Сборник трудов международной научно-практической конференции «Современные экономические проблемы в области финансов, учета, управления и туризма»



Pdf көрінісі
бет63/75
Дата31.01.2017
өлшемі7,15 Mb.
#3070
түріСборник
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   75

Литература: 

1 Гуменюк  А.Ф.  Бухгалтерський  облік  та  аудит  відтворення  основних  засобів: 

теорія  і  практика:  автореф.  дис.  ...  канд.  екон.  наук  :  08.00.09.  —  К.,  2010.  — 

20 с. 


2  Положення  (стандарт)  бухгалтерського  обліку  7  «Основні  засоби» 

[Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://zakon.rada.gov.ua/ 

3  Положение  по  бухгалтерскому  учету  «Учет  основных  средств»  ПБУ  6/01, 

утвержденное  приказом  Минфина  РФ  от  30.03.2001г.  №26н  //  Положения  по 

бухгалтерскому учету. Сборник документов. – М.: Омега-Л, 2006. – 309с. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


579

 

 



МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ 

 

Жамет А. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,  

Астана қ., Қазақстан Республикасы 

E-mail: abzal.011@bk.ru 

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Жамиева А.Е. 

 

 



Мемлекеттік  несие  –  жалпымемлекеттік  қаржының  басты  буындарының 

бірі  және  кредит  қатынастарының  жиынтығы,  бұл  қатынастарда  мемлекет 

несиегердің  де,  қарыз  алушының  да,  гаранттың  да  рөлінде  көрінуі  мүмкін. 

Мемлекеттік  кредиттің  ерекшелігі  қарызға  берілген  қаражаттардың 

қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында.Мемлекеттік кредиттің 

көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға 

бағытталатындықтан  оның  өндірістік  сипаты  болуы  тиіс.  Мемлекеттік  кредит 

жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді: 

1)

 

мемлекеттік  несие   жолымен  жұмылдырылатын  қаражаттар  әр  түрлі 



қажеттіліктерді  —  өндірістік,  өндірістік  емес,  сол  сияқты  стратегиялық, 

оперативтік  қажеттіліктерді  қаржыландыруға  бағытталатын  мемлекеттің 

қаржы ресурстары ретінде қаралады; 

2)

 



алынған  және  берілген  кредиттер  үшін  есеп  айрысулар,  олар  үшін 

пайыздар төлеу бюджеттердің – үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық 

немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті 

бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі.  

Бюджет  кірістерінің  негізі  және  тұрақты  бөлігін  салықтық  түсімдер 

құрайтындықтан 

қарыздар 

арқылы 


жұмылдырылатың 

қаражаттар 

«антиципацияландырылған салықтар”, яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған 

салықтар  деп  салынады.  Мемлекеттік  несие  ақша  қаражаттарын  қайта  бөлу 

қызметін  орындайды  Бұл  халықтың,  шаруашылық  жүргізуші  субъектлердің 

уақытша  бос  ақша  қаражаттарын  шоғырландырумен  байланысты.  Бұл 

халықтың,  шаруашылық  жүргізуші  субъектлердің  уақытша  бос  ақша 

қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл қызметте мемлекеттік несие 

жинақ  ақшаны  ұйымдастыру  нысандарының  бірі  болып  табылады.  Бұған 

халықтың,  шаруашылық  жүргізуші  субъектлер  арасында  орналастырылатын 

мемлекеттік  қарыздардың  облигацияларын  шығару,  мемлекеттік  бағалы 

қағаздардың  басқада  түрлерін  (қазынашылық  міндеттемелерді,  қазынашылық 

бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жеткізуге болады. [1] 

Мемлекеттік  несиенің  екінші  функциясы  –  реттеуші  қызметі.  Бірінші 

кезекте  мемлекет  несиелік  пайыздың  мөлшеріне  ықпал  жасай  отырып,  ақша 

ағымдарын реттейді: несие капиталының рыногында қаржыгер бола отырып, ол 

бұл  капиталға  деген  сұранымды  арттырады,  мұның  нәтижесінде  несие 

капиталының  нормасы  артады.  Сөйтіп,  мемлекет  бұл  рынонтағы  бәсекеге 

араласады,  одан  жеке  инвесторларды  «ығыстырып  ”шығарады  («ығыстыру” 

әсері).  Бұл  олардың  бизнестің  белгілі  бір  түріне  инвестициялауды  шектеу 



580

 

 



үрдісін  қалыптастырады.   Бір  мезгілде  бағалы  қағаздарды  сатып  алу  кезінде 

айналыстағы  ақшаның  (қолма-қол  ақшаның  және  қолма-қолсыз  ақшаның) 

қысқаруына  жеткізеді,  мұның  өзі  ақша  эмиссиясының  зардаптарын  жою  үшін 

тиімді болуы мүмкін.  

Мемлекеттік  несиенің    рөлі  халықтың,  кәсіпорындардың,  ұйымдардың 

уақытша  бос  қаражаттарын  жұмылдырудағы  мүмкіндіктеріне  және  олардың 

мемлекеттің  кезек  күттірмейтін  мұқтаждарын  қаржыландыруда   айқындалады. 

Мемлекеттік  несие   түрлері  бойынша  ішкі,  сыртқы,  шартты  болып 

ажыратылады.  Ішкі  несиеде  мемлекеттік  кредит  қатынастары  жан-жақты 

тұрғыда:  қарызгер  кезінде  де,  несиегер  ретінде  де  елдегі  үкіметтің,  биліктің 

жергілікті  органдардың,  кәсіпорындардың,  ұйымдардың  және  халықтың 

арасында пайда болды.  

Халықаралық  несиеде  қатынастарға  бір  жағынан,  үкімет,  биліктің 

жергілікті  органдарды,  екінші  жағынан  басқа  мемлекеттердің  үкіметтері, 

банктері,  компаниялары,  сондай-ақ  халықаралық  қаржы-банк  үйымдары 

араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит 

алушы  ел  реципиент-ел  деп  аталады.  Шартты  мемлекеттік  несие  отандық 

қарызгерлер:  кәсіпорындар,  ұйымдар,  фирмалар,  жергілікті  билік  органдары 

алған  қарыздарына  басқа  елдердің  несиегерлеріне  берілген  кепілдіктер 

бойынша  үкіметтің  міндеттемелері  ретінде  болады.  Қарыз  шарттары 

орындалмаған  жағдайда  үкімет  отандық  қарызгердің  уақыты  келген 

міндеттемелері  бойынша  қарызгердің  мүлікінең  немесе  басқа  активтерінең 

бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді. 

Мемлекеттік  кредиттің  негізгі  нысаны  кредит  қатынастары  болып 

көрінетің  мемлекеттік  қарыздар  болып  табылады,  бұл  қатынастарда  мемлекет 

негізінең  қарызгер  ретінде  болады.  Мемлекеттік  қарыздар  –  нәтижесінде 

мемлекет  белгілі  бір  мерзімге  және  белгілі  бір  ақыға  ақша  қаражаттарының 

белгілі  бір  сомаларын  алатын  мемлекет  пен  заңи  және  жеке  тұлғалар 

арасындағы қарыз қатынастары. [2] 

Мемлекттік қарыздар (займдардың) келесідей түрлерге бөлінеді: 

- өтеу мерзімі бойынша 

- орналастыру орны бойынша 

- орналасу әдісі бойынша 

- займ валютасы бойынша 

- эмитент бойынша 

- кіріс түрі бойынша 

Мемлекеттік займдар өтеу мерзімі бойынша бөлінеді: 

- қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін) 

- орта мерзімді ( 1 жылдан 5 жылға дейін) 

- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) 

Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып 

бөлінеді.  Ішкі  қарыздардың  облигацияларын  шетел  азаматтары  мен  қоғамдар 

сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: 

- еркін айналатын 

- жазылу бойынша орналастырылатын 


581

 

 



- мәжбүрлеме 

Эмитентке байланысты  займдар бөлінеді: 

- орталық үкімет займдары 

- жергілікті билік органдары займдары 

Қысқа  мерзімді  қажеттіліктерді  жабуға  қажетті  ақашалай  қаражаттар 

көлемі  аз  болған  жағдайда  мемлекеттік  қазынашылық  міндеттеме  секілді 

(МҚМ) несие түрі шығарылады.  МҚМ 3 айдан 1 жылға дейін заңды тұлғаларға 

беріледі.  Мемлекеттік  несиенің  нысандары  кезінде  –  мемлекеттік  банктердің 

депозиттік  ресурстарының  қалдықтарын  пайдалану  мемлекеттік  шығындарды 

қаржыландыру барысында қолданылады. Мемлкееттік несиенің келесі нысаны 

–  мемлекеттік  орталық  эмиссиялық  банкінен   қаражаттарды  тарту  болып 

табылады.  

Осының 

нәтижесінде  



айналыстағы 

ақша 


массасы 

құнсызданатындықтан,  мемлекет  бұл  несиенің  нысанын  көп  қолданбайды. 

Мемлекеттік несиенің келесі нысаны – заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік 

(қазынашылық) ссудаларды ұсыну.  Ол кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржылық 

дағдарыс  жағдайында  беріледі  Мемлекеттік  несиенің  әдістері-  әр  түрлі  және 

келтірілген сәйкес  нысандарға сай болады. Мемлекеттік займдардың – табысты 

алу  және  анықтау  әдістері,  іске  ену  уақыты  әдісі  ,  орналасу  әдістері  бар. 

Мемлекеттік несиенің  әдістеріне сонымен қатар  мемлекеттік қарызды басқару 

әдісі  (конверсия,  консолидация,  унификация,  қайта  қаржыландыру)де  жатады. 

Мемлекеттік несиенің әдістері банктік несиенің әдістеріне ұқсас. 

Мемлекеттік  қарыз  (борыш)  –  Мемлекеттік  борыш  –  бұл  алынған  және 

белгілі  бір  күнге  өтелмеген  мемлекеттік  қарыздардың  сомасы.  Мемлекеттік 

борыш  ұлғаймалы  ұдайы  өндірісті  және  қоғамдық  қажеттіліктерді 

қанағаттандыру  үшін  ақша  ресурстарын  тарту  нысандарының  бірі  ретінде 

мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет 

мемлекеттік  бюджеттің  қаражаттары  есебінен  өтейді.  Орналасу  нарығына, 

қарыз  валютасына  және  басқа  сипаттамаларына  қарай  мемлекеттік  борыш 

мемлекеттік  ішкі  және  сыртқы  борыш  болып  бөлінеді.  Сонымен  қатар 

мемлекеттік қарыздың  капиталдық және ағымдық түрлері бар. 

Капиталдық  мемлекеттік  қарызға  мемлекеттің   шығыарылған  және 

өтелмеген  борыштық  міндеттемелерінің  барлық  сомасы  (бұл  міндеттемелер 

бойынша пайыздарды қоса есептегенде) жатады.  

Ағымдық  қарыз  –  бұл  төлеу  мерзімі  жеткен  мемлекеттің  барлық 

мінедеттемелерінің   жиынтығы.  Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік 

борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі 

уәдесін  алған  кәсіпорындардың  борышы  болып  бөлінеді.  Мемлекеттік 

борыштың  пайда  болуы  мен  өсуінің  себебі  мемлекеттік  бюджеттің  тұрақты 

тапшылығы болып табылады. Экономикалық жағынаң дамыған елдердің едәуір 

мемлекеттік  ішкі  борышы  болады.  Алайда  борыштың  бұл  түрінің  түзілу 

себептеріндегі, 

әдістеріндегі 

және 


жұмыс 

істеу 


ерекшеліктеріндегі 

айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны 

тудырған  бюджет  тапшылықтары  экономикалық  циклге  экономиканы 

тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болып табылады. 



582

 

 



Мемлекеттік сыртқы борыш – шетелдік несиегерлер турасында белгілі бір 

күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің 

сомасы.  Дүниежүзілік  тәжірибеде   мемлекеттік  мөлшерді  салыстырмалы 

сипаттау  үшін  арнайы  көрсеткіш  –  борышқа  қызмет  көрсетудің  коэффициенті 

пайдаланылады.  Ол  борыштық  төлемдердің  елдің  валюталық  түсімдеріне 

қатысы  ретінде  есептеп  шығарылды.  Мұндай  қатыстың  қауіпсіз  денгейі  18 

пайыз болып саналады. [3] 

Мемлекеттік  борыштың  пайда  болуы  мен  өсуінің  себебі  мемлекеттік 

бюджеттің  тұрақты  тапшылығы  болып  табылады.  Экономикалық  жағынаң 

дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың 

бұл  түрінің  түзілу  себептеріндегі,  әдістеріндегі  және  жұмыс  істеу 

ерекшеліктеріндегі  айырмашылық  елеулі  болады.  Дамыған  елдерде 

мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық 

циклге  экономиканы  тұрақтандыру  мен  оны  дамытудың  біріктірілген 

факторлары болып табылады. Мемлекеттік ішкі борыштың басқа нысандарына 

мыналар жатады:  

-  бюджет  тапшылығын  жабу  үшін  бұрын  алынған  кредиттер  бойынша 

Ұлттық банкке берешек

-  облигациялар  және  басқа  бағалы  қағаздар  шығарумен  ресімделген 

халықтан,  шаруашылық  жүргізуші  субъектілерден  алынған  қағаздар  бойынша 

борыш.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  борышын  есепке  алу  үшін 

Ұлттық  банк  пен  жергілікті  атқарушы  органдар  келісілген  тәртіппен  Қаржы 

министрлігіне  өз  қарыздарының  талаптары,  алынуы,  оларға  қызмет  көрсетілуі 

және өтелуі туралы ақпарат тапсырып отырады. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің,  Ұлттық  банкінің  және  жергілікті 

атқарушы органдарының осындай шарттың талаптарында, осындай қағаздарды 

шығару  талаптарында  көзделген  жағдайда,  қарыз  туралы  шарт  бойынша 

міндеттемелерді  мерзімінен  бұрын  өтеуге,  мемлекеттік  эмиссиялық  бағалы 

қағаздарды  мерзімінен  бұрын  сатып  алуға  құқығы  бар.  «Мемлекеттік  және 

мемлекет  кепілдік  берген  қарыз  алу  және  борыш  туралы»  Қазақстан 

Республикасының заңымен тиісті мемлекеттік құрылымдар үшін қарыз алудың 

лимиттері белгіленген: 

1)

 

үкіметтік борыштың лимиті. 



2)

 

Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті. 



3)

 

Жергілікті атқарушы орган борышының лимиті. 



Бұл  лимиттер  тиісінше  республикалық  бюджетте,  Ұлттық  банкте, 

жергілікті   бюджетте  жоспарланатын,  алынған  және  өтелмеген  қарыздардың 

тіркелген  сомалары  болып  табылады,  бұл  сомалар  берілген  күнге  тиісті 

құрылымның  нақты  борышынаң  аспау  тиіс.  Мәселе,  Ұлттық  банктің  сыртқы 

борышының лимиті оның таза алтын-валюта активтерінің 50 пайыз деңгейінде 

белгіленеді.  Мемлекеттік  борышты  басқару  –  мемлекеттің  өзі  және  оның 

кепілдігімен  алынған  борышқа  қызмет  көрсету,  оны  жоспарлы  өтеу,  жаңа 

қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет 

шараларының  жиынтығы;  мемлекеттің  оған  уәкілетті  органдары  арқылы 

ұтымды  және  тиімді  қарыз  алуды  қамтамасыз  ету  және  мемлекеттік  кредитке 



583

 

 



қызмет  көрсетуін  оңтайландыру  жөніндегі  қызметі;  басқару  келешекте 

макроэкономикалық 

қиыншылықтардан 

және 


төлем 

балансының 

проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл орайда борыш 

мониторингі  –  борышты  есепке  алу,  талдау  және  қалыптастыру,  өзгерту  және 

оған қызмет көрсету процестерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті 

органдардың    қызметінде  мемлекеттік  борыштын  мониторингі  жүргізіледі. 

Мемлекеттік қарызды басқарудың келесідей әдістері бар: 

•    Қайта қаржыландыру 

•     Конверсия (Мерзімді ұзарту) 

•     Консолидация (Жаңғырту) 

•     Сәйкестендіру (унификация) 

•     Облигацияларды кемімелі ара салмақ бойынша айырбастау 

•     Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту 

•     Мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту. 

Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері 

Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  шектеулерді  ескере 

отырып, кез келген мөлшерде, кез келген валютамен және кез келген нысанада 

дербес жүзеге асырады. [4] 

Мемлекеттік  борышқа  қызмет  көрсету  деп  қарыз  алудың  шарттарынаң 

туындайтын  сыйақы,  комиссиялық  және  өзге  төлемдердің  жиынтық 

төлемақыларын  айтады.  Борышты  өтеу  –  қарызгердің  қарыздың  алынған 

сомасын  несиегерлермен  шарттармен  белгіленген  тәрттіппен  қайтаруы, 

белгіленген  тәртіппен  борышты  құрайтын  басқа  міндеттемелерді  орындауы. 

Қайта  қаржыландыру  мемлекеттік  берешекті  жаңа  қарыз  шығару  есебінең 

өтеуді білдіреді. 

Әдебиет: 

1.Смағұлова

  Р.О,  Мәдіханова  Қ.Ә.,  Ә.Қ.  Тұсаева  Ә.Қ.,  Ж.Ш.  Сатыбалдиева 

Ж.Ш.  Қаржы,  ақша  айналысы  және  несие:  Оқу  құралы  –  Алматы: 

«Экономика» баспасы 2008 ж. – 462б 

2.Блеутаева

  К.  Б. Ақша  және  банктер.  Оқу  құралы.  Екінші  басылым. Өңделіп 

толықтырылған – Алматы.  2007 ж. – 272б 

3.

 

Сейтқасымов Ғ.С. Банк ісі: Оқулық – Астана: ҚазЭҚХСУ:БПО, 2009 - 586б 



4.

 

Евсюков  В.  В.,  Кочетыгов  А.  А.,  Тружнев  Д.Н.  Комплексный  подход  к 



формированию кредитного портфеля банка : Банковское дело - 2008. № 7. С. 

45-48. 


 

 

КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ  

«АВ-КОСТИНГ» ӘДІСІ 

 

Жолумбаева А.Е. 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,  

Астана, Қазақстан Республикасы

 

E-mail: 



zharok94@mail.ru 

Ғылыми жетекшісі – э.ғ.к., доцент Тажикенова С.К. 



584

 

 



 

Қазіргі  заман  талаптарына  сай  Қазақстанда,  сонымен  қатар  бүкіл  әлемде 

басқару есебін ұйымдастыру мен дамытудың тиімді жолдарын іздестіру өзекті 

мәселелердің  бірі.  Осыған  сәйкес,  шығындарды  және  нәтижелерді  жоспарлау, 

талдау  және  бақылау  әдістерін  дамыту  мен  жетілдіру  бойынша  сұрақтар 

басқару есебінің барлық жүйесінде негізгі орталық мәселеге айналуда. 

Соңғы  онжылдықта  ірі  кәсіпорындар  өзіндік  құн  мен  пайданы  басқару 

үшін  операциялық  менеджмент  немесе  жекелеген  операциялар  мен  жекелеген 

қызмет түрлерін басқару арқылы шығындарды басқаруды қолдануды бастады. 

Жекелеген  қызмет  түрлерін  құрайтын  операциялар  калькуляцияның  аралық 

объектісіне,  ал  онымен  байланысты  үстеме  шығыстар  есеп  пен  талдаудың 

негізгі  объектісіне  айналды.  Бұның  нәтижесінде  «АВ-костинг»  жүйесі  пайда 

болды. 

«АВ-костинг»  (Activity-based  costing)  жанама  шығындардың  жоғары 



деңгейі  мен  шығарылатын  өнімнің  жоғары  ассортиментімен  жоғары  дамыған 

индустриалды  өндіріске  ие  заманауи  ұйымдар  шарттарына  жауап  беретін 

шығындар  есебі  мен  толық  өзіндік  құнды  калькуляциялаудың  заманауи 

жүйелерінің  бірі.  Бұл  жүйе  өз  дамуын  ХХ  ғ.  80-жылдарында  кәсіпорын 

өнімдерінің  нақты  өзіндік  құнын  бұрмалайтын  үстеме  шығыстарды  дәстүрлі 

бөлуді  сынға  алған  Р.  Купер  мен  Р.Каплан  секілді  экономисттер  еңбектерінде 

алады.  «АВ-костинг»    жүйесі  жанама  үстеме  шығыстарды  нақты  бөлуге 

мүмкіндік береді [1]. 

Шығындарды  процестік-бағытталған  басқару  «АВ-костинг»  шығындар 

есебінің  жалпыланған  жүйесінің  кемшіліктерін  алдын  алу  үшін  қолдануға 

болатын бағалы тұжырымдама болып табылады. «АВ-костинг» калькуляциялау 

жүйесі  негізінде  кәсіпорындардағы  жанама  шығындардың  жоғары  меншікті 

салмағымен  өнімнің  өзіндік  құнын  құрудың  басқа  да  принциптік  амалдары 

жатыр. 


«АВ-костинг»  әдісі  –  шығындар  есебінің  дәстүрлі  жүйесінің  шектеулерін 

жеңе  алатын  және  өнімдер  мен  олардың  өндірісіне  қажетті  шығындар 

арасындағы 

себеп-салдарлық  байланыс 

орнатуға 

мүмкіндік  беретін 

прогрессивті концепция. Бұдан, «АВ-костинг» – бұл шығындар объектілерінің 

анықтамасын,  шығындар  жіктелімі  мен  объектілер  бойынша  оларды  бөлу 

әдістерін қосатын шығындар есебінің жүйесі десек болады. 

«АВ-костинг» әдісін қолданудың негізгі бағыттары келесідей: 

 

шығындар  объектілерінің  өзіндік  құнын  нақты  есептеу  мен  осы  негізде 



құнын бекіту;

 



 

шығындарды  бюджеттеу  мен  қызмет,  бөлім,  учаскелер,  бөлімшелер 

түрлері бойынша бюджеттің ұстанылуын бақылау;

 



 

қызмет  түрлерінің  бечмаркингі  мен  оның  нәтижелері  негізінде  бизнес-

процестердің реинжинирингі үшін ақпараттық база;

 



 

аутсорсинг жөнінде шешім қабылдау үшін ақпараттық база.

 

«АВ-костинг» әдісін қолдануда есеп пен талдаудың негізгі объектісі болып 



үстеме  шығыстар  танылады.  «АВ-костинг»  әдісінің  мақсаты  –  өзіндік  құнды 

калькуляциялау мен шығындарды басқарудың нақты нәтижелеріне жету. 



585

 

 



Жүйенің  қолданылу  аясы  –  кез-келген  кәсіпорындар.  Алайда,  «АВ-

костинг»    әдісін  өзіндік  құн  құрылымында  жанама  шығындар  үлесі  жоғары 

күрделі  шаруашылық  кешендердің  көпсалалы  кәсіпорындарында  қолдану 

әлдеқайда тиімді. 

«АВ-костинг»  жүйесінде  шығындарға  байланысты  қызмет  түрлерін 

келесідей жіктеуге болады: 

1.

 

Өндірілген  өнім  бірліктерінің  мөлшерін  анықтайтын  қызмет  түрі  (unit  – 



level  activities),  яғни

  кәсіпорынның  тікелей  өзгермелі  шығындарына 

байланысты: тікелей материалдық шығындар және тікелей еңбек шығындары. 

2.

 



Өндірілген өнім  топтамаларының  мөлшерін  анықтайтын қызмет  түрлері 

(batch  –

  level  activities).  Ережеге  сай,  кәсіпорын  бөлімшелеріне  қызмет 

көрсететін  қызмет  түрлері:  құрылғыларды  жөндеу,  материалдарды 

тасымалдау, сапаны бақылау және т.б. 

3.

 



Нақты  өндірілетін  өнімдермен  анықталатын  қызмет  түрі  (product  –  level 

activities). Бұл

 қызмет түріне конструкторлық өңдеу жұмыстары, маркетингтік 

зерттеулер, жарнамалық акциялар және т.б. жатады. 

4.

 

Өндірістік  қуат  мөлшерімен  анықталатын  қызмет  түрі  (facility  –  level 



activities).  Бұл

  қызмет  кәсіпорын  қызметімен  тікелей  байланысты:  күзет, 

коммуналды  қызмет  көрсетулер,  негізгі  қорлар  амортизациясы  және  т.б.  Бұл 

қызмет нәтижесінде туындайтын шығындар тұрақты немесе шартты-тұрақты 

шығындарға жатады [2]. 

«АВ-костинг»  жүйесін  қолдануда  келесідей  сатыларды  бөлуге  болады  (1-

сурет): 

1.

 



Қызмет  түрі  бойынша  үстеме  шығыстарды  топтастыру  мен  бөлу  – 

кәсіпорында орны бар шығындардың функционалды орталықтары бойынша. 

2.

 

Үстеме  шығыстардың  тұтынылуына  алып  келетін  факторларды 



айқындау. 

3.

 



Үстеме  шығыстарды  шығын  ұстаушыларына  бөлу  мөлшерлемелерін 

есептеу. 

4.

 

Есептелген бөлу мөлшерлемелері арқылы өнімнің өзіндік құнына үстеме 



шығыстарды қосу. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Сурет-1. «АВ-костинг» жүйесінің концептуалды схемасы 



586

 

 



 

Өнімнің  (жұмыс,  қызмет)  өзіндік  құнын  есептеудің  «АВ-костинг»  әдісі 

келесідей міндеттерді шешуге бағытталады: 

 



Өнімнің өмірлік циклінің әр түрлі сатыларындағы өзіндік құны.

 



 

Кәсіпорынның ішкі және сыртқы шығындарын талдау.

 



 



Функционалды-құндық  бағалау,  яғни  өнім  құрылымының  элементтерін 

талдау. 


 

 



Өнім  дизайнын  өңдеу  шығындары,  яғни  дизайнның  өнімнің  өмірлік 

цикліне  және  өнімнің  тұтынушылық  құрамының  өзгерісінің  өзіндік  құнға 

әсерін айқындау.

 



 

Шығындарды  операциялық  талдау,  яғни  жеке  технологиялық 

операцияларды жүзеге асыруға кететін шығындарды есептеу.

 



 

Қызмет  түрі  бойынша  шығындар  есебі  жанама  өндірістік,  тұрмыстық 

және  әкімшілік  шығындар  драйверлерін  анықтайды.  Оның  басты  міндеті  – 

өнімге  деген  қажеттілікті  бағалау,  сонымен  қатар  қызмет  түрін  жүзеге 

асыруда қажет ресурстарды бағалау.

 

Бұл  жүйені  қолданудың  өнімнің  өзіндік  құнын  калькуляциялаудың  өзге 



жүйелерден артықшылықтары келесідей: 

 



өндірістік  шығындарды  нақты  анықтау  және  өнімді  емес  шығындарды 

қысқарту мүмкіндігі;

 



 



шығындар мен пайданы басқарудың тиімді механизмі;

 



 

шығындар мен өнімдер арасында себеп-салдарлы байланысты орнату;

 



 



кәсіпорын  қызметінің  барлық  түрлеріне  басқармашылық  бақылауды 

күшейту;


 

 



шығындар көлемін ғана емес, олардың пайда болу себептерін де бақылау 

мүмкіндігі;

 



 



ұзақ  мерзімді  басқару  шешімдерін  құруда  «АВ-костинг»  ақпарттарын 

қолдану мүмкіндігі;

 



 



тиімді  бағалы  және  маркетингтік  саясатты  құрудың  құралы  ретінде 

қолдану мүмкіндігі.

 

Сонымен  қатар,  жанама  шығындарының  жоғары үлесіне ие  ірі  және орта 



кәсіпорындарда  «АВ-костинг»  жүйесін  ендіруге  кеткен шығындар  мөлшерінің 

соңғы жылдары анағұрлым төмендегенін айтуға болады. 

Бірақ,  «АВ-костинг»  әдісі  ендірілуі  мен  қолданылуына  байланысты 

бірқатар  кемшіліктерге  де  ие:  еңбек  сыйымдылығы,  күрделілігі  мен 

кәсіпорындардың  шектеулі  ортасы.  Сондықтан  да  бұл  жүйені  тек  жанама 

шығындар үлесі жоғары кәсіпорындарда қолдану ұсынылады. 

Сонымен,  «АВ-костинг»  жүйесінің  ерекшеліктері  мен  сипаттамаларын 

қарастыра  отырып,  бұл  әдістің  шығындар  есебі  мен  басқарудың  дәстүрлі 

амалдарының  тиімсіздігін  алдын  алу  құралы  ретінде  пайда  болған  қуатты 

басқару құралы екені анықталды. 

Жанама  шығындарды  бөлу  және  стратегиялық  басқару  шешімдері  үшін 

өнімнің өзіндік құнының сенімді көрсеткішіне қажеттілік мәсілелерінің көбеюі 

басқару  есебінің  дамуында  сапалы  өзгерістерге  әкелді  –  операциялардың 

өзіндік  құны  негізінде  кәсіпорынды  басқару  үшін  ақпаратты  құрудың  жаңа 



587

 

 



тұжырымдамасы.  Бастапқыда  дәстүрлі  калькуляциялау  әдістемесін  жақсарту 

үшін  құрылған  «АВ-костинг»  әдісі  басқару  шешімдерінің  кең  ауқымын 

қамтамасыз ететін калькуляциялық жүйеге айналды.  

«АВ-костинг» әдісі: 

 

өнім  бірлігінің  нақты  өзіндік  құнын  калькуляциялауды  және  дәстүрлі 



емес объектілердің өзіндік құны жөнінде ақпаратты түрлендіруді қамтамасыз 

етеді; 


 

 



әр түрлі стратегиялық басқару шешімдерін негіздеуге  мүмкіндік береді; 

 



 

шығындарды  жаңа  қырынан  талдау  және  оларды  төмендету  жолдарын 

айқындауға  негіз  болады;  қызмет  тиімділігін  бағалау  мен  жоғарылату  үшін 

қолданылады; 

 



 



өнімдерді, 

технологиялық 

процестерді, 

бизнес 


процестердің 

реинжинирингін жетілдіруге қатысады [3].

 

Бұл  шығындар  жүйесін  мақсатты  түрде  келесідей  сипаттарға  ие  ірі 



өнеркәсіптік кәсіпорындарда қолданған жөн: 

 



өндірілетін өнімнің кең ассортименті;

 



 

үстеме шығыстардың жоғары меншікті салмағы;

 



 



үстеме шығыстар түрлерінің әртүрлілігі;

 



 

өнім өндірісінің технологиялық процестерінің күрделілігі;

 



 



кәсіпорын  қызметі  көлеміне  үстеме  шығыстар  деңгейінің  тікелей 

тәуекелділіктің жоқтығы;

 



 



қызмет көрсететін бөлімшелердің көп болуы.

 

«АВ-костинг»  калькуляциялық  жүйесінің  даму  келешегі  жауапкершілік 



орталықтарының қызметін бағалау, сонымен қатар өнімдер мен технологиялық 

процестерді  дамыту  үшін  ақпараттық  база  негізінде  қолданылуымен 

байланысты. 

Осыған сәйкес, «АВ-костинг» кәсіпорындарға тек өнімдер, процестер мен 

операциялар  түрлері  бойынша  шығындарды  айқындап  қана  қоймай,  сонымен 

қатар  шығындарды  азайту  мен  кәсіпорын  қызметін  жетілдіру  мүмкіндіктерін 

айқындауға  қажетті  қаржылық  және  қаржылық  емес  ақпаратты  ұсынады.  Бұл 

жүйе  –  табысқа  жету  мен  дамуға  бағытталған  кез  келген  ұйым  үшін  қажетті 

маңызды құралдардың бірі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет