Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)


ҚОЖЕКЕ, КЕЛДІҢІЗ БЕ КӨҢЛІМ СҰРАЙ?



Pdf көрінісі
бет45/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

ҚОЖЕКЕ, КЕЛДІҢІЗ БЕ КӨҢЛІМ СҰРАЙ?
Қожеке, келдіңіз бе көңілім сұрай?
Менің адам болуым екі талай.
Көп болса бір жұмалық өмірім бар,
Байқашы, мына менің шамам қалай?
Дерт күшті, тамағымнан жүрмейді асым,
Жастыққа, жөтел қысып, тимей басым.
Тағдырдың кездестім ғой көрмесіне,
Талапты жиырма сегіз деген жасым.
1920


ҚАЙҒЫ
Асты мұз, үсті де мұз, өзі қалың,
Ақ дария қаптаған жердің бəрін.
Көріп тұрмын "жаныңды қоймаймын" деп:
Терісінен суық желдің долданғанын.
Үскірік, күңгірттенген, ауа шаңыт,
Жүрегім шыдамайды, түрін танып.
Өз көзіме сенбей жүр өз көңілім,
Құдай-ау, мен де кедей болдым ба анық.
Баласы емес пе едім Құтпанбайдың?
Мыңды айдаған нағашым жəне қайным.
Бар ма еді бұл маңайда бір ай бұрын,
Менен сүйген кісісі бір құдайдың?
Майда жал, қаз мойынды тобым қайда?
Бəрінен сыпырылдым бір-екі айда.
Үстіне жел шықпаса, адам шықпай,
Бұла өскен ая көзім қандай жайда.
Тарамыс таспасы да қолға түспей,
Қу сүйек болды, қалды əрбір сайда.
Неше жыл бейнеттеніп өсіргенде,
Қайғысы өз басыма болған пайда.


Терлесе жаным шыға жаздаушы еді,
Кім мініп, кім жемеді бар ма айла?
Отырдым біржолата қара малдан,
Бəрі өледі, көтерем ана қалған.
Өлімсекке қу қамыс не болады,
Сасқандықтан қораны бұзып салған.
Бұра тартар көлік жоқ, жүрмін жаяу
Онда жоқ ет азайған, аштық таяу.


ТҮСІНІКТЕР
XX ғасырдың басындағы қазақ əдебиетінің өсіп өркендеуіне елеулі үлес қосқан,
Абай дəстүрін жалғастырушы, дамытушы, классик Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мол
мұрасы 1920 жылдан бері ("Адасқан өмір") жеке кітап, жинақ ретінде жарық көріп
келеді. Ал жеке өлеңдері 1912 жылы бастап "Айқап", "Абай", "Таң" журналдары мен
"Қазақ", "Сарыарқа" газеттерінде жарияланды. Жинақты құрастырып баспаға əзірлеуде
текстологиялық жұмыстар жүргізуде М.О. Əуезов атындағы əдебиет жəне өнер
институты мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қолжазбалар
қоры, ақынның 1933, 1950, 1993 жылдардағы жəне басқа жинақтары толық қамтылды.
1950 жылғы Б. Кенжебаев пен Б. Яхиеваның жəне 1967 жылғы М. Жармұхаметов
пен Б. Ақмұқанованың т.б. пікірлері, деректері ескерілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет