Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет53/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

"Көңілім неге жасисың?" 
(1913).
Бұл өлең 1950 жылғы жинақтан алынды. Өлең "Жаңа табылған өлеңдер"
айдарымен жарияланды. Алғаш 1933 жылғы жинақта екі шумағы ғана басылған, толық
нұсқасын Б. Кенжебаев пен Б. Яхиева Тіл жөне əдебиет институтының 1941 жылы
Баянауыл экспедициясы жинап əкелген материалдардан алып, толық жинаққа енгізген
(104 бет).
"Достыма хат" 
(1913). 1933 жылдан бастап, қазіргі барлық жинақтарда басылып
келеді. "Айқап" журналының хатшысы боп жүрген кезінде жазылса керек. Өйткені


1913 жылы журнал хатшысы Ə. Ғалимов қайтыс болып, хатшы қызметін атқарған, осы
кездегі тəн сырқаты мен жан сырқаты өлеңдерінен анық байқалады. Жанашыр
достарына арналған өлең.
"Шығамын тірі болсам адам болып
" (1913). Алғаш Сұлтанмахмұттың "Адасқан
өмір" атты кітабында жарияланды (Қазан, 1922, 2 бет). Алғы сөзін жазған Б. Күлеев.
Өлең ақынның суретінің сыртына жазылып, соңына Сұлтанмахмұт Торайғыров, 19
жастамын, бауырым Шайбайжанға, 1 ноябрь 1913 жыл, - делінген. 1933 жылғы
жинақта (33 бет) "Достыма хат" деген өлеңнің жалғасы іспетті жазылған, - делінген.
Барлық жинақтарда басылып келеді.
"Түсімде" 
(1913). Сұлтанмахмұттың баспасөзде жарияланған алғашқы өлеңі
("Айқап" №1, 14-16 бет.). 1933 жинақта көптеген жолдары түсіп қалған. 1950, 1957
жылғы таңдамаларында бірнеше өзгерістер бар: "Айқапта" жəне 1967 жылғы 18
жолдағы: Көз салып жан-жағына бағары жоқ. Қырғидай тым болмаса санары жоқ, -
деп жазылған дұрысы осы, 1993 жылғы басылымда да осылай.
"Бұлар кім?" 
(1913). Алғаш рет "Айқап" журналының 1913 жылғы 9-санында
жарияланды. Болады жалқау жандар - мұсылмандар, - (1950, 1957 жылғы жинақ, 40
бет) делінген, "Айқапта" (1913, 208 бет). Болады жалқау надан мұсылмандар. "Айқап"
журналын түпнұсқа деп есептедік.
"Соқыр ағаш" 
(1913). С. Торайғыровтың 1933 жылғы шыққан толық жинағында
(18 бет) жəне барлық басылымдарында жарияланып келеді. Орыс тілінде алғаш 1940
жылы "Песни степей" (Антология казахской литературы, ЧХИЛ, Москва, 1940 г., 329
стр.) жарық көрді.
1. Мисыздар ол ұжмақ деп барып сүйген "ол" деп қате басылған: Мисыздар уды
ұжмақ деп барып сүйген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет