Сценарий «Алғашқы махаббат»


САЙРА: Апай олай деген жоқпыз. Жас қыз бірақ мұғалім дедік қой. Қайыржан не деп тұрсың. МҰҒАЛІМ



бет4/26
Дата24.05.2023
өлшемі92,49 Kb.
#96741
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
САЙРА: Апай олай деген жоқпыз. Жас қыз бірақ мұғалім дедік қой. Қайыржан не деп тұрсың.
МҰҒАЛІМ: Балалар шуылдап болдыңдар ма? Тәрбие сағатын өтпегендерің көрініп тұр. Сендерді он бірінші сыныпта оқиды деп кім айтады. Қане, дұрыстап отырыңдар. Бірінші журнал бойынша танысып алайық:
Абылайева Айтгүл- мен
Жұмақанов Ержан – апай, «ЕРін» алып тастап ЖАН – деп айта беріңіз.
Жүнісова Сайра - мен
Қабыланбеков Қайыржан ‑мен
Қалмұратова Салтанат-мен
Назаров Еділ-мен
Ұланов Тасболат-мен
Молдашева Айнұр-мен.
(Осы кезде Сайра мұғалімнің қасына келіп бірдеңе айтып тұрады.)
ҚАНАТ: (сыбырлап) Қайыржан саған бірдеңе айтайын ба?
ҚАЙЫРЖАН: Айт.
ҚАНАТ: Мен ғашық болып қалдым.
ҚАЙЫРЖАН: Ғашық болып? Кімге?
ҚАНАТ: Гүлзатқа.
ҚАЙЫРЖАН: Гүлзатқа? Мына мұғалімге ме?
ҚАНАТ: Иә соған.
ҚАЙЫРЖАН: Есің дұрыспа, ол мұғалім ғой?
ҚАНАТ: Ештеңе етпейді.
ҚАНАТ: Кетші-ей. Сен махаббат жайлы не түсінуші ең. Мен шын ғашық болып қалдым.
ҚАЙЫРЖАН: Қияли.
ҚАНАТ: Ақындар бір көргеннен – ақ ғашық болады. Ал мен ақынмын ғой.
ҚАЙЫРЖАН: Жасы үлкен болсада ғашық бола бере ме?
ҚАНАТ: Көп болса бес жас үлкен шығар. Түк етпейді. Атестат алып алайын. Сонан соң көреміз. Мен оған жаңа бір өлең шығардым.
МҰҒАЛІМ: Мерқұрманов Қанат.
ҚАНАТ: Мен.
МҰҒАЛІМ: Отыр.
ҚАНАТ: Мен сізге өлең оқып берейінші.
МҰҒАЛІМ: Өлең?
ҚАНАТ: Тыңдаңыз.
Білмеймін айта алам ба жан сырымды...
Ояттың сезім деген
Бал шырынды.....
МҰҒАЛІМ: Бұл неғылған өлең, Қанат?
АЙНҰР: Өзінің өлеңі ғой апай.
АЙТГҮЛ: Өтірік айтады, ұрлап алған.
САЙРА: Ол үнемі бірудің өлеңін ұрлап алып, өзімдікі дейді.
МҰҒАЛІМ: Отыр. Жаңа ғана бос сөз сөйлемеңдер дегенмін. Шешендіктеріңді сабақ айтқанда көремін. Естеріңде болсын, бағаны тек білімдеріңе ғана емес, тәртіптеріңе де қарап қоямын. Түсінікті ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет