Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет44/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

ҚАРАҒАЙ ДА ҚАЙҒЫРЫП
Қарағай да қайғырып,
Суылдайды заманға.
Иесінен айрылып,
Кездескен берік қамалға.
Ақ қайың да дірілдеп,
Əлденені күткендей.
Қайғылы үнмен күбірлеп,
Сөйлейді тіл біткендей.
Дауылға əлсіз қара ағаш,
Күдерін үзбес өмірден.
Бұтасыз түбі жалаңаш,
Тас топыраққа көмілген.
Шоғырлы біткен сом терек,
Жыл сайын қажып, кемиді.
Қуарып қызыл гүл шешек,
Өлімге өзін телиді.
Жаңа өспірім жас шілік,
Жер тұрғасы болады.
Бақытты тұрмыс - тіршілік
Бір кезде соған қонады.


АҒАЙЫННЫҢ АЗҒАНДЫҒЫ
Өмірде неше түрлі уды іштім,
Неше түрлі азапқа, жаным, түстің.
Ағайынның ішінен ала шықса,
Жау ішінде бар ма екен сонан күштің.
Күндейді, бəлен дейді көре алмайды.
Мен кірген қауымға ол ене алмайды.
Ертең жаны шығатын шұбар жылан,
Соңыма жылдан артық ере алмайды.
Қара көңіл адалға сене алмайды.
Ақты қара қашан да жеңе алмайды.
Өмір бойы тілеген бір тілегің,
Махмұт бүгін жауына бере алмайды.
Бұл жолда керек емес жанды аяу,
Ол онша ұзақ емес, тұр ғой таяу.
Ұлы кеуде ышқынып жан берсе де,
Шынашақта қозғалған қанды қой - ау.
Мен соған сөзсіз əлі-ақ жетем деймін,
Шын досыммен қосылып кетем деймін.
Өткен күнді тек қана əңгіме қып,
Қалған күнде бақытпен өтем деймін.


Ол ойым кешікпей-ақ болуы анық,
Көзім жетті сəулесі күннен жарық.
Шын өмір, шын əділдік сол күнде орнап,
Мен секілді қуанар миллион халық.
Сол кезде сөйлесерміз қаймықпастан,
Көз жыпықтап ет жүрек шайлықпастан.
Өткен күнгі сұрқия сұр жыланды,
Сөз қылып шығарармыз талай дастан.
Кейінгі жас балалар оқып көрер,
Кейде жылап, кей кезде сақ-сақ күлер.
Кім адам, кім айуандық істегенін,
Кімнің дос, кімнің қасын анық білер.
Сонда олар сын көзімен əділ қарар,
Ел жауы кім екенін дəлдеп табар.
Сол жаудың ұрым-бұтақ тұқымына,
Аямай əділет заң балта шабар.
Арманым сол өмірді көрсем екен
Соған дейін адам болып жүрсем екен.
Өмір бойы тілеген осы тілек,
Сарғайтып сағындырмай келсең екен.


ЖАЛЫНУ
Қыздырманың қызыл тіл,
Түбіне жетер соны біл.
Бұл алғашқы ауыр жыл,
Еңбек істе, адал қыл.
Тау басында тұрғанда,
Жарға қарай құлатпа.
Дұшпан өрті жанғанда,
Жалынға мені сұлатпа.
Жаны ашыған аярды,
Мен білемін ұялтпа.
Ертең-ақ елге жаярды,
Маңайға жақын жуытпа.
Аштан өлсең, əкетай,
Арамға мені қинама.
Сұрасаң қайыр, шешетай,
Мен үшін жемтік жинама.
Мен білемін арамның,
Көмейдегі қалтқысын.
Ісі болар наданның,
Ойламасам артқысын.


Бүгін берген қос бие,
Мінуге берген жорғасы.
Сол үшін отқа мен күйе,
Кімге айтармын "қорғашы".
Оқымаған ақ көңіл,
Бар адамға сенесің.
Қазулы терең орды біл,
Құласа балаң өлетін.
Қандай жақын маған ол,
Жал беріп күтерлік.
Неткен жомарт, неткен мол,
Жауына жəрдем етерлік.
Ол тəтті тіл алдайтын,
Өлтіруге дұшпанын.
Еліккен аман қалмайтын,
Білмей жерді құшқанын.
Олай болса, əкетай,
Балаңды бекер қинама.
Балам десең, шешетай,
Маңыма құзғын жинама.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет