Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)


"Көңілді көндіретін тағдыр"



Pdf көрінісі
бет54/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

"Көңілді көндіретін тағдыр" 
(1913). Бұл өлең "Айқап" журналында алғаш
басылды (1914, №12, 202-203 бет.). Барлық жинақтарда басылып келеді. 1950 жылғы
жинақта (40 бет). Келгірліктің көзіне түртпек еді, - делінген, дұрысы - "Айқапта" (202
бет). Көлгірліктің көзіне түртпек еді.
"Жазғы қайғы
" (1913). Бұл өлең тұңғыш рет 1933 жылғы жинақта жарияланды.
1933 жылғы жəне 1993 жылғы нұсқа негізге алынды.
"Қымыз" 
(1913). "Айқап" журналында (1913, №18, 397-399 бет.) жарияланды.
Сұлтанмахмұт шығармаларының жинақтарына 1933 жылдан бастап басылып келеді.
Өзендей күркіретіп аққан сайдан, - "күркіретіп" емес "гүр-гүр" етіп, біз 1950, 1957


жылғы жинаққа сүйеніп "Айқапты" негізге алдық.
"Кеше түндегі түс, бүгінгі іс". 
Алғаш "Айқап" журналында (1913 ж., 20-саны,
727-427 бет.) басылды. Барлық жинақтарда басылып жүр. Тақырып пен мəтін
дұрыстығы "Айқап" пен 1993 жылғы жинақтан салыстырылып алынды.
"Итаршыға" 
(1913). "Айқап" журналында (1913, №20, 429 бет) алғаш жарық
көрді. Бұл өлең Сұлтанмахмұттың "Кеше түндегі түс, бүгінгі іс" атты өлеңінен кейін
басылған. Өлеңнің соңында "Əлгі" деген лақап атпен қол қойылыпты. Б. Кенжебаев
1950 жылғы жинақтың түсініктемесінде (№25, 271 бет) өлеңнің Сұлтанмахмұттікі
екені айтылады. "...Сұлтанмахмұт - "Айқап" журналының жалпы қазақ съезін
шақырып, онда қазақ халқының көкейтесті мəселелерін, алдымен жер мəселесін
қарайық деген ұсынысына қарсы болған ұлтшылдарды сынайды. Оларды патша
үкіметінің итаршысы дейді. Сұлтанмахмұттың алдына оның осы өлеңдерін көлденең
тартып, бетіне басатын сияқты. Мұны ол өзінің жақындарына, достарына айтады
екен", - дейді.
"Бір балуанға қарап" 
(1913). "Айқап" журналында (1913, 21 санында, 443 бет)
тұңғыш рет жариялады. Сұлтанмахмұттың 1933 жылғы толық шығармалар жинағында
жəне кейінгі барлық жинақтарда жарық көріп келеді.
1. Жықпастан да күресіп талаптансаң, - 1950, 1957 жылғы жинақ (85 бет) дұрысы:
2. Жықпасаң да күресіп талаптансаң.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет