Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет43/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59
ДАУЫЛДАҒЫ ƏБІГЕР
Қаптаған теріскейден қара дауыл,
Сіркедейі, мыңын баққан байға ауыр.
Келіншектің баласын кезек сүйер,
Бай езіп, жалшыларды қылса жауыр.
Желге ұшқан жүндей болып барлық елдер,
Адал, арам ішінде кемеңгерлер.
Дауылдан бұрын өртеп елдің үйін,
Енді "тігем" деп жүрме арам терлер?
Дауылдың түбі қайда, айдаған кім?
Халық үшін жауға қылыш қайраған кім?
Қанды балақ қорқауды күшпен жеңіп,
Адамзаттың дұшпанын жайлаған кім?
Табылар мəлім болар оның бəрі,
Созылып, кете бермес дауыл əрі.
Ұйтқыма, көзсіз болар, таң алдында.
Жат та, дос та жай таппай өрі - сəрі.
Əркімдер иемденбек желдің күшін,
Пайдаға жаратпақ боп өзі үшін,
Жел тыныш, шын күншуақ жадыраса,
Дер едім: "кешегіңді білемісің?"


Бұл күнде толып жатыр көп əбігер,
Кім шын, кім өтірік, кейін көрінер,
Ғайсаның айтқан қисыны рас болса,
Дауылдан соң кешікпей бір тексерер.
Ғайсаның қисынының бəрі келер,
Бар адам келешекте соған ерер,
Ғайса туы астында мəңгі жасап,
Шаруалы, мəдениетті ел гүлденер.
Оған дейін бірталай күндер өтер,
Талайдың қыршын жанын алып кетер.
Болашаққа сенемін, көріп тұрмын,
Демеңдер, "Бұл сандырақ, келмей, кетер
1919


БАЛАЛЫҚ ЖАСЫМ ӨТЕСІҢ
Балалық жасым өтесің,
Жігіттікке жетесің.
Орта таудан аса алмай,
Бір шұқырға тығылып,
Шыбын ұшып кетесің.
1919


ӨМІРДІ ҮЗІП АЛУЫ
Өмірді үзіп алуы,
Қараңғы көрге салуы.
Мың жасасаң да көңілде,
Сөзсіз, арман қалуы.


ҒАЙСА КІМ?
Əркімдер - ақ сұрап жүр, Ғайса кім? –
Кейбіреулер, пайғамбар Ғайса демек.
Ашылмайтын бұл əлі құпия сыр,
Сондықтан, түсіндірме бергенім жоқ.
Егер де бүгін айтсам, Ғайса сол деп,
Найза ұшында өлтірер мені түйреп.
Жемтігімді көмуге рұқсат бермей,
Өлімтіктей тастар еді итке сүйреп.
Ғайсаның туы айтады, бері жүр, деп,
Сенбейтін кейбіреулер оған күлмек.
Ғасыр бойы алысқан дұшпандары,
Маңдайына дақ салмас оны күндеп.
Ұстара Ғайса тілі, əділ тілмек,
Асауды жуасытар тірі жүндеп.
Қиянатшыл замандар етсе - дағы,
Ғайса жолы мəңгілік өмір сүрмек.
1919




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет