Сборник статей IX международной научно практической конференции маб «бизнес и образование: вектор развития»


Таблица 1. Основные аспекты социальной ответственности* Темы



Pdf көрінісі
бет16/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,18 Mb.
#7078
түріСборник статей
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38

Таблица 1. Основные аспекты социальной ответственности*
Темы
проблемы
примечание: возможность наличия или отсутствия 
количественной оценки
1. Права человека
1. Должная 
предусмотрительность
Нет количественной оценки
2. Ситуации, связанные с 
риском для прав человека
Абсолютная и относительная оценка риска для прав 
человека
3. Избежание  соучастия
Нет количественной оценки
4. Удовлетворение жалоб
Абсолютная и относительная оценка удовлетворения 
жалоб относительно нарушения прав человека
5. Дискриминация и уязви-
мые группы
Абсолютная и относительная оценка дискриминации 
прав человека
6. Гражданские и политиче-
ские права
Абсолютная и относительная оценка нарушения граж-
данских и политических прав человека
7. Экономические, социаль-
ные и культурные права
Абсолютная и относительная оценка нарушения эконо-
мических, социальных и культурных прав человека
8. Основные права в сфере 
труда
Абсолютная и относительная оценка нарушения прав в 
сфере труда
2. Трудовые практики
1. Наем и трудовые 
отношения
Абсолютная и относительная оценка найма работников
2. Условия труда и социаль-
ная защита
Абсолютная и относительная оценка условий труда и 
социальной защиты работников
3. Социальный диалог
Нет количественной оценки
4. Охрана труда и безопас-
ность на рабочем месте
Абсолютная и относительная оценка охраны и безопас-
ности труда

129
Темы
проблемы
примечание: возможность наличия или отсутствия 
количественной оценки
2. Трудовые практики
5. Развитие человеческого 
потенциала и обучение на 
рабочем месте
Абсолютная и относительная оценка развития и обуче-
ния персонала
3. Окружающая среда
1. Предотвращение 
загрязнения
Абсолютная и относительная оценка мер по предотвра-
щению загрязнения окружающей среды
2.Устойчивое 
ресурсопользование
Абсолютная и относительная оценка мер по 
ресурсопользованию
3. Защита и восстановление 
естественной природной 
среды
Абсолютная и относительная оценка защиты и восста-
новления окружающей среды
4. Добросовестные дело-
вые практики
1. Противодействие 
коррупции
Абсолютная и относительная оценка противодействия 
коррупции
2. Ответственное вовлече-
ние в политику
Нет количественной оценки
3. Честная конкуренция
Нет количественной оценки
4. Пропаганда социальной 
ответственности в рамках 
сферы влияния
Абсолютная и относительная оценка видов и результа-
тов социальной ответственности
5. Уважение прав 
собственности
Нет количественной оценки
5. Проблемы, связанные 
с потребителями
1. Честные практики марке-
тинга, информирования и 
заключения договоров
Абсолютная и относительная оценка мер маркетин-
га, информирования потребителей и заключения 
договоров
2. Защита здоровья и без-
опасности потребителей
Абсолютная и относительная оценка мер по безопасно-
сти потребителей
3.Устойчивое потребление Абсолютная и относительная оценка объемов 
потребления
4. Обслуживание и под-
держка пользователей и 
разрешение споров
Абсолютная и относительная оценка обслуживания по-
требителей и разрешения споров
5. Защита данных и обеспе-
чение конфиденциальности 
потребителей
Абсолютная и относительная оценка защиты прав 
потребителей
6. Доступ к услугам первой 
необходимости
Абсолютная и относительная оценка потребления услуг 
первой необходимости
7.  Образование и повыше-
ние осведомленности
Абсолютная и относительная оценка повышения осве-
домленности потребителей
6. Участие в [жизни] со-
обществ и их развитие
1. Участие в [жизни] 
сообществ 
Абсолютная и относительная оценка участия в жизни 
сообществ
2. Образование и культура Абсолютная и относительная оценка участия в образо-
вании и культуре
3. Создание занятости и 
развитие навыков
Абсолютная и относительная оценка  участия в росте 
занятости и развитии профессиональных навыков
4. Развитие технологий
Абсолютная и относительная оценка участия во внедре-
нии новых технологий
5. Создание благосостояния 
и дохода
Абсолютная и относительная оценка участия в росте 
благосостояния и дохода
6. Здоровье
Абсолютная и относительная оценка участия в улучше-
нии здоровья
7.  Социальные инвестиции Абсолютная и относительная оценка участия в социаль-
ных инвестициях
* Темы и проблемы социальной ответственности  изложены в источнике [4].

130
Сузив  систему  статистических  показателей, 
предложенную  в  Учете  связанном  с  устойчи-
востью системы отчетности, до статистических 
показателей СОБ и дополнив ее недостающими 
показателями  из  вышеприведенной  таблицы, 
можно  получить  один  из  вариантов  системы 
статистических показателей социальной ответ-
ственности бизнеса.
Список использованных источников:
1.  Казахстан в 2011 году/ Статистический ежегодник /на казахском и русском языках / Агент-
ство Республики Казахстан по статистике.- Астана, 2012, с.98.
2.  Mod.gov.kz  Послание Президента Республики  Казахстан  Н.А.Назарбаева народу Казахстана 
(14.12.2012 г.) Стратегия «Казахстан – 2050».
3.  http://ru.wikipedia.org/wiki: Корпоративная социальная ответственность. 
4.  http://ru.wikipedia.org/wiki/ISO_26000:  ISO 26000 — Руководство по социальной ответствен-
ности. 
5.  http://dostykadvisory.kz/publications/article3.html: Государственный Стандарт Республики Ка-
захстан  «Социальная  ответственность.  Требования»  Socialaccountabilityinternational  (MOD) 
CT РК 1352-2005 (SA 8000:2001, MOD)
6.  https://www.globalreporting.org/resourcelibrary/G3.1-Guidelines-Incl-Technical-Protocol.pdf 

Sustainability Reporting Guidelines
7.  http://ru.wikipedia.org/wiki/Social_Accountability_8000: Social Accountability 8000
8.  http://www.2k.ua/news/public/green_key_for_the_bakkara_art_hotel/: Green Key’ for the Bakkara 
Art Hotel
9.  http://www.iso14000-iso14001-environmental-management.com/: ISO 14000 / ISO 14001
10.  Environmental Management Guide
11.  http://www.csrjournal.com/lib/documentation/1498-globalnyjj-dogovor-oon.html:  Глобальный 
договор ООН
12.  http://www.un.org/ru/ecosoc/about/int_standards_wg.shtml:  Межправительственная  рабочая 
группа экспертов по международным стандартам учета и отчетности

131
Ауылдық аймақтардың әлеуметтік-экономи-
калық  дамуы  мәселелеріне  ресми  билік  тара-
пынан,  экономистер  мен  ғылыми  серіктестік-
тер тарапынан әрқашан да назар аударылады, 
бірақ негізінен теоретикалық тұрғыдан, тек кей 
кездерде  ғана  тәжірибелік  сипатта.  Жергілікті 
өзін-өзі  басқару  мен  бюджеттік  үрдіс  рефор-
маларының  қазіргі  кезеңінде  мемлекет  та-
рапынан  қаржыландырудың  инвестициялық 
қызметі принциптерінің өзгеруі шартымен бұл 
мәселелер көкейкесті мәселеге айналып отыр. 
Бюджеттік  жүйенің  үшінші  деңгейі  –  ауылдық  
аймақтардың  пайда  болуы  –  аймақтық  даму 
стратегиясын  жасауға  салмақты  қажеттілік  ту-
дырып  отыр.  Жергілікті  өзін-өзі  басқару  ре-
формасында  мемлекет  және  қоғам  мүдде-
лерiнiң  гармонизациясы  үшiн  мақсаттар  мен 
алғышарттар құратын еңбекші халықтың (оның 
ішінде ауыл халқының) потенциалын көтермей 
мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  дамуы 
мүмкін еместігін жете түсіну қолға алынуда.
 Қазақстандағы ауылдық аймақтардың  құл-
дырауы  әртүрлі  экономикалық,  әлеуметтiк, 
тарихи және тағы басқа себептерден шыққан, 
олардың көбі тікелей сол жердегі тұрғылықты 
халықтың  қызығушылығы  мен  араласуынсыз 
жүзеге асқандығынан туындаған. Сонымен қа-
тар,  ауылдық  бірлестіктер  мемлекеттің  саяси 
және  экономикалық  орталықтарынан  геогра-
фиялық  жағынан  да,  әлеуметтік  жағынан  да 
аластатылған,  ол  өз  кезегінде  ауыл  халқының 
мемлекеттік  маңызы  бар  істерге  араласуға, 
әлеуметтік, экономикалық қызығушылықтарын 
төмендетеді. Жергілікті өзін-өзі басқару ауыл-
дық қауымның «өзінің құқықтық және шынайы 
қабілетін  заң  шегінде  өзінің  жауапкершілігіне 
және  барлығына  ортақ  игі  шараларды  өткізу-
ге және сол істерді басқаруға және бақылауға» 
мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, өзінің тұр-
ғылықты аумағындағы өмір сүру тұрғысындағы 
мәселелерді шешуде өз еркінің болуын қамта-
масыз ететін заңдылықтың болуымен де сипат-
талады. Жергілікті өзін-өзі басқару ең тар ма-
ғынада  субсидиарлық  қағидамен  және  өзінің 
«Кіші  Отанын»  дамыту  процесіне  азаматтар-
дың белсенді араласуымен байланысты.
Ауылдық  аймақтарды  басқаруда  жергілікті 
өзін-өзі  басқару  институтын  енгізбей  демок-
ратиялық  қатынас  орнату  ақылға  сыйымсыз. 
ҚР  ның  Конституциясында  жергілікті  өзін-өзі 
басқаруды  енгізу  керектігі  жайында  айтылған. 
Дегенмен де, Ата Заңды қабылдағаннан кейінгі 
жылдарда бұл бағытқа ешқандай да қимылдар 
жасалған жоқ.
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарынсыз 
жергілікті  жерлердегі  азаматтардың  еркіндігі 
болуы  мүмкін  емес.  Жергілікті  өзін-өзі  басқа-
ру болмаған жерде демократиялық бостандық 
ұғымы өз мәнін жоғалтады. Азаматтардың қы-
зығушылықтарын көрсететін жергілікті өзін-өзі 
басқару  органдары  тек  мемлекеттік  билікке 
бағынып  қана  қоймай  оған  қарсы  тұра  алуы 
да  керек.  Шындығында,  мемлекеттік  биліктің 
барлық әкімшілік органдары жергілікті басқару 
органдарын  билік  органдары  емес,  тек  жиын 
өткізгенде  ғана  көрінетін  қосымша  әкімшілік 
ретінде көреді. Нағыз жергілікті өзін-өзі басқа-
руды енгізбей, әкімшілік органдардың барлық 
сатылары ауыл халқының бостандықтарын мен 
құқықтарын қорғаушы болып, бірінші кезекте, 
өзінің жеке жер иеленуге құқығын, кәсіпкерлік 
инфрақұрылымының түрлі  ағымдарына, ауыл-
шаруашылық  өндіріс  кооперативтеріне  құқы-
ғын білдіреді және соларды орындауға декла-
рация қабылдауда маңызды орын алады.
Қазақстан  Республикасында  жергілікті  өзін 
- өзі басқарудың потенциалды күшті механизм 
ретінде дамуы муниципальды білімде ғылыми 
бірлестіктер  мен  билік  құрылымдары  мәнін-
де  таныла бастады. Дәл, осы себептен, қазіргі 
ғылыми  әдебиеттерде  бұл  тақырыптар  жайлы 
еңбектер  өте  аз,  мынадай  бірқатар  себептер 
байқалады: реформаларды орындаудағы кеші-
гу процесі, теорияның артта қалуы, сайлау тех-
нологиясының болмауы, халықтың белсенділік 
төмендігі,  кадр  жетіспеушілігі  және  көптеген 
себептер.
Унитарлы  мемлекетте  жергілікті  өзін-өзі 
басқарудың  дамуы  міндетті  түрде  мемле-
кеттік  биліктің  қарамағындағы  басқарудың 
бір  деңгейі  ретінде  болады.  Сонымен  қатар, 
қоғам  қазір  биліктің  үшінші  деңгейі  муници-
палитетін  қарастырып  жатыр.  Қазақстанның 
Конституциясы мен заңды органдар жергілікті 
өзін-өзі  басқарудың  дербестігін  халықтың 
өздігіне ұйымдастыру қабілетінің формасында 
кепілдік  беріп  отыр.  Дегенмен,  Қазақстандық 
тәжірибеде жергілікті өзін-өзі басқару мемле-
Ауылдық аймақтардағы жергілікті  
өзін-өзі басқарудың негізгі принциптері
Тойметов Д.Е.
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік 
университеті магистрант, Түркістан қ.

132
кет  өкілеттігіне  ие  бір  бөлік  болып  табылады 
және  мемлекеттік  биліктен  өкім  күтеді.  Аза-
маттық  қауымдастық  үлкейген  сайын,  эконо-
микалық  және  әлеуметтік  салалардағы  реттеу 
өкілеттіліктерін  өздер  реттейтін  органдар  (ай-
мақтық және жергілікті ассоциациялар, кәсіби 
бірлестіктер)  өкілеттілігі  кеңейеді,  ал,  орталық 
билік  жүйесінің  жергілікті  өзін-өзі  басқаруға 
деген талаптары азаяды.
Кейде  жергілікті  өзін-өзі  басқару  мен 
жергілікті  басқару  қате  тұжырымдалады.  Көп-
теген  елдерде  аумақтарды  басқаруды  ұйым-
дастыру үшін қиын механизмдер қолданылады, 
оларжергілікті  мемлекеттік  биліктің  әкімшілік 
органы  және  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың 
халықтың  сайлауы  арқылы  жүзеге  асырыла-
тын  органдары.  Европада  екі-,  үш-,  төрт-  жә-
не тіпті бес звенолы әкімшілік-территориялық 
бөліністер қызмет атқарады, олар мемлекеттік 
әкімшіліктер,  соның  ішінде  жергілікті  деңгей-
де және жергілікті өзін-өзі басқару органдары. 
Сондықтан да жергілікті өзін-өзі басқаруды қа-
лалар мен ауылдарды басқарудағы әдіс ретінде 
ғана емес, сонымен қатар маңызды қоғамдық 
институт  –  стратегиялық,  ұзақуақыттық  құрал, 
азаматтық  инициативаны  формалаушы  орта 
ретінде  қарастырған  жөн.  Қазақстан  европа 
мемлекеттерінің  көпшілігі  жүріп  өткен  жол-
мен қозғалып келеді. Жергілікті өзін-өзі басқа-
ру органдарынсыз ауылдық жерлерде жоғары 
тұрған органдармен тікелей байланыс болмай-
ды. Әкімшілік – территориялық қызмет болма-
ған жерде ауылдық аймақтарды дамыту мүмкін 
емес.
Қазақстандық жергілікті өзін-өзі басқарудың 
қазіргі кезеңі қиын әлеуметтік – экономикалық 
және саяси проблемаларды, көптеген процес-
тердің аяқталмағандағын, анықталмағандығын 
көрсетеді.  Мына  фактты  естен  шығармаған 
жөн,  жетпіс  жыл  Кеңес  Үкіметі  билігінде  бол-
ғанда әкімшілік басқару саласында демократия 
мен  жергілікті  өзін  -  өзі  басқару  принциптері 
жойылуға да шақ қалған.
Қазақстан  да  басқа  әлемдегі  көптеген  ел-
дер  сияқты  мемлекет  пен  аймақ  арасында-
ғы  байланысты  тиімді  етудің  формалары  мен 
әдістерін  іздестіруді  жалғастыруда.  Дегенмен 
де, орталық мемлекеттік биліктің де, жергілікті 
өзін-өзі басқару құрылымдарының қызығушы-
лықтары  мен  қажеттіліктерін  қанағаттандыра-
тын механизмдер табылған жоқ. Сол себептен, 
бұл  механизмдерді  айтпас  бұрын,  «жергілікті 
өзін-өзі  басқару»  терминінің  негізгі  аспекті-
лерін анықтап алу қажет. Төмендегілерді негіз-
ге  алған  жөн,  біріншіден,  жергілікті  өзін  -  өзі 
басқару конституциялық негізгі терминдерінің 
бірі,  қазіргі  демократиялық  қоғамның  негізгі 
принциптерінің бірі. Екіншіден, жергілікті өзін-
өзі басқару – территориялық халықтың өздері 
ұйымдастырмен қатар, жергілікті жердегі негізгі 
мәселелерді  басқа  билік  құрылымдарының 
араласуынсыз өздері шешуді қамтамасыз ететін 
қоғамдық  қатынастың  жалпы  жүйесі.  Үшінші-
ден, жергілікті өзін-өзі басқару – функциялары 
мен құрылғылары Қазақстан Республикасының 
заңдылық  шеңберінде  халық  билігінің  жүзеге 
асуының спецификалық формасы.
Ауыл халқы – әлеуметтік-экономикалық да-
мудың  мемлекеттік  және  аймақтық  стратегия-
сының,  заңдылықты  өзгертуші  болып  табыла-
тын  қалалық  әлеуметтік-экономикалық  жүйе-
ден кем түспейтін мемлекеттік және аймақтық 
саясаттың шегінде дамитын күрделі әлеуметтік-
экономикалық жүйе. Ауылдық жерлерде қала-
лық  жерлерге  қарағанда  даму  жалпы  жағда-
йын қиындататын факторлар көптеп кездеседі. 
Қазақстан  Республикасының  президенті 
Нұрсұлтан  Назарбаев  республикада  жергілікті 
өзін-өзі  басқаруды  дамыту  тұжырымдамасын 
бекітті. Онда 2013 жылдың соңына дейін ауыл 
мен аудандық тұрғыдағы қала әкімдерінің сай-
ланбалылығын  енгізу  қарастырылған.  Респуб-
ликада жергілікті өзін-өзі басқаруды әрі қарай 
дамыту екі кезеңмен жүргізіледі.
Бірінші  кезең  (2013-2014  жылдар) 
биліктің төменгі деңгейлерінде қазіргі басқару 
тетігінің әлеуетін кеңейту қаралған. Бірінші ке-
зең шеңберінде жергілікті басқару органдары-
ның өкілеттігі мен жауапкершілігін айқындай-
тын нормаларды заңмен бекіту, жиындар құру, 
өткізу мен өкілеттігі және олардың шешімдерін 
рәсімдеу тәртібін реттеу, жиындарда жергілікті 
тұрғыдағы іс-шараларды қаржыландыру мәсе-
лелерін талқылау міндеттілігі көзделген. 
Тұжырымдаманың  екінші  кезеңі  (2015-
2020  жылдар)  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды 
әрі  қарай  дамытуды  көздейді.  2004  жылдан 
кейін жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-
өзі  басқару  (функцияны  берумен)  функцияла-
рын  шектеу  мәселелері  қаралады,  жергілікті 
өзін-өзі  басқару  органдарының  бюджеті  мен 
меншігін  құру,  сондай-ақ  ауылдық  округ  дең-
гейінде  әкімшілік-аумақтық  бірліктерді  оң-
тайландыру  мәселелері  пысықталады  (толық-
қанды жергілікті өзін-өзі басқаруды құру үшін 
әлеуетті  арттыру  мақсатында).  Нәтижесінде 
жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  жүзеге  асыру-
да  жиындар  арқылы  халықтың  еркін  білдіруі 
тұрғысынан  азаматтардың  конституциялық 
құқықтарын  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ету-
ге  қол  жеткізілмек.  Мұнымен  қоса,  халықтың 
рөлін  арттыру,  елді  мекендерді  көріктендіру 
мәселелерін  сапалы  шешуше  халықтың  қаты-
суы,  сапалы  тұрғын  үй-коммуналдық  қызмет-
тер  алуға  халықтың  қызығушылығын  арттыру, 
санитарлық  жағдайды,  басқару  шешімдерін 

133
қабылдауға  тікелей  қатысу  арқылы  қоғамдық 
тәртіпті жақсарту. Сонымен қатар, қала халқын 
жергілікті  проблемаларды  шешуге  белсенді 
тартуға,  жергілікті  тұрғыдағы  проблемаларды 
шешуге  бөлінген  бюджет  қаржысын  пайда-
лануға  жүргізілетін  мониторингке  жергілікті 
тұрғындардың қатысуына қол жеткізу жоспар-
ланған.  Төменгі  деңгей  әкімдерінің  жергілікті 
тұрғыдағы  өзекті  мәселелерді  шешуде  дер-
бестігін  кезеңмен,  жүйелі  нығайтуға,  ақпарат-
тық түсіндіру жұмыстарын өткізу арқылы қоғам 
өміріндегі  маңызды  проблемаларды  шешуде 
қазақстандықтардың  азаматтық  белсенділігін 
арттыруға  қол  жеткізілмек.  Ақырында  бұл 
шаралар  халықтың  рөлін  арттыруға,  оның 
жергілікті  тұрғыдағы  мәселелерді  сапалы  ше-
шуге қатысуына, әрбір елді мекенде халықтың 
өмір деңгейін арттыруға, аймақ пен мемлекет-
те  саяси  тұрақтылықты  арттыруға  мүмкіндік 
береді.  Қазақстан  Республикасында  жергілікті 
өзін-өзі  басқаруды  дамыту  тұжырымдама-
сы  «Жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  дамытудың, 
жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешу-
ге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызы 
зор»екендігі  аталып  өткен  «Әлеуметтік-эконо-
микалық жаңғырту – Қазақстан дамуының бас-
ты бағыты»атты Қазақстан Республикасы Пре-
зиденті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  2012  жылғы 
27  қаңтардағы  Қазақстан  халқына  Жолдауына 
сәйкес әзірленді.
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  жүйесін  дамыту 
экономикалық  өркендеудің,  әлеуметтік  әл-ау-
қаттың  және  азаматтық  қоғамды  қалыптас-
тырудың  міндетті  шарттарының  бірі  болып 
табылады.
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  орынды  құрыл-
са, тек жергілікті ресурстардың шығыны оңтай-
ланып қана қоймай, сонымен қатар халықтың 
билікке деген сенімі елеулі түрде артады.
Дамудың  бүгінгі  кезеңінде  мұндай  мәселе 
Қазақстанның  алдында  да  тұр.  Басқару  жү-
йесінің  тиімділігі  мен  бәсекеге  қабілеттілігін 
арттыру  әкімшілік-аумақтық  бірлік  халқының 
тіршілік  әрекетін  тікелей  қамтамасыз  ететін 
функцияларды  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды 
реттеу саласына беру қажеттілігін негіздейді.
Көбінесе ауылдағы тұрғындардың жергілікті 
өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудағы өз құқық-
тары  мен  мүмкіндіктерін  түсінуге  қатысты  құ-
қықтық  сауаттылық  деңгейінің  жеткіліксіздігін 
ескере  отырып,  халық  арасында  қоғам  мен 
мемлекеттегі өзін-өзі басқарудың рөлі мен ор-
ны мәселесін түсіндіруге қатысты ақпараттық-
түсіндіру ісін жандандыру қажет.
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарына 
өкілеттіктерді  аз-аздан  кезең-кезеңімен  беру 
қажет. Әйтпесе,өзін-өзі басқару органдары өз-
дерінің алдарына қойылған міндеттерді орын-
дай алмайды да, ортақ мақсатқа да қатер төн-
бек.  Мемлекеттік  мекемелер  тарапынан  бол-
 
Ауылдық жерлердегі жергілікті басқарудың 
негізгі міндеттері 
Өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру, ауылдық тұрғындардың 
белсенді бөлігін жергілікті басқару процесіне қызықтыру 
Ауылшаруашылығына және ауылшаруашылығын өңдеу 
жұмыстарына қолдау көрсету 
Тұрғындар және қызмет көрсету сферасының инженерлік 
инфрақұрылымының мазмұны мен дамуы 
Тұрғындардың әлеуметтік сферасыныңтұрақтылығы мендамуы.
 
1 – сурет. Ауылды жерлердегі жергілікті басқарудың негізгі міндеттері

134
сын,халық  тарапынан  болсын  жергілікті  өзін-
өзі басқару органдарына деген сенім олардың 
жұмыс процесінде ғана пайда болады.
Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті 
өзін-өзі басқарудың қалыптасуы – бұл азамат-
тық қоғамның қалыптасуымен және дамуымен, 
елдің  әлеуметтік-экономикалық  дамуының 
жалпы  деңгейімен,жергілікті  халықтың  өмірі-
не тікелей әсер ететін басқа да факторлармен 
және шарттармен байланысты көп кезеңді жә-
не  серпінді  процесс.  Алайда  қазіргі  уақытта 
жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен 
жүзеге асыруда бірқатар мәселелер орын алып 
отыр.  Әлемнің  дамыған  елдерінде  жергілікті 
өзін-өзі  басқару  бірнеше  кезеңде  құрылғаны 
және  бұл  процесс  бірнеше  онжылдықтарға 
созылғаны  белгілі.  Қазақстанда  да  белгілі  бір 
уақыт ішінде жергілікті өзін-өзі басқару мәсе-
лесі зерттелуде және талқылануда, бұл мәселе 
біздің еліміздің жағдайы мен болмысына сәй-
кес  келетін  жергілікті  өзін-өзі  басқару  үлгісін 
таңдауға келіп тіреледі. Қазақстанда жергілікті 
өзін-өзі  басқару  органдарының  қалыптасуы 
мен даму процесі жақында басталды және әлі 
жалғасуда.  Заңнама  базасын,  қолдану  прак-
тикасын  қайта  қарауда,  ең  қиыны  –халықтың 
ділін қайта бағдарлауда үлкен жұмыстар атқару 
қажет болып отыр.
пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.  «Қазақстан республикасының Конституциясы» Алматы 1995.
2.  «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 2001 ж 23 қаңтар
3.  Айтаханов К. Современное состояние законодательного обеспечения государственного ре-
гулирования развития АПК и сельских территорий Казахстана: Государственная аграрная по-
литика// Евразийское сообщество: общество, политика, культура.-2008.- № 1.- с. 44.
4.  Ахметов Р. Совершенствование государственного регулирования развития аграрной сферы 
АПК // Международный сельскохозяйственный журнал. 2002.  №6. с. 20-25.
5.  Нүкенов А. Жергіліктібасқарудыжетілдірумәселелері // Саясат. 2003. № 7. 27 - 28 б.
6.  Кемел  М.  Местное  государственное  управление  и  самоуправление  (курс  лекций).  Астана, 
2004.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет