Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)


"Бір адам көп жасады жер бетінде



Pdf көрінісі
бет48/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

"Бір адам көп жасады жер бетінде
" (1909). Алғаш рет 1950 жылғы жинақта
"Жаңа табылған өлеңдер" деген айдармен берілген Шəймерден қолжазбасы бойынша
(656 п., 255-256 бет.) ұсынылды. Мəжһүр Жүсіп Көпеевке
23 
еліктеп жазылған. Ақын
жинақтарымен салыстырылды.
"Балалық күн" 
(1909). Өлең мəтіні қолжазба бойынша алынып отыр. Алғаш 1950
жылға жинақта жарияланды. С. Торайғыровтың барлық жинақтарында басылып
келеді. 1987 жылғы жинақта 1919 жылы жазылды делінген, біз қолжазба мен
Бейсенбай Кенжебаев пікірін жөне өлең мазмұнын ескеріп 1909 жылы жазылды
дегенді негізге алдық.
"Байлық" 
(1910). Шəймерден қолжазбасы (656 п., 261 бет) жəне ақының кейінгі
жинақтары бойынша берілді. Бұл өлең алғаш 1950 жылғы Б. Кенжебаев пен Б. Яхиева
құрастырған жинақта жарияланды.


"
Кедейлік
" (1910). 24 жол өлең, алғаш рет 1950 жылғы жинақта басылды,
Шəймерден қолжазбасы (656 п., 256 бет.) жəне 1957, 1967, 1987, 1993 жылғы жинақтар
негізінде басылып отыр.
"Жылы кеш" 
(1910). Шəймерден қолжазбасы (656 п., 272 бет) жəне 1950 жылдан
бері жарияланып келе жатқан нұсқалары негізінде ұсынылды. Өлең табиғатпен
жарасым тапқан жастық асыл шақтың лəззəті - махаббат үндестігі мен үйлесімін
жырлайды.
"Дін" 
(1910). 1950, 1957, 1967, 1987, 1993 жылдардағы жəне қолжазба негізінде
(294-295 бет.) алынды.
"Намаз" 
(1911). Қолжазба жəне 1987, 1993 жылғы нұсқалар негізге алынды. 8 жол
өлең. Дүмше молдалардың халықты алдап "Үлкен, ғалым молда екен" - деп намазды
созып оқитыны айтылған.
"Жұмақ", "Дозақ", "Ораза" 
(1911). Бұл үш өлең 1967, 1987, 1993 жылдардағы
жинақтар жəне Ш. Торайғыров қолжазбасы бойынша беріліп отыр.
"Сарыбас" 
(1911). Ақының өрелі өлеңдерінің бірі, (656 п., 292 бет), 44 жол.
Қолжазба мен 1993 жылғы нұсқа мəтіні сəйкес болғандықтан, соларды негізге алдық.
"Соқыр сопы" 
(1911). 1950, 1987, 1993 жылғы жинақтар жəне Шəймерден
қолжазбасы (656 п., 291-292 бет.) салыстырылып, 1993 жылғы нұсқа ұсынылды. 1967
жылғы жинаққа бұл өлең енбеген.
"Оқу" 
(1911). Бұл өлеңін аяққы шумақтары жоғалған, 44 жол. Өлеңді 1950 жылғы
жинақ пен қолжазба негізінде ұсындық.
1993 жылғы жинақта: Білімге ел боп аңсап құмарланса, Жетілмек аз-ақ жылда
жоғары өрлеш, - делінген, 1950 жылғы жинақта: Жетілу аз-ақ жылда жоғары өрлеп, -
дұрысы қолжазбадағы: Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет