олардың алдын алу жəне бейтараптандыру 

бойынша құқық қорғау қызметін жəне құқықтық жүйені жетілдіруге қолдау 

көрсету;


этносаралық  қатынастардың  саясилануына,  азаматтарды  этностық, 

нəсілдік, діни жəне басқа да белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермеу;

этномəдени бірлестіктер қызметінің құқықтық базасын жетілдіру;

этносаралық  жəне  конфессияаралық  қатынастар  саласында  бірегей 

құқықтық  стандарттар  мен  социолингвистикалық  ұғымдар  əзірлеу  жəне 

олардың біркелкі пайдаланылуын қамтамасыз ету;

көші-қон саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру.

Этносаралық саладағы өңірлік саясатты жетілдіру саласында:

өңірлік ассамблеялар мен олардың жұмыс органдарының қызметін саяси 

жоспарлау жүйесін жетілдіру, олардың жоспарлар мен іс-шаралар əзірлеуге 

жəне  іске  асыруға  атсалысуы,  олардың  жұмысының  тиімділігін  бағалауды 

жəне мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;

өңірлік  ассамблея  хатшылықтары  мен  кеңестерінің  қызметкерлерімен, 

сондай-ақ этномəдени бірлестіктердің белсенділерімен əдістемелік семинар-

кеңестер өткізу;

этностық  кеңістікте  жалғасын  табуы  мүмкін  əлеуметтік  жəне  басқа 

сипаттағы қайшылықтар мен шиеленістердің пайда болуының алғы-

шарттарын  ерте  анықтау  тетіктерін  жасау  жəне  нығайту,  сондай-ақ 

мұндай  жанжалдарды  шешу  жолдары  мен  олардың  алдын  алу  шараларын 

əзірлеу;

этносаралық қатынастар саласында жанжалды жағдайларға жол бермеу 

жəне  оларды  реттеуге  атсалысу,  келіспеушіліктер  мен  дауларды  реттеу 

жөнінде ұсынымдар əзірлеу жəне практикалық іс-шараларды іске асыру;

этносаралық қатынастар саласындағы əлеуметтік маңызы бар жобаларды 

мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс желісі бойынша өңірлік қаржыландыруды 

қамтамасыз ету;

этносаралық  қатынастар  саласындағы  азаматтық  қоғам  институттары 

мен  мемлекеттік  органдардың  өңірлік  инфрақұрылымын  одан  əрі  нығайту 

жəне дамыту;

жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, облыстар арасындағы 

ақпарат жəне мəдени жетістіктермен алмасуды жандандыру, өзара қоғамдық-

саяси жəне мəдени-бұқаралық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отыру;

өңірлік  ассамблеялар  хатшылықтарының,  уəкілетті  мемлекеттік  орган-

дардың мемлекеттік қызметшілерінің, сондай-ақ этномəдени бірлестіктердің 


Мемлекеттік тіл саясаты

168


басшылары  мен  белсенділерінің  мемлекеттік  этносаясатты  іске  асыру 

саласындағы біліктілігін ұдайы арттыру.



Ақпарат саласында:

«Ақпаратты  Қазақстан - 2020» мемлекеттік  бағдарламасы  аясында 

Ассамблеяның ақпараттық ресурстарын дамытуды қамтамасыз ету;

кітапхана  мен  Ассамблея  депозитарийі  көздеріне  кеңінен  қол-

жетімділікті бағдарламалық қамтамасыз ету жəне Ассамблея депозитарийін 

Қазақ ұлттық электрондық кітапхана қорына ықпалдастыру үшін Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  академиялық  кітапханасының  электрондық 

порталын қолдау бойынша шаралар қабылдау;

ұлттық-мемлекеттік  сəйкестік,  ұлттық  бірлік,  патриотизм,  этномəдени 

жəне конфессияаралық толеранттылық тақырыптарында бұқаралық ақпарат 

құралдарында материалдар жариялау тəжірибесін кеңейту;

этностық  бұқаралық  ақпарат  құралдарына  қолдау  көрсету,  іске 

асырылып жатқан этносаясатты көрсету, ұлттық бірлікті, патриотизмді жəне 

толеранттылықты  нығайту  мақсатында  ақпараттық-түсіндіру  жұмысын 

жүргізу;

журналистердің қоғамдық бірлестіктерін құру жəне оларды Ассамблеямен 

ынтымақтастыққа  тарту,  Қазақстан  Республикасындағы  журналистік 

этика  кодексінің  стандарттарына,  тұтынушыны  бұрмаланған  жəне  жалған 

ақпараттан  қорғайтын  заң  нормалары  негізінде  Қазақстанда  этносаралық 

жəне конфессияаралық қатынастарды тарату мəдениетін қалыптастыру;

қоғамдық  санада  топтастырушы  рухани-имандылық  құндылықтарды 

бекітетін  оң  ақпараттық  өнімдерді  (телехабарлар,  шоу,  фильмдер, 

жарияланымдар, роликтер, тағы басқа) шығаруға көмектесу;

халықтың  бойында  Қазақстанға  қатыстылық,  патриотизм,  Қазақстан 

халқының  мəдениеті  мен  дəстүрлерін  құрметтеу  сезімін,  өзін  Қазақстан 

азаматы  ретінде  сезінуді  қалыптастыратын  рəміздерді  бұқаралық  ақпарат 

құралдарында пайдалануды кеңейту;

қолданыстағы  заңнама  шеңберінде  елдегі  этносаралық  жағдайға 

жағымсыз  əсер  етуі  мүмкін  материалдардың  бұқаралық  ақпарат 

құралдарында,  интернет  желісіне  шығуының  алдын-алу  жəне  жолын  кесу 

жөніндегі жұмысты күшейту.

Білім беру саласында:

толеранттылықты  қалыптастыру,  полимəдениетті  жəне  көптілді  ортаға 

бейімдеу  шеңберінде  жастарды  əлеуметтік  бейімдеудің  тиімді  жүйесін 

құруға қолдау көрсету;

этномəдени  бірлестіктердің  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  барлық 

деңгейлеріне  арналған  бірегей  этномəдени  білім  беру  жүйесін  құруға 

қатысуы;

мектепке  дейінгі,  орта,  кəсіптік-техникалық  білім  мекемелерінде 

жəне  жоғары  оқу  орындарында  этномəдени  толеранттылықты  оқытудың 

интерактивті  əдістерін  енгізуге,  басқа  мəдени  орта  өкілдеріне  қатысты 

тұрақты оң стереотиптер қалыптастыруға қолдау көрсету;

тұлғаның,  азаматтың  жəне  патриоттың  қалыптасу  міндеттерін  шешуді 

діттеген тарихи білімнің өзектілігін арттыру мəселесін шешуге атсалысу;

педагогтердің  біліктілігін  арттыруға  жəне  рухани  тəрбиелеу, 

толеранттылық пен этносаралық қатынас мəдениетінің негіздері мəселелері 

бойынша оларды əдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге атсалысу;



Мемлекеттік тіл саясаты

169


мектептердегі  Қазақстан  халқының  тарихи,  жауынгерлік  жəне  еңбек 

даңқы мұражайларының желісін дамытуға атсалысу;

этномəдени тəрбие беру, өскелең ұрпақтың бойында азаматтық ұстаным, 

толеранттылық,  ішкі  мəдениет,  мінез-құлық  этикасы  жəне  этносаралық 

қатынастар  мəдениетін  қалыптастыру  бойынша  іс-шаралар  өткізу  арқылы 

білім  жүйесінің,  азаматтық  қоғам  институттары  мен  отбасының  өзара  іс-

қимылын кеңейту.

Мəдениет саласында:

Қазақстан мəдениетін ел ішінде жəне шет елдерде, оның ішінде Қазақстан 

этностарының тарихи шығу елдерінде кеңінен таратуға қатысу;

Қазақстан  халқының  ортақ  тарихи-мəдени  мұраларын  сақтауға  жəне 

кеңінен таратуға қолдау көрсету;

тұрғындардың  «Мəдени  мұра»  ұлттық  стратегиялықжобасының  іске 

асырылуы туралы ақпараттану деңгейін арттыруға жəрдемдесу;

Қазақстан  этностарының  мəдениеті  мен  өнерін  дамыту  арқылы 

отандық мəдениет жəне өнер салаларының бəсекеге қабілеттігін арттыруға 

жəрдемдесу;

тұрғындардың  мəдени  құндылықтарға  қолжетімділігін  кеңейтуге 

жəрдемдесу;

Қазақ  ұлттық  электронды  кітапханасының  қорын,  Қазақстан 

Республикасы  Ұлттық  академиялық  кітапханасындағы  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының ресми депозитарийін кеңейтуге қатысу;

отандық  əдебиет,  кино  өнер,  театр  жəне  музыка  өнері,  мұражай  ісі 

салаларындағы өнімдердің сұранысын өсіруге қолдау көрсету;

еңбекке, адал кəсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық 

сезімге деген оң көзқарас қалыптастыруға бағытталған отандық əлеуметтік-

мəдени өнімдерді жаңғыртудың салалық бесжылдық жоспарын іске асыруға 

этномəдени бірлестіктер мен этностар өкілдерін қатыстыруды ұйымдастыру.

Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат саласында:

этносаралық  толеранттылық  пен  қоғамдық  келісімнің  қазақстандық 

үлгісі  туралы  ақпаратты  тарату  мəселелері  бойынша  шет  елдермен  жəне 

халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

Қазақстан  үшін  тəжірибелік  ұсынымдар  əзірлей  отырып  этносаралық 

қатынастарды реттеу саласындағы халықаралық тəжірибені зерделеу;

шет  елдердегі  қазақ  диаспорасына  ана  тілін,  мəдениетін  жəне  ұлттық 

дəстүрлерді  сақтау  мен  дамыту,  тарихи  Отанымен  байланысты  нығайту 

мəселелерінде қолдау көрсету;

Қазақстанның  əр  этносына  оның  тарихи  шыққан  елімен  үнқатысуды 

дамытуда жəне оң ынтымақтастықты кеңейтуде қолдау көрсету.

5.3.  Этносаралық  толеранттылық  пен  қоғамдық  келісімнің 

қазақстандық үлгісін жетілдіру саласында

Этносаралық  толеранттылық  пен  қоғамдық  келісімнің  қазақстандық 

үлгісін одан əрі жетілдіру үшін мынадай негізгі шараларды қабылдау қажет:

Мемлекеттік  этносаясатты  іске  асыруды  ғылыми-теориялық 

негіздеу жəне қолдау саласында:

елдегі  этносаралық  қатынастар  жəне  қоғамдық  келісім  мəселелері 

бойынша іргелі академиялық ғылыми еңбектер əзірлеу;


Мемлекеттік тіл саясаты

170


этносаралық қатынастар, этностық демография жəне көші-қон жай-күйі-

нің өзгеруі мəселелері бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту;

Қазақстандағы  этносаралық  қатынастардың  түрлі  аспектілері  жəне 

этностардың жай-күйі, оның ішінде экономика, əлеуметтік стратификация, 

саяси  қатысу,  үкіметтік  емес  сектор,  отбасы  жəне  неке,  басқа  да  салалар 

бойынша жалпыреспубликалық деректер базасын қалыптастыру жəне оған 

жан-жақты қолжетімділікті қамтамасыз ету;

этностық  қатыстылығына  қарамастан  азаматтардың  қоғамдық-саяси 

өмірге  қатысуын  кеңейту  тетіктерін  жетілдіру;  мемлекеттік  органдардың 

этномəдени  бірлестіктермен  өзара  іс-қимыл  жасауын  жетілдіру;  ұлттық 

бірлікті нығайту мəселелері бойынша ұсыныстар əзірлеу;

түрлі  əлеуметтік-экономикалық,  қоғамдық-саяси  жəне  халықаралық 

факторларды ескере отырып, этносаралық қатынастарды дамытуға қатысты 

орта мерзімді жəне ұзақ мерзімді болжамдар əзірлеу.



Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту жөніндегі тəжірибелік 

жұмысты жетілдіру саласында:

ел  басшылығының  азаматтық  теңдік  тетіктерін  қамтамасыз  ету  жəне 

жетілдіру,  адам  жəне  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарының 

теңдігі, нəсіліне, этностық тегіне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ əлеуметтік 

топтар немесе қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан барлық 

азаматтардың  заң  алдында  тең  жауапкершілігі  бойынша  іс  жүзіндегі  күш-

жігеріне қолдау көрсету;

ұлттық  бірлікті  қалыптастыру,  Қазақстанның  Тəуелсіздігі  мен 

мемлекеттілігін  нығайту  жөніндегі  мемлекет  пен  азаматтық  қоғамның 

ынтымақтастығының институционалдық тетіктерін дамыту жəне нығайту;

этномəдени  бірлестіктерді,  этностарды  ұлттық-мемлекеттік  құрылыс 

процестеріне тарту тетіктерін жетілдіру;

Қазақстанда оларды ұйымдастыру мен өткізуге азаматтардың, үкіметтік 

емес ұйымдардың тікелей қатысуы арқылы оң əлеуметтік бұқаралық шаралар 

жүйесін жасауға қолдау көрсету;

этномəдени  бірлестіктердің  халықтың  əлеуметтік  əлжуаз  топтарын, 

азаматтарды  əлеуметтік  қорғаудың  жаңа  тетіктерін  енгізуге  бағытталған 

əлеуметтік жобаларын қолдау;

қоғамдағы  этносаралық  жəне  конфессияаралық  алауыздықтың 

профилактикасы, алдын алу жəне жолын кесу тетіктерін жетілдіру;

қоғам  тұрақтылығының  əлеуметтік  базасы  ретіндегі  орта  тапты 

қалыптастыру  жəне  ұлттық  бірлікті  қамтамасыз  ету  үшін  экономикалық 

жəне саяси жағдай жасауға бағытталған мемлекет саясатына қолдау көрсету;

мемлекеттік  этносаясат  қағидаттарын  қамтамасыз  ету,  Қазақстанның 

мəдени жəне этностық саналуандылығын, «Саналуандық бірлігі» қағидатын 

сақтау бойынша тəжірибелік көзқарас пен шаралар кешенін жасау жəне іске 

асыру;

этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде азаматтық 



бастамаларға қолдау көрсету;

шет  елдердегі  қазақ  диаспорасымен  байланысты  нығайту  жəне  дамыту 

жөніндегі мемлекет пен азаматтық қоғамның күш-жігеріне қолдау көрсету;

этносаралық қатынастарды саясиландыруға жол бермеу;



Мемлекеттік тіл саясаты

171


этносаралық  қатынастар  саласындағы  мəдениетаралық  үнқатысуды, 

тəжірибе алмасуды кеңейту, халықаралық стандарттарды жетілдіру мақса-

тында халықаралық ұйымдармен, шет елдердің мемлекеттік органдарымен 

жəне осы тектес құрылымдармен ынтымақтастықты дамыту.



Мəдени-тілдік салада:

ұлттық  бірлікті  нығайтудың  факторы  ретінде  этностар  арасында 

мемлекеттік тілді үйрену жөнінде жұмысты ұйымдастыру;

Қазақстан  этностарының  мəдениетін,  салт-дəстүрлерін,  тілдерін  одан 

əрі  дамыту  үшін,  оның  ішінде  салалық  бесжылдық  Отандық  əлеуметтік-

мəдени өнімді жаңғырту жоспары аясында қолайлы жағдай жасау;

əр  этностық  топтың  мəдениеті  мен  тілін  дамытудың  құралы  ретінде 

жексенбілік  мектептер  мен  ұлттық  өркендеу  мектептері  қызметінің 

ұйымдастыру нысандарын жетілдіру;

отбасы  институтын,  оның  тəрбиелік  рөлін,  оның  ішінде  ұлттық 

дəстүрлерді сақтау мен дамыту саласын нығайтуға қолдау көрсету;

Қазақстанда тұратын барлық этностардың мəдени дəстүрлеріне, тілі мен 

құндылықтарына  толеранттылықпен  жəне  құрметпен  қарауды  жастардың 

бойына сіңіру;

қазақ халқының тарихи-мəдени мұрасын сақтауға, Қазақстан этностары 

мəдениеттерінің  бірін-бірі  одан  əрі  өзара  байытуына  бағытталған  мəдени-

ағарту мекемелерінің жұмысын жандандыру;

қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамытуға, Қазақстан-

ның коммуникативтік-тілдік кеңістігінде орыс тілінің қызмет етуін сақтау 

бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ халықаралық іскери 

қарым-қатынастың  маңызды  құралы  ретінде  ағылшын  жəне  басқа  да  шет 

тілдерді үйренуге қолдау көрсету.

5.4.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  институтын  нығайту 

саласында

Қазақстандық  қоғам  дамуының  жаңа  кезеңіндегі  Ассамблеяның  орны 

мен  рөлін 2007 жылғы  конституциялық  реформа  айқындап  берді,  оның 

нəтижесінде  Ассамблея  конституциялық  орган  мəртебесін  алды,  сондай-

ақ  Қазақстан  Республикасы  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы»  Заңы 

бойынша  Ассамблея  заңды  тұлға  құрылмай,  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  құратын,  мемлекеттік  ұлттық  саясатты  əзірлеуге  жəне  іске 

асыруға ықпал ететін мекеме ретінде заңнамамен бекітілді.

Осы  Заң  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  этносаясатты  іске 

асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік жəне 

қоғамның азаматтық институттардың этносаралық қатынастар саласындағы 

өзара  іс-қимылының  тиімділігін  арттыруға  бағытталған  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының мəртебесін, оны қалыптастыру мен жұмысын ұйымдастыру 

тəртібін айқындайды.

Орта  мерзімді  келешекте  институционалдық  тұрғыдан  Ассамблеяның 

алдында  көрсетілген  конституциялық  жəне  заңнамалық  нормаларды 

барынша толық іске асыру міндеті тұр.

Ассамблея  азаматтардың  этноұлттық  қатыстылығына,  əлеуметтік 

жағдайына жəне саяси көзқарасына қарамастан, біріктіруші, мемлекет пен 

қоғамның дамуының өзекті мəселелері бойынша талқылау мен кең көлемді 



Мемлекеттік тіл саясаты

172


қоғамдық келісімді тұжырымдау үшін азаматтық сектордың топтастырушы 

алаңына айналуы тиіс.



Мемлекеттік  этносаясатты  əзірлеу  жəне  жүзеге  асыру  жөніндегі 

Ассамблеяның  мақсаттары  мен  міндеттерін  іске  асыру  саласында 

мыналар мақсатқа сай болмақ:

қоғамдық  бірлестіктердің  өкілдері  есебінен  Ассамблеяның  сапалық 

құрамын жақсарту;

Ассамблеяны,  оның  Ғылыми-сарапшылық  кеңесін,  этносаралық 

факторларды  ескере  отырып,  стратегиялық  жəне  салалық  бағдарламалар 

əзірлеуге  жəне  сарапшылық  жасауға,  уəкілетті  мемлекеттік  органдардың 

этносаралық қатынастар саласындағы стратегиялық жоспарларын əзірлеуге 

тарту;

Ассамблеяның жəне оның аумақтық құрылымдарының жұмыс тетіктерін 



жəне ұйымдық құрылымын жетілдіру;

Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  Төрағасының  тапсырмаларын  уақытында  жəне  сапалы 

орындауды  қамтамасыз  ету  үшін  этносаралық  қатынастар  саласында 

мемлекеттік  органдардың  қызметіне  жүйелі  бақылау  жəне  мониторинг 

жүргізуді күшейту;

Ассамблеяның  заң  шығару  қызметіндегі  рөлін  күшейту,  Ассамблея 

сайлайтын  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мəжілісі  депутаттарымен 

өзара іс-қимылды нығайту;

жергілікті өкілді органдарда татулық, қоғамдық жəне этносаралық келісім 

мəселелері  бойынша  партияаралық  ынтымақтастықты  ұйымдастыруда 

Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының тəжірибесін тарату;

Ассамблея  жанынан  медиация  бойынша  құрылымдар  жасақтау 

жөніндегі жұмысты жалғастыру жəне этносаралық қатынастар саласындағы 

мəселелерді шешу тəжірибесінде медиация процедураларын қолдану;

этномəдени бірлестіктерге жəне өңірлік ассамблеялардың хатшылық-

тарына тұрақты əдістемелік, ұйымдастырушылық жəне құқықтық көмек 

көрсету;


этносаралық  қатынастар  мəселелері  бойынша  мемлекеттік  органдар 

мен  қоғамдық  бірлестіктердің  үнқатысуын  қамтамасыз  ететін  семинарлар, 

конференциялар, басқа да іс-шаралар өткізу.

Ассамблеяның  құрылымдық  бөлімшелерінің  қызметін  нығайту 

саласында:

Ассамблея  Хатшылығын  жəне  оның  құрылымдарын  этносаралық 

қатынастар  саласындағы  мамандармен  нығайту,  Хатшылық  құрамында 

жұмыстың жекелеген бағыттары бойынша секторлар құру;

Ассамблея  Кеңесінің,  оның  жұмыс  органдарының  жəне  Кеңес 

мүшелерінің рөлін, олардың Ассамблеяның алдына қойылған міндеттердің 

жəне қабылданған шешімдердің іске асырылуына жауапкершілігін арттыру;

этномəдени 

бірлестіктерден 

тағайындалатын 

Қазақстан 

халқы 


Ассамблеясы  Төрағасы  орынбасарларының  функционалдық  міндеттерін, 

құзыретін, жауапкершілігін айқындау жəне қызметінің тиімділігін күшейту;

консультативтік-кеңесші органдарды, азаматтық қоғам институттарымен 

жаңа  үнқатысу  алаңдарын,  басқа  да  құрылымдар  құру  арқылы 



Мемлекеттік тіл саясаты

173


Тұжырымдаманы  іске  асыру  мақсатында  Ассамблея  инфрақұрылымын, 

оның  ішінде  ірі  жоғарғы  оқу  орындарының,  ұлттық  компаниялар  мен 

кəсіпорындардың  ұжымдарында,  республиканың  қалалары  мен  аудандары 

деңгейінде дамыту;

халықаралық  ынтымақтастықты  жандандыру  жəне  Ассамблеяның 

этностық  азшылықтар  проблемаларымен  айналысатын  халықаралық 

ұйымдармен байланысын қамтамасыз ету;

түрлі  этностық  топтар  үшін  интерактивті  тренингтер  мен  семинарлар 

өткізу  жөнінде  арнайы  жаттықтырушылар  командаларын  құру  жəне  іс 

жүзінде жанжалды жағдайларды бейтараптандыруға қабілетті медиаторлар 

тобын қалыптастыру.

Ассамблея  қызметін  ақпараттық  жəне  ғылыми-талдамалық 

сүйемелдеу саласында:

Ассамблеяның  ғылыми-сараптамалық  кеңесінің  қызметін  одан 

əрі  жетілдіру  жəне  оның  білім  жəне  ғылым,  мəдениет  салаларындағы 

мемлекеттік органдармен, Ұлттық ғылым академиясымен жəне этносаралық 

қатынастар  проблемаларын  зерттеу  мəселелері  жөнінде  шетелдік  жəне 

халықаралық ұйымдармен жұмысын үйлестіруді жəне мемлекеттік органдар 

үшін этносаралық қатынастарды одан əрі үйлесімді ету жөнінде практикалық 

ұсыныстар əзірлеуін жақсарту;

этносаралық қатынастардың тұрақты мониторингі жүйесін жетілдіру, ел 

басшылығы үшін тиісті ұсыныстар дайындап жəне енгізе отырып, қатерлер 

мен бүлдіргіш ақпараттық ықпалға қарсы шаралар əзірлеу;

өңірлік  ассамблеялардың,  этномəдени  бірлестіктердің  басшыларын 

оқыту  үшін  жағдай  жасау,  олардың  жұмысына  əдістемелік  көмек  көрсету, 

Қазақстандағы мемлекеттік этносаясатты іске асыру жəне этноконфессиялық 

қатынастарды реттеу мəселелері бойынша тұрақты тренингтер өткізу;

Ассамблеяның  бірыңғай  ақпараттық  ресурстарын  қалыптастыру  жəне 

жетілдіру,  оның  ішінде  Ассамблеяның  газетін,  журналдарын,  ғылыми-

əдістемелік  жинақтарын  шығаруды,  Ассамблеяның,  өңірлік  ассамблеялар 

хатшылықтарының,  этномəдени  бірлестіктердің  интернет-ресурстары 

желісін,  электронды  кітапханалар  құруды  жəне  олардың  қызметін 

қамтамасыз ету;

қазіргі  кезде  жұмыс  істеп  жатқан  жетекші  сарапшы  журналистер 

клубының  негізінде  этносаралық  қатынастар  тақырыбын  насихаттайтын, 

этносаралық  қатынастарды  көрсету  мəдениетін  қалыптастыру  мəселелері 

бойынша қазақстандық этножурналистиканы дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет