Сценарий «Алғашқы махаббат»


ЕРЖАН: Ағай мен жарысқа бардым. ДИРЕКТОР



бет3/26
Дата24.05.2023
өлшемі92,49 Kb.
#96741
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
ЕРЖАН: Ағай мен жарысқа бардым.
ДИРЕКТОР: Қалай дайындалдың?
ЕРЖАН: Мә күніне екі уақыт дайындалып, 6 кг айдадым.
ДИРЕКТОР: Ол қандай спорт екен?
ЕРЖАН: Шахмат.
ДИРЕКТОР: Нешінші орын алдың?
ЕРЖАН: Үш адамның ішінен төртінші орын алдым (Бәрі күледі).
ДИРЕКТОР: Жақсы демалып болсаңдар енді оқуға кірісеміз. Биыл сендерге сабаққа ерекше күш салу қажет. Уақыт тез өтеді. Мемлекеттік емтихан тапсырасыңдар. Озат түлектер көбірек шықса бәрімізге абырой. Балалар, сендерге бір жаңалығым бар. Бүгін мектебімізге жас маман келді. Танысып қойыңдар. Аты – жөні Кәріпбаева Гүлзат Болатқызы. (Бәрі бір-бірімен сыбырласып сөйлесе бастайды).
ҚАНАТ: Қайыржан жаңағы айтқан қызың осы ма?
ҚАЙЫРЖАН: Иә, дәл өзі.
ҚАНАТ: Мынауың кукла ғой. Қайтіп мұғалім болып жүр.
ДИРЕКТОР: Бүгінгі күні еліміздің болашағы үшін, білім ордаларының өркендеуі үшін жас мамандар ауадай қажет. Бір жағы Гүлзат апайларың бұл ауылға бөтен емес. Бүгіннен бастап сендердің сынып жетекшілерің. Мынау сыныптың журналы. Жұмысыңызды бастай беріңіз. Түсінбеген сұрақтар болса, кабинетіме келіңіз. (кетеді)
МҰҒАЛІМ: Иә балалар, қал-жағдайларың қалай?
Оқушылар:Жақсы апай! Апай.. Апай.. Мұғалім.. Мұғалім..(Бәрі шулай бастайды).
ҚАНАТ: Ей, тыныш! (орнынан атып тұрады)
АЙТГҮЛ: Мынаны жын соғып қалған ба? Апай бұл Қанат деген ең бұзық оқушы. Директорға айтып қойыңыз.
АЙНҰР: Бірақ апай Қанат сыныптағы ең ұқыпты бала. Он екі беттік дәптерінің ортасы он екі, жиырма төрт беттік дәптерінің ортасы жиырма төрт. ЕРЖАН құсап дәптердің ортасынан жұла бермейді.
ҚАЙЫРЖАН: Апай Айтгүлге сенбеңіз. Ол біреумен ұрсыспаса жүре алмайды.
САЙРА: Апай мынау Қайыржан дегенде жаман оқушы. Бағана ол сізді сиыр деді.
ҚАЙЫРЖАН: Сиыр деген жоқпын. Тек көздеріңіз сиырдікіне ұқсайды дедім. Біле білсеңдер Үндістанда сиыр киелі жануар. Апай олар сізді кәрі қыз деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет