Лепес қып өзі бастап, "ақын бол" деп
Дұғасын ықыласпен берді маған.
"Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын"
(1907). Барлық жинақтарда басылды.
Өлең -28 жол. Өлең мəтіні бірдей. Шəймерден Қожахметұлының қолжазбасы бойынша
берілді (665 п., 224-245 бет.). Б. Кенжебаевтың 1950, 1957 жылғы жинақтарының
түсініктері бойынша - "Өлеңнің
көлемі бұдан мол болса керек, бірақ көбі жоғалған"
дей келе, Мұқан молданың ұнатқанын айтады. Өлең бірге оқыған ерке-шолжың, бай
қызының мінез-құлқына əжуə ретінде жазылған. Барлық жинақтарда молда Мұқанның
өзгертіп 2 жол қосқандығы айтылады: Б. Кенжебаев (1950 жыл 277 бет, 1957 жыл 372
бет) - ..."ақырына мынадай екі жол қосыпты"
делінген, ал 1993 жылғы "Ғылым"
баспасынан жарық көрген жинақта - "төртінші шумақтың екінші тармағын Мұқан
молда түзетіп, былай деген еді:
Қызарып тесік моншақ жерде қалмас
Қояр ма дүние үшін біреу алмай (656 п., 245 бет), - делінген. Біз өлең ұйқасына мəн
бере қарап, соңғыны қабылдадық. Бұл екі жол Б. Кенжебаев айтқандай "ақырында"
емес төртінші
шумақтың соңғы екі тармағы, яғни өлеңнің 14 жолынан кейін келмек,
дұрысы төмендегідей:
Паңсыған, бай қызы боп мінез қандай
Көрік сымбат, білімі түгел жандай
Қызарып тесік моншақ жерде қалмас
Қояр ма дүние үшін біреу алмай, - болса керек.
Сонымен катар, 1950, 1957 жылғы жинақтарда, "соңындағы көп жолы жоғалған" -
делінеді 1993 жылғы жинақта өлеңнің соңғы 8
шумағы жоғалып кеткен деп
тұжырымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: