Сборник статей IX международной научно практической конференции маб «бизнес и образование: вектор развития»



Pdf көрінісі
бет28/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,18 Mb.
#7078
түріСборник статей
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38

Резюме. Раскрыта специфика  экзистенциа-
лизма, основной темой которой является чело-
век  находящийся в  кризисной  ситуации, под-
водящая  его  к  осознанию  негарантированно-
сти,  необеспеченности  бытия  и собственной  
экзистенциальной    конечности  -  как  способу 
обретения  свободы    и  силы  для  противостоя-
ния реальности.
Summary.  The  article  is  devoted  to 
existentialism  with  its  main  issue  -  a  human  in 
the crisis situation - when he is ready to  realize 
the  unsafety  of  his  being  and  endness  of  own 
existence  as  a  mode  of  achieving  freedom  and 
force to oppose the reality.
пайдаланылған әдебиет:
1.  Психология. А-Я. Словарь-справочник / Пер. с англ. К. С. Ткаченко. — М.: ФАИР-ПРЕСС. Майк 
Кордуэлл. 2000. 
2.  Брюнинг.В. Философская антропология//Западная философия: Итоги тысячелетия.  Екатерин-
бург, «Деловая книга», Бішкек, «Одиссей», 1997.
3.  Мэй Р. Открытие Бытия. – М.: Институт общегуманитарных исследований, 2004. 
4.  Ясперс К. Духовная ситуация времени. http://lib.ru/FILOSOF/YASPERS/time.txt_with-big-

222
Қоғамдық өмірде тілдің қатынаспайтын жері 
болмайды,  тілсіз  қоғам,  қоғамсыз  тіл  болуы 
мүмкін емес. Қоғам үшін қызмет ететін тілді ха-
лық өзінің қарым-қатынас құралы ретінде пай-
даланып, жетілдіріп отырады. Тілдің табиғилығы 
және тілді дамыту мәдениеті ұзақ уақыттан кө-
теріліп  келе  жатқан  мәселе,  бұл  ұлттық  таным 
мен ұлттық сана-сезімнің қалыптасуынан келіп 
шығатын үрдіс екені белгілі. Қазіргі, тілдің даму 
үстіндегі кезеңде, әрі жаһандануға байланысты 
тіларалық  қарым-қатынастың  тереңдей  түскен 
шағында  тілге  ерекше  назар  аудару  қажет.  Тіл 
тазалығы мен оның мәдениетінің дамуын әлеу-
меттік лингвистикада, психолингвистикада, ког-
нитивтік лингвистика сияқты тіл мен ғылымның 
ұштасқан  салаларымен  байланыстыра  қарап 
бағалауымыз қажет. 
Тілдің  жалпы  мәселелері,  оның  әлеуметтік-
қызметтік рөлін анықтаудан, яғни тіл мен оның 
иесі  болып  табылатын  халықтың  қарым-қаты-
насын,  қоғамдық  өмірдегі  қызметтерін  айқын-
даумен тікелей байланысты болып келеді. Қазақ 
тіл білімін зерттеуші ғалымдар қазақ тілінің ұлт-
тық әдеби тіл ретінде деңгейінің жоғарылауына, 
сөйлеу, жазу мәдениетінің қоғамдық қызметінің 
барынша  артуына,  оны  жетілдіруге  айрықша 
қызмет етуде.
Әдеби  тілдің  кешегісі  мен  бүгінгісіне  көз 
жүгіртіп  қарайтын  болсақ,  оның  қалыптасуы 
мен кемелденуінің түбінде халық тілі жатқанды-
ғын  айқын  сеземіз.  Ғалымдарымыздың  өзі  де: 
«Әдеби  тіліміздің  тұңғыш  кескін-кейпін  нұсқа-
лаған шебер де оның жаңа дәуір талабына ла-
йық биік бел-белестерге көтерілуіне қозғау сал-
ған пәрменді күш те – халық тілі. Стильдік өріс-
орамы  мейлінше  кең  сөз  өнерінің  таусылмас 
қазынасын  еншіленген  қазіргі  әдеби  тіліміздің 
қол  жеткен  табысы,  абзалында,  халық  тілімен 
сабақтас. Толғауы тоқсан қызыл тілді шын қас-
терлеп,  оны  өнер  деп  танып  өскен  халқымыз 
сөз жиһазының не тамаша асылын жинап, кө-
кейіне түйе білген, кейінгіге нұсқа қалдыра біл-
ген», –  деп халық тіліне баса назарды аудара-
ды  да,  «қазақтың  халық  тілі  деп  атап  отырған 
«тілімізді» әр өлкенің жергілікті қазағының тілі-
не тән диалектілік белгілер мен құбылыстардың 
жиынтығын, басқаша айтқанда, халық диалекті-
лері  мен  говорларын  көрсететін,  ауызекі  тілді 
білдіретін,  бірақ  ауызекі  тіл  болғанда  да  оның 
тек  жергілікті  нұсқасын,  жергілікті  формасын 
ғана білдіретін ұғым деп түсінген дұрыс», – деп 
сипаттама береді [1, 34]. 
Әдеби тілдің басты белгісі – оның қоғамдық 
қызметінің әр алуандығы. Тіл жалпы қоғамдық 
құбылыс  ретінде  коммуникативтік  қызмет  ат-
қарады.  Коммуникативтік  қызмет  атқарумен 
бірге өмірдің барлық қырларына қызмет етеді. 
Сол    салаларда  қолданылып  жүрген  сөз  және 
сөз тіркестерімен бірге, түрлі саяси-әлеуметтік, 
ғылыми-техникалық жаңа сөз, жаңа терминдер, 
сөз тіркестері пайда болды.      
«Әдеби тіл – қазақ тілінің өмір сүруінің ең жо-
ғарғы  формасы.  Әдеби  тілдің  қалыптасуы  мен 
дамуы қоғам өмірімен сабақтастықта өрістейді. 
Қазақ халқының өміріндегі, қазақ қоғамындағы 
кез-келген өзгерістер мен ірі тарихи-саяси оқи-
ғалар ұлт тілінің даму бағытына ықпалын тигізіп 
келгені сабақтастықтың көрінісі болса, бұл про-
цесс  әдеби  тілдің  даму  кезеңдерін  белгілеуге 
бұдан  былай  да  әсер  ете  береді,  себебі  әдеби 
тілдің өзі сыртқы әсерлер мен әлеуметтік жағ-
дайларға көп жағдайда тәуелді», – болатынды-
ғын  профессор  Б.Қ.  Момынова  өзінің  «Қазақ 
әдеби  тілінің  тарихы»  деген  еңбегінде  жазған 
болатын [2, 7]. 
Әдеби  сұрыпталған  нормалық  жүйелерінің 
тезге түсуіне қоғамның мәдени өмірінің ықпалы 
зор болып келеді. Яғни, қоғам өмірінде болып 
жатқан өзгерістерге орай әдеби тілде жаңа сөз-
дердің,  жаңа  тіркестердің  пайда  болуы  сияқты 
жайларды да ескеруімізге болады.
Әдеби  тіл  сөз  болған  жерде  тіл  мәдениеті 
де сөз болады. Тіл мәдениеті – сөзді дұрыс ай-
тып,  дұрыс  жазумен  қоса,  әр  сөздің  мағына-
лық  дәлдігін  сақтап,  өз  орнында  қолдану  жа-
расымын  табуы,  сөз  таңдау  мен  сөз  қиыстыру 
сәттілігі,  ұтымды  жаңа  қолданыс  пен  пайдалы 
өзгеріс  арқылы  жетіле  түсуге  икемділігі,  айты-
лу  мәнері  мен  үйлесімділігін  сақтау  секілді  әр 
алуан саланы түгелдей қамтитын кең ауқымды 
тақырып. 
Қазақ  тіл  білімінде  ХХ  ғасырдың  60-жылда-
рының  соңында  тіл  мәдениеті  мәселелеріне 
ерекше назар аударыла бастады. Осыған орай, 
Мәдениетаралық қарым-қатынастардағы  
әдеби тілдің рөлі
Г.Ш. әкімбекова 
ф.ғ.к., доцент Халықаралық Бизнес 
Академиясы, Алматы қ.

223
1968 жылы «Тіл мәдениеті және баспасөз» де-
ген  тақырыпта  ғылыми  практикалық  конфе-
ренция  өткізілді,  мерзімді  баспасөзде  тіл  қол-
данысындағы орын алып отырған олқылықтар 
жөнінде пікір алысуға арналған мақалалар жа-
рияланды.  Осы  тұста,  тілші  мамандардың  іші-
нен  алғашқылардың  бірі  болып  ғалым  М.  Ба-
лақаевтың «Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері» 
атты  еңбегі  (1965)  жарық  көрді.  Еңбекте  қазақ 
әдеби тілі мен сөйлеу тілі, оның нормалары мен 
стильдік  ерекшеліктері  мен  мерзімді  баспасөз, 
аударма  жұмыстарының  негізгі  принциптеріне 
талдаулар  жасалды.  Ғалым  шаршы  топ  алдын-
дағы сөйлеу мәдениеті, сөз қолдану мәдениеті, 
грамматикалық  тәсілдерді  тиімді  де  ұтымды 
қолдану  тіл  мәдениеті  дәрежесін  биіктетудің 
кепілі екендігіне жан-жақты тоқталады да, «Мә-
дениет  –  оқу-ағарту,  ғылым,  өнер,  тағы  басқа 
рухани  өмір  табыстарының  жиынтығы  да,  тіл 
мәдениеті дегеніміз – тілдік тәсілдердің ширау, 
жетілу дәрежесі. Сонымен қатар ол тілдік жұм-
саудағы  ізеттілік,  сауаттылық,  тілдік  тәсілдерді 
дұрыс қолдану дағдысы», – деген тұжырым жа-
саса  [3, 9], ғалым Р. Сыздық  тіл мәдениеті ұғы-
мына  мынадай  сипаттамалар  береді:  «Сөйтіп, 
тіл  мәдениеті  дегеніміз  –  сөздерді  дұрыс,  ор-
нымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру 
(синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфология-
лық),  дұрыс  дыбыстау  (орфоэпиялық),  сауатты 
жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау 
(лингвостилистикалық) нормаларды ұстану, ор-
нықтыру, жетілдіру. Осылардың бәрін қосып, тіл 
мәдениеті  деген  ғылым  –  таным  саласын  «ор-
тология»  деп  атаушылық  бар,  яғни  ортология 
– сөздің (тілдің) дұрыстығы туралы ілім», – деп 
жазған болатын  [4, 24]. 
Ғалымдар айтқан тұжырым бойынша тіл мә-
дениеті екі салаға бөлінеді: баспасөз тілінің мә-
дениеті, сөйлеу тілінің мәдениеті. 
«Тіл  мәдениеттілігін  сөз  ету  үшін,  алдымен 
тіліміздің  ішкі  тазалығын,  ұлттық  негізін  түзеп 
алуымыз керек. Өйткені біздің тіліміз – орыста-
нып, еуропаланып кеткен тіл. 
Біздің  әліпбиіміздің  құрамында  қазақ  тілі-
не қажетсіз орыстың 12 әрпі жүр. Сөздік құра-
мымыздан  «халықаралық  терминдер»  деген 
құрметті  атақты  иеленген  Еуропа  тілдерінің 
100 мыңнан аса сөздері ойып тұрып орын ал-
ған. Ол жат сөздер біздің тілдік ерекшелігімізге 
(үндестік  заңына)  бағынбай  қолданылады.  Сөз 
саптау үрдісіміз де қазақ тілінің қалыбынан шы-
ғып кеткен», – деп тіліміздегі бүгінгі күнге дейін 
болып жатқан құбылысты айтады [5, 12]. Дұрыс 
сөйлеу үлкен өнердің бірі болып саналады, әрі 
ондағы сөздік қор міндетті түрде төл сөздерден 
құралып  қоймайды,  қоғамның  тарихи  қарым-
қатынас жағдайлары тілден орын алып отыра-
тындықтан, сөздік құрамда көршілес, аралас тұ-
рып жатқан халықтардың сөздері кездесіп оты-
рады [6, 1]. Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен 
күнделікті  қатынасында  пайдаланылады.  Онда 
тілдің коммуникативтік функциясы баса сезіледі. 
Сөйлеу  стилі  тікелей  жасалатын  қатынас  стилі 
болғандықтан,  сөйлеудің  ауызша  формасымен 
тікелей байланысты. Ауызша сөйлеуде еркіндік 
басым келеді. Яғни, үйреншікті жағдайда адам-
дар  қысылмай  еркін  сөйлейді.  Өйткені  онда 
күнделікті  өмірге  байланысты  мәселе  сөз  бо-
лады.  Сондықтан  сөйлеу  тақырыбына  сай  тұр-
мыста  көп  жұмсалатын  үйреншікті  сөздер  мен 
мен сөз тіркестері, сонымен қатар диалект, жар-
гон, варваризм болатын сөздер де қолданылып 
отырады. Бұлар сөйлеу тіліне тұрмыстық сипат 
беріп,  оны  қарапайымдандырады.  Осы  жағы-
нан келгенде бүгінгі қаланың ауызша сөйлеу тілі 
қаншалықты маңызды екендігі байқалады.        
Тіл  құрылымы,  сөйлеу  жағдаяты  сол  тілдің 
функционалдық аспектілерінің қос жүйелілігіне 
байланысты,  тілдік  қарым-қатынасты  құраушы 
барлық  ақпарат  бөлшектері  ескерілуі  керек. 
Дауыс күші, сөйлеу темпі, интонация, көзқарас, 
ым-ишара,  дене  қозғалысы  сияқты  паралинг-
вистикалық  құрамдар  мамандар  диалогында 
ерекше  маңызға  ие.  Диалогта  барлық  ақпарат 
сөзбен  беріле  бермейді.  Мұнда  сөйлеушінің 
апперцепциялық  базасы  мен  қарым-қатынас 
жағдаяты  ескерілуі  керек.  Сол  себепті  сөйлеу 
сапасы,  мәтін  сипаты  да  өзгеріп  отырады.  Ол 
дискурстық  сипат  алып,  бұзылады,  қосымша 
түсініктемелерді  қажет  етеді.  Эксплицитті  мән 
толымсыз  сөйлем,  эллипсистік  құрылымдар 
арқылы,  дейктикалық  лексиканың  басымдығы, 
шылау,  одағайлардың  көп  болуы,  сөйлемнің 
байланыспай қалуы т.б. арқылы беріледі [7, 37]. 
Жалпы  монологтық  сөйлеу  де,  диалогтық 
сөйлеу де ресми қарым-қатынаста қалыптанған 
әдеби тілге негізделуі керек. Көпшілік алдында 
ауызша  сөйлеу  тілі  қалыптанған  әдеби  тілден 
сөйлеу тіліне қарай ауысатын кездері де бола-
ды.  Қалыптанған  әдеби  тіл  нормасына  кітаби 
жазбаша  стиль  мен  көпшілік  алдындағы  сөй-
леу тілі жатқызылады. Көбінесе кітаби жазба тіл 
көпшілік алдында ауызша сөйлеу арқылы жүзе-
ге асады. Яғни, көпшілік алдында ауызша сөйлеу 
көп ретте кітаби жазба тілдің ауызша түрі болып 
саналады. 
Тұлғаға ерекше мән беру тілдің қолданысын 
зерттеуде  жеке  адам  санасы  мен  тәжірибесін 
ескеруге,  стиль  түзуші  фактордың  механизмін 
ашуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы зерттеу-

224
лерде адресат факторы маңызды қызмет атқа-
рады.    «Сөйлеу  актілеріне  қатысушылар  өзара 
рөл  алмасып  отырады.  Ол  рөлдердің  басым 
бөлігі сөйлеуші мен адресат еншісінде болмақ. 
Коммуникативтік  тұрғыдан  алғанда  ситуация 
(сөйлеуші-хабарлама-тыңдаушы) 
астарында 
тұлғааларлық  және  әлеуметтік  қарым-қаты-
настарда  коммуниканттардың  мінез-құлқын 
көрсеткен  күрделі  жүйе  жатады.  Мұнда  алуан 
түрлі рөлді атқарушы ең маңызды фактор ретін-
де  зерттеушілер  адресатты  бөліп  көрсетеді»,  – 
дейді адресат факторын зерттеуші Қ.Ө. Есенова 
[8, 73]. 
Зерттеушілер  ресми  монологтарда  лекси-
калық  қатынастар,  морфологиялық  ауытқулар, 
синтаксистік  нормалардың  бұзылуы,  мәтін  құ-
рылымының  бұзылуы  сияқты  тілдік  нормалар-
дың  сақталмайтынын  анықтаған.  Ресми  тілде 
жаргон, диффуз сөздердің қолданылмайтынды-
ғы туралы айтып өткен. Бұл тілдік құрылымдар-
дың бәрін саралаудың себебі мәдениаралық қа-
рым-қатынастарда  осы  заңдылықтар  сақталып 
отырса, онда бизнестегі тілдер қатарынан қазақ 
тілі де орын алар ма еді. Тілдің тек мемлекеттік 
мәртебесі  ғана  емес  халықаралық  деңгейі  де 
көтерілер еді. 
Қазіргі  нарықтық  экономика  заманындағы 
мәдениетаралық  қарым-қатынастарда  әдеби 
тіліміздің атқаратын рөлі орасан зор деп айтуы-
мызға болады. Себебі әр ел өз ана тілі арқылы 
өз  елінің,  жерінің  болмысын  білдіреді.  Жалпы 
нарықтық  қатынастың  белсенділігі  қоғамдық 
қатынастағы өзгерістермен де байланысты. Әсі-
ресе  орта  және  шағын  кәсіпкерліктің  дамуына 
жол  ашылды.  Бұрыннан  бері  келе  жатқан  ма-
мандықтар мен қызмет түрлерінен басқа, бүгінгі 
заманға сай әртүрлі маман иелері мен қызмет 
көрсету  түрлері,  әр  түрлі  кәсіп  түрлері  пайда 
болды. Олардың барлығы дерлік өз саласында 
тілді, оның жазбаша түрімен бірге ауызша түрін 
де негізгі құрал ретінде пайдаланады. Дегенмен 
жұмыс барысында нәтижелі табысқа жету, тілдік 
қарым-қатынастың ойдағыдай болуымен де ты-
ғыз байланысты. 
пайдаланылған әдебиет:
1.  Омаров С., Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. – Алматы: Мектеп, 1985. – 207 б. 
2.  Момынова Б.Қ. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Атлас баспасы, 2006. – 200 б.  
3.  Тіл мәдениеті және баспасөз. – Алматы: Ғылым, 1972. – 223 б.
4.  Винокур Т.Г. Говорящий и слушающий. Варианты речевого поведения. – М., 1993. – 50 с. 
5.  Қалиев Б. Тіл мәдениеті және ұлттық сана // Жетісу. – 2004. – желтоқсан.
6.  Ұйықбаев К.И. Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері. – Алматы: Білім, 1969. – 24 б. 
7.  Дуанбекова М.А. Ауызша іскери қатынас тілінің мәдениеті: филол. ғыл. канд. дисс... – Алматы, 
2006. – 135 б.  
8.  Есенова Қ.Ө. Газет мәтініндегі адресат факторы // Қазақстан мектебі. –2007. – №9. – 73-75 бб.

225
Бүгінде  елімізде  жүргізіліп  отырған  тіл  сая-
сатына сәйкес, жоғары оқу орындарында қазақ 
тілін  оқытуда  білімгерлерді  өз  мамандығына 
бағыттап оқыту, өз саласында қазақ тілінде қа-
рым-қатынасқа  түсе  алуға  үйрету  аса  маңыз-
ды  міндеттердің  біріне  айналып  отыр.  Осыған 
орай,  қазақ  тілін  мамандыққа  сай,  кәсіби  ба-
ғытта оқытуда мәтінмен жұмысты дұрыс жолға 
қоюдың маңызы зор.
Мәтін  –  тіл  білімінің  текстология  деген  ар-
найы  саласының зерттеу нысаны.  Мәтінді тіл 
білімі тұрғысынан қарастырған ғалымдар – И.Р. 
Гальперин,  Н.Д.  Зарубина,  И.А.  Новиков  және 
т.б. 
Ф. Оразбаева мәтінге қатысымдық тұрғыдан 
былай анықтама береді: «Мәтін – ойлау, хабар-
лау,  баяндау,  қабылдау,  пайымдау  құбылыста-
рымен байланысты, адамдар арасындағы тілдік 
қатынастың  іске  асуына  негіз  болатын  қаты-
сымдық жүйелі тұлға» [1, 26]. 
Мәтін  сөйлесім  әрекетінің  барлық  түрін 
қамтиды.  Яғни  мәтінді  оқу  немесе  аудио  тас-
падан  тыңдату  арқылы  тыңдалым,  мәтін  бо-
йынша сұқбат құрастырып тілдесім, сондай-ақ 
мәтін  бойынша  оқушыларға  өз  ойын  немесе 
мазмұндама жаздыру арқылы жазылым жүзеге 
асырылады. 
Ғалымдар  мәтінді  «тілдік  бірліктердің  база-
сы» дейді. Себебі тілдік бірліктердің барлығын 
мәтін  ішінен  табуға  болады.  Бұл  жайында  Р. 
Шаханова:  «Тілдік  тұлғалар  бір-бірімен  тығыз 
байланыста  өмір  сүретіні  анық.  Мысалы,  ды-
быс сөз ішінде, сөз сөз тіркесі ішінде, сөз тіркесі 
сөйлем  ішінде,  ал  сөйлем  мәтін  ішінде  қолда-
нылады. Бұл байланыс тілді оқыту кезінде үнемі 
ескеріліп  отырады.  Сондықтан  дыбыс  өзінше, 
лексика бір бөлек деген сипатта тіл оқытылмай-
ды.  Тілдік  тұлғалардың  байланысы  оқытуда  да 
сақталады. Оның анық көрсеткіші – мәтін. Мәтін 
арқылы  тілдік  көрсеткіштерді  өз  қызметінде, 
тілдегі өз орнында көрсетіп, олардың қолданы-
сының үлгісін меңгертуге болады» [2, 7].
Яғни  мәтін  оқушының  тіл  білімі  бойынша 
алған  білімін  бекітіп,  дәлірек  айтқанда,  әрбір 
тілдік  тұлғаның қатысымдық қолданысқа қалай 
түсетінімен  таныстырып,  меңгертеді.  Суденттің 
әрі қарай сөйлесім әрекетінде тілдік тұлғаларды 
орны-орнымен  дұрыс  қолдануына  мүмкіндік 
жасап, үлгі қызметін атқарады. 
Жалпы әдістеме саласында мәтін мәселесін 
қарастырған ғалымдар А.В. Текучев, Т.А. Лады-
женская, Н.М. Шанский және т.б. Ал қазақ тілін 
оқыту  әдістемесі  бойынша  бұл  мәселемен  ай-
налысқан  әдіскер  ғалымдар  С.  Рахметова,  А. 
Жапбаров,  Т.  Әбдікәрімова,  Ж.  Адамбаева,  А. 
Күзембаева, Р. Шаханова.  
С.  Рахметова  мәтінмен  жұмысты  тіл  үйре-
нушінің  мәтінді  қабылдау  әрекетімен  байла-
нысты  зерттейді  де,  мынадай  жұмыс  түрлерін 
ұсынады: мәтінді тіл үйренуші дұрыс қабылдау 
үшін алдымен оны психологиялық жағынан да-
йындау  керек;  мәтінге  байланысты  сөздік  жұ-
мысын жүргізу; шығарманы оқу; әңгіменің жос-
парын  жазу;  оқыған  шығарманың  мазмұнын 
айту;  шығарманың  мазмұны  бойынша  шығар-
машылық жұмыстар. 
Т.  Әбдікәрімова  мәтінмен  байланысты 
жүргізілетін жұмыстың түрлерімен бірге тәрбие 
мәселесін де байланыстыра қараған. Сондықтан 
да  ғалым  мәтінді  таңдауға  мән  берген.  Мәтін-
мен жүргізілетін жұмыстың 7 түрін көрсеткен. 
Ж. Адамбаева мәтінді тіл дамытумен байла-
нысты қарастырып, сабақтың мақсатына қарай 
әр  түрлі  әдіс-тәсілдер  арқылы  меңгертілетінін 
көрсеткен.  Мәтінді  меңгертуде  оқушыларға 
мынадай  талаптар  қойған:  а)  мәтінде  айтыла-
тын ең басты ойды меңгеру, ә) мәтін мазмұнын 
жүйелі түрде айтып беруге дағдылану, б) мәтін 
мазмұнын толық түсіну [3, 6].
Көріп  отырғанымыздай,  жоғарыдағы  әдіс-
кер ғалымдардың қарастыруында мәтін – «ақ-
парат  алудың  мағыналық  бүтіндігі  мен  байла-
нысының  бірлігі».  Ал  студенттерге  қазақ  тілін 
өз мамандығына бағыттай оқытуда ақпарат алу 
болып қана қоймайды, сонымен қатар оларды 
тілдік  тұлғалардың  қатысымдық  қолданысын 
қалыптастыруға  машықтандырады,  яғни  шы-
найы өмірлік жағдаяттарға түсуге дайындайды, 
екіншіден, мәтін бойынша ой қорытуға, шешім 
қабылдауға, пікір алысуға үйренеді, сөйтіп сту-
денттер тілдік ортада шынайы өмірдегідей өз-
дерін еркін ұстап, тілдік кедергілерден арылады.  
Р. Шаханова мәтінді таңдауда қойылатын та-
лаптарды үш топқа бөлген: мәтіннің лингвисти-
калық мақсатқа сәйкес болуы; мазмұнының та-
нымдық педагогикалық ұстанымға сәйкес келуі; 
әдістемелік нысанаға сай болуы [2, 8]. 
Интерактивті  оқытуда  да  мәтінге  айырық-
қазақ тілін кәсіби бағытта оқытуда  
мәтіндерді іріктеу жолдары
Бағиева Ш.М.
Халықаралық Бизнес Академиясы, аға оқытушы, 
педагогика магистрі, Алматы қ.

226
ша  мән  беріліп,  мәтін  таңдауда  дидактикалық 
ұстанымдар  басшылыққа  алынады.  Мәселен, 
дидактиканың  «жеңілден  -ауырға»  ұстанымы 
бойынша мәтіндерді беруде олардың көлемінің 
тым үлкен, мазмұнының түсінуге ауыр болмауы 
назардан тыс қалмауы қажет. Мәтін көлемі мен 
мазмұны біртіндеп күрделендіріліп отыруы тиіс. 
Мәтінде берілетін тілдік тұлғалар да осы заңды-
лықтарды  сақтауы  қажет.  Олай  болмаған  жағ-
дайда  оқытушы  үлкен  қателіктерге  ұрынады. 
Тіл үйренушілер тілдік кедергілерге тап болады, 
қызығушылықтары кеміп, өзара әрекетке түсуге 
деген белсенділігі төмендейді. 
Мәтінмен  жұмыста  жүйелілік  принципі  де 
ерекше орын алады. Бұл ұстаным бойынша ал-
дыңғы мәтіндерде кездескен сөздер мен тілдік 
тұлғалардың  кейінгілерде  де  қайталанып  оты-
руы  студенттердің  тілді  меңгеруін  жеңілдетеді, 
өтілген  материалдарды  естеріне  салып,  қайта-
лап отыруларына мүмкіндік береді. 
Мәтін таңдауда ескерілетін ұстанымның бірі 
–  мәтіннің  өзектілігі.  Таңдалатын  мәтіндер  тіл 
үйренушілер үшін жаңа ақпарат беретіндей қы-
зық болуы шарт. Мәтін таңдауда міндетті түрде 
тіл  үйренушілердің  жас  ерекшелігі,  әлеуметтік 
жағдайы, соған сәйкес қызығушылықтары мен 
танымы  есепке  алынуы  қажет.  Тіл  үйренуші-
лердің танымына жат, қызығушылығын оятпай-
тын  мәтіндер  шығармашылықпен  жұмыс  жа-
сауға негіз бола алмайды. 
Теорияны практикамен, яғни оқытуды өмір-
мен  байланыстыру  принципінің  де  маңызы 
ерекше.  Мәтін  мазмұнының  шынайы  өмірге 
жақын,  тіпті  өмірден  алынған  жағдаяттардан 
құралуы  тіл  үйренушілердің  қызығушылығы 
мен белсенділігін арттырып қана қоймай, олар-
дың өмірде кездесетін түрлі жағдайларға дайын 
болуын қамтамасыз етеді,  яғни өмірлік дағды 
қалыптастырады. 
Бүгінде жалпы екінші тілді оқытуда болсын, 
шет  тілдерін  оқытуда  болсын  аутентикалық 
мәтіндерді  пайдалану  үдерісі  кең  етек  жаюда. 
Әсіресе шетел тілдерінің оқулықтарына, аудио, 
бейне материалдарына аутентикалық мәтіндер, 
сұқбаттар көптеп ендірілуде. Әдіскер ғалымдар-
дың көрсетуінше, өзге тілді оқытуда аутентика-
лық мәтіндерді қолдану тілді шынайы өмірдегі 
қалпында  қабылдап,  табиғи  жолмен  үйренуге 
жақындатады. Яғни тіл үйренушілердің тілдесімі 
мен шынайы тілдік ортадағы тілдесімнің айыр-
машылығы азаяды. Сөйтіп тіл үйренушілер осы 
күнге  дейін  орын  алып  келген  жасанды  тілге 
жаттығудан арылып, нағыз тілдің дәмін татады. 
Ойымызды  өрбітпес  бұрын,  «аутентикалық 
мәтін» ұғымына түсінік беріп кетейік. «Аутенти-
калық»  («аутентичный»)  -  грек  сөзі.  С.М.  Лок-
шинаның шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде 
(«Краткий словарь иностранных слов») бұл сөз-
ге мынадай түсінік берілген: «аутентичный  [< 
гр.  authentikosдостоверным  образом]  –  соот-
ветствующий  подлиннику,  действительный; 
основанный на первоисточнике» [4, 69]. Қазақ-
ша аудармасы – «түпнұсқаға жақын», «нағыз», 
«шынайы»  дегенді  білдіреді,  сөйтіп  «аутенти-
калық мәтін» дегеніміз «шынайы мәтін» болып 
шығады. 
Кейінгі  жылдары  әдіскер  ғалымдар  «аутен-
тикалық  мәтін»  ұғымына  жиі  тоқталып  жүр. 
Солардың  бірі  –  Әсипат  Әлметова.  Ғалым  бұл 
ұғымға мынадай анықтама берген:   
Аутентикалық  мәтін  –  тілін  үйреніп  жат-
қан  халықтың  күнделікті  тілдік  қатынаста  пай-
даланып жүрген, күнделікті тілдесімдегі шына-
йы жағдаяттар көрінісін беретін табиғи сөйлеу 
тілінің үлгісі болып саналатын мәтін [5, 339]. 
Сонымен  аутентикалық  мәтіндерге  нені 
жатқызамыз?  Аутентикалық  мәтіндерге  өзіміз 
күнделікті өмірде өз қажеттілігімізге сай оқып, 
танысып  жүрген  мәтіндер  жатады.  Ол  газет, 
журнал мақаласы, ол белгілі бір автордың шы-
ғармасы,  ол  хабарландыру  немесе  жарнама, 
ол  рецепт  немесе  дастарқан  мәзірі  болуы  да 
мүмкін. 
Жалпы  мәтін  мәселесі  сөйлесім  әрекетінің 
ішінде оқылыммен тығыз байланысты. Оқылым 
– сөйлеу әрекетінің жазбаша өнімді түрі болып 
есептеледі.  Нәтижесінде  біз  өзімізге  қажетті 
ақпаратты  аламыз.  Адамдардың  эмоциясын 
көреміз  немесе  авторлық  позицияны  білеміз. 
Оқылымға  үйрету  мақсаты  –  жазбаша  сөйлеу 
кезіндегі мағыналық байланыстарды ашу. Оқып 
үйрену үшін белгілі бір дағдылар мен машық-
тарды меңгеру керек. Оларды шартты түрде екі 
топқа бөлуге болады. 
1.  Техникалық жақтарды қамтамасыз ететін 
дағдылар  мен  машықтар  (графикалық 
белгілерді қабылдау, олардың белгілі бір 
мағынамен арақатынасы). 
2.  Мәтіннің мағынасын қабылдауға мүмкін-
дік беретін дағдылар мен машықтар.
Мәтінді түсінудің екі деңгейін айыруға бола-
ды: мән-мазмұнының деңгейі (ақпарат алу) жә-
не  мағыналық  деңгейі  (автордың  ойын  түсіну, 
оқырманның  оған  бағасы  мен  қарым-қатына-
сы) [6, 70]. 
Мәтін  мағынасын  түсінуге  байланысты  Ә. 
Әлметова  мынадай  қызықты  мәліметтер  бе-
реді: «... үйреніп жатқан тіл халқымен күнделікті 
тұрмыс  тақырыбында  тілдесу  үшін  кез  келген 
тілді  үйренуші  1000-1500  сөз  білуі  керек  екен. 
Ал ести отырып түсіну үшін үйренушінің сөздік 
қорында кем дегенде 6000 сөз болуы қажет» [6, 
4].
Көріп отырғанымыздай, оқытуда аутентика-
лық  мәтіндерді  қолдану  үшін  алдымен  тіл  үй-
ренушілердің  сөздік  қорының  ауқымын,  яғни 

227
тіл  үйренушілердің  білім  деңгейлерін  білудің 
маңызы зор. Аутентикалық мәтіндермен толық-
қанды жұмыс жүргізу үшін тіл үйренушілердің 
белгілі  бір  деңгейде  тілді  меңгерулері,  сөздік 
қорларының болуы шарт. Олай болмаған жағ-
дайда жұмыс нәжиже бермейді. 
Аутентикалық мәтіндерді оқуға үйрету үшін 
төмендегі мәселелер ескерілуі абзал:
1.  Бағдарламалық мәтіндермен бірге аутен-
тикалық мәтіндер ұсыну керек;
2.  Мәтінге тапсырма жазуға немесе тапсыр-
маға қарап мәтін құрастыруға дағдылан-
дыру қажет;
3.  Мәтіннің  қиындығын  әр  түрлі  көзқарас 
бойынша бағалай білуге үйрету керек:
а)  синтаксистік  және  стилистикалық 
күрделі мәтіндер ұсына беру керек;
ә)  тақырыптың  тартымдылығын  ес-
керу керек;
б)  жанрына  қарай  деңгейге  бөлу  қа-
жет;
4.  Оқылымның  стратегиясы  мен  тактика-
сына жаттыға беру керек;
5.  Мәтіндегі  логикалық  байланысқа  талдау 
болатындай жаттығулар ұсыну қажет;
6.  Оқылым  кезінде  міндетті  түрде  алды-
ңызға  мақсат  қойыңыз  (ақпарат  алу,  дә-
йексөз табу, салыстыру т.б.) [6, 77].
Кез  келген  мәтінмен  жүргізілетін  жұмыстар 
сияқты аутентикалық мәтіндермен жүргізілетін 
жұмыстар да үш кезеңнен тұрады:
мәтінге  дейінгі  кезең  (сұқбатты  тыңдағанға 
не оқығанға дейінгі);
мәтінмен  танысу  үстіндегі  кезең  (сұқбат 
мәтінін тыңдау кезіндегі
немесе сұқбат мәтінін оқу үстіндегі кезең);
мәтіннен  кейінгі  кезең  (сұқбатты  тыңдаған-
нан немесе оқығаннан кейінгі кезең).
А. Мәтін алдындағы жаттығулар
1.  Тақырыбына  қараңыз.  Әңгіме  не  туралы 
деп ойлайсыз?
2.  Егер әңгіме отбасы туралы болса, қандай 
мәселелер талқылануы мүмкін?
3.  Бұл тақырыпқа қандай сөздер тән?
4.  Өздерінің 
оқығыларыңыз 
келетін 
мәтіннің  тақырыбына  қарап,  мазмұнына 
болжам жасаңыздар.
5.  Мәтінді  не  үшін  оқимыз?  Мақсатын  оқу 
түрі айқындайды: қарап оқу, танысып оқу, 
таңдап оқу, ынтамен талдай оқу.
6.  Лексико-грамматикалық  қиындықтарды 
жеңуге арналған жаттығулар.
Ә.  Мәтінді  қолға  алғаннан  кейінгі 
жаттығулар
1.  Кесте  толтырыңыздар  (бір  не  бірнеше 
мәтін бойынша ақпарат беру).
2.  Мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу.
3.  Белгілі  бір  мәселе  жөнінде  ақпарат  бар 
ма, жоқ па?
4.  Сұрақтарға жауап табыңыздар.
5.  «Шын  -  жалған»,  «Дұрыс  –  бұрыс»  не-
месе «дұрыс – дұрыс емес».
6.  Мақалада  әңгіме  не  туралы  екенін  ай-
қындаңыздар.
7.  Әрбір сөз не туралы екенін айқындаңыз-
дар.
8.  Мәтін неге бұлай аталғанын табыңыздар.
9.  Мәтінде сіз үшін жаңа ақпарат бар ма?
Б.1. Мәтінді оқу кезіндегі және мәтіннен 
кейінгі құрылымдық тапсырмалар.
1.  Мәтіннің мағынасына тірек болып тұрған 
сөзді не сөйлемді табыңыздар.
2.  Зат есімнен пайда болған сын есімдерді 
табыңыздар.
3.  Сіз сөздің бөлігін білесіз, ал бүкіл сөз нені 
білдіреді?
4.  Бір  түбірден  тараған  сөздерді  табыңыз-
дар.
5.  Баламасы бар сөздерді табыңыздар.
6.  Мәтінге сұрақ қойыңыздар.
7.  Мәтінді бір сөйлемге айналдырыңыздар.
8.  Мәтіндегі  бір  фразаны  алып,  кеңейтіңіз-
дер.
Сөйлемдерге трансформация жасаңыздар.
Сөздерді  синонимдерімен  алмастырыңыз-
дар.
Б.2.  Мәтіннен  кейінгі  қарым-қатынас-
тық тапсырмалар
1.  Өтініш, арыз немесе оларға жауап жазы-
ңыздар.
2.  Телефон арқылы сөйлесіңіздер.
3.  Мақала авторынан интервью алыңыздар.
4.  Жаңа тақырып жазыңыздар.
5.  Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қойыңыздар.
6.  Бір-бірлеріңізге  тапқан  ақпараттары-
ңызды түсіндіріңіздер.
7.  Бір,  екі  сөйлеммен  мәтіннің  қысқаша 
мазмұнын  жазыңыз.  Аннотация,  анық-
тама жазыңыздар.
8.  Мәтінге жарнама жазыңыздар (сыни тал-
дау т.б.) [6, 79].
Алайда  сабақты  шынайы  өмірдегідей  етіп 
өткізудің қиын екенін әдіскер ғалымдар да мо-
йындайды. Сондықтан аутентикалық мәтіндерді 
меңгертудің тиімді жолдарын қарастыру – әрбір 
оқытушының  міндеті.  Ол  үшін  әрбір  өзге  тілді 
оқытатын оқытушы аутентикалық мәтіндермен 
жұмысты дұрыс ұйымдастырып, әрбір кезеңде 
жүргізілетін жаттығуларды анықтап алуы қажет. 
Әсіресе мәтінге дейінгі тапсырмалар мен жат-
тығуларды дұрыс ұйымдастырудың берері мол. 
Себебі мәтінді ұсынуға дейінгі кезеңде оны тал-
қылай отырып, біз оны тыңдатуды жеңілдетеміз. 
Бір жағынан, студенттер дәл осы сұхбат туралы 
өздерінде белгілі бір білім бар екенін байқаған 
кезде  өздерін  сенімді  сезіне  бастайды,  екінші 

228
жағынан  өздеріне  бейтаныс  нәрсемен  танысу 
олардың қызығушылығын оятып, белсенділігін 
арттырады. 
Қорыта  келгенде  айтарымыз,  қазақ  тілін 
студенттердің  мамандығына  бағыттай  оқытуда 
аутентикалық мәтіндерді қарқынды қолдану оң 
нәтижелер бермек. Қазақ тілі оқулықтары мен 
оқу құралдарының авторлары да аутентикалық 
мәтіндердің маңызын ескеріп, өз еңбектерінде 
барынша мол ендірсе, бұл да екінші тілді оқыту 
мәселесін  жеңілдетіп,  бұл  істі  алға  жылжытар 
еді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет