Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)


"Төре көрсе жалаңбас шұлғып, билеп"



Pdf көрінісі
бет49/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

"Төре көрсе жалаңбас шұлғып, билеп
(1911). Шəймерден қолжазбасы (296 бет)
жəне 1950, 1957, 1993 жылғы нұсқалар негізінде берілді.
1950, 1957 жылғы жинақта өлеңнің 2-ші жолындағы: Бəйік боп, əулиедей ізін
сүймек, -делінген, дұрысы - "бəйік" емес "бəйек".
"Қисық қабырға" 
(1911). Бұл өлең 16 жол, аяқталмаған. Шəймерден қолжазбасы
жəне 1950, 1957, 1987, 1993 жылдардағы жинақтар негізінде басылып отыр.


"Неке қияр" 
(1911). Бұл 23 жол өлең, соңғы шумақтары жоғалған. 1950, 1957,
1987, 1993 жылғы жəне қолжазба (656 п., 294 бет) бойынша ұсынылып отыр.
"Шұбар қожа" 
(1912). Бұл өлең Шəймерден Торайғыровтың қолжазбасы мен
1950, 1957, 1987, 1993 жылғы ақын жинақтарындағы нұсқа бойынша ұсынылды.
"Əйел
" (1912). Өлеңнің 16 жолы ғана сақталынған. Аяқталмай қалған өлеңдердің
бірі. Шəймерден қолжазбасы мен 1950, 1957, 1987, 1993 жылғы ақын кітаптарының
нұсқалары арқылы салыстырылып берілді.
"Дүние" 
(1912). Ш. Торайғыров қолжазбасы мен 1950, 1957, 1987, 1993 жылғы
жинақтар негізінде берілді. Өлең 16 жол. Соңғы шумақтары жоғалған.
"Оқып жүрген жастарға
" (1912). Өлең алғаш рет 1933 жылғы жинақта жарық
көрді. С.Торайғыровтың 1912 жылдың қыркүйек айында оқу іздеп Троицк қаласына
барады. Онда ол татар медресесіне оқуға түседі. Өлең оқуда жүргенде жазылған.
Ақынның барлық жинақтарында жарық көріп келеді.
"Талиптарға" ("Шəкірттерге
"), (1912). Бұл өлең 1912 жылы жазылған, алғаш
1933 жылғы жинақта жарық көрді. 1950 жылғы жинақта "Талаптыларға" деген атпен
басылды. Ақынның 1950, 1957, 1967, 1987, 1993 жылғы жинақтарында жарияланып
келеді. Өлең мəтінінде кейбір ауытқулар кездеседі;
1. 1950, 1957 жылғы басылымда: Жанды қиған кісі боп жалтыраймыз, Қиын-қыстау
іс келсе, үркіп қашар, - делінген; 1987, 1993 жылғы жинақта: Жанды қиған кісі боп
жылтыраймыз, кісіні мықтап сайлап, үркіп қашар, - деп қате басылған. Өлеңнің
мазмұнына ұйқасына қарағанда дұрысы осы: "жалтырау" жəне "Қиын-қыстау іс келсе,
үркіп қашар".
2. Бізде бар аққу, шортан, шаян халқы, - деп 1950 жылғы жинақта басылса; 1993
жылғы жинақта - Бізде бар аққу, шортан, шаян қалпы, - делінген, дұрысы - "халқы"
емес, "қалпы" екені анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет