Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет50/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

"Оқуда мақсат не
?" (1912). Бұл өлең 1933 жылғы алғы сөзін "Сұлтанмахмұт
қандай ақын"? деп басталатын жинақта жəне кейінгі жинақтардың бəрінде
жарияланып келеді. (Құрастырған Ж. Аймауытов) мəтініндегі 1960, 1957, 1987, 1993
жылғы жинақтардың соңғы шумақтың "халық" сөзі дұрыс емес:
Еш мұндай болмас еді артта халық, - делінген, дұрысы, "қалып":
Демейміз оқымады біздің халық,


Болса да оқу - анық, мақсат танық,
Болса егер ойларыңда соңғы мақсат
Еш мұндай болмас еді артта қалып.
"Достыма ұмытпастық үшін хат" (Көңілімдегі махаббатым) 
(1912).
Қолжазбада екеуі жеке-жеке өлең қылып берілген. (мазмұнында)
Өлең 1933 жылғы жинақта тұңғыш рет жарияланды. 38 жол, соңғы шумақтары
жоғалған. С.Торайғыровтың барлық жинақтарында жарияланып келеді. Жинақтардағы
кейбір мəтін өзгешелігі:
1. Болса да қырық жыл қырғын ұмытпаспыз,
Сонда да, біраз сөздің реті бар, - делінген, Б. Кенжебаев құрастырған 1950 жылғы
жинақта: Шын достым шыбынымдай Ш....н, Болғанда біріміз - жан, біріміз - тəн,
Болса да қырық жыл қырғын ұмытпаспыз, Сонда да, біраз сөзді айту арман, -
логикалық жағынан да, ұйқас жағынан да, осы вариант дұрыс.
2. 1950 жылғы жинақта: Бұл сөзді қыстамаймын жалғыз саған, - деп, дұрыс
ұсынған.
"Түсімде көрген бір аяныш хал" (1912). Бұл өлең Ш.Торайғыровтың
қолжазбасында (653 п., 2 бет) жəне барлық жинақтарда басылды. 1933 жылғы жинаққа
тұңғыш енді. Несіпжан атты Сұлтанмахмұттың ауылдас қызы ауыр халде жатқанда
шығарған. Өлеңдегі айтылар трагедия — сол заманның ащы шындығы əйел теңсіздігі,
əйелдің бас бостандығы хақында.
"Анау-мынау" 
(1912). Сұлтанмахмұт шығармаларының 1933 жылдан бергі
басылымдарының барлығында жарияланып келеді. Мектепке арналған оқулықтарда
1940 жылдан бері (хрестоматия 9-сыныпқа арналған, ҚМБ, Алматы) ұсынылып
оқытылып отыр.
1. Ат-тоныңмен жұтады, Аузына егер сыйсаңдар, - бұл 2 жол - 1950, 1957
жинақтарда берілмеген.
2. 1993 жылғы жинақта 53 бет, түсінік (247 бет) Обь пен Нілдей, (30 бет) - дегендегі
"Обь" өзенін арапша "Абы" яки, "су" деп түсіндірген, дұрысы, "Обь пен Ніл" - өзен
аттары екені анық.


3. 1950 жылдағы жинақта өлеңнің: Бұл ұйқысын ашпаса Надандықтан қашпаса
Игілікке баспаса
Басқаларға мазақ жүр. - делінген, ал, 1993 жылғы жинақта: "Игілікке баспаса"
жолы түсірілген де 1933 жылғы жəне 1993 жылғы жинақ бойынша 4 - жолда
"Хохолдарға мазақ түр" деп қалпына келтірген. Дұрысы:
Бұл ұйқысын ашпаса
Надандықтан қашпаса
Игілікке баспаса
Хохолдарға мазақ тұр.
"


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет