Сборник статей международной учебно-методической конференции



Pdf көрінісі
бет80/99
Дата30.03.2017
өлшемі8,74 Mb.
#10601
түріСборник
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   99

Библиографический список: 

 

1.



 

Ломакин  А.В.  Технология  проектного  обучения 

[Электронный  ресурс] / А.В.  Ломакин // Ломакин  А.В.  Личный  сайт. – Режим  доступа: 

http://ladlav.narod.ru/teh_proekt.htm  

2.

 

Савинков  А.  Проект,  проектирование  и  «проектное 



обучение» в современном образовании [Текст] / А. Савинков // Школьный психолог. – 2013. 

Источник: http://si-sv.com/publ/1/14-1-0-88 

3.

 



Пахомова  Н.Ю.  Проектное  обучение - что  это? // 

Методист, №1, 2014.  

 

 

 



САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ 

МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Суюндикова Гулжан Салиевна э.ғ.м., аға оқытушы 

Алмат Айнұр э.ғ.м., аға оқытушы 

Нархоз Университеті, «Қаржы жəне несие» кафедрасы 

Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы  

 

 



Қазіргі уақытта жоғары білім беру адами капиталды дамытудың негізгі құраушысы болып 

табылады. Халықаралық тəжірибе бойынша экономика мен қоғамдық дамудың алғышарттарының 

бірі адам капиталына инвестиция салу болып саналады. Адам капиталына инвестиция салу қазіргі 

заман  талабына  сай  өзгермелі  əлемге  жылдам  бейімделе  алатын  үдемелі,  сапалы  жұмыс  күшін 

қалыптастыру  үшін  қажет.  Осымен  байланысты  кез  келген  елдің  дамуының  маңызды 

бағыттарының  бірі  білімге,  халықтың  дағдылары  мен  қабілеттіліктерін  арттыруға  капитал  салу 

болып табылады.  

Бүгінде білімді əлеуметтік қажеттіліктерге кеткен шығындар ретінде емес, экономикалық 

инвестиция    түрінде  түсіну  қажет.  Болашақтағы  экономикалық  табыстар  жұмысшы  күшінің 

сапасы  мен  өнімділігін  едəуір  арттыратын  білім  алуға  жұмсалған  инвестициялармен  тығыз 



536 

 

байланысты  болады.  Сондықтан  алдағы  уақытта  білім  беру  қызметтерінің  сапасын  арттыруға 



ерекше маңыз берілетіні сөзсіз.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  арналған 

Жолдауында  атқарылуы  тиіс  басым  бағыттардың  бірі  адам  капиталының  сапалы  өсіміне  ерекше 

көңіл бөлінеді. Елбасы білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үдерісіне заманауи əдістер 

мен технологияларды енгізу маңызды іс-шаралардың бірі ретінде қарастырған [1].  

Қазіргі замандағы экономикалық жəне қоғамдық дамулар мен өзгерістер жағдайында білім 

беру  сапасын  арттыру  ең  өзекті  мəселе  болып  отыр.  Біліктілігі  сапалы  мамандарды  даярлап 

шығару салдары елдегі əр саладағы кəсіпорындардың қызметтерінің дамуына ықпал етеді, ал бұл 

өз  кезегінде,  еліміздің  əлемдік  деңгейдегі  бəсекеге  қабілеттілігін  арттыруына,  мемлекеттің 

тұрақты  дамуына,  оның  экономикалық  жəне  жалпы  қауіпсіздігіне,  халық  өмірінің  сапасын 

арттыруына септігін тигізеді.  

Əлемдік  жаһанданудың  факторларының  бірі  жəне  осымен  қатар  салдарларының  бірі 

ақпараттардың,  зияткерлік  өнімдер  мен  пікірлердің  еркін  қозғалысы  болып  табылады.  Қазіргі 

заманда жоғары білім беру адами қауымдастықтың тұрақты дамуының негізгі құраушысы болып 

есептеледі, оның ішінде университет қабырғасындағы білім беру маңызды орынға ие.   

Замануи  білім  мен  технологияға  негізделген  экономикадағы  сапалы  жаңғыртулар  мен 

дамудағы  табысты  жетістікке  жетудің  кепілдігі  болып  табылады.  Экономикадағы  өзгерістер 

жоғары оқу орындарының түлектеріне жаңа талаптар қояды, оның ішінде тəжірибеге бейімделген 

білім беруге маңызды басымдық беріледі.  

Елдің жоғары оқу орындары білім берудің əлемдік деңгейіне жетуге жəне бірыңғай білім 

кеңістігіне  енуге  байланысты  іс-шараларды  орындауы  қажет.  Қазіргі  білім  беру  жүйесін 

жаңғыртудың  өзектілігі  білім  беру  деңгейін  жаңа  сапаға  көтеру  болып  табылады.  Ел 

экономикасын  білікті  мамандармен  қамтамасыз  ету  жоғары  оқу  орнының  түлегінің  білімі  мен 

ілімінің,  тəжірибелік  іскерлігінің,  ғылыми  ойлау  қабілеттілігінің,  олардың  беделді  азаматтық 

тұрпаттарының, мəдени деңгейлерінің сапасымен айқындалады.   

Жоғары  білім  беру  саласындағы  қойылған  мақсаттарға  жетудің  тетігі  Болон  үлгісі  оқу 

үдерісіндегі  шарттарды  орындау  болып  табылады.  Олар  жоғары  білім  берудің  үш  деңгейлі 

жүйесін,  оқытудың  кредиттік  технологиясын,  студенттер  мен  оқытушылардың  академиялық 

мобильділігін, сонымен қатар жоғары білім беру сапасына бақылауды қамтиды.  

Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың 

ұйымдастырушылық  негізі  қазақстандық  білімді  жаңғыртудың  жалғастырылуын  қамтамасыз 

ететін  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 2011 – 2020 жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасы  болып  табылады.  Жоғары  білім  республика  экономикасының  барлық 

салалары үшін құзыретті жəне бəсекеге қабілетті мамандарды кəсіби даярлауды қамтамасыз етуде, 

ғылым  мен  өндірісті  біріктіруде  маңызды  рөл  атқарады.  Оның  басты  мақсаты - экономиканың 

орнықты  дамуы  үшін  сапалы  білімнің  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету  арқылы  адами  капиталды 

дамыту,  білімнің  бəсекеге  қабілеттілігін  арттыру,  еңбек  нарығының,  еліміздің  индустриялық-

инновациялық  даму  міндеттерін  жəне  жеке  тұлғаның  қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  жəне 

білім беру саласындағы үздік əлемдік тəжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары 

деңгейіне қол жеткізу [2].  

Құзыреттілік тұлғаның белгілі бір мəселеден жақсы хабардарлығы, білімдер мен іскерлікті 

игеру  аясын  көрсетеді [3]. Белгілі  бір  сала  бойынша  құзыреттілігінің    болуы  белгіленген  салада 

тиімді  қызмет  жасауға,  шешімдер  қабылдауға  мүмкіндік  беретін  білім  мен  іскерлікке  ие  болуын 

білдіреді. 

Қазақстанда  барлық  жоғары  оқу  орындарында  пəндер  жоғары  білім  берудің  мемлекеттік 

жалпыға міндетті стандартын негізге ала отырып, оқытылады. Білім беру мазмұнының құрылымы 

білім берудің есептеу-өлшегіш құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің 

көлеміне,  академиялық  кезеңдер  ұзақтығына,  академиялық  сабақ  түрлеріне,  оқу  материалының 

көлеміне қойылатын талаптарға сəйкес анықталады [4]. 

Кредиттік оқыту жүйесі білім саласында түбегейлі өзгерістердің туындауына себеп болды 

жəне  оны  терең  зерттеудің  қажеттілігін  тудырды.  Жаңа  жүйе  жаңғыртулар  мен  жаңашылдықты 

талап  етеді.  Сондықтан,  дəріс  жəне  тəжірибелік  сабақтар  жүргізуге,  студенттердің  өзіндік 

жұмыстарын орындауға жетекшілік жасауға арналған əдістемелік бағыттағы жаңа инновациялық 

оқыту технологиясы пайда болды.    

Кез  келген  сабақтың  мақсаты  оқытушыға  ғана  емес,  сонымен  қатар  білім  алушыға  да 

түсінікті болуы керек. Бұл сабақ барысының өзектілігін айқындайды.   



537 

 

Сабақ барысында болашақ  қаржыгер маманды  дайындауда, ең  алдымен,  əрбір  студенттің 



бойында  ойлау  қабілетін  арттыру  жəне  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  талап  етіледі.  Сондықтан, 

бүгінде жеке тұлғаның өзін-өзі айқындауы мен əлемдік қауымдастықтың тең мүшесі болуы оның 

білімділігі мен біліктілігі деңгейімен анықталады.  

Оқытудың  түрлі  əдістерінің  болуы  кез-келген  заманауи  үлгі  бойынша  педагогикалық 

үдерісті таңдау мен қолдануға жол ашады.  

 Білім  беру  үдерісін  жүргізуде  қолданылатын  интерактивті  əдістер  студенттің  білімдерін 

дамытып  қана  қоймай,  шығармашылық  қабілеттерінің  ашылуына  мүмкіншіліктер  жасайды. 

Олардың  қатарына  мыналарды  жатқызуға  болады:  мəселені  баяндау  əдісі,  пікірсайыс,  диалог, 

презентация,  көрнекілікпен  көрсету  əдісі,  бағытталған  пікірталас,  бақыланатын  пікірталас, 

мəселені  тақылау  əдісі,  кейс-стадия  немесе  нақты  жағдайларды  талдау  əдісі,  топтық  талқылау 

əдісі,  интервью,  миға  шабуыл  əдісі,  сынды  ойлау  əдісі,  іскерлік  жəне  рөлдік  ойындар,  дөңгелек 

үстел  əдісі,  зияткерлік  ширату,  сұрақ-жауап  сайысы,  шағын  ізденушілік  əдісі,  жеке  тапсырмалар 

беру, блиц-сауалдама   жəне басқа да оқыту əдістері.  

Білім  беру  үдерісінде  бакалавр  түлекке  терең  іргелі  білім  беру  арқылы,  оның  жалпы 

кəсіптік  қызметінің  пəн  аралық  əдістемесін,  болашақ  мамандардың  кəсіптік  шығармашылығын 

дамытуды,  өз  бетінше  білім  алу  қажеттігін  қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді.  Уақыт  ағымына 

сəйкес, студенттер белсенділік  пен жылдамдық танытып, күнделікті  ізденіс үстінде  болып, əрбір 

тақырыптың түбірін қаза зерттеу керек. 

Білім  беру  үдерісін  жүргізу  барысында  пəн  оқытушысы  келесідей  негізгі  міндеттері 

орындауды  басшылыққа  алуы  тиіс:  теориялық  сипаттағы  білімді  жүйелеуге,  бекітуге  жəне 

тереңдетуге  көмектесу,  іскерлік  тапсырмаларды  орындау  əдістерін  үйрету,  оларды  орындау 

дағдылары  мен  іскерліктерін  меңгеруге  мүмкіндіктер  жасау,  ғылыми  ақпараттармен,  қызметтік 

құжаттармен  жұмыс  жүргізуге  машықтау,  жеке  жəне  ұжымдық  кəсіби  дағдылары  мен 

қабілеттіліктерін  жетілдіру,  дербес  оқу,  шығармашылық  ойлау  қабілетін,  өзін-өзі  дамыту  жəне 

өзін-өзі бақылау дағдыларын жетілдіру. 

Қазіргі  заман  талабына  сай  білімгерлердің  ғаламторда  ақпарат  алмасуына  байланысты, 

оқытушы да электрондық оқулықтар мен оқу құралдарын жасақтауға көңіл бөлуі керек. Заманауи 

технологиялар ақпараттарды жылдам əрі сапалы беруге, қайта өңдеуге жəне түрлі анимацияларды 

қолдану  арқылы  қызықтыруға  мүмкіндік  береді,  бұл,  өз  кезегінде,  білімгердің  теориялық 

материалдарды  дербес  оқуына  жəне  талдау  мəліметтерін  дербес  орындауына  ықпал  етуші 

маңызды  фактор  болып  табылады.  Осымен  байланысты,  оқытушының  білімгерлер  үшін 

қызығушылық  тудыратын  электрондық  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын,  əдістемелік 

нұсқаулықтарды  дауындауына  жоғары  оқу  орындары  тарапынан  мүмкіншіліктер  мен 

ынталандыру шаралары жасалуы қажет. Қазіргі кезеңде кез келген жоғары оқу орындарында жаңа 

инновациялық технологияларды құруға, дамытуға жəне пайдалануға барлық мүмкіндік бар. 

Қазіргі  уақытта  білім  беру  үдерісінде  білім  беруші-оқытушы  оқытудың  заманауи 

инновациялық-педагогикалық  технологияларын  меңгермейінше,  құзыреттілігі  бəсекеге  қабілетті 

маман  даярлап  шығару  мүмкін  емес.  Қазіргі  жаһандық  экономикалық,  қаржылық  өзгерістер 

жағдайында  бүгінгі  білімгерлерді  заман  талабына  сай  білікті  қаржыгер  мамандар  ретінде 

қалыптастыру  үшін  ең  алдымен,  оқытушы  оқытудың  инновациялық  технологияларын  міндетті 

түрде қолдануы жəне оны жетілдіріп отыруы қажет. Дайындалған мамандар кез келген қаржылық 

жағдайды  талдай  алуы  жəне  өз  шешімдерін  дəлелдей  отырып,  мүмкіндіктерін  шыңдай  білулері 

керек.  

Студенттерге  заман  талабына  сай  сапалы  білім  беру  үшін  олардың  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын тиімді ұйымдастыру терең білім алуына мүмкіндік береді, танымдық əрекетін жəне 

белсенділігін арттырады. Сондықтан оқытушының студенттердің өзіндік жұмысын педагогикалық 

шеберлікпен  ұйымдастыра  білуі  студенттердің  сапалы  білімен  қарулануына  жəне  ғылыми  ойлау 

қабілетін дамытуына көмектеседі. 

Сонымен  қатар,  білім  беру  үдерісі  танымдық  жəне  тəрбиелік  қызметті  ғана  орындап 

қоймай, білімгерлерді болашақ кəсіби маман ретінде өсуіне мүмкіндіктер жасауы керек. Дəл осы 

кезеңде оқытушыға өзінің педогогикалық дарынын көрсетудің көптеген мүмкіншіліктері болады. 

Ол,  ең  алдымен,  пəн  оқытушысының  өзі  оқытылатын  пəннің  негізгі  қырларын  толық  игеруге 

ұмтылуы қажет.   

Студенттерге  білім  беру  жүйесіндегі  жаңғыртулар  мен  өзгерістер  кезінде,  өз  кезегінде, 

оқытушының  да  ролінің  маңызды  екендігін  ескерген  жөн.  ЖОО-да  білікті  мамандар  даярлау 

қызметтерінің  нəтижелілігі,  ең  алдымен,  оқытушыға  байланысты.  Оқытушының  жеке  тұлғалық 



538 

 

қасиеттері,  педагогикалық  біліктілігі,  адамгершілік  жəне  ақыл-ой  парасаты,  педагогикалық 



мəселелерді  шешуде  шығармашылық  ізденіске  бой  алдыруы,  ғылыми  ойлау  қабілеттілігінің 

жоғары  болуы,  тəрбиелік  өнегелілі,  денсаулығы  мен  рухани  байлығы  қоғамның  əлеуметтік 

алғышарты  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  білікті  əрі  сауатты  оқытушы  студенттерді  оқыту 

үдерісінде  жаңашыл  технологиялар  мен  инновациялық  əдістерді  меңгеруге  жəне  оны  іс  жүзінде 

қолдана білуге міндетті. 

Жоғары  оқу  орнының  қазіргі  уақыттағы  ең  маңызды  міндеттерінің  бірі  кəсіби  біліктілігі 

жоғары,  құзыреттілігі  бəсекеге  қабілетті  мамандар  даярлау  болып  табылады.  Ал  білім 

алушылардың  болашақта  бітіруші  ретінде  кəсіби  біліктілігі  жоғары,  құзыреттілігі  бəсекеге 

қабілетті  маман  болып  шығуы  оқытушының  лекторлық  шеберлігі  мен  əдіскерлік  іскерлігіне 

байланысты. 

Елбасының  сөзінде  «Терең  білім – тəуелсіздігіміздің  тірегі,  ақыл-ой – азаттығымыздың 

алдаспаны.  Біз  «білім – ғылым – инновациялар»  үштігі  билеген  постиндустриялық  əлемге  қарай 

жылжып  келеміз.  ЖОО  алатын  сапалы  білім  бар  болғаны  жолашар  интеллектуалдық  капитал 

болып  табылады»  делінген [5]. Ендеше,  кез  келген  пəн  оқытушысының  міндеті  студентті  оқу 

шеберлігіне үйрету, болашақ маман иесі болуына бағыт-бағдар беру болып табылады, ал студент 

өзінің таңдаған мамандығының жоғары білікті маманы болуы үшін оқуға талабы мен қабілетінің 

болуы қажет, сондай-ақ өзін-өзі жетілдіру мен дамыту арқасында ғана жетістікке жететінін саналы 

түрде түсінуі қажет.  

Сонымен, қазіргі заман талабына сай ЖОО-да құзыреттілігі бəсекеге қабілетті мамандарды 

дайындау  мақсатында  білім  беру  үдерісін  жаңғыртудың  негізгі  бағыттары  ретінде  келесілерді 

ұсынамыз: 

-

 



оқыту  үдерісінде,  яғни  пəн  сабақтарын  ұйымдастыру  мен  жүргізу  барысында  замануи 

инновациялық  технологияларды  пайдалана  отырып,  білімгерлердің  кəсіби  білімдарлығы  мен 

шығармашылық қабілеттіліктерін жетілдіру арқылы студенттердің білімге құштарлығын арттыру; 

-

 



пəн  бойынша  оқытушының  электрондық  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  дайындауына 

мүмкіндіктер мен ынталандыру шараларын жүргізу; 

-

 

ақпараттық  құндылықтар  жүйесін  қалыптастыру  жəне  болашақ  мамандардың  жалпы 



ақпараттық  мəдениетін  қалыптастыру  арқылы  оқытушы  мен  студент  арасында  оперативті  кері 

байланыс орнату; 

-

 

тəжірибелік  сабақтарды  ұйымдастыру  мен  жүргізу  барысында  интерактивтік  əдістерді 



пайдалана  отырып,  білімгерлердің  кəсіби  білімдарлығы  мен  шығармашылық  қабілеттіліктерін 

жетілдіру; 

-

 

білім  беру  саласында  оқытушы-маманның  да  өмір  бойы  оқуы  мен  тəжірибе  жинақтауы 



салдарынан педагогикалық біліктілігі мен кəсіби іскерлігін шыңдауы. 

 

Пайдаланылған əдебиеттер: 

 

1.

 



Қазақстан  Респуликасының  Президенті  Н.Ə.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

Жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша. 

2.

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған 



мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 

3.

 



Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы. 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 

4.

 



Темербаева Ж.А.Студенттерді модульдік технология арқылы оқытудың ұтымдылығы. 

Монография  – Павлодар.: «Кереку», 2009. -   127 б 

Қазақстан  Президентінің  Назарбаев  Университеті  студенттері  алдында  сөйлеген  сөзі. 

Қазақстан білім қоғамы жолында // «Егемен Қазақстан» газеті, 2012 жылғы 6 қыркүйек 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



539 

 

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БІЛІМ БЕРУДІҢ 



ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ƏДІСТЕМЕСІ 

 

Мусипова Л.К., Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті 

 

 



Жоғарғы  оқу  орнындағы  оқу  үдерісінің  маңызды  міндеті – білім  алушыларды  өз  бетімен 

ойлауға  жəне  білімдерді  меңгеруге  үйрету.  Оқу  үдерісінің,  білім  алушылардың  əдістемесінің 

қазіргі  заманғы  нысаны  жағдайында  білім  алушылардың  өзіндік  жұмысын  жандандыру 

мақсатында оларды өз бетімен ойлауға үйрету міндеті басты маңызға ие болып отыр. 

Теориялық  жағдайлардың  негізінде  нарықтық  түрлендірудің  қарама-қайшы  үдерістерін 

талдау үшін арнайы пəндерді оқытатын оқытушылардан білім алудың интерактивті əдістемелерін, 

бақылаудың түрлі нысандарын, нақты ахуалдарды оңтайлы пайдалану талап етіледі.  

Əдістеме – педагогикалық  ғылымның  нақты  оқу  пəнін  оқыту  заңдылықтарын  зерттейтін, 

саласы. 

Сабақ  беру  əдістемесі – бұл  инновациялық,  ақпараттық  білім  беру  ортасын  құру 

жағдайында  арнайы  пəндерді  оқытуды  модернизациялау  жəне  жандандыру  міндеттерін  жүзеге 

асырудың заманауи тетігі, білім беру сапасын арттырудың қозғаушы күші. Білім беру əдістемесі 

білім  берудің  жоғары  теориялық  деңгейін,  мазмұндалатын  материалдың  қатаң  ғылымилығын, 

айқындығын, қонымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Демек, нақты тəсілдердің жиынтығы 

ретінде  білім  беру  əдістемесі  зерделенетін  пəнмен  жəне  оның  əдістемесімен  тығыз  байланысты 

болады. 


Жоғарғы  оқу  орнындағы  арнайы  пəндерді  оқыту  əдістемесі  білім  беру  əдістемелерінің 

қағидалары мен мəнін, белсенді жəне интерактивті оқытудың нысандары мен əдістерін, кредиттік 

оқыту  ерекшеліктерін,  білім  алушылардың  өзіндік  жұмысын  басқаруды  жəне  жоғарғы  оқу 

орнындағы білім беру үдерісінің басқа да мəселелерін қарастырады.  

Оқытудың  дұрыс  əдістемесі  аталмыш  курсты  меңгеруге  оң  ынталандыратын  арнайы 

пəндерді  оқыту  қажеттілігін  байланыстыру  негізінде  оқытушылар  мен  білім  алушылардың 

мүдделерінің бірлігін қамтамасыз етеді.  

Пəн  бойынша  сабақ  берудің  тиімділігі  мен  сапасы  оқытушының  кəсіби  дарынымен 

оқытудың  сан  алуан  жағдайларында  бар  нысандарының,  əдістері  мен  құралдарының  ішінен 

студенттер контингентінің, жеке дайындық деңгейінің, өзінің практикалық тəжірибесінің арнайы 

ерекшеліктерін ескере отырып, ең ұтымдысын таңдай білуі тиіс.  

Оқыту əдістемесі пəнінің мақсаты – білім алушыларды педагогикалық үдерісті басқарудың 

жалпы  ұғымдары  мен  элементтерін  қолдануға  үйрету,  əдістемелік  тəсілдердің  көмегімен  білім 

алушылардың  оқу  үдерісінің  (лекциялар,  семинарлар,  өзіндік  жұмыс,  білімдерін  тексеру)  негізгі 

нысандарындағы,  ойлау  қызметін  жандандыру,  оқу,  өндірістік  тəжірибеден  өту  кезінде 

студенттерге көмек көрсету.   

Экономикалық  пəндерді  беру  əдістемесі  экономикалық  пəндерді  оқытудың  өзара 

байланысты құралдарының, əдістерінің, нысандарының жиынтығын зерттейді.  

Аталмыш  əдістеме  несімен  ерекшеленеді?  Бұл  оқытудың  қоғамның  экономикалық 

өмірімен  тығыз  байланыста  болуы.  Нағыз  білім  экономикалық  білімдерді  білуден  құралады. 

Қолданбалы  аспект  теорияны  өрістетуге,  ұғымдық  аппараттарды  кеңейтуге,  жаңа  қағидалар  мен 

заңдарды айқындауға мүмкіндік береді.  

Экономика  адам  қызметінің  саласы  ретінде  адамдарды  тіршілік  ету  үшін  қажеттілердің 

барлығымен  қамтамасыз  етуге  арналған.  Бұл  жерде  халықтың  түрлі  жіктері  мен  топтарының 

мүдделері тоғысады. Олар əлеуметтік белсенділікке ықпал ету мақсатында өздерінің идеялары мен 

тұжырымдамаларын  негіздеу  үшін  құралдар,  аргументтер  іздейді.  Бұл  қоғамның  болашақ 

дамуының қандай да бір өзге нұсқалары мен модельдерін таңдауға ықпал етеді.  

Əдістеменің маңызды ерекшелігі – экономикалық дамудағы білім беру рөлімен білім беру 

технологиясының өзара байланысы. Оқыту технологиясы деп солардың көмегімен оқытушы білім 

алушыларға ықпал ететін, əдістер мен құралдар айтылады. Білім беру технологиялары қоғамның 

экономикалық  дамуының  белгілі  бір  кезеңінде  пайда  болды  жəне  солармен  бірге  эволюция 

жолымен дамыды.  

Дəстүрлі  түрде,  соңғы  жүзжылдықта,  білім  берудегі  білім  беру  қызметінің  технологиясы 

өзгерген жоқ (лекциялар, тəжірибелік сабақтар, студенттердің өзіндік жұмысы, сондай-ақ білімді 

тексеру  нысандары).  Техникалық-технологиялық  жəне  ақпараттық  технологиялардың  дамуы  мен 


540 

 

адам қызметінің барлық салаларына барынша қарқынды енуі тек адамның мінез-құлқын ғана емес, 



жаңа  ақпараттарды  қабылдау  үдерістерін  де  өзгертті.  Нақты  мəселелер  бас  көтерген,  білім  беру 

үдерісі де бұл үдерістерден қалыс қалған жоқ.  

Осыған орай жоғарғы оқу орнының оқытушысы студенттерді оқыту тиімділігін арттыруға 

ықпал  ететін,  классикалық  дəрістерді  сүйемелдеу  үшін  инновациялық  оқыту  жүйелерін  əзірлеуі 

тиіс.   

Қазіргі уақытта дəрістерде пəндер материалдарын ұсынуға жəне оны соңынан тəжірибелік 

сабақтар барысында бекітуге құрылған, дəстүрлі технология жоғарғы оқу орындарындағы басым 

жəне  жалпы  қабылданған  оқыту  технологиясы  болып  отыр.  Алайда  олар  болашақтағы 

мамандардың  бойында  кəсіби  қызметтің  заманауи  талаптарына  жауап  беретін,  дағдыларды 

қалыптастыруды  жəне  пəн  бойынша  ғылыми  жəне  тəжірибелік  білімдердің  өсіп  келе  жатқан 

көлемін баламалы түрде беруді қамтамасыз ете алмайды.  

Сондықтанда  жоғары  білімді  реформалау  мамандарды  кəсіби  даярлау  жүйесінің  алдына 

бірқатар елеулі мəселелерді көлденең тартады.  

Олардың ең бастылары: 

- тəжірибелік бағытталуды (тəжірибелік бағдарланған оқыту) күшейту арқылы үйлестіруде 

білім берудің түбегейлігін арттыру;  

- кəсіпорындарға барып сабақ беру санын ұлғайту;  

-  оқытудың  дəстүрлі  жəне  инновациялық  нысандарын,  əдістерін  жəне  құралдарын  тиімді 

үйлестірудің,  дидактикалық  тапсырмаларды  айқын  белгілеудің  жəне  оларды  білім  беру 

мақсаттарына жəне мазмұндарына сəйкес жүзеге асырудың есебінен білім беру үдерісін күшейту.  

Оқытушының  оқыту  барысында  инновациялық  əдістерді  пайдалануы  түрлі  пəндерді 

берудегі  таптауырынды  жеңуге,  кəсіби  жағдайларға  жаңа  тəсілдер  əзірлеуге,  студенттердің 

шығармашылық, жасампаздық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.  

«Əрбір ұстаз — білікті маман, ал əрбір студент — ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана 

отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық 

технологияларын  пайдаланады.  Болашақ  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тəрбие  мен  білім  беруде 

оқытушылардың  инновациялық  іс-əрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негізін  меңгеруі-маңызды 

мəселелердің бірі. 

Инновация-ол  тамыры  тереңде  жатқан  термин,  латын  тілінің  «жаңару», «өзгеру» 

сөздерімен 

баламаланып, «бұрын 

болмаған 

жаңалық», «қоғамдық 

қажеттіліктерді 

қанағаттандырудың  жаңа  əдісі»  деген  түсініктерді  білдіреді.  Ал  ағылшын  тілінен  аударғанда, 

«жаңалық енгізу», «жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді. 

Инновация-құрал  жəне  процесс  ретінде  əлдебір  жаңалықты  ендіру  деген  сөз. 

Педагогикалық  процесте  инновация  оқыту  мен  білім  мазмұнына,  оқытушы  мен  оқушының 

бірлескен  қызметін  ұйымдастыруға  жаңалық  енгізуді  білдіреді.  Инновация  өздігінен  пайда 

болмайды.  Ол  ғылыми  ізденістердің,  жекелеген  оқытушылар  мен  тұтас  ұжымның  озық 

педагогикалық тəжірибесінен пайда болады. 

Мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  инновациялық 

педагогикалық  технологияны  ендіруді  міндеттейді.  Ал  инновациялық  педагогикалық 

технологияның  түрі,  қолдану  ерекшелігі,  одан  туындайтын  мəселелер  бүгінгі  таңда  əлі 

нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние. 

Қазіргі  оқу  орындары  мен  педагогикалық  ұжымдар  ұсынылып  отырған  көп  нұсқалыққа 

байланысты  өздерінің  қалауына  сəйкес  кез  келген  үлгі  бойынша  қызмет  етуіне  мүмкіндік  алды. 

Бұл  бағытта  білім  берудің  əртүрлі  нұсқадағы  мазмұны,  құрылымы,  ғылымға  жəне 

тəжірибеге  негізделген  жаңа  идеялар  мен  технологиялар  бар.  Сондықтан  əртүрлі  оқыту 

технологияларын  оқу  мазмұны  мен  оқушылардың  жас  жəне  психологиялық  ерекшеліктеріне  сай 

таңдап, тəжірибеде сынап байқаудың маңызы зор. 

Жоғарғы оқу орнындағы кез - келген пəнді оқыту дегеніміз тек білімнің нақты стандартты 

жинағын есте сақтау емес. Пəнді толықтай зерделеу, яғни оның маманды кəсіби даярлаудағы рөлін 

ұғыну,  негізгі  шешуші  ұғымдарын  (пəннің  өзегін)  ажырату  жəне  меңгеру,  басқа  пəндермен 

байланысын (пəнаралық байланыс) түсіну қажет.  

Алайда,  пəнді  меңгеруге  бөлінген,  аудиториялық  сағаттар  саны  аз  болғандықтан, 

материалдың едəуір бөлігі өздігінен оқуға беріледі.  

Білім  беру  үдерісіне  инновациялық  үдерістерді  енгізу  жəне  болашақ  мамандардың  басты 

кəсіби  құзіретін  қалыптастыру  жөніндегі  оқу  жұмысының  тиімді  нысандары  оқытудың  əр  түрлі 

белсенді нысандары мен əдістерін қолдану болып табылады: жобалар жасау, көпшіліктің алдында 



541 

 

сөйлейтін сөздер дайындау, ынтымақтасуға үйрету, күрделі жағдайлар тудыру, кəсіби бағытталған 



бейне  фильмдер  мен  тұсаукесерлер  жəне  тағы  басқалар  дайындау.  Ақпараттық  түсіндіріп-

оқытудан  инновациялық  іс - əрекетке  өту  оқу  үдерісінде  еркін  іздестіру  қызметін  қамтамасыз 

ететін, жаңа компьютерлік жəне əр түрлі ақпараттық-технологияларды, электронды оқулықтарды, 

бейне  материалдарды  қолданумен  байланысты,  сондай-ақ  дамуды  жəне  жеке  тұлғаның 

бағдарлануын  бағамдайды.  Қазіргі  таңда  осыларға  сүйене  отырып,  студенттерді  оқытудың  əр 

түрлі  инновациялық  əдістерін  айта  кетуге  болады,  мəселен,  бұл – күрделі  жəне  ойындық 

технология,  ұжымдық  жəне  топтық  қызметтер  технологиясы,  белсенді  оқытудың  имитациялық 

əдістері, нақты жағдайларды талдау əдістері, жобалар əдісі, ынтымақтасуға үйрету, жасампаздық 

(креативті)  оқыту,  білім берудің  инновациялық  жобалық  қызметі,  дəріс – баспасөз  конференция, 

дəріс-əңгіме, шолу-дəрісі, дəріс-сұхбат жəне т.б. 

Ойындық  имитациялық  модельдеуде  əр  түрлі  ойындар  кеңінен  ұсынылған:  іскерлік, 

рөлдік, аттестациялық, ұйымдастырушылық-іс-əрекеттік, инновациялық, күйзелістерді жеңу жəне 

инновациялық  ойлауды  қалыптастыру  жөніндегі  рефлекстік  ойындар,  іздестіру-анықтау  жəне 

басқа. Іскерлік ойындарды пайдалану кезінде студенттердің нəтижелік-қайта жасау қызметі басым 

болады.  Негізінен  үйрету  ойындарына  шешімдердің  көп  нұсқалылығы  мен  баламалылығы  тəн, 

олардың  ішінен  ең  ұтымдысын  əр  кез  таңдауға  болады.  Оқу  барысында  іскерлік  ойындарды 

пайдалану  қазіргі  кезде  жоғарғы  оқу  орындарында  кең  таралған  жəне  негізінен  арнайы,  əсіресе 

экономикамен,  ұйымдастырумен  жəне  басқарумен,  бухгалтерлік  есеппен,  құқық  танумен,  нарық 

жағдайында  шаруашылық  жүргізудің  жаңа  нысандарымен  байланысты  пəндерді  оқыту  кезінде 

жоғарғы курстарда  қолданылады.  

Бүгінгі таңда оқу пəндерін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдануда объективті 

шарттар  қалыптасқан,  демек:  мультимедиялық  компьютерлер,  арнайы  бағдарламалар,  пəн 

бойынша  бағдарламалық  пакеттер  қамтамасыз  етілген.  Білім  беру  ордаларының  сайттарында, 

интернет  желісінде  оқу  үрдісін  беретін  бағдарламалық  өнімдер  жинақталған,  соның  ішінде 

коммерциялық  емес  бағдарламаларды  қашықтықтан  білім  алуда  қолдануға  болады.  Осының 

барлығын дұрыс қолдану оқытушының қолында. 

Жоғарыда  аталғандармен  қоса,  арнайы  пəндерді  оқытуда  пəннің  ерекшеліктері  мен  оны 

оқытудағы  мүмкіндіктерді  қолданған  жөн.  Мысалы: «Есеп  жəне  аудит»  мамандығында  оқитын 

студенттерге  бухгалтерлік  есептегі  тақырыптарды  меңгеруде  инновациялық  технологияларды 

қолданбай  жеткізу  мүмкін  емес.  Сондықтан,  біз  өз  дəрістерімізде,  тəжірибелік  сабақтар  мен 

өзіндік жұмыстарды орындауда міндетті түрде осындай əдістердің бірі ретінде – «1С Бухгалтерия» 

компьютерлік  бағдарламасын  кеңінен  қолданамыз.  Осы  бағдарламаға  дағдылана  отырып, 

тақырыптарды  түсіндірудің  өз  қырлары  бар.  Біріншіден,  заман  талабына  сай  студенттерге  білім 

беріп,  тақырыпты  санасына  құю  болса,  екіншіден,  тəжірибемен  жақындастыра  өткізілген  сабақ 

студенттер қауымымен жақсы қабылданады. 

Осыдан  жасалынантын  қорытынды - білім  берудің  инновациялық  жобалық  қызметі  оқу 

үрдісін  ұйымдастырудың  студенттердің  танымдық  қызығушылықтарын  жəне  творчествалық 

қабілеттерін  жеке-дара  дамытуға  арналған,  тиімді  нысаны  болып  табылады.  Аталмыш  əдіс  əр 

түрлі  творчествалық  жұмыстарды  (есептер,  шолулар,  рефераттар,  кəсіби  бағдарланған 

тақырыптарға  арналған  баяндамалар)  презентациялау  технологиясын  меңгеруді  топшылайды.  

Педагогикалық  инновациялардың  мəні  мен  мақсаты  болашақ  маманның  жеке  тұлғасын  дамыту 

мақсатында  оқыту  əдістемесінің  жаңа  көрінісін  жүзеге  асырумен,  оқытудың  жаңа  əдістерін, 

технологияларын, мультимедиялық құралдарын тартумен тұжырымдалады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет