Библиографический список:
1.
Алексеева Л.Н. Инновационные технологии как ресурс эксперимента // Учитель. - 2004.
- № 3.
2.
Дебердеева, Т.Х. Новые ценности образования в условиях информационного общества/
Т. Х. Дебердеева// Инновации в образовании. - 2005. - № 3.
3.
Загашев И.О., Заир-Бек С.И. Критическое мышление. Технология развития. СПб.:
548
Альянс «Дельта». – 2003.
4.
Кваша В.П. Управление инновационными процессами в образовании. Дис. канд. пед.
наук. М.,1994.
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР - САПАЛЫ БІЛІМ БАСТАУЫ
Абдикешова Айман Мажитовна №5 жалпы білім беретін
орта мектептің мұғалімі.
Қарағанды қаласы
Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ ұрпаққа білім беру мен тəрбие беру
жүйесінің жаңа парадигмасын қалыптастыруды ең негізгі міндет етті.
Демек, əлемдік білім кеңістігінен орын алуда ұлттық білім беру жүйесінің даму
бағыттарын айқындап, білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жүргізу, жаңа инновациялық
технологияларды енгізу, жан- жақты дамыған, рухани бай өз елін, халқын ерекше сүйетін тұлға
қалыптастыру міндеттері ең өзекті мəселелердің бірі.
Жаңа білім беру жүйесі дəстүрлі оқыту үрдісін түбегейлі өзгерте отырып, оқытудың
жаңа технологияларын қолдандырудың тиімді жолдарын қарастырады. Мұның өзі білім берудің,
жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың нəтижелі ізденістерін мақсатты түрде ұйымдастыра білуді,
оған басшылық жасай отырып, оқушылардың білімді өз ізденісі, белсенділіктерімен ала білулеріне
түрткі жасауға бағыттайды. Егеменді еліміздіңтірегі білімді ұрпақ екендігі анық, демек бүгінгі
заман талабына сай жастарға сапалы білім берудің, ғылымды дамытудың талаптары күшейе
түсуде.
Жастарды биік адамгершілікке, еліне, Отанына, халқына деген асқан сүйіспеншілік
сезімге тəрбиелеуде əдебиет пен өнердің орны ерекше.
Əдебиеттің адамды рухани жағынан өсіру мүмкіншілігін оқыту үрдісінде барынша
пайдалану – мектепте əдебиетті оқытудың негізгі мақсаты.
Сабақ үрдісінде де, қосымша жəне сыныптан тыс сабақтарда да жазушы шығармасында
көтерілген адамгершілік, философиялық ой-түйіндерді оқушыға, түсіндіре білсек, əдебиет пəнін
оқытудағы басты мақсатқа қолжеткізе аламыз.
Оқушыда көркем мəтінді оқуға қызығушылық туғызу мұғалім шеберлігіне, білімділігіне
байланысты. Мəтінді ой көзімен тереңдей оқығанда ғана шығарма бар саз –əуенімен тіл қатып,
оқушы сезімін оятады, оның көркем шығармаға деген ынтасын арттырады. Сондықтан, ең
алдымен, оқушыны көркем мəтінді оқуға үйрету керек. Сабақта шығарманы сөйлету үшін мұғалім
тиімді əдіс – тəсілдерді ретіне қарай пайдаланады. Əрине, мұғалім сабаққа қойылар дидактикалық,
əдістемелік талаптар биігінде болып, соны шығармашылықпен қолдана білуге тиісті. Əрбір өнер
адамы сияқты, мұғалімнің өз қолтаңбасы, əдісі болуы керек.
Бүгінгі сабаққа қойылар талап зор. Қазіргі дидактика дамыта оқытуды басты нысана етіп
отырғаны белгілі. Мұғалім əр сабақта дамыта оқыту мақсаттарын көздеуі тиіс. Оқушы өздігінен
ізденбесе, ілгері баса алмайды. Ол үшін əдетте мұғалім сабақты негізгі проблема төңірегіне
құрайды. Ал ондай проблеманы айқындау, соған орай сұрақ қоя білу оңай жұмыс емес, мұғалім
тарапынан көп ізденуді, уақытты қажет етеді. Əр сабақ оқушыны адамгершілікке тəрбиелеу
мақсатына бағыттауы тиіс. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оларды білуге
ынталандыру, шығармашылық іске ұмтылдыру, ойлана, іздене білім алуға, өз ойын дəлелдеп,
тиянақты айтып беруге дағдыландыру - негізгі мақсат. Сондықтан сабақ өзінің мақсаты, мазмұны,
оқыту құралдары мен əдістері жағынан оқушылардың материалды саналы түрде қабылдауын
жүзеге асыруға бағытталуы керек.
Көркем шығарманы оқыту əдістемесінің тəрбиелік мүмкіндіктері ұшан - теңіз.
Шығарма əлеміне оқушыны енгізу , ой қозғалысына жетелеу, көркем туындыға қызығушылық
туғызу – жазушының эстетикалық мұрат – мақсатына ортақтастырудың негізгі жолдарының бірі.
Демек, оқушы көркем өнерді таниды, сезінеді, оны түсініп, меңгерудің əдістерін айқындайды. Бұл
қабілеттер тоғыса келе шығармашылық жұмысқа жалғасады.
549
Оқушылардың ой – пікір еркіндігіне мүмкіндік берген жөн. Олар шығармашылық , зерттеу
сипатта жұмыстар жүргізуге əдеттенеді. Болжам, жорамал жасайды, мағынаны ажыратады,
салыстыра отырып дəлелдейді. Ең бастысы, оқушыларда өзіндік идея, тұжырым пайда
болады,шешімге келеді. Суреттеп, саралай отырып, сын тұрғысынанойлауға жол ашылады, пікір
алмасулар арқылы қорытынды нəтижеге қол жеткізіп, көркем шығармадағы негізгі, маңызды идея
танылады. Шығарманы жан-жақты білгірлікпен, психологиялық тұрғыда талдау өте күрделі
мəселе, бұл мұғалімнің шеберлігіне байланысты іске асады. Кейіпкердің қуанышын, қайғы –
мұңын, бүкіл болмысын, жан –дүниесін сезіну, табиғатпен байланыс, əр пейзаждық көрініс –
сурет, бəрі сабақтаса келгенде кейіпкерлерді тану жолындағы танымдық əрекеттер- білім
мазмұнын игерудің қайнан көзі.
Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге
бағыт алдық. Бұл педагогика теориясы мен оқу- тəрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты
болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас
пайда болды. ХХI ғасыр ақпараттық қоғам оның ішінде технологиялық мəдениет екендігін
ескерсек, онда адамзат дамуының жаңа кезеңінде білім жүйесін жетілдіріп, оқытудың жаңа
жолдарын іздестіру қажет екендігі түсінікті. Қазіргі білім беру жүйесінде оқыту технологияларын
тиімді пайдалану арқылы үздіксіз өзгерістерге бейімделе алатын жеке тұлға қалыптастыру- басты
міндет.
Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп
отырған кезеңде жалпы білім беру мəселесін қайта қарап, жаңа əдіс - тəсілдерді инновациялық
үрдістермен алмастыру арқылы білім сапасын арттыру көзделген. Білім беруді жақсартудың
бірден-бір жолы- жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Осы орайда əрбір мұғалім өзінің
кəсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында жаңа технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне
тиімдісін таңдауы қажет.
Қазақстан
Республикасының 2016 жылға
дейінгі
білім
беруді
дамыту
тұжырымдамасында « Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын
арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық дамыту
жолдарын, білім беру жəне ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп
көрсетілген болатын.
Білім беру өзі өзгеріп, кеңейіп, толығуда. Жеке тұлғаны дамытудың жаңа
тұжырымдамасы білім берудің даралық сипатын көздейді, ол əрбір адамның нақты мүмкіндіктерін
жəне оның өзін –өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді. Мұның өзі білім мазмұнын
тұлғаны жан – жақты үйлесімді дамытуға бағыттайды.
Ж.Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны
табатын өнер»,-деген екен. Сабақ - оқытушының педагогикалық мəдениетінің айнасы. Сабақтың
сəтті болуының толып жатқан шарттары бар. Оның ең бастысы- мұғалімнің білімі, жеке бастың
қасиеті мен өзіндік ерекшеліктері, мұғалімнің шеберлігі, оқытудың жаңа педагогикалық
технологияларын меңгеруі. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы,
əдістемелік ізденісі, қолданылған əдіс- тəсілдері арқылы ерекшеленіп, шəкірт жүрегінен орын
алады. Сондықтан жаңа ақпараттық технологияны еркін пайдалана білу - уақыт талабы. Оқытудың
жаңа технологияларын қолдану арқылы білім алу сапасын жақсартудың жолын тауып, жан- жақты
дамыған шығармашыл, əлеуметтік бəсекеге қабілетті ортаға бейімделген, кəсіби біліктілігі жоғары
тұлға тəрбиелеу мəселесін шешуге болады. Ұлт болашағына жаны ашитын əрбір мұғалім ұлттық
тіл мен əдебиетті оқыту үрдісін жетілдіріп отыруы керек. Білім мазмұнын жетілдіру үрдісі
оқушыларға білімді өздігінен меңгертудің əдіс-тəсілдерін игеруді, оның дамытушылық жақтарына
басымдылық беруді қарастырады.
Қазіргі оқыту үрдісіндегі басты мақсат-оқушы тұлғасы жəне оның білім алу арқылы
өзін-өзі дамытуы. Жаңа технология оқушыға тек білім негіздерін беріп қана қоймайды, сонымен
қатар оны тұлға ретінде дамытуға бағыттайды. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды
дамытады. Мұғалімнің шеберлігі жоғары болса да, ол оқушының белсенділігін туғыза алмаса,
берген білім күткен нəтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы
жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі- баланы оқыта отырып, оның
еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Қазақ тілі
мен əдебиет сабақтарында оқытудың инновациялық технологияларын тиімді пайдалану білім
сапасын арттыруға септігін тигізеді.
550
Пайдаланылған əдебиеттер:
1.Қ. Бітібаева. Əдебиетті оқытудың инновациялық əдістемесі.
2. Қазақ тілі мен əдебиеті журналы. 2011жыл.
3. Тарихи тұлғалар. Танымдық көпшілік басылым.
ТАРИХИ ӨЛЕҢДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ƏДІС-ТƏСІЛДЕРІ
Ахметжанова Ж.Б. филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Қазақ елі тəуелсіздікке қол жеткізді. Аспанында көкке ұмтылған көк байрағы желбіреп,
ХХІ ғасырға көшін түзеп, ынтымақ пен бірлікті, бостандық пен тəуелсіздікті, туысқандық пен
татулықты əлемге əйгілеп, өзінің мақсат-мұратын белгілеп «əділеттің ақ жолына түсті». Ғасырлар
бойы еркіндігінен айырылып, қанаты қайырылған қазақ ұлтының тəуелсіздікке ұмтылысы
кескілескен ұрыспен де, шыдамдылық пен төзімділік жолындағы теке тіреспен де өтті. Тəуелсіздік
бізге аспаннан түсе қалған жоқ. Ол ата-бабалардың ұлы арманы. Қасықтай қаны қалғанша
келешегі үшін айқасқан, ертеңіне зор сеніммен қараған халықтың үміті. Аласапыран заманның
айғағы мен айбары турасындағы көріністің бірі – тарихи өлеңдерден көрінері хақ.
Қазақ халық поэзиясының бір саласы – тарихи өлеңдер. Күні бүгінге дейін тарихи өлеңдер
жекелей алынып, арнайы зерттеу нысанына айналмаған жəне оның объективті жəне субъективті
себептері барлығы мəлім. Тарихи өлеңдердегі айтылатын басты мəселе елдің тəуелсіздігіне нұқсан
келіп, əділетсіз болған түрлі тарихи оқиғаға деген халықтың күйзелісі, ашу-ызасы, қайғысы мен
мұңы екендігі белгілі.
Тарихи өлеңдердің өзегінің бастауы тым ертедегі түркі тектес халықтардың бірлестігімен,
Алтын Орда дəуірі, Ноғайлы кезеңімен, Қазақ хандығының құрылуы, қалыптасуымен тығыз
байланысты. Сол тарихтың сыр-сипатын, шынайы болмыс-бітімін ашу тарихшы, əдебиетші
қауымға оңай тимегені рас. Ал, ХХ ғасырдағы Кеңес үкіметінің идеологиясы, партияның
пəрменшіл саясаты рухани құндылықтарды терең тануға түрлі қаулы-қарарлар тасқынымен
тосқауылдар жасап, таптық тұрғыдан қараудың нəтижесінде тұралатып келді. Совет идеологиясы
шынайы тарихтың дерегінен гөрі, өзіне керегін ғана ескерді. Шағын өлеңдер түгіл, кең көлемді
эпикалық жырлардың өзі көзден таса, халық назарынан бүркемеленіп мұрағаттарда, кейбір
көріністері аңыздық негізде ел аузында ғана сақталып қалды. Қазақ халқының басынан өткен
«ақтабан шұбырынды», «азаттық жолындағы күрес» оқиғалардан елді азат етіп, қараңғы түнектен
құтқарып алушы «Ұлы орыс халқы» болды деген қисынсыз қағида қалыптасты. Дəлел-деректер
көптің аузындағы аңыз-əңгіме, өлең-жырлардан алынса да, оның қаншалықты деңгейдегі
шындыққа қатыстылығы түбегейлі тексерілместен, қажеттісі қуатталып, қажетсіз жағы көзден
таса болып келді. Еліміздің тəуелсіздігіне дейін фольклорлық мұраның көбінің жарық көрмеуі,
арнайы зерттелмей қалуы мұны бұлтартпай дəлелдеп бере алады. Сондай құндылық қатарынан
орын алуға тиісті тарихи өлеңдер болса, оның барлық қыры мен сыры мойындалып, ұшан-теңіз
байлығы ғылыми тұрғыдан бағаланбады.
Тарихи өлеңдердің поэтикалық табиғатын ашу үшін қазақ халқының хандық дəуірі, өзіндік
дербес ел болғандығы турасындағы тарих өзінің лайықты бағасын алуы тиіс еді. Алайда Кеңес
идеологиясына қайшы келетіндіктен, шындық бүркемеленіп түсіндірілуі тоқтаусыз жедел
жүргізіліп отырды. Осының салдарынан сандаған тарихи өлеңдер ескерусіз қалып, көптеген
үлгілері көзден ғайып болып ұмытылып кетті. Бір анығы – əр кезеңде фольклортанушы ғалымдар
тарапынан тарихи өлеңдердің жинақталуы мен зерттелуінің қажеттілігі ескеріліп отырды. Ұлттық
мəселеге қатысты болғандықтан, бұл іске түбегейлі араласу, арнайы зерттеуге құлшыныс кемшіл
жатқандығы анық еді. Алайда тарихи өлеңдерді зерттеудің қажеттігін айтқан ғалымдар Кеңес
дəуірінде де болған.
Тарихи өлеңдер өз бастауларын көне түркі ескерткіштерінен алатындығы, оның ең кенже
үлгілері Ұлы Отан соғысы кездерінде де туындағандығы жөнінде ескертулер болып келді. Бірақ
тарихи өлеңдердің жанрлық мəселелері, поэтикалық əлемі, ауыз əдебиетінің басқа жанрлармен
551
байланыс-бірлігі, тақырыптық топтасуы мен атқаратын қызметі толық түсіндірілмегендігі баршаға
мəлім еді. Демек, тарихи өлең табиғатын толық ашу арнайы зерттеудің керектігін қажет етіп
келген. Тарихи өлеңдерге қатысты кейбір фольклортанушы ғалымдардың азды-көпті айтқан
пікірлері болмаса, арнайы (оқулық, оқу-əдістемелік құралы, т.б.) зерттелген емес. Сондықтан
ұсынылып отырған шағын мақалада тарихи өлеңдердің осындай ерекшеліктерімен қатар,
оқытудың мақсаты, міндеті, пəн аралық байланысы, олардың жанрлық жіктелісі, халық
поэзиясының өзге жанрларымен арақатынасы туралы мағлұматтар да беріледі. ЖОО-да элективті
пəн ретінде оқытуды ұсынамыз.
Егемендікке қол жеткізіп, өшкеніміз жанып, өлгеніміз қайта тірілген кезде, тарих
толқынында қазақ хандығына 550 жыл толып, «Мəңгілік ел» атанып əлемге əйгілі болған шақта
тарихи өлеңдерді де жанрлық тұрғыдан тарихи жырлардан бөліп алып, жеке пəн ретінде
қарастыру да заман талабы.
Ендеше, тарихи өлеңдерді оқытудың мақсат-міндеттерін, пəн аралық байланыстарын
ашып, сонымен бірге тарихи өлеңдердің жиналуы мен зерттелуіне, қазақ халық өлеңдерінің
жанрлық түрлерге жіктелуіне, типологиялық мəселелеріне, көркемдік сипатына, оның ішінде
көркем бейнелеу құралдары жəне олардың тарихи өлеңдегі қызметіне, тіл өрнегіне, жанрлық
ерекшеліктеріне, қалыптасуы мен дамуына, топтасуы мен тұтастануына, халық поэзиясының өзге
жанрларымен арақатынасына терең тоқтала отырып оқыту жас ұрпақты отансүйгіштікке
тəрбиелеу мақсатында алар орны да ерекше болар еді.
Тарихи өлеңдерді оқытудың мақсат-міндеттері.
Халықтың өткен тарихын, олардың бастан кешкен ауыр жағдайларын, ашу-ызасын біз
тарихи өлеңдерден көре аламыз. Тарихпен байланысы да осы тұрғыдан байқалады. Сондықтан, ең
алдымен, қазақ халық поэзиясының осы уақыт аясындағы зерттеулер арқылы тарихи өлеңдердің
жанрлық жіктелісіне назар аударып, олардың алатын орнын анықтау. Сөйтіп, тарихи өлеңдердің
жиналуы мен зерттелуі, жанрлық ерекшеліктері жəне поэтикалық мəселелеріне тереңдей тоқталу
басты мақсат болмақ. Студенттер үшін алғаш жарық көргелі отырған оқу-əдістемелік нұсқаудың
алдына қойған осындай мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді негізге алу керектігі көзделді:
-
тарихи өлеңдердің жинақталуы мен жариялануы. Өлеңдердің пайда болу дəуірлері
мен варианттары;
-
туыстас халықтар поэзиясына назар аударып, қазақ тарихи өлеңдерін
психологиялық жағынан түрік, қырғыз, қарақалпақ, татар, өзбек т.б. халықтар мұраларымен
салыстыра тексеріу;
-
тарихи өлеңдердің бастауы, қалыптасуы мен дамуы, жанрлық сыр-сипаты
жайындағы бізден бұрынғы зерттеу еңбектерді негізге алып, бүгінгі тəуелсіздік тұрғысынан
халқымыздың көнеден келе жатқан рухани мұрасы ретінде жаңаша пайымдау жасау;
-
тарихи өлеңдердегі тіл өрнегі мен көркемдік ерекшеліктеріне тоқталу;
-
тарихи өлеңдердің топтасуы мен тұтастануына назар аудару;
-
тарихи өлеңдердің ауыз əдебиетінің басқа жанрларымен байланысын жан-жақты
зерттеу.
Пəн аралық байланыстар:
Қазақ халық поэзиясының бір саласы – тарихи өлеңдер. Тарихи өлеңдердің өзегінің
бастауы тым ертедегі түркі тектес халықтардың бірлестігімен, Алтын Орда дəуірі, Ноғайлы
кезеңімен, Қазақ хандығының құрылуы, қалыптасуымен тығыз байланысты. Сол тарихтың сыр-
сипатын, шынайы болмыс-бітімін ашу тарихшы, əдебиетші қауымға оңай тимегені рас. Осы
кезеңдегі тарихи өлеңдердің қай нұсқасын алып қарасақ та, онда белгілі бір дəуірге қатысты
тарихи жайларды аңғарасың. Жалпы тарихи өлеңдердің шығу тегі, дамуы туралы тереңдей
үңілсек, тарихқа қарым-қатынасы айқындала бастайды. Сонымен қатар бұл өлеңдерден халықтың
басынан өткен түрлі оқиғалар кезеңінде жедел туып, адамның жан сезіміне қатысты туған
лирикалық өлеңдермен байланыс-бірлігінің барлығын да байқаймыз, бұл жерде халық ауыз
əдебиетінің басқа жанрларымен арақатынасын да айқындай түседі. Қазақ өлеңдерінің бізбен
туыстас халықтардың көпшілігінде кездесу себептерін түсінудің өзі де көптеген мағлұматтар
беруді көздейді. Рухани мұрамыздың осындай байланыстары туралы терең түсініктер дəрістік,
семинар, ОБӨЖ сабақтарында студенттерге толық мəлімет беру көзделеді.
Тарихи өлеңдерді оқытқанда, студенттерді қызықтыру үшін тарихи өлеңдер өз табиғаты
жағынан көңіл-күйге қатысты жоқтау, қоштасу секілді өлеңдермен дəстүрлік байланысы бар
екендігін, лирикалық өлеңдермен қарым-қатынасы да тікелей сол тұрғыдан жақын екендігін
өздеріне салыстыра отырып талдату. Ал ақын-жыраулар поэзиясымен үндес болу себебі, дəуірдің
552
мұңы мен сыры, халықтың тағдыр-талайы сөз өнерінің қайраткерлерінде алдымен орын
алатындығында екенідігі талассыз, бұл жағынан да көптеген тапсырмаларды орындату арқылы
тамаша əдіс-тəсілдерді қолдана отырып, студенттерді шығарма, поэзия оқуға, оларды салыстыра
отырып талдауға бағыт-бағдар беріп отырсақ, олардың жан-жақты дамуына септігімізді тигіземіз.
Нақты тақырыптарды ұсынып, сұрақтар мен тапсырмаларды жаңаша инновациялық оқыту
үрдісіне лайықтап оқыту оқытушының педагогикалық шеберлігіне байланысты. Алайда, төмендегі
негіздемелерге сүйенуді жөн санаймыз.
Қазақ халық поэзиясының бір саласы болып табылатын тарихи өлеңдерге қатысты əдіс-
тəсілдерді, түйінделген ой-пікірлерді былайша пайымдаған абзал:
- тарихи өлеңдер қоғам өмірінің əр кезеңінде туып, халықтың мақсат-мүддесіне сай қызмет
еткен. Оның нақ бастаулары Көне түркі дəуірі, Алтын Орда, Ноғайлы дəуірлерінде жатыр.
- тарихи өлеңде жалпыхалықтық, ел мен жер мүддесі көтеріліп, халықтың азаттығы мен
тəуелсіздігі басты орынға шығады. Əділеттің ақ жолы елдің бірлігі мен ынтымағы екендігін
барынша жеткізе білген тарихи өлеңдер екендігі талассыз.
- қазақтың тарихи өлеңдерінің көне үлгілері бізбен туыстас көптеген халықтардың
өлеңдерімен тақырыбы ұқсас, идеясы бір болып келеді.
- қазақ тарихи өлеңдерінің жинақталуы екі кезеңді меңзейді. Біріншісі, XIX ғасырдағы
қазақ фольклорының жинақталу кезеңі болса, екіншісі, XX ғасырдың алғашқы жартысынан
басталады. Бұл іске қазақтың ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері жəне фольклортанушы
ғалымдар айтарлықтай үлес қосқан.
- халық поэзиясындағы жоқтау, қоштасу, лирикалық өлеңдермен тарихи өлеңдердің өзара
қарым-қатынасы бар. Бірақ тарихи өлеңдерді отбасы əдет-ғұрып поэзиясына жататын азалау
фольклорымен шатастыруға болмайды. Онда жеке адамның өмірден өтуі, тіршіліктегі тағдыр-
талайы айтылса, тарихи өлеңде жалпы халықтың елі мен жеріне деген шынайы махаббаты,
қимастық сезім сырлары сипатталады. Лирикалық өлеңдермен сабақтастығы да осы тұста көрініп,
тарихи өлеңдердің əнге айналуы байланыс-бірлігін дəлелдейді. Солай десек те, тарихи өлең таза
лирикалық өлең емес, тарихи өлең көбіне оқиға болып жатқан сəтте туындап, оқиғаның себеп-
салдарын түсіндіруге бағытталады.
- тарихи өлеңдер белгілі шын мəніндегі болған оқиғаларды жан-жақты ашып, белгілі
дəуірлердегі халықтың күйзелісі мен ашу-ызасын білдіруде тақырыптық жағынан топтасып,
айтылу барысында тұтастанып үлгерген. Таза қазақ қауымына қатысты тарихи өлеңдер дəуірлік
жағынан былайша жіктеледі:
а) Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуына қатысты тарихи өлеңдер (ХҮ-XVIII ғғ.)
ə) «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты туған тарихи өлеңдер (XVIII ғ.)
б) Отарлау саясатына қарсылықты білдіретін жəне ашаршылық жылдары турасындағы
тарихи өлеңдер
в) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жайындағы тарихи өлеңдер;
- тарихи өлеңдер топтасуының көтсеткіші тарихи жырларда молынан ұшырасады. Тарихи
өлең мен тарихи жырлардың жанрлық айырмашылығы бар. Тарихи жыр өзінің поэтикалық
жағынан толық эпостың белгілерін танытса, тарихи өлеңде эпикалық ерекшелік жалпы оқиғаның
мəн-жайын, себеп-салдарын баяндауға құрылады. Жеке адамның образын жасау тарихи өлеңге тəн
емес.
- көркемдік жағынан тарихи өлеңдерге тəн бейнелеу құралдарынан айшықтаулар айрықша
орын алады. Əсіресе, арнаулар: сұрай арнау, зарлай арнау, жарлай арнаулар тарихи өлеңге тəн
ерекшелікті аңғартады. Басты дəлел халықтың өлеңдегі ашу-ызасы, өкпе-назы, реніш пен
қайғысының дəстүр негізінде шын болған оқиғаға сай жасалуынан көрінеді.
- тарихи өлеңдерде шендестіру жəне параллелизмнің халық психологиясын беруде
шеберлікпен айтылып, тамаша сипатталғанына толық көз жеткіземіз. Ел тағдыры, ел мен жер
мəселесі турасындағы оқиғалар болғандықтан, өлеңде көңіл-күйге кеңінен орын берілгендіктен,
тарихи өлең халық писхологиясымен терең тамырласып, зар-заман туғызған зардаптарды жеріне
жеткізуде нақты болған жəйтті көз алдыңа алып келеді. Тыңдаушы халықты иландырып, жалпы
халықтық күйзелісті шебер суреттейді. Сөйтіп адалдық пен зұлымдықты таразыға тартады.
- тарихи өлеңдерде дəстүрлі дыбыс қайталаулар ассонанс пен аллитерация жəне жай
қайталаулар өлеңге ажар-көрік беріп, өткен мен бүгінді салыстыра анықтау, кескін-кейпін
аңғартудағы өзіне тəн ерекшелік болып табылады.
- тарихи өлеңдерде ырғақ пен ұйқас айтарлықтай қызмет атқарады. Ұйқас жағынан
көбінесе ерікті ұйқас, шұбыртпалы жəне қара өлең ұйқасы тарихи өлеңге тəн дəстүр белгісін
553
көрсететіндей.
- тарихи өлеңдер көбінесе 11 буынды қара өлең ұйқасына жауап береді. 7-8 буынды
өлеңдер көбіне көне дəуірге тəн ерекшелік болып табылады. Өлеңде көнерген сөздер мен жаңа
қалыптасқан атаулар молынан ұшырасады. XIX жəне 1916 жылғы өлеңдерден бұны толық
түсінуге болады.
- тарихи өлеңдердегі буын сандары бəрінде бірдей емес. Қоштасу, жоқтау, сəлем
үлгісіндегі өлеңдер көбіне 7-8 буынды болып келеді. Жалпы халықтық мəселе көтеріп, елдің ашу-
ызасын баяндайтын өлеңдер он бір буынды қара өлең ұйқасын еске салады.
- тарихи өлеңдердің тілі нағыз халықтық тіл. Себебі оның айтары қазақ халқының бастан
өткерген тағдыр-талайы екендігіне көз жеткізу.
Тарихи өлеңдерді шығарушылардың өзі сол заманда өмір сүріп, қайғылы оқиғаларды
көзбен көрген дейтін ғылыми пікірдің дұрыс айтылғанына осыдан толық көз жеткіземіз. XIX-XX
ғасырдың басында болған ірілі-ұсақты оқиғалардың тарихи өлеңдегі сипаттамасына сол тұстағы
халық ақындарының шығармашылығынан бөлек болып, жеке саралауға болмайтындығы да
осындан айқын аңғарылатындай.
Тарихи өлеңдерді шығарушылардың өзі сол тұстағы ақын-жыраулар болғаны анық. Бірақ
дер кезінде қағаз бетіне түспегендіктен, рухани мұрамыз қатарынан орын алып, ұрпақтан-ұрпаққа
ауызша жетіп келе жатқаны рас. Жырлану дəстүрі, көркемдік болмыс-бітімдерінің ортақтасуы
бұны нақты көрсете алатындығына шүбə келтіруге болмас. Бір ғана мəселе ақын-жыраулар
толғауларында сол тұстағы ел қорғаған батырларды атап, олардың ерлік істерін асқақтата жырлау
бар. Тарихи өлеңде бұндай ерекшеліктен гөрі, елімен, жерімен қоштасуы кеңірек орын алған.
Басты мəселе осында екендігін ескергеніміз абзал.
Қазақ халқының жеке ел болуы, тəуелсіздік үшін күресі сандаған ғасырлар бойы жалғасып
келгендігін көрсете алатын тарихи өлеңдер екендігіне əбден көз жеткізуге болады. Өзінің дербес
хандық құрған ХV ғасырдан бастап қазақ халқының басына қара бұлт үйіріліп, қиын-қыстау
кезеңдер туғандығын тарих анықтап келеді.
Тарихқа жүгінсек ел басына қауіп төнген ірілі-ұсақты тосын шабуыл, сұрапыл
шапқыншылық, түрлі қақтығыстар саны 300-ден асып кетеді екен. Оның бəрі айтуға оңай
болғанмен, өткен өмірдің өкініші мен күйініші екендігі шындық. Дəл сол дəуірлер мен кезеңдердің
елесі мен дерегін, жалпы халықтың психологиясын болмысына сіңірген тарихи өлеңдер болатын.
Халықтың басынан бақ тайып, түрлі қатерге тап келгенде, елі мен жұртының назасы ең
алдымен суырып салма өнер өкілдерінің шығармашылығына арқау болды. Жалпы халықтың
мұңды əніне айналды.
Сөйтіп тарихи өлеңдер шынайы оқиғаның айнасы болып түрлі əр кез, əр шақта халық
жадында жаңғырып отырды.
Қоғам дамуындағы белгілі бір ұлттың халық, ел болып қалыптасқан кезінде басына қиын-
қыстау күн туғандағы тарихи-əлеуметтік жағдайына қатысты жедел туып, сол ұлттың оқиғаға
деген көзқарасын, көңіл-күйін, арман-тілегін дəлме-дəл жалпыхалықтық психологиямен
өрелестіретін мұраларымызды тарихи өлеңдер дейміз.
Қай жағынан алып қарасақта, тарихи өлеңдер ел тарихындағы елеулі оқиғалардың
көрсеткіші болып, өз алдына дербес жанр екендігін барынша анықтай түседі. Халқымыздың
бастан өткерген қуанышы мен қайғы-мұңының есте сақталатын мəңгілік ескерткіші екендігі
мəлім. Олай болса, тарихи өлең бұқара халықтың өткендегі тарихи-əлеуметтік оқиғалары негізінде
пайда болып, қалыптасқан. Əр заманның күрделі мағұлматтарын поэтикалық болмысына нақ сол
күйінде сіңірген халық поэзиясының дербес жанры болып табылады.
Жоғарғы оқу орнының қазақ тілі мен əдебиеті мамандығына түскен 1 курс студенттеріне
оқу жылының алғашқы жартысында жүргізілетін пəндердің бірі – халық ауыз əдебиеті. Осы
мерзім ішінде студенттер дəріс алып, емтихан тапсырып, соңында фольклорлық оқу-жаттығу іс-
тəжірибесінде болып қайтады. Оқыту үрдісі жүктеме сағатқа негізделіп, арнайы бағдарламаға
сəйкес жүргізіледі. Бағдарлама бойынша пəн аралық байланыс көзделіп, алғашқы курста «халық
ауыз əдебиеті» пəнімен қатар жүретін «Қазақстан тарихымен» пəн аралық байланыс жасаудың
негіздері анықталады. Этнография, философия, педагогика, психология жəне музыкамен
фольклордың байланысты болып келетіндігіне студенттер əрбір сабақта көздері жетеді. Тіл
білімінде диалектологиядан жəне басқа салаларынан алған білімдерінің нəтижелерін ауыз əдебитін
оқу кезінде жетілдіріп, фольклорлық іс-тəжірибе уақытында жан-жақты толықтыра түседі.
Тарихи өлеңдерде шендестіру жəне параллелизмнің халық психологиясын беруде
шеберлікпен айтылып, тамаша сипатталғанына толық көз жеткіземіз. Дəстүрлі дыбыс қайталаулар
554
ассонанс пен аллитерация жəне жай қайталаулар өлеңге ажар-көрік беріп, өткен мен бүгінді
салыстыра анықтау, кескін-кейпін аңғартудағы өзіне тəн ерекшелік болып табылады. Бұл
тұрғыдан келгенде тарихи өлеңдердің əдебиет теориясы пəнімен де тығыз байланыста болатынына
көз жеткіземіз.
Пəн аралық байланыстың келесі деңгейі оқытушы мен шəкірт арасындағы сұхбатқа, ақыл-
кеңес, ғылыми ізденіске құрылған семинар (практикалық) сабақтар мен курстық, дипломдық
жұмыстарға қатысты жүзеге асады. Студентті белгілі бір ізденіс арқылы жүйеге түсіру, оның
бойындағы таңдау мен талғамды қалыптастыру оқытушыға оңай жұмыс емес. Ұстаздық
шеберліктің нақтылы жеткен жетістігі шəкіртке берген білім арқылы көрініп, нəтижесі студенттің
ізденісі арқылы жүзеге асқанда ғана ауқымды болатыны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |