1993, -"Жарлау", осы 1933 жылғы "Жарлау" нұсқасы алынды.
Жинақтарда төменгі
жол: Бар пайдаң тез-тез асып жеп бітіру, - делінген, дұрысы:
Бар пайдан тез-тез асап жеп бітіру
Бір табақ ет тартылса алдарына.
"Мысал"
(1912). Бұл 4 жол өлең. С. Торайғыровтың
барлық жинақтарында
жарияланып келеді, Алғаш 1933 жылғы толық жинақта берілді. (30 бет).
"
Бір баланың тілек батасы"
(1912). Алғаш 1933 жылғы кітапта (33 бет) берілді.
Соңғы жинақтардың бəрінде жарияланып келеді.
Соңғы басылымдарда:
Аяндардың пітінесін,
Суалта көр құдай-ай! - делінген, дұрысы:
Надандардың пітінесін
Суалта гөр құдай-ай!
1950, 1957 жылғы жинақта жəне I. Кеңесбаевтың 1961 жылғы түсіндірме сөздігінде
(2 том, 221 бет) былай берілген. "Пітіне" - қара ниеттілік, зиян келтіру.
"Қандай басшы"
(1913). Бұл өлеңде тұңғыш рет Б. Кенжебаев 1950 жылғы
таңдамалы шығармалар жинағында жариялады (103 бет, 12 жол).
Соңғы шумақтары
жоғалған. Шəймерденнің айтуынша, өлең "Кешегі көрген түс, бүгінгі іс", "Итаршыға"
деген
өлеңмен мазмұндас, мағыналас. Ақын "Қазақ" газеті мен "Айқап"
арасындағы
қызу айтыс кезіндегі кейбір тілмаш-адвокаттарға арнаған.
Достарыңызбен бөлісу: