Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет51/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

Арыстан мен Тышқан
" (1912). 1933 жылғы жинақта алғаш басылды, соңғы
жинақтарда беріліп келеді. Ғ.Тоқай мен А.Крыловтан аударған мысал өлең.
"Қандай?" 
(1912). Сұлтанмахмұттың 1933 жылы шыққан жинағынан бастап (26
бет) беріліп келеді. Барлық жинақтарда басылған.
1. 1950 жылғы жинақта: ішінде жиһалаттың солған қандай?, - дұрысы:
"жаһалаттың" -жаһалат - 1. ақылсыздық, есалаңдық, жаман қылық.
2. Білімсіздік - Сұлтанмахмұт тұсында қазақ ортасында қазақтың өз əдеби тілінен
басқа араб, парсы, татар, түрік тілдерінен ауысқан - "хашия", "мантық", "жаһалат"
сияқты сөздер көп еді. (Н.Д. Оңдасынов. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік, 1984,
"Мектеп", 1 том, 106 бет.
"Мағынасыз мешіт" 
(1912). Сұлтанмахмұт шығармаларының 1933 жылы шыққан
толық жинағында басылды (27 бет) Баянауылда медресе ашылғанда Сұлтанмахмұт
сонда оқып жүргенде арнаған өлең (С. Торайғыров таңдамалы шығармалары. 1950, (7
бет, 270 бет).
1. 1950, 1957 жинақтарда:
Қасіретті қара толқын қайғы көріп, ал, кейінгі жинақтарда:
Қасіретті қара толқын қайғы керіп, - дұрысы, соңғысы.
2. Сарнауға қанша уақыт ысырап болды,


Өмір қарға өттің бе жылай дедім, - деп 1987 жылғы жинақта (64 бет) берілген,
дұрысы 1933 жылғы жəне Б. Кенжебаев құрастырған 1950, 1957 жылғы жинақтарда:
Сарнауға қанша уақыт ысырап болды.
Өмір бекер өттің бе жылай дедім.
"Арабшадан
" (1912). 1933 жылғы еңбекте алғаш жарияланды. 8 жол өлең: Қадір-
құрмет, дəреже, оңдылықты, - деп қате басылған, дұрысы: Қадір-құрмет, дəреже
оңдылықта.
"Екі тышқан" 
(1912). С. Торайғыровтың 1933 жылы шыққан шығармаларының
толық жинағында басылған. Барлық жинақтарда басылып жүр: Маймылға білдіруге
көңілі ауыпты, - "білдіруге" деп 1950 жылғы жинақта қате берілген, дұрысы:
Маймылға бөлдіруге көңілі ауыпты.
"Көк өгіз" 
(1912). Алғаш Сұлтанмахмұттың 1933 жылғы жинағында (28 бет)
басылды. 1967, 1993 жылы толықтырылып, қалпына келген. Басқа жинақтарда
аяқталмаған, соңғы 6 жолы М. Əуезов мұражайында сақталып, 70 жылдары жоғалып
кеткен Ж. Аймауытов қолжазбасы арқылы толықтырылуы мүмкін. Өйткені, 1967
жылғы жинақты құрастырушылар М. Жармұхамедұлы мен Б. Ақмұқанова сол
қолжазбамен таныс, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Сол нұсқаны негізге
алдық.
"Арманым" 
(1912). Өлең 1967 жылғы 2 томдықта тұңғыш жарияланды (1 т., 223-
224 бет.) "Сұлтанмахмұттың кейін табылған өлеңдері" айдарымен берілді. Кейінгі 1993
жылғы жинақта да осы нұсқа енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет