Сценарий «Алғашқы махаббат»


ТАСБОЛАТ: Еділ, бүгін балаларға бір қызық көрсетейік. ЕДІЛ



бет6/26
Дата24.05.2023
өлшемі92,49 Kb.
#96741
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
ТАСБОЛАТ: Еділ, бүгін балаларға бір қызық көрсетейік.
ЕДІЛ: Қандай қызық?
ТАСБОЛАТ: Ішектері күлкіден түйіліп қалатындай қызық жасаймыз.
ЕДІЛ: Тағы кімді мазақ етпексің?
ТАСБОЛАТ: Мұғалімді.
ЕДІЛ: Қай мұғалімді?
ТАСБОЛАТ: Гүлзат апайды.
ЕДІЛ: Қой е. Гүлзат апай мектептегі ең жақсы мұғалім емес пе? Одан да басқа біреуді мазақ етсейші.
ТАСБОЛАТ: Ой басқа біреуге істеуге болмайды. Білесің ғой бұл мектепте бірдеңе болса менен көреді. Қасқырдың ауызы жеседе қан, жемеседе қан. Ал Гүлзат апай жаңадан келген. Ештеңе сезе қоймас.
ЕДІЛ: Сонда не істемексің?
ТАСБОЛАТ: Мен бәрін ойластырып қойғанмын. Апайдың отыратын орындығының бұрандаларын босатып қоямын. Апай отырғанда құлап түседі. Айдай сұлу апайдың аяғы аспаннан келіп жатса, қызықтың көкесі сонда болмай ма?!
ЕДІЛ: Аспаннан келеді дисің бе? Апай қысқа юбка киіп келе ме екен, әлде ұзын юбка киіп келе ме екен?
(Музыка қосылады. Ержан кіріп келеді.)
ЕРЖАН: Ей, екеуің елден бұрын келіп алыпсыңдар ғой. Не өсіп кеттіңдер ме, ас‑салау қайда?
ТАСБОЛАТ: Қалайсыз?
ЕДІЛ: Ереке қалайсыз? Ереке көңіл‑күйің жоқ қой?
ЕРЖАН: Шаршап тұрмын. Түнде бір маңызды мәселені шешемін деп әлі ұйықтаған жоқпын. Үйдегілер «сабағыңа бар»‑ деп қуып жіберді. Қысқасы былай... Мен қазір шкафқа кіріп ұйықтаймын. Ана мұғалім, староста, директор дегенге ие болыңдар. Ұқтың ба?
ТАСБОЛАТ: Ереке, бірақ өткендегідей қатты қорылдамашы.
ЕРЖАН: Е, сен әлі тұрсың ба?! Бар кет!
ЕДІЛ: Не істейміз енді? Бүгінгі сабаққа да дайын емеспіз.
(Сыныпқа біртіндеп балалар келе бастайды.)
ҚАНАТ: Қайыржан, мен өлетін шығармын.
ҚАЙЫРЖАН: Оны қайдан білдің?
ҚАНАТ: Өзің ойлашы, қанша уақыт өтті. Гүлзат апайға бір ауыз сөз айта алған жоқпын. Мұғаліміне ғашық болу деген, тарихта болмаған жағдай.
ҚАЙЫРЖАН: Жақсы емеспе, сен тарихта қаласың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет