Сценарий «Алғашқы махаббат»


Балалар: Иә түсінікті. МҰҒАЛІМ



бет5/26
Дата24.05.2023
өлшемі92,49 Kb.
#96741
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Балалар: Иә түсінікті.
МҰҒАЛІМ: Келесі сабақта бәрің өздерің жайлы, арман-мақсаттарың, алдағы жоспарларың жайлы жазып келіңдер. Бүгінше ертерек босатамын, тек бүгін ғана. Орналасуым керек. Үй тапсырмасын ұмытпаңдар. Әзірше сау болыңдар (Бәрі шулап жинала бастайды).
ҚАЙЫРЖАН: Қанат кеттік жүр.
ҚАНАТ: Апай, апай, сіз ана Айтгүл мен Сайраға ренжімеңіз. Екеуі әлі күнге дейін бесінші сынып оқушысы сияқты. Біреу бірдеңе десе сыпсыңдай жөнеледі.
МҰҒАЛІМ: Мерқұрманов сеніңде есейіп ақылың толып тұрғаны байқалмайды. Бірақ поэзияға деген ынтаң жақсы сияқты.
ҚАНАТ: Иә өлең деген жетеді ғой. Тағы оқып берейін ба.
МҰҒАЛІМ: Жоқ, кейін бір уақыт болғанда тыңдармын жарай ма?
ҚАНАТ: Онда сізге бірдеңе айтайын ба?
МҰҒАЛІМ: Иә айт.
ҚАНАТ: Мына ауылда тоқсандарды мен ұстаймын ғой.
МҰҒАЛІМ: Тоқсаны нес? Түсінбедім ұстағаны қалай? Тоқсан бала ма?
ҚАНАТ: Жооқ, тоқсан деген, тоқсаныншы жылы мектеп бітіретіндер деген сөз. Ұстаймын дегенім бәрі өз қолымда. Біреу бірдеңе десе маған келіп айтасыз. Кез келген мәселеңізді шешіп беремін.
МҰҒАЛІМ: Солай ма?
ҚАНАТ: Иә солай. Бәлкім сізді бүгін үйге дейін шығарып саламын. Ауылға жаңадан келдіңіз. Бұзық жігіттер бар, бұзық иттер бар дегендей. Мен сияқты енді арман жігіттер керек болады ғой қасыңызда.
МҰҒАЛІМ: Мерқұрманов сенің қолыңнан барлығы келе ма?
ҚАНАТ: Әрине, келеді.
МҰҒАЛІМ: Онда келесі сабаққа ата-анаңды ертіп кел.
(Қанат сол сыныпта ойланып ұйықтап кетеді. Түсінде мұғаліммен қосылып, бақытты болып жүргендерін көреді. Осы сәтте музыка қосылып, мұғалім кіріп Қанатпен билейді.)
ҚАЙЫРЖАН: Қанат, Қанат тұр жүр. Жігіттермен сайға барамыз.
ҚАНАТ: Таң атып кеткен ба?
ҚАЙЫРЖАН: Қоңырау болды жүр.
ҚАНАТ: Е, неге оятпайсың! Жалғыз өзім қалыппын ғой. Мал келетін уақыт болды ғой.
(Тасболат пен Еділ сыныпқа келеді.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет