Казахстан, армия, патриотизм
тәрбие жатады. Ғасырлар бойы советтік өмір салтымен мәжбүрлеп,
жоғары билікке қарсы келмей, езгіде болуға үйренген халқымыз
өзінің ұлттық киімін тек ұлттық мерекелерде киетін жағдайға
жетті. Тәуелсіз еліміздің жаңаша келбеті, менің ойымша, еуропалық
үлгіде даму үстінде. Демократиялық принциппен халықтың басын
біріктіретін ұлттық идеяны қалыптастыру тәрбиеге негізделеді.
Тәрбие – тал бесіктен басталады. М.Жұмабаев: «Ұлт тәрбиесі
баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол
болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты
үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт
тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- деп, «Педагогика» еңбегінде
жазып кеткендей, әр ана қызына кілем, алаша, киіз басуды үйретсе,
әкелеріміз ұлдарына асыл тастармен әшекейлеп, алтын-күмістен
жасалған зергерлік бұйымдар жасауды үйретсе нұр үстіне нұр бол-
мас па еді. Салт-дәстүріміз қажет уақытта ақылы қызмет көрсететін
асабалардың деңгейінде қалмай, ата-әжелеріміздің жеткізуімен әр
шаңырақта күнделікті қолданылса екен. Ұлтымыздың ұлт болып
қалыптасып, дамуы үшін ұлттық санадан кейін маңызды орын алатын
– ұлттық құндылық. Ұлттық құндылыққа ұлтымыздың мәдениеті мен
әдебиеті, өнері мен спорты жатады.
Қазақстанда «Үш тұғырлы тіл» туралы мемлекеттіке бағдарлама
жүзеге асырылуда. Өз тілін игермеген шалағай өзге тілді оқсата ма?
Олай болса, «қазақ тілі – тек дау-дамайдың тілі болмасын»,-деген
елбасы саясатын ұстанып, келешекке ұлттық мұраларды жеткізер
борышымызды адал атқаруымыз керек. «Қалың елім қазағым» деп
өткен Абайдың, дала наркескені Махамбеттің, алашым деп аласұрған
Әлиханның, қазақты Парижге танытқан Әміренің, шалықтап билеген
Шараның, мазмұнды мүсіндерімен елге танылған Әбілханның, ай-
бынды батыр Бауыржанның, шешендіктің шебері Әбіштің ұрпақтары,
біздер, қазақ жастары, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп,
сақтай аламыз. Ұлт намысы үшін күресуді қазаққа ешкім үйретпеген,
біздің ұлт қойдай жуас көрінгенмен, ешқашан намысты қолдан бер-
меген. Олай болса, еліміздің егемендігімен қайта жасарған еліміздің
ерекшелігі ұлттық құндылықтарымыз ұмытылмақ емес.
267
Сочинения школьников Западно-Казахстанской области
Мыңжасова Елена
10 сынып оқушысы Ә.Молдағұлова атындағы
№ 38 мектеп-лицейі, Орал қаласы
Жетекшісі: Тасқарина Гүлзихан
Қасиетті мекен,тарихым-елімнің нұрлы бағысың!
БИә, бізге белгілі киелі ұғымдар көп-ақ. Солардың қатарына
қастерлі байлығымыз – Отанымызды, еліміз бен тарихымызды
жатқызамыз. Қасиеттілердің қасиеттісі – осы сөздерді мадақтай
айтсақ, алдымен,тауының басын-жайлау, етегін-қыстау, ойын-егістік
алған, өсіп-өнген, қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлау-
дан күзеуге көшіп-қонған, адамзат баласының тарих көшіне ілескен
халқымыздың тоқсан толғаулы тағдыры көз алдымызға келеді.
Бүгінгідей ұлттық патриотизм турасында толғаулы ойларымды
ортаға салар сәтте, алдымен,өзекті ойымды өткен тарихқа құрмет
және бабалар рухына тағзым етуден бастаймын.
Тағдырдың талай тауқыметі мен тепкісіне кейде төзе, кейде
қабырғадан қан кешіп қарсыласа жүріп, ата-бабалардан мирас болып
қалған ұлан-ғайыр мекеніне ықылым заманнан бері иелік етіп келе
жатқан жаужүрек те дана халқымыз қашан да ел басына күн туған
қысылтаяң шақта елінің азаттығы мен егемендігі үшін жасқанбады.
Халқымыз қай кезеңде де жалаң кеудесін жау оғына тосты. Өр кеуделі
батырларды туғызды. Сонымен қатар,тарих-ана тумысынан бойын-
да намыс оты тұтанған, сол отты жасындай жарқылдатып, халқының
тәуелсіздік жолындағы жорығына ту етіп ұстап, ақыл- парасаты мен
санасын сәйгүлік қып мінген Күлтегін, Білге қаған, Оғыз,Алып Ер
Тұңға, Томирис тағы басқа да түркілік тұлғаларымен әлемге аян бол-
ды. Көне түркі жазбаларында: «Түбінде бәрімізді осы топырақ жер
қорек қылды. Бірақ киеден айырылу біз үшін дұрыс болмас» деген сөз
бар. Нұрдан жаралған қаракөктің тұқымы арғы түркілердің бүгінгі
ұрпағы бабаларымыздың үстемдік, жаугершілік құрған заманда да
теңдікке, тәуелсіздікке қол созғандығын байқатады.
Иә, рауандап ХХ ғасыр туғанда, халқымыздың қалғып бара жатқан
рухын дір сілкіндіре оятып, ұрпақтан - ұрпаққа жететіндей шоқ та-
стап кеткен ағартушы, қайраткерлер – Әлихан Бөкейханов,Мағжан
Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек
Аймауытовтардың қоғам алдындағы саяси-әлеуметтік қызметіне де
тарих әділ төреші болды. Кейінгі ұрпақ оларға құрмет көрсете отырып,
268
Казахстан, армия, патриотизм
олардың өмірін сүйсіне оқиды, шөліркеген жандай тұнығынан тамса-
на сіміріп, ұлылар өмірінен өзімізге ғибрат алып келеміз. Иә, түптеп
келгенде, ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларын ел құрметіне бөлеген
олардың бойындағы ұлтжандылық пен отаншылдық қасиеттер дер
едім.
Ұлт зиялылары туралы айтқанда, мен ізденіс барысында «Мәдени
мұра мемлекеттік бағдарлама сериясы бойынша «Қазіргі түркі фило-
софиясы »атты жиырма томдық кітапты оқып шықтым. Бұл еңбекте
Алаш зиялылары туралы: «Алмағайып тарихи аласапырандар
тұсында ғұмыр кешкен ұлы ағаларымыз бір-біріне биік талап қоя
білген, егер ұлт мүддесіне қылаудай көлеңке кемшіліктер байқаса,
оны құлбілтелемей,әлдебір арам ниет көздемей, ашық айтқан»,-деп
жазған. Бұл пікірдің астарына мән беріп қарайтын болсам, елімізді
мәдениет пен білім, ғылым өресіне сүйреген қайраткерлер еңбегінің
орасан зор болғандығын және олардың қоғам алдындағы адалдығын
кейінгі ұрпақтардың ұлығылауы туралы айтылып тұрған жоқ па?
Қазақ деген намысқой да өжет халқымды өміршең еткен де, ұлылық
деңгейіне көтерген де, айдай әлемге танытқан да әр ғасыр тоғысында
осындай елім деп өткен ұлдары болса керек.
Иә, тарих тұңғиығына көз жіберсең, ата қоныс жер үшін, сол
қоныстан қуылып, соры қайнаған елі үшін «ақ білектің күшімен, ақ
найзаның ұшымен» ұрандап жауға тиетін, халқына бас иетін батыр ба-
баларымыз бен тағдырдың қиынына төзгенмен, тарихтың қиянатына
көнбеген, «көш бастаса көсем болған, сөз бастаса шешен болған» да-
наларымыз, қай тарапта да жауға белін бермеген, басын имеген, сол
халқымыз не көрмеді?!
Туған жер. Туған тіл. Салт-дәстүр. Туған тарих. Қасиетті төрт
анасың Сен!..
Осы алтын айбарлы мемлекеттік құндылықтарды құрметтеу
біздірге, бүгінгі жастарға, үлкен жауапкершілік жүктейді. Рәміздерді
құрметтеу, түптеп келгенде, халқымыздың жастарының өй-өрісін,
өзгеше бірегей бітімін танытып қана қоймайды, жаһандану заманын-
да, тіпті, қоғамдық ойлауына, қазақша сөйлеуіне де да ықпал ететіндігі
сөзсіз.
ТХалқымыз бүгінгі бүлдіршіннің – ертеңгі ел келешегінің берік
қалыптасқан өзегі деп осы Отандық патриотизмді ту етіп,нұрлы
болашақ астында ұрпағын ізгіліктілік,өз елін сүюге баулып келеді.
Бұл – берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі
десе де болғандай. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дейді
269
Сочинения школьников Западно-Казахстанской области
ұлы Абай. Бұдан асқан сөз бар ма?! Бұл идея бүгінгі таңда жеке
тұлғаны қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеуде аса қажет.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбіщұлы Назарбаев: «Қазақстанның
Отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім беру мекемелерінде, мектепке
дейінгі орталықтарында, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табы-
лады » - деген еді. Олай болса, тарихты білу, қастерлеу, Отансүйгіштік –
қазақ жастарының ұлттық-қоғамдық санасын белгілейтін әлеуметтік
тарихи қалыптасқан сезім. Аса қасиетті сезімнің оты сөнбесін,ол
Мәңгілік елімізге, Мәңгілік тілімізге, бәрімізге Жерұйық болған
сүйікті Отанымызға қызмет көрсетуден бастау алып, ұлтымызды жы-
лыта берсін деймін!.
270
Казахстан, армия, патриотизм
Жамбыл облысы
271
Сочинения школьников Жамбылской области
Амантай Нұртас
10 сынып, А.Шынасилов атындағы орта мектеп
Т. Рысқұлов ауданы
Тәуелсіз елдің патриотымын!
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен кере-
мет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан Отанымыздың тәуелсіз, еркін
мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге
жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы
мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен
қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Тәуелсіздік туының
желбірегеніне де, міне, 23 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы
алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы
құрметтейді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та Қазақстанның санау-
лы ғана жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен
еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған
осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз
елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде,
ата-анамның, достарымның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін
байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»,-деп
айта бергім, қайталап айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің,
тәуелсіздігінің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті
елдің еркін ұланының бірімін! Н.Ә.Назарбаев: «Алдымызда асу-асу
белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел
де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»-деп
айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін
жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз
керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты.
Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені
екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына
үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!» -
272
Казахстан, армия, патриотизм
деп, өршіл ақын М.Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім
артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық
болатынымызға сенемін. Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім
қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ.
Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай»
күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды
ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ
өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін,
тәуелсіз елдің патриотымын!
Олай болса, от жүректі, көзі ашық, көкірегі ояу, еліміздің болашағы
–жалынды жастар, жанын пида еткен бабаларымыздың аманаттап,
мирас етіп қалдырған елін, жерін шұбарламай аман қалпында келесі
ұрпақтарға табыстайық. Күніміз шуақты, халқымыз қуатты болып,
көк туымыз көк аспанда мәңгілік қалықтасын!
Әжіғұлова Жансая
8 сынып, Ақтоған орта мектебі Т. Рысқұлов ауданы
Мемлекеттік рәміздер – ұлттығым
Менің Отаным – кең байтақ Қазақстан. Қазақстан – мен үшін, менің
ата-бабаларым үшін өте қасиетті мекен. Қазақстан – тәуелсіз, дербес,
егеменді мемлекет. Біз тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері
Қазақстанды әлем тани бастады. 1991 жылы 1 желтоқсанда Прези-
дент сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Н. Назарбаев сайлан-
ды. 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының рәміздерін
қабылдау туралы» Президенттің жарлығы шықты.
Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері: туы,
елтаңбасы, әнұраны болады. Қазақстан Республикасының азаматта-
ры, сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез-келген адам мемлекеттік
туды, елтаңбаны, әнұранды құрмет тұтуға міндетті. «Мемлекеттік
рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік
негізінің бірі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны күн сайын
телерадио бағдарламалары басталғанда, аяқталғанда және еліміздің
аса маңызды мерекелерінде орындалады. Оның әуені менің көңілімді
толқытып, жанымды шаттыққа бөлейді, жүрегімді егеменді елімізге
деген қуаныш сезімге толтырады. Әнұранның әсерлі үні салтанатты
жиналыстар мен мәжілістерде шалқиды. Шет елдердің мемлекет бас-
273
Сочинения школьников Жамбылской области
шыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда оларға мемлекеттік
әнұран әуенімен құрмет көрсетіледі. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік әнұранын көпшілік алдында міндетті түрде түрегеп
тұрып тыңдаймыз. Біздің мектебімізде әнұран әр дүйсенбі күні орын-
далады. Әнұранды айтқанда, оң қолды жүрек тұсына қоямыз. Бұл –
біздің елімізге деген зор құрмет деп түсінемін.
Қазақстан Республикасының елтаңбасы – мемлекеттің басты
рәміздерінің бірі. Елтаңба термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен
шыққан. Егеменді Қазақстанның елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде
қабылданды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы
дөңгелек нышанды. Бұл – ұлы дала көшпенділері айрықша қастер
тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан
Республикасының мемлекеттік елтаңбасының негiзi – шаңырақ. Ол –
елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ – мемлекеттiң түп негiзi – отбасының
бейнесi. Шаңырақ – күн шеңберi. Шаңырақ – киiз үйдiң күмбезi көшпелi
түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Шаңырақты айнала
күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы
мен сол жағында қанатты тұлпар орналасқан. Тұлпар – дала дүлдiлi, ер-
азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас
жiгердiң, қажымас қайраттың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған
құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы
кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып
жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа
құштарлықтың кейпi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың
астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн,
рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi.
Жоғарғы бөлігінде бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжi iспеттi.
Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Ал төменгі
бөлігінде «Қазақстан» деген жазуы бар. «Қазақстан» деген жазу – ал-
тын түстес. Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары:
Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік
ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астын-
да қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кезде-
ме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген
тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын
түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2. Қазақстан Ре-
спубликасы мемлекеттік туының авторы - суретшi Шәкен Ниязбе-
274
Казахстан, армия, патриотизм
ков. Бiрыңғай көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк
күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жо-
лына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда
әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны
болған. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi.
Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң
өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени тарихына сүйене оты-
рып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа
мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын
көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық
пен байлықты бейнелейдi. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және
өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран
құс – бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-
байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының
еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн
паш етедi. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Мемлекеттік
рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышан-
дар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы
арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі». Мен өз елімнің жас
ұланы ретінде ұлттық құндылықтарымыз – ту, елтаңбамызды,
әнұранымызды әрқашанда қастерлеп, қадірлеп өтемін.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан
да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш
жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», - деп дана халқымыз бе-
кер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау, әрбір азаматтың
бірінші міндеті.
Әмірханов Аман
11 сынып, Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектеп Т.Рысқұлов ауданы
Жетекшісі: Аденова Д.Қ.
Жасасын қазақ, Азаттығың!
Қасиетіңнен айналайын қазақ жері! Сенің әрбір тауың мен
тасыңда, суың мен нуыңда бабамыздың шоқ басып, шөңге қадалған
табанының ізі қалған. Қызыл қаны мен маңдай терінің кермек иісі
сақталған. Өз жерінде өгей болып өскен халқымның шемен боп қатқан
қасіреті бара-бара қара тасқа айналып, шерлі жүректің шежіресінен
сыр шерткендей. Азат өмірді аңсап өскен ата-бабаларымыз өз жерінде
275
Сочинения школьников Жамбылской области
отырса да, басына үйі, бауырына қазаны бұйырмай, қаншама жыл-
дар қайғы жұтып, қасірет тартпады дейсің. Алайда бұл жылдар ерен
ерлікке, қайыспас қаһармандыққа толы болғанын біз бүгін сүйсіне
еске аламыз да, аталар аруағына басымызды иіп тағзым етеміз.
Тағзым жасай отырып, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Кенесары,
Сырым, Амангелділер мінген тұлпарлардың тұяғының ізі қалмады
ма екен деп, шақпақ тас пен шағыл құмға еріксіз үңілеміз. «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» болып, Қаратаудан құлаған қаралы
көште көзден аққан қан аралас жастан жиналған бұлақ емес пе екен?-
деп, сылдыраған суға қарап, ойға батасың. Ал көгілдір аспанға көз
жіберсек, көк жүзінде қалықтаған қазақ жерінің қырандарына куә бо-
ламыз. Бұлар шейіт кеткен шерменделердің өлмес рухы сияқты.
Жыр семсері Махамбет халқының, елінің ертеңін ойлап, ет-жүрегі
езілген қайран баба ес білгеннен бастап бір қадам жерді бастырмай,
асыл дүниесіндей қастерлеп, ұрпақ қолына тапсыруды көксей келе:
Арғымақтан туған асылды,
Баптап мінер күн қайда?!
Алаштағы жақсыдан
Батасын алып, дәм татып,
Түлкідейін түн қатып,
Бөрідейін жол тартып,
Жалаулы найза қолға алып,
Жау тоқтатар күн қайда?! –
деп, жалынды жыр төкті.
1986 жылы 17 желтоқсан күні қазақ жастары тағы да азаттық
жолында орталық алаңға шықты. «Менің Қазақстаным» әнін шырқай
жүріп, империяның әміршілдік машинасының табанына тапталған,
сонда да қайсар рухтан қайтпаған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова,
Е.Сыпатаев сияқты жас қаһармандарға бүгінгі азаттығымыздың алғы
шарты болған желтоқсан ерлерін емірене еске ала отырып, соларға ар-
нап жыр айтпақпыз.
Желтоқсан көтерілісі қанша ызғарлы естілсе де, елдің ру-
хын көтеріп, еркіндік сәулесінің жібін қайта сабақтады. Өктем күш
шындықты жер бетінен жасырғысы келгенімен, адалдық үні ақыры
жарып шықты. Ол ел еңсесін езген жоқ, елдігін көтерді, санасынан
ұлттық рух өше бастағандарға саңылау енгізді, ата-бабаның қанымен,
жанымен қорғаған қасиетті жерінің құнын арзандатушыларға қатал
276
Казахстан, армия, патриотизм
сабақ болды. Өктем күшке, әділетсіздікке қарсы халықтың қанын
қыздырған ар-намыс алауы болды. Бұл алау – «Біз сондай іргелі
ел едік» деп ұлтының оянуына ой жүгірткен, ұлтын сүйгені үшін
«ұлтшыл» деген айып тағылып, өмірден от-жалын боп кеткен Мағжан,
Ахмет, Міржақыптардың арман отының алауы еді.
Бұл алау – халықты дәуір көшінен қалдырмай, ел болу жолына
салсақ, сол жолда адастырмас көшбасшы болсақ деп ұмтылған, «Халық
жауы» айыбымен өмірден жалт етіп өткен Сәкен, Ілияс, Бейімбеттердің
өкініш өксігінің лап еткен жалыны еді. Осы тәуелсіздікті сол қана ара-
лас көз жасын, арман жасын халқының намыс отына тамызық етіп,
алдыңғы бабаларының өрлігін жалғастырған, еркіндік күресінің алау
отын жаққан жастадың рухы әкелген сияқты.
Тәуелсіздікке қол жеткізу қандай қиын болса, оны сақтап, іргесін
нығайту жолында да қиыншылықтар аз кездеспеді. Бұл жол да өз
сынын алға тартты. Әлемнің небір аузымен құс тістеген тәкаппар
елдеріне өзіңді танытып, тең тұрып тілдесер күн де туды.
Шерхан Мұртаза: «Тәуелсіздік – біреу. Ол – біз сияқты, қазақ сияқты
халыққа жүздеген жылдардан кейін ғана келіп жеткен Алланың ақ
нұры. Оған бәріміз адал ниетімізбен тіреу болсақ қана аман түзелер»,
- деген еді. Тәуелсіздіктің күн нұры күлім қағып, қыраны қалықтаған
туы желбірегенде жүзінде мақтаныштан нұр күлкісі төгілмеген қазақ
жоқ шығар, сірә?! Осы орайда тіліме Тұманбай ақынның:
Ұлы аманат етейік еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті,
Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең,
«Қазақ болу – зор бақыт» - дер күн тіпті, -
деген шумағы еріксіз еске оралады.
Елбасымыздың сөзінен қуат алып, 2030 жылды бетке алып, жас
ұрпақ өркениет жолына сеніммен қадам басты. Екпінді адым. Барыс
қимыл, барыс шапшаңдық, шыңға ұмтылған барыстың өрлігі қазақ
жастарынан байқалады.
Қазақстаным – жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған елім, аңсаған бабам,
Азаттық еді асыл арманым!-
277
Сочинения школьников Жамбылской области
деп қазақ үні, менің замандастарымның асқақ үні бүгінде әлемді
алып барады.
Не деген бақыт! Бұл – ұлт бақыты, ұрпақ бақыты.
Балкыбек Данекер
8 класс, СШ им. Болтай батыра Т. Рыскуловский район
Руководитель: Колжанова А. С.
Достарыңызбен бөлісу: |