ХХІ ҒАСЫР МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛМЕН
54
Ултанбаева Г.А.,
Өскемен қаласы əкімдігінің «№ 4 орта мектебі» КММ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ РЕТІНДЕ
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуда педагогикалық тех-
нологияларды қолдануға арналған зерттелімдер аз емес. Бүгінгі
таңда тілді оқыту əдістемесінде жаңа технологиялар бойынша келесі
бағыттар зерттелініп, құнды тұжырымдар жасалған: тілді қатысымдық
тұрғыдан оқыту (Е.И. Пассов, Ф. Оразбаева), жаңаша жаңғыртып оқыту
(Қ. Қадашева), модульдік оқыту (М. Чошанов, П.А. Юцявичене, К.
Жақсылықова, М. Жанпейісова), жеделдете оқыту (А.Г. Китайгород-
ская, Ш.Қ. Құрманова), жобалап оқыту (В.М. Монахов, И.Н. Бухтияро-
ва), дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы арқылы оқыту
(П.М. Эрдниев, С.Т. Садықова) т.б.
Оқу үдерісінде жеке тұлғаға бағыттылған оқыту технологияла-
рын қолдану мен оны озық тəжірибемен сабақтастыра зерттеу бүгінгі
күн талабынан туындап отырған қазақ тілін оқыту əдістемесінің
маңызды міндеттерінің бірі. Осыған байланысты қазіргі кездегі білім
берудің көкейтесті міндеті оқушылардың шығармашылық қабілетін
қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасында орта
білімді дамыту Тұжырымдамасында білім беру мекемелерінің ең
негігі мақсаты-дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап
көрсетіледі. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық»
адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дəлелдеп
отыр.
Кез келген ұстаздың басты мақсат – міндеті-оқушыларға сапалы
білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін
арттырады. Кез-келген бала да адамның мəдениеті де ойын арқылы
дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процессінде ойын
алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ын-
тасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын технологиялары. Адам əрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі
түрлерінің бірі-бұл ойын. Ойын-бұл жағдаят жағдайында қоғамдық
тəжірибені игеру жəне қайта туғызуға бағытталған əрекет түрі. Ойын
барысында тұлғаның мінез-құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады.
Раздел 1.
Государственный язык как основа
табильности независимого государства
55
Отандық педагогика жəне психология ғылымдары саласында ойындық
əрекет бағдарламасын К. Ушинский, П. Блонский, С. Рубенштейн, Д.
Эльконин, шетелде З. Фрейд, Ж. Пиаже жəне т.б. жасады. Олардың
еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында негізгі психикалық
қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі
билеуіндегі, əлеуметтені үрдісінде-адамның қоғамдық тəжірибені пай-
далану жəне игерудегі ойынның рөлі зерттеліп, негізделген.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар,
денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын
элементтерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар
баланың ақыл-ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арт-
тырады, тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элементтері
араласқан сабаққа зор ынтамен, жігерімен араласатыны анық.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті
болғанымен, қабылда, есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан, кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар
қолдана білу керек.
Біздің қарастырып отырған мəселеміз орыс тілді бастауыш сы-
ныпта қазақ тілін үйретуде ойын технологиясын қолдану мəселесі, əрі
ойын технологиясының нысаны ретінде ұлттық ойындарды пайдалану,
өйткені біз тілді ғана үйретіп қоймаймыз, сонымен қатар балалардың
іс-əрекеттерін, қимыл-қозғалыстарын дамытумен қатар денсаулығын
шыңдауға үлес қосамыз, сөзіміз дəлелді болу үшін ғалымдардың
пікірлеріне тоқталайық: алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық
тізгінін А. Диваевтың еңбегін талдаудан бастайық. Ол өзінің «Игры ка-
захских детей» еңбегінде тарихта алғашқы рет қазақтың ұлттық ойын-
дарын үш топқа бөліп қарастырады: 1) кішкентай бүлдіршіндер ойын-
дары; 2) ересек балалар ойыны, 3) жігіттер ойыны.
А. Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық қауымдық
құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы
дəстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа-спорттық ойын
түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың дəлелдеуінше, халық ой-
ындары балалардың іс-əрекеттерін, қимыл-қозғалыстарын дамытумен
қатар, денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс əрекетін атқарады.
А. Диваев «Как киргизы развлекают детей» мақаласында «бала
бас бармағын көрсетіп, малды барымталаймыз, ортан бармағын
көрсетіп,оған пайғамбарымыз не дейді?» деп көк аспанға қарап құдай
тəңірінен рұқсат сұраған дей келіп, «бес саусақ» ойыны мен саусақ
Ултанбаева Г.А.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ОЙЫН
ТЕХНОЛОГИЯСЫ РЕТІНДЕ ҰЛТТЫҚ
ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
56
атауларын алға тартады жəне аталған мақалада саусақ пен қимыл-
қозғалыс жасау əрекеті негізінде баланы тəрбиелеп, шынықтырудың
үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі. Қазақ
балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі-орыс ғалымы А.
Алекторов. Мəселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов,
о правилах и власти родителей » (Орынбор, 1891) еңбегін айтуға бола-
ды. Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақтардың өмір сүру салтындағы
баланың дүниеге келген сəтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық
ойын мен қимыл-қозғалыс əрекетінің алатын орны жəне балғындардың
денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке ұлттық
ойындарының қажетті жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі
ғалым ағартушылары А. Құнанбаев, Ш. Уəлиханов, Ы. Алтынсарин
ұлттық ойындарының балаларға білім берудегі тəрбиелік мəнін жоғары
бағалап, өткен ұрпақтың дəстүр мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы
мен іс-əрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік
ой талабының өсуінде, оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа,
М. Жұмабаевойындарды халық мəдениетінің бастау алар қайнар көзі,
ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, ден шынықтыру тəрбиесінің
негізгі элементі деп тұжырымдайды.
Ұлттық ойындар халық тəрбиесінің дəстүрлі табиғатының
күрмеу жалғасы. Ежелден дəстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру
əдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дəстүрі, батырлық-батылдық
туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б.
құндылықтарға мəн берілуі – халық данышпандылығының белгісі.
Жоғарыда айтылған ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек,
оқушылар тіл үйренудің алғашқы сатысын іс-əрекет жəне ойын түрінде
бастағаны дұрыс. Себебі ойын-баланың дамуындағы ең күшті əсер ететін
фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі жəне еркін
қиялдауымен шығармашылық ойлауы тəрбиеленіп, қалыптасып, дами-
ды. Мысалы тірек сөздерді бергенннен кейін, табиғат құбылыстарының
атауларын үйретуде «Жаңбыр» ойыны, «Музыкалық əңгіме» т.б.
іс-əрекеттер жасатудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде
мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сəтте, əрқайсысы
өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді,
нөсерлеп жауын жауды, жел бəсеңдеді т.б. əрекеттермен көрсетулеріне
болады. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылығын
туғызып алған соң тірек сөздерді қайталатып, сабақты бекітуге болады.
Мысалы, бастауыш сыныпта түстерді оқығанда жəне сан
Раздел 1.
Государственный язык как основа
табильности независимого государства
57
есімдерді өткенде «Ханталапай» ойынын ойнауға болады. Себебі
асықтар нөмірленіп, түрлі-түске боялады. Оқушылар қолдарындағы
асықтың реттік санын біліп жəне қай түске боялғанын білуге тиіс. Əрі
бұл ойын арқылы қазақтың ұлттық ойындарынан хабардар етеміз.
«Ханталапай» ойыны.
«Хан» алшы түскенде, балалар ортадағы асықтарға ханталапай
жасайды. Бірінші ойыншы қолындағы барлық асықты ортаға үйіруі ке-
рек. Осылай ойыншылар алған асығының санына қарай ұпай жинайды.
«Ханмен» бірге қолына алған асықтардың санына байланысты
ұпай саналады. Басқа ойыншылар «ханға» қарап тұру керек. «Хан»
алшы түспесе, үйірген, шашылған асықтарды бір-біріне соғады. Бұл
ойынға 4-5 бала қатысады. «Хан» кімнің қолында кетсе асықтарды сол
үйіреді. Ойынға он асық алынады, олар боялуы керек. Он бірінші асық
«хан» болады. Ойыншылар кезектерін біледі.
Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан-
балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері
бар. Зер салып байқап отырсақ ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық
ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған
екен жəне адамға жастайынан дене тəрбиесін беруге, оны батылдыққа,
ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. əдемі адамгершілік
қасиеттерге баулуға бағытталған екен. Ойын-сауық сондай-ақ, қазақтың
ұлттық мəдениетінің бір саласы деуге де болады. Өйткені, олар
халқымыздың мəдени мұрасын құрайды, оны өркендетуге де үлкен
септігін тигізеді. Енді қазақтың ертеден қолданылып келе жатқан
кейбір ойын-сауық түрлерін өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуда
пайдалансақ ұтымды болар еді. Себебі тілді таным арқылы оқыту-
тиімді жолдардың бірі. Əрі ойын технологиясы барлық сабақтарда
қолданылады десек артық айтпағандығымыз, соның ішінде тіл үйретуде
ұлттық ойындардың атқаратын қызметі ерекше.
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы; Рауан, 1991
ж. – 176 б.
2. Кішібаева Д. Ұлттық ойындардың пайдасы // Бастауыш мектеп, 2004
ж. – № 1. – Б. 52-56.
3. Қалиев С., Құралбекұлы А. Сөзбен орындалатын ұлттық ойындар //
Бастауыш мектеп, 2000 ж. – № 6-7. – Б. 49.
Ултанбаева Г.А.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ОЙЫН
ТЕХНОЛОГИЯСЫ РЕТІНДЕ ҰЛТТЫҚ
ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
58
Нургалиева Л.К.,
Өскемен қаласы əкімдігінің «№ 11 мектеп-гимназиясы» КММ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ, ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ЖƏНЕ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ
НЕГІЗІ СИЯҚТЫ
«Біз, Қазақстанның халқы...» – Конституциямызды ашатын осы
сөзде, көптеген тарихи сабақтастықтың барлық тереңдігі жинастыры-
луына қарамастан мемлекеттің жаңдануына тырысты.
Отанға деген сезім, өзінің жекелей түсінуі, өмірі жəне тағдыры
атамекенмен байланысқанда, одан нағыз азамат шығады.
Біздің
еңбекке
деген
құлшынысымыз,
даярлығымыз,
ұйымшылдығымыз бүгінгі таңдағы ұлттың тұрақтылығын Отанымыз
бізден талап етеді. Əсіресе, бұл қасиеттерге болашақ ұрпақты тəрбиелеу
керекпіз, өйткені сол ұрпақ – мемлекеттің келешегі болып табылады.
Біздің мемлекетіміз көпұлтты. Украиндар, кəрістер, татар-
лар, немістер, қазақ жəне орыс халқы бірлікте, татулықта əртүрлі
қызметшеңберінде жұмыс атқарады. Əр қазақстандықтың қанында
адамзаттық келісімге деген ұмтылыс болады. Ол – біздің бірлігіміз. Бұл
əлемді сақтауға, ал əлем – келешектің көркеюнің ең маңызды шартын
сақтайды.
Кез келген мемлекеттің мемлекеттік тілі – ол рəзімдер мен
мемлекеттің негізі. Тіл – жай ғана қарым-қатынас тəсілі емес, ол –
халықтың руханиының өзегі, отаншылдық тəрбиесінің ең маңызды
аспабы, ұлттық сананың негізгі элементі. Мемлекеттік тілдің дамуы
мен сақталуында, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік тұрақтылық
тілдік саясат болып табылады. Біздің мемлекетіміздің тілге деген көңіл
бөлуі – осының себебі. Бұл жөнінде Президенттіміз Н.А. Назарбаевтың
«Қазақстан стратегиясы – 2050: дамыған мемлекеттің жаңа саяси кур-
сы» Қазақстан халқына жолдауында айтылған.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттік басқарманың, заңнаманың,
сот ісінің жəне іс жүргізудің мемлекеттің барлық аумағындағы ара-
қатынастың барлық шеңберлерінде қолданылатын тіл.
Қазақстан республикасының əрбір азаматының басты міндеті
мемлекеттік тілді жетік меңгеру болып табылады. Неғұрлым көп адам-
дар қазақ тілін үйренуді сезе біліп, барлық жауапкершілікпен қарап,
жоғарғы деңгейді көрсетсе мемлекеттік тіл біздің өмірімізде маңызды
Раздел 1.
Государственный язык как основа
табильности независимого государства
59
орын алады.
Қазақ тілін меңгеру – ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің,
ынтымақтың ең басты шарты. Ол халыктарды жақындатумен қатар
Қазақстандағы тұрақтылық пен ұлтаралық қарым-қатынастың басты
кепілі болып табылады.
Елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне кейбір қауіп-қатер тұғызады.
Сонымен қатар, тілдік орта мəселесінің шешімі демократияның одан
əрі дамуының мықты импульсын алып беруін көрсетеді. Сондықтан,
белсенді тілдік ортаның қалыптасуы елдің ұлттық қауіпсіздігінің ең
маңызды аспектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
айтқандай, «тіл – қазақстан халықтарын біріктірудегі басты қару болып
табылады».
Мемлекеттік тілді бекіте отырып, орыс тілдің қоғамдық
мəдениетін атқаратын қызметтерін сақтайтын, неғұрлым ағылшын
тілдің шеңберіне тартылу, əрбір этностердің сөзіне сақтықпен қарауға,
бізді бір-бірімізді рухани байлыққа, зияткерлік тəлімдейді.
Орыс тілдің дүниежүзілік мағынасында ескере отырып, ұлы
Абай өсиетін «өйткені ол – білім мен ғылым қақпасы, дүние жүзіндегі
мəдениеттің қазына кілті», деп айтуға болады.
2007 жылдан бастап Қазақстанда «Үштік тілдік» мəдени жоба
жүзеге асуда. Осы жылдың жолдауында «Жаңа Қазақстан жаңа əлемде»
атты мемлекеттің басты мəдени жобасы жүзеге асыруға ұсынды.
«Қазақстан əлемдегі үш тілді жетік меңгерген, жоғарғы білімді тұлға
болу керек. Бұл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық
қарым-қатынас тілі жəне ағылшын тілі – ғаламдық экономикаға
бағытталған тіл» екенін Президентіміз атап айтты. Бұл жобаның жүзеге
асуы – мемлекеттік істің маңыздылығы, өйткені бүгін таңда Қазақстан
дамыған отыз елдің қатарына кіру міндетін алдына қойып отыр.
Біздің республикамыз – полиэтникалық мемлекет, əр адам өзінің
ұлттық салт-дəстүрін, мəдениеті мен сөйлеу тілін дамытып сақтап қалуға
құқылы. Бұл Қазақстандағы тілдік саясаттың маңызды компоненті.
Қазір біздің елде 15 тілде 60 бұқаралық ақпарат шығады, соның
ішінде 14 газет, этномəдениет орталығының 26 сайты, 6 тілде ұлттық
театрлар жұмыс істейді.
Қазір қазақ тілін меңгеруге барлық мүмкіндіктер жасалған.
Еліміздегі үлкен жастағы адамдарға, соның ішінде мемлекеттік
қызметкерлерге мемлекеттік тілді меңгеруге жағдай жасалған.
Нургалиева Л.К.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ, ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ
ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМ
ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ СИЯҚТЫ
60
Этнотілдік сұраныстарды қанағат ету үшін барлық мүмкіндіктер пайда-
ланылып шарттар құралады. Соған орай жексенбілік мектептер ашыл-
ды.
Мемлекеттік тілдік саясаттың жүзеге асуына мынадай шаралар
қолданылады: мемлекеттік тілде құжаттың сапалы жəне сауатты орын-
далуына түпкілікті тексеріс жүргізу, қазақ тілі сабақтарына үздіксіз
қатысып отыру; сондай-ақ іс-қағаздар жүргізуді мемлекеттік тілге
көшіру.
Біздің еліміз негізгі заң – Ата заңға сүйене отырып дами түсуде.
Өркендеп көркейген елді дамытуда басты құжат маңызды біріктіруші
жəне кеңес беруші рөлін атқарады. Қазір осы бағыттағы Президенттің
бағдарламасын жүзеге асырудың формалары мен құралдар, əдістері мен
шешу жолдары қарастырылып жатыр. Мектептердегі бағдарламаның
жүзеге асуының тиімділігі – оқу-тəрбие үрдісіндегі барлық субъектінің
мектеп, отбасы, қоғамның тығыз байланысуы.
Біздің № 11 мектеп-гимназиямызда дажоспар бойынша
функционалдық жəне тілдің дамуының мемлекеттік бағдарламасы мен
іс-шаралар жүзеге асуда. Қостілділік – мерекелер мен іс-шараларды
жүргізуде, құжаттамалар, визуалдық ақпаратты рəсімдеудің басты
ұстанымы.
Бастауыш сыныптар арасында Қазақстан халқының тілдер
мерекесіне байланысты мəнерлеп оқу сабақтары, өлең оқу сайыста-
ры, суретшілер сайысы, 8-11 сыныптар арасында «Менің ана тілім»
тақырыбына шағын шығарма жарыстары жүргізілді.
Бірінші Елбасы күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елба-
сы» атты презентатциялық сабақтар өткізілді, коллаждар қорғады.
Тəуелсіздіктің күніне қарсы «Астана – Елбасының ерлігі»,
«Бейбітші Қазақстан үшін біргеміз», «Қазақстан жолы – 2050: бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Менің Отаным – Қазақстан», «Біздің
ұлы Қазақстан», «Туған жерімізде тату, үлкен бір шаңырақ астындамы-
зй» атты сыныптан тыс іс-шаралар, викториналар жүргізілді.
Біздің мектебіміздің мұғалімдері А.К. Турекенова «Ең үздік фи-
лолог – 2013» қалалық сайысында 2 орынға, ал Г.К. Мунусова «Ең үздік
филолог – 2014» – 3 орынға ие болды. Мектеп мұғалімдері əдістемелік
тəжірибе фестиваліне белсене қатысып, білімдерін жетілдіре отырып,
тəжірибемен алмасу арқылы қазақ тілі мен əдебиетінен қалалық семи-
нарлар өткізді.
Қала көлемінде басқа ұлт өкілдерінің арасында өткізілген «Тіл –
Раздел 1.
Государственный язык как основа
табильности независимого государства
61
тұғырым» атты сайыста біздің мектебіміздің мұғалімдері «Гран-при», ал
директорымыз Г.А. Никифорова арнайы 1 жүлделі сыйлықты иеленді.
Мұғалімдер ұжымы «Қазақстандағы ұлттардың мəдениеті мен
тілдерін жаңғырту мектебінде» мемлекеттік тілді меңгеруде. Біздің
мектебімізде сəрсенбі күні мемлекеттік тіл күні өтеді. Біздің оқушылар
қалалық олимпиядаларға, жарыстарға белсене қатысып жүлделі
орындарға иеленеді: олимпиадада – 8 сынып оқушылары Артур Ма-
нучарян 2 орынға, Никита Ярославцев 3 орынға, 11 сынып оқушысы
Михаил Щетинин 2 орынға ие болды, «Қайрат оқуларында» – 11 сынып
оқушылары Владимир Рыжов 2 орын, Карина Лезгиева мен Жұлдыз
Байбатырова 3 орын алды, 22 оқушы «Айналайн» жарысында жүлделі
орындарға ие болды.
Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың сөзімен қорыта келгенде
«бүгінгі таңда кемінде екі тілде ойлап, еркін сөйлей алатын ел кем де
кем. Қазақстан солардың қатарында, ол – біздің басты байлығымыз.
Біз үштілділік дамуының бағдарламасын жүзеге асырамыз жəне оны
көтермелейміз, бұл біздің халқымыздың алдыға ұмтылуын көрсетеді».
Тіл – біздің жеткіншек ұрпақтың жарқын болашаққа ұмтылуының
кепілі.
Қабылбаева Ж.Ш., Жақсыбаева Н.С., Өскемен қаласы
əкімдігінің «№ 27 орта мектебі» КММ
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА МАҚАЛ-МƏТЕЛДЕРДІ
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мақсаты: оқушылардың тілдік қатынастағы білім қорын өмірде
қолдануына қажетті тілдік құзыреттілікті қалыптастыру үшін мақал-
мəтелдерді оқып, зерттеп, олардың тəрбиелік мəнін білу.
Міндеті: ата-бабаларымыздан жеткен мирасты, рухани байлықты
болашақ ұрпаққа жеткізу, тəрбиелік маңызын анықтау.
Өзектілігі: заман талабына сай қазақ тілін меңгертуде мақал-
мəтелдер – халық даналығының бір көрінісі, өмірде адаспай, жақсы адам
болып шығудың ережесі секілді, яғни жасөспірімдерді ақыл-парасатқа,
өнегелі істерге, мəдениетке, шешендікке, тапқырлыққа баулиды, тəлім-
тəрбие береді жəне білімді, саналы жеке тұлға болып қалыптасуына игі
ықпалын тигізеді.
Қабылбаева Ж.Ш., Жақсыбаева Н.С.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА МАҚАЛ-МƏТЕЛДЕРДІ
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
62
Болжамы: қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретуде мақал-
мəтелдерді тиімді пайдалану оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеуіне
мүмкіндік береді.
Зерттеу нысаны: 8-11 сынып оқушылары.
Зерттеу мəселесі: қазақ тілі сабақтарында оқушылардың ауызекі
сөйлеу дағдыларын мақал-мəтелдерді пайдалана отырып қалыптастыру
жəне дамыту, бақылау жүйесін əзірлеу, қазақ тілінде еркін, сауатты,
саналы оқу, жаза білуге дағдыландыру, тұрмыста, қоғамдық орында
сөйлей білуге үйрету.
Жаңашылдығы: сапалы білім беруде мақал-мəтелдерді тиімді
қолдану оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырудың
бірден-бір көзі.
Мақал-мəтелдер – халық даналығының, көрегендігінің айнасы,
тіл байлығының алтын қазынасы. Олардың көбі өмір шындығының
қорытындысы. Халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру
əрекетінің ережесі секілді қымбат мұра. «Сөздің көркі – мақал» деп
тегін айтылмаған. Мақал-мəтелді айтылатын оймен орайластырып,
орынды колдансақ, сөзіміз мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды
көркем əрі бейнелі болады. Мақал-мəтелдер аз сөзбен терең мағынаны
беретіндіктен, өте ұтымды болады, сөйлеген адамнын шешендігін, ой
ұшқырлығын, тапқырлығын байқатады. Мақал мен мəтелдер халық са-
насында талай жылдар мен ғасырлар бойында қалыптасып, тұракталып
қалған да, сөйлегенде дайын тілдік құбылыс ретінде қолданылады. Бұл
жағынан келгенде, яғни құрамындағы сөздердің тұрақты болуы, дайын
тілдік құбылыс ретінде қолданылуы жəне ойға əсерлі де əсем, көрікті де
көркем мəн үстеуі жағынан, макал-мəтелдер тұрақты тіркестерге жақын
болып келеді. Мақал-мəтелдер жақсы адам болып шығудың ережесі
секілді. Адамды жақсылыққа тəрбиелейді. Мақал-мəтелдердің көлемі
қысқа болады. Олар шағын өлеңдер секілді. Мақал-мəтелдер ойда тез
жəне жеңіл сақталады. Мақал-мəтелдердің тақырыптары əртүрлі: өнер-
білім, адамгершілік, жақсы мен жаман, еңбек, достық, Отанды сүю ту-
ралы т.б. Адамның сана-сезімі, мінез-құлқы іс-əрекет үстінде дамиды,
ал бұлардың негізі балалық кезде қалыптасады. Халқымыз өз ұрпағы
дүниеге келгеннен бастап жақсы қасиетке баулуды үнемі негізгі мəселе
деп санап келген. Осыдан болу керек бала тəрбиесінде мақал-мəтелдер
елеулі орын алған. Бала айналасындағы өмір құбылыстарына əуесқой,
еліктегіш, тынымсыз зерттеуші. Есейген сайын білсем, көрсем, ұстасам,
алсам деп əрекет етуге ұмтылып, қоршаған ортамен, адамдармен, заттар-
Раздел 1.
Государственный язык как основа
табильности независимого государства
63
мен қарым-қатынасқа түсуді қалайды. Сол себептен де жасөспірімдерді
ақыл-парасатқа, өнегелі істерге, мəдениетке, шешендікке, тапқырлыққа
баулитын мақалдардың маңызы зор. Болашақ ұрпағын бесік жы-
рымен əлдилеп, əнімен тербете отырып, оның жан-жақты дамуын,
есен-сау өсіп жетілуін, ел азаматы болуын ерте ойлайтын халқымыз
өз өнегесін мақалдап-мəтелдер бір ауыз сөзбен баланың құлағына
құйып, көкірегіне тоқтатуға баулып отырған. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ
тілін меңгертуде ойды дұрыс жеткізуге, сөздің мағынасын түсінуге,
оқушының ой мен тілдің көркем құралы мақал-мəтелдерді халықтың
өшпес даналық мұраты ретінде бағалауына, көркем тілін дамытуға
жəне тіл мен əдебиетті байланыстырып оқытуға ерекше көңіл бөлеміз.
Өз тəжірибемізде мақал-мəтелдерді, қанатты сөздерді жиі қолданамыз.
Ондағы мақсатымыз түйінді ойды, мəн-мағынаны, үлгі өнегені таны-
ту. Ең алдымен мақал-мəтелдер туралы жалпы түсінік беріп, негізгі
белгілері мен ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Мақал-мəтелдерді тиімді пайдалану-сынақ, емтихан алуда, түрлі
тіл сайыстарында, олимпиада кезінде жəне олардың тіл үйренуге, сөздік
қорларын байытуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Мақал-мəтелдерді үйретуде жаттығу жұмыстары жан-жақты жүргізілуі
керек. Қазақша мақал-мəтелдердің орнына орысша баламасын тауып
жаздыру, дұрыс айтқызу, берілген сөздерден мақалды дұрыс құрастыру,
мақалдың жетіспей тұрған сөздерін табу балаларды қызықтырады. Екі
халықтың бұл жанрда үндес екенін білдіреді.
Практикалық дағды кезеңінде əртүрлі жұмыстарды орындауға
береміз.
1. Мақал-мəтелдерді аяқтау.
Отансыз адам – Отан – Мектеп кеме – т. б.
2. Отбасы, дос, Отан, тіл т.б. сөздеріне мақал-мəтелдер құрастыр.
3. «Мақалдар жарысы». Ұпайлары жазылып отырады.
1 топ – еңбек тақырыбына 2 топ – денсаулық тақырыбына
мақалдар жарыстырады.
4. «Жылдам жауап» ойыны немесе сəйкестендіру тесті.
Еңбек түб – зейнет Бейнет түбі – береке Ұрлық түбі – қорлық.
Сөз анасы – құлақ Су анасы – бұлақ.
5. «Жасырынған мақал».
Сызықтар бойынша оқып шық. Қай сөзден бастап оқуға болады.
Не деген мақал шығады
Қабылбаева Ж.Ш., Жақсыбаева Н.С.
Достарыңызбен бөлісу: |