ҚАНАТ: Сен ол кісіге «Қанат сізге қатты ғашық, ақындарды қинауға болмайды. Әйтпесе арақ ішіп кетеді, обалына қаласыз, бірақ ешкімге айтпаңыз» - деп айтшы.
ҚАЙЫРЖАН: Жарайды, айтайын.
ҚАНАТ: Рас айтасың ба?
ҚАЙЫРЖАН: Атестат алып алайық, содан кейін айтамын.
ҚАНАТ: Одан кейін өзімде айта аламын. Басында жай қызығушылықпа десем, бұл нағыз махаббат болып шықты. Өмірімде бірінші рет. Өйткені оны көрсем дірілдеп ештеңе айта алмаймын. Түсімде де көремін. Қайыржан, мен оған лақап ат қойып алдым.
ҚАЙЫРЖАН: Лақап ат? Қалай деп қойдың?
ҚАНАТ: «Катя».
ҚАЙЫРЖАН: Катя?
ҚАНАТ: Солай лақап атпен «Катя» ‑деп атамасам біреу сезіп қояды. Ешкімге айтпа. Айтгүл естісе құримын. Сен ауызыңа сақ бол.
О, Катя, Катя.
Қашан үйленесің дейді Батя.
О, Катя.
Күт мені, Катя.
(апай кіреді) ГҮЛЗАТ: Меқұрманов?! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Білесіңдер ма балалар, Қанат жалғыз өзі 100 кг қағаз өткізіпті.
ҚАНАТ: Керек болса тағы да өткіземін апай.
МҰҒАЛІМ: Рахмет, бірақ сен өткізген қағаздарды өзіңе қайтаратын болдық.
БАЛАЛАР: Неге?
МҰҒАЛІМ: Себебі ол әкесінің бүкіл кітапханасын қағаз жигатын жерге өткізіп жіберген ғой (Барлығы күледі). Білесіңдер балалар өткен аптада сынып болып темір жинадық. Ол кездеде сыныбымыз озат шыққан болатын. Ол тағы да Мерқұрмановтың арқасы. Ол бір жарым тоннадан асатын темір өткізген.
БАЛАЛАР: Бір жарым? Мүмкін емес қой ол.
САЙРА: Сонша темірді қайдан алған?
МҰҒАЛІМ: Бірақ оны да Қанаттың өзіне қайтаруға шешім жасадық. Себебі ол әкесінің үйіндегі қосалқы техникаларын, құрал-саймандарды, соқаға дейін өткізіп жіберген ғой (Бәрі күледі). АЙТГҮЛ: Мәссаған, атың шықпаса жер өрте деген осы.
САЙРА: Апай, апай, ол жақсы көрініп қалу үшін мектепке барлық малдарын да бере салатын шығар (Бәрі күледі). МҰҒАЛІМ: Балалар тыныштық сақтаңдар. Қағаз, темір жинау деген сөз үйдегі нәрсені алып кел деген сөз емес қой.