ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА МАҚАЛ-МƏТЕЛДЕРДІ
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
64
танымас ер ішінде
күш атасын ел есімі
6. Мақалды бөлек, мəтелді бөлек жаз.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Ер дəулеті – еңбек. Ел іші – алтын бесік. Көз қорқақ – қол батыр.
Балалы үй – базар, Баласыз үй – қу мазар. Отан үшін отқа түс күймейсің.
Кітап оқығандікі, Білім тоқығандікі. Ашу – дұшпан, ақыл – дос т.б.
7. Мақалдың тақырыбын анықтау.
Білімді өлмес, қағазда аты қалар, Ұста өлмес, істеген заты қалар.
Ел іші-алтын бесік.
8. Шығармашылық тапсырма (топтық жұмыс).
1 топ – «Достық», 2 топ – «Отбасы», 3 топ – «Отан» тақырыбына
сай сурет салу, тірек сөздер мен сөз тіркестерін құрастыру, мақал-
мəтелдер жазу, орыс, ағылшын тілдеріне аудару.
9. Сөз жұмбақ құрастыру. Тақырыбы: «Мақал-мəтелдер»
Құрмалас сөйлемді өткен кезде жай сөйлемдерден құрмалас
сөйлемдер құрастырумен қатар, мақалдарды құрмалас сөйлем түрінде
алуға болады. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер:
1) екпін арқылы,
2) жалғаулық шылаулар арқылы,
3) құрмалас сөйлемнің құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің ба-
яндауышы тұлға жағынан тиянақсыз болғандықтан, келесі сөйлеммен
құрмаласа байланысады. Мысалы:
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді, - деген сияқты мақалдарды беруге болады.
Салалас құрмаластағы жай сөйлемдердің баяндауыштары кейде
бір сөздің қайталануы арқылы да жасалады деп мысал ретінде мына
мақалды ұсынуға болады. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел
болмас т.б.
Қарсылықты салаластағы жай сөйлемдер жалғаулықтармен
жəне баяндауыштары көбінесе антоним сөздерден, болымды-болымсыз
▲
▲
Раздел 1.
Государственный язык как основа
табильности независимого государства
65
формадағы сөздерден жасалып, жалғаулықсыз іргелесіп те байланыса-
ды. Мысалы: Көз қорқақ, қол батыр. Көп жасаған білмейді, көп көрген
біледі т.б.
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді өткен кезде:
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. (Абай)
Сын түзелмей,мін түзелмес. Бірлік болмай, тірлік болмас, - де-
ген мақалдарды беру арқылы құрмалас сөйлемдердің жасалу жолын
түсіндірумен қатар, мақал-мəтелдерді оқытуға айрықша көңіл бөлуге
жəне тəрбиелеу мақсатымен ұштастыруға болады.
Сонымен қатар оқушыларды ОЖСБ жəне ҰБТ-ке дайындауда
мақал-мəтелдерді оқытудың тиімділігі зор. Мысалы:
1. Мақал-мəтелдерден септік жалғауы бар сөзді табу.
Еңбек етіп ас ішсең, балдан тəтті болады.
2. Мақалдағы тек үнді дауыссызы бар сөзді анықтау.
Ананың басқан жерінде бейіш бар.
3. Мақалдың тақырыбын анықтау.
Ел іші – алтын бесік. Білімді өлмес, қағазда аты қалар, Ұста
өлмес, істеген заты қалар.
4. Антоним сөздері бар мақал-мəтелдерді анықтау.
Көз қорқақ, қол батыр. Балалы үй – базар, Баласыз үй – қу мазар.
Көп сөз көмір аз сөз алтын.
5. Мақалдың жалғасын табу.
Ұстаздан ... озар.
А) шəкірт Ə) мұғалім Б) дəрігер В) сатушы
6. Шарттылық мəні бар мақал-мəтелді көрсет.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі
келеді.
Екеу болсаң, бір-біріңмен кеңес, біреу болсаң, қабырғаңмен
кеңес.
7. Есептік сан есім бар мақалды көрсет.
Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер де көп емес.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі
келеді.
Біреу жанына жолдас, біреу малына жолдас. Біреуге өлім
тілегенше, өзіңе өмір тіле.
8. Денсаулық ұғымындағы мəтелді көрсет.
А) Еңбек ширатады, өмір үйретеді. Ə) Көзің ауырса, қолыңды
тый.
Қабылбаева Ж.Ш., Жақсыбаева Н.С.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА МАҚАЛ-МƏТЕЛДЕРДІ
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
66
Б) Жалқауға күнде мейрам. В) Өнерлі бала сүйкімді.
9. Болымсыз етістігі бар мақал-мəтелді тап.
А) Шебердің қолы көпке ортақ. Ə) Ұста пышаққа жарымас,
етікші етікке жарымас.
Б) Жеті рет өлшеп, бір рет кес. В) Ұста, ұстадан нұсқа.
10. Жинақтық сан есімі бар мақалды көрсет.
А) Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Ə) Алтау ала
болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Б) Бірлік болмай, тірлік болмас. В) Көп жасаған білмейді, көп
көрген біледі.
Осы сияқты əртүрлі тапсырмаларды беру арқылы оқушылардың
пəнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ОЖСБ жəне ҰБТ-
ке дайындауда да маңызы зор екендігін байқауға болады.
Баланың өмір тəжірибесі аз, сондықтан оған айтатын ақыл, өсиет,
насихат ойда қалатындай болуы керек. Олай болса мақал-мəтелді орын-
ды пайдаланған ұстаз оқушының ойын қозғап, ақылға қонымды сөздер
айту арқылы тəрбиелеп, санасын жетілдіре алады.
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Аққозин М. Қазақ мақал-мəтелдері. – Алматы, 1990 ж.
2. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мəтелдері. – Алматы: «Ана тілі», 1993
ж.
3. Бəтібаева С.Ғ. Сөз маржаны. – Алматы: «Рауан», 1995 ж.
4. Тұрманжанов Ө., Ахметбекұлы Қ. Қазақтың мақал-мəтелдері. – Ал-
маты: «Раритет», 2004 ж.
Мухаметкалиева К.А., «№ 4 «Балдəурен» ясли-бақшасы» КМҚК
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК
ҚОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің
алғашқы деңгейі ретінде мектепке дейінгі кіші, ортаңғы жəне ересек топ
балалары үшін оқу-тəрбие үрдісін мақсатты бағытта ұйымдастыруға
жағдай жасайды. Бүгінгі балабақшада басқа ұлт балаларына қазақ тілін
мемлекеттік тіл ретінде үйретудің, қазақ тілінің бастапқы тұлғалаларын
Раздел 1.
Государственный язык как основа
табильности независимого государства
67
меңгертудің əдіс-тəсілдері қазақ тілі мұғалімдері мен тəрбиешілеріне
тікелей байланысты. Уақытында алынған мектепке дейінгі білім,
яғни мемлекеттік тілдегі тілдесім бала үшін де, еліміздің əл-ауқаты
үшін де маңызы зор. «Балалар – тəуелсіз еліміздің болашағы» десек,
сол тəуелсіз мемлекеттің тұрақтылығының негізі қалыптан тыс ой-
лай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, өз ойын қазақ, орыс,
ағылшын тілдерінде еркін жеткізетін, патриот, шығармашыл азамат-
тар болмақ. Қазақ тілін меңгеруге машықтандыру, тілге құрмет сезімін
қалыптастыру балабақшадан басталады.
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік стандар-
тына сəйкес «Қатынас» білім беру саласының қазақ тілі бөлімі мына
мақсаттарды шешеді:
- мемлекеттік тілді меңгеруге, оған деген қызығушылыққа
тəрбиелеуге жағдай жасау;
- мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау мүмкіндігімен
қамтамасыз ету;
- балаларды сөз ішіндегі қазақ тіліне тəн дыбыстарды дұрыс
айтуға үйрету, сөздік қорды кеңейту;
- сауатты, эмоционалды мəнерлеп сөйлеу тілін игерту;
- балаға грамматикалық дұрыс сөйлеу үлгілерін беру;
- қазақ жазушыларының өлеңдерімен, халық ауыз əдебиеті
үлгілерімен таныстыру арқылы балалардың тілдік тəжірибесін кеңейту;
- балаға шығармашылық тілдік қызметін қалыптастыруда көмек
көрсету.
Тілді дамытудағы шеберлік – тиімді əдіс-тəсілдерді орынды
қолдану. Мектепке дейінгі жастағы баланың тілін дамытуды неден ба-
стау керек? Мағжан Жұмабаев «Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші
шарты балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек жəне балаға ұқпайтын жат сөз
үйретпеу керек» деген сөзі тілді меңгертумен айналысатын мамандарға
арналған десе артық емес. Сонымен тілді дамыту сөзді ұғындыра
үйрету екен. Сөзді дұрыс меңгерту, оны дұрыс дыбыстауды үйрету
көрсету, естірту арқылы іске асатыны мəлім.
Мектеп жасына дейінгі балалар сөз ішіндегі төл дыбыстарды
айтуға қиналады. Кейде бала төл дыбыстарды жекелей дұрыс айтады
да, сөз ішінде теріс қолданады. Сонымен осы кемшіліктерді түзету
үшін ең алдымен баланың айтуына қиын қазақ тіліне тəн дыбыстары
жиі кездесетін сөздерді тыңдата отырып, оның есту қабілетін дамы-
тып, сөздің дыбысталу ерекшелігіне төселдіру қажет. Мұндайда ойын
Мухаметкалиева К.А.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
68
мен көрнекілік əдісті баланың көру, тыңдау қабілетін дамытуға қатар
қолдануға болады. Ең алдымен ойыншықтарды көрсетіп, оларды қазақ
тілінде айтқызып, дауыссыз дыбыстар жиі қолданылатын жəне дауы-
сты немесе дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді қатыстыра
отырып үйретуге болады. Ойын үстінде айтуға қиын дыбыстардың жиі
қолданылуына көп көңіл бөлінуі қажет. Бұл жағдайда хормен айтқызу
əдісін жекелей айтқызумен қайталап жалғастырудың орны бөлек.
Тəжірибе барысында «Не қалай дыбыстайды?», «Дауысы бойынша
ажырат», «Ненің дауысы?» т.б. дидактикалық ойындарын жиі қолданған
тиімді. Балаларға аудиотаспадан жануарлардың, үй құстары мен дала
құстарының, табиғат құбылыстарының дыбысын естіртіп, жылдам
атап берулерін өтінуге болады немесе сұрақ қоя отырып, балаларға сол
жануардың, құстың қалай дауыстайтынын хормен, жекелей айтқызуға
болады. Мысалы: Қарға қалай дауыстайды? – қарық-қарық-қарық т.б.
Сөйтіп, барлық балаларды түрлі дыбыстарды айта білуге, əдеби тіл
нормаларында сөйлеуге үйрете аламыз. Бұл жұмыстағы басты мате-
риал ретінде қазақ балалар жазушылары мен ақындарының өлеңдерін,
тақпақты, мақал-мəтелді, жаңылтпаштарды, санамақтарды айтқызу,
əңгімелеуге үйрету, яғни тірек суреттер арқылы сөйлетуді пайдалануға
болады. Төл дыбыстарды ажырата білуге үйрету үшін суреттерді алдын
ала даярлау керек: «қ» дыбысына – қуыршақ, қияр, құлын, қой, қозы,
қаз т.б.
Тіл бұлшықетіне арналған жаттығу ретінде көбінесе «Көңілді
тіл» жаттығуын өткізген дұрыс. Мысалы: біздің ауызымызда көңілді тіл
өмір сүреді. Көңілді тіл үнемі бір орнында отыра алмайды. Сондықтан
көңілді тіл аузымыздан шығып, бізге «ə» дейді, оңға, солға қарайды.
Бізбен «Сəлем!» деп амандасады. Одан кейін көңілді тіл «ғ-ғ» деп
билейді. «Ө, ү, ұ, і» деп əн салады. Мəз болып «қ-қ-қ» деп күледі.
Артикуляциялық (тілдік, фонетикалық) жаттығуларды дұрыс
таңдап, оларды тіл ұстарту ретінде жиі қолдану қажет:
1. Ə-ə-əже, ə-ə-əтеш, қас-қас-қасқыр, қо-қо-қозы (сөздің алғашқы
буынын пайдаланып құрастыру).
2. Сақ – сақ – дəмді бауырсақ; үт-үт – дəмді сүт; шік – шік – дəмді
ірімшік (сөздің соңғы буынын анықтап барып құрастыру).
3. Қаңқылдайды ана қаз: қаңқ, қаңқ, қаңқ.
Балапандар оған мəз: қиық, қиық, қиық.
4. Жаңбыр жауды тық-тық-тық, сен көшеге шық, шық, шық.
Жел соғады гу-гу-гу, жапырақ түсті ду-ду-ду.
Раздел 1.
Государственный язык как основа
табильности независимого государства
69
5. Жаңбыр жауса тырс-тырс-тырс,
Айтады гүл дұрыс-дұрыс-дұрыс.
Жаңбыр жауса тырс-тырс-тырс,
Айтады қыр дұрыс-дұрыс-дұрыс.
6. Қоян, қоян оян,
Келе жатыр қасқыр.
Қоян, қоян тұр,
Қасқырды басқа ұр!
7. Ақ емес, шұбар лақ,
Құлағы пүліштей,
Тұяғы күмістей,
Көзі жұлдыздай,
Жүні құндыздай.
8. Алақай! Алақай!
Қуанады балақай!
Қар жауды. Қыс келді (сөздері əр жыл мезгіліне сəйкес таңдалады).
Дикциялық жаттығу барлық жоғарыда аталған міндеттерді
кешенді шешеді. Балалардың қандай да бір сөйлемді, тақпақты,
жаңылтпашты айтқанда дұрыс тыныс, дем ала білуін, дəл артикуля-
циялы жасауы, жеке дыбысты, сондай-ақ, буынды, сөзді анық айтуы-
на, дауыс қарқынын өздігінен өзгерте білуін (баяу, ақырын, қатты) ба-
сты назарда ұстану керек. Көбінесе жаңылтпаштарды қолдану тиімді.
Əрбір ертеңгілікте айтылатын əндерді нақышына келтіре орындау,
тақпақтарды мəнеріне келтіре айту да тілдің дыбысталу мəдениетін
қалыптастырып, оны дамытуды шешеді. Қазақ тіліндегі «Күз туралы
əн», «Шырша жыры», «Отан туралы жыр», «Анашым», «Айналайын»
əндерін балалар асқан қызығушылықпен орындайды. Сондай-ақ, 30 та-
мыз – Конституция күніне, 22 қыркүйек – Тілдер мерекесіне, Тəуелсіздік
күні мен Тұңғыш Президент күндеріне арнап жатталған тақпақтарды
да балалар ерекше ықылыспен, эмоционалды-экспрессивтік тұрғыда
мəнерлеп айтуға тырысады.
Мемлекеттік тілді үйрету кезінде тіл мəдениеті баса назарда
болуы тиіс. Мұғалімнің сөзі мазмұнды, дəлелді, мəнерлі, бейнелі бо-
луы қажет. Өйткені бала қазақ тілінде сөйлеуді мұғалімнен үйренеді.
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға басқа тілді үйретудің басты
шарттары топта жағымды психологиялық ахуал, мейірімді орта, қазақ
тілінде тілдесуге қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Орыс топ-
тарында тілді меңгерту негізінен көрнекілік, түсіндіру, практикалық
Мухаметкалиева К.А.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
70
(ойын түрінде) əдістер бойынша өткізіледі. Оның ішінде практикалық
əдіс, яғни ойнау арқылы тіл үйрету кеңінен қолданылады. Өйткені бала
ойын арқылы дамиды. Дидактикалық ойындар балалардың білімін
бекітіп, сөздік қорын молайтады, іс-əрекет пен қимылды дұрыс, жыл-
дам орындауға, ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын арттыруға
əсер етеді. Балалар дербес, өзара жəне топпен де жұмыс жасауға үйреніп
қана қоймай, коммуникативтік қарым-қатынасқа мұғалімнің көмегі
арқылы қол жеткізеді. Ересектер тобында, сонымен қатар ортаңғы топ-
тарда да балаларды ойынның нəтижесі қызықтырады, ал, мұғалім осы
сəтті тиімді пайдалана білуі қажет. Мəселен, «Бұл кім? Бұл не?», «Бір
сөзбен ата», «Бұл қай кезде болады?», «Тізбек» т.б. дидактикалық ой-
ындар кезінде балалар көп сөзді атап қана қоймай, оларды дұрыс айту,
бір сөзбен жалпылап айту немесе сол сөзбен сөз тіркесін құрастырып
айтудың басты мақсат екендігін түсінеді. Сондай-ақ, түрлі түсті
магнитті жапсырғыштар немесе қысқыштардың көмегімен сөйлемдерді
құрастыруда балалардың сөйлеу тілі ғана емес, ұсақ қол моторикасы да
дамиды.
Қазақ тілін көбінесе сұрақ-жауап (диалог) түрінде үйреткен
тиімдірек. Диалог балалардың сөздік қорын байытудың, қазақ тілінде
байланыстырып сөйлеудің негізін қалайды. Өзара сұхбаттасу кезінде
тыңдаушыны (екінші баланы) өзіне қарата сөйлеу, дауыс қарқынын баяу,
қатты көтеру, сұрақ қою, дұрыс, нақты жауап қайтару – өзара сөйлесудің
алғышарты. Мəселен, «Біздің балабақша», «Өзім туралы», «Менің отба-
сым», «Үй жануарлары» «Жемістер мен жидектер» тақырыптары бой-
ынша сюжеттік-рөлдік ойындарды кеңінен қолдануға болады. Мысалы,
киімдер, ыдыстар, жемістер мен көкөністер, ойыншықтар тақырыбына
қатысты мұғалім сатушы болып сатып алушыдан (баладан) не алатынын
сұрайды. Баланы одан əрі сөйлету мақсатында алуан түрлі жағдайларды
қолданып, қандай көйлек (түсіне қарай), жеміс (санына, көлеміне қарай)
алатыны туралы сұрақтар қоя отырып, сөйлеу дағдысын дамытуға бола-
ды. Əсіресе, диалог түріндегі шағын тақпақтарды, ертегілерді пайдала-
ну қажет. Атап айтсақ: «Түлкі, түлкі, түлкішек», «Бақа, бақа, балпақ»,
«Көзің неге қысық?» өлеңдері жəне «Бауырсақ», «Үйшік», «Мияулаған
не?» ертегілері. Мысалы, Мұзафар Əлімбаевтың «Кімнің баласысың?»
өлеңін рөлге бөлгенде 4-5 баланы ойынға тартуға болады:
- Тұз, тұз!
Сен кімнің тұзысың?
- Даламның.
Раздел 1.
Государственный язык как основа
табильности независимого государства
71
- Қыз! Қыз!
Сен кімнің қызысың?
- Анамның.
- Ұл! Ұл!
Сен кімнің ұлысың?
- Əкемнің.
- Гүл! Гүл!
- Сен кімнің гүлісің?
- Отанның.
Жоғарыда аталған жаттығуларды, тілдік материалдарды бір
уақытта орындаудың қажеті жоқ, бірақ оларды жүйелі түрде қолдану
өз нəтижесін береді. Тілдің дыбысталу мəдениетін қалыптастыруға
арналған жұмыстар кешені орыс топтары балаларының сөздің ды-
бысталу жағынан дұрыс айту қабілетін, фонематикалық есту сезімін
жетілдіруге, қазақ тіліне тəн дыбыстарды жекелей жəне сөз ішінде
дұрыс айтуын, артикуляциялық аппаратын дамытуға, жалпы жеке
сөздердің дыбыстық жағын дұрыс айтуына, мəнерлеп айту мен дикци-
яны арттыруға негіз болып, мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік
қорын молайтады.
Балыкбаев М.М., КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 2»
СОВРЕМЕННЫЕ ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ И ИХ
РЕАЛИЗАЦИЯ В УСЛОВИЯХ ИННОВАЦИОННОЙ
ПОЛИТИКИ ГОСУДАРСТВА В СФЕРЕ ОБРАЗОВАНИЯ
В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН
В двадцать первом веке в условиях международной конкурен-
ции во всех сферах жизни вопросы инновационной политики в сфере
образования становятся актуальными как никогда, ведь подготовка и
воспитание молодежи, способной реализовать себя в новых условиях,
приобретают стратегическое значение. Пример Сингапура, Малайзии
убедительно показывает, что не запасы сырья, не количество солдат и
вооружения, не размеры страны и численность ее населения, а качество
и содержание образования будут определять уровень государств.
Как в начале двадцатого века индустриальное развитие и наличие
сырья определяли место страны в гонке «за место под Солнцем», так и
Балыкбаев М.М.
СОВРЕМЕННЫЕ ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ
И ИХ РЕАЛИЗАЦИЯ В УСЛОВИЯХ ИННОВАЦИОННОЙ
ПОЛИТИКИ ГОСУДАРСТВА В СФЕРЕ ОБРАЗОВАНИЯ В
РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН
72
новые педагогические технологии, методы и новые приемы обучения
диктуют свои правила. Старые приемы, в большинстве своем ориенти-
рованные на повтор и запоминание информации, устаревают, ведь новое
поколение, которое «на ты» с компьютером, ждет от учителя нового,
нестандартного подхода и к уроку, и к образованию. Изменения проис-
ходят быстро, порой мы не замечаем, как они вторгаются в нашу жизнь,
десять лет назад представить наличие в школе учебных кабинетов с ин-
терактивной доской тоже было фантастикой. Признаться честно, впер-
вые столкнувшись с занятиями по новой технологии, я подумал, что все
это хорошо подготовлено и отрепетировано специально для Междуна-
родного семинара в Жас-Улане.
Но, побывав на коучингах у учителей, проучившихся на курсах
«Орлеу», решил попробовать. Курс истории, в особенности всемирной,
лучше подходит для технологии «критического мышления». Тема «Пер-
вая мировая война» показалась мне наиболее удобной и приемлемой,
конечно, на первом занятии было больше беспокойства и волнения, но
выручили учащиеся, им тоже было интересно и необычно. Еще один
большой плюс – наличие в классе ребят интеллектуалов: их желание
блеснуть знаниями, лучше организовать работу своей группы, подго-
товиться к следующему уроку подсказало мне, что я не ошибся. Работа
в группе влияет и на учащихся-середнячков – они тоже стараются не
отстать, внести свою посильную лепту в работу группы или хотя бы
усвоить материал из учебника.
Семинарское занятие по теме «Окончание войны. Компьенское
перемирие» явилось и для меня, и для ребят своеобразным экзаменом –
это был открытый урок, нужно было работать с большим материалом,
использовать таблицы, карты и схемы, применить презентации. Прочи-
тав в начале урока стихи-эпиграфы, я попросил ответить, чем они могут
быть вызваны, вспомнить реакцию прессы всех стран Европы на начало
Первой мировой войны.
Просмотрев презентации и коротко их обсудив, перешли к новой
теме.
Разделив на группы, раздав им таблицы и схемы, рисунки и кар-
тинки, я попросил заполнить ватманы и указать причины проигрыша
войны Германией и ее союзниками.
Одна из групп представляла Антанту, другая – Четверной Союз,
третья – США, четвертая – Россию. Задания для каждой группы были
заранее выписаны на стикеры. В конце занятия при подведении сумма-
Раздел 1.
Государственный язык как основа
табильности независимого государства
73
тивного итога урока наряду с успехами я отметил и их недостатки. Уча-
щиеся легко и с удовольствием сумели подобрать пять прилагательных
к Первой мировой войне.
Среди ответов, которые ребята дают на вопрос «чем отличаются
уроки по технологии критического мышления», часто звучит один – «не
скучно, а интересно». Состав групп постоянно меняется. Хотя и мне, и
им приходится тратить больше времени на подготовку к уроку, поиск
материала, схем и таблиц, презентации, монографии и художественной
литературы. Специально предупреждаю учащихся, чтобы осторожно
пользовались информацией из Интернета и постоянно ее проверяли –
иногда она не соответствует действительности.
Заметно вырос интерес к истории Казахстана, все больше у ре-
бят ко мне вопросов, которые свидетельствуют, что они интересуются
и периодической печатью, и своей родословной, художественной лите-
ратурой.
Еще одна технология, которая меня заинтерисовала, – метод про-
ектов. Группа или пара учащихся готовят одну большую тему, например
«Образование Казахского ханства». Готовят презентацию, сообщение,
защищают свой проект. Ученикам очень интересно, по их словам, они
ощущают себя исследователями.
За полгода применения новых технологий я понимаю, какая это
большая работа, мне самому приходится учиться, постигать новое. За
внешней простотой технологии «критического мышления» скрывает-
ся масса знаний, умений, навыков и, главное, педагогических приемов,
только овладев ими полностью, можно будет оценить всю ее значимость.
Один главный плюс – учащиеся самостоятельно ищут и овладе-
вают знаниями, происходит проверка данных на верность, использо-
вание межпредметных связей. Главная оценка – слова моего ученика
Саши: «Урок из обязаловки превратился в очень интересное и полезное
явление».
Васильевых Т.В., КГУ «Средняя школа имени Н. Островского»
РАЗВИТИЕ РУССКОГО ЯЗЫКА В КАЗАХСТАНЕ
Язык – явление общенародное. Язык создается и развивается
обществом, потребность общения постоянно сопутствует труду и всей
Васильевых Т.В.
Достарыңызбен бөлісу: |