§55. Табиғат зоналары.
Топтастыру.
Арктикалық шөл Тайга Орманды дала
Аралас және жалпақ
Ауыспалы ылғалды
жапрақты ормандар
ормандар
Тундра және орманды
Шөл және шөлейт
тундра
Саванналар мен сирек ормандар
І. Аустралия материгінде кездесетін табиғат зоналары.
Кластер әдісі:
3-кесте
Тропиктік шөл және
Саванналар мен
Ауыспалы ылғалды
шөлейт
сирек ормандар
ормандар
Материктің басым
Солтүстік және
Топырағы қызғылт
көпшілігін алып
шығысқа қарай
сары фиралитит
жатыр.
тараған.
Шөлдің үш түрі бар: Жануарлар түрі
Лавр, араукария,
Тасты,сазды,құмды.
мен саны артады.
лианалар тараған.
Астық тұқымдас
эвкалипт ағаштары
Жануарлары қалталы
өсімдіктер және
басым өседі
аю, ехидна, кенгуру.
ксерофиттер.
Кенгуру, вомбат,
ехидна қалтырауындар
жабайы ит динго,
эмутүйе құсы.
ІІ. Берілген сурет арқылы жануарлар мен өсімдіктердің атын анықтап түсініктеме беру.
Кенгуру
Эвкалипт ағашы
Коала аюы
Эму түйы құсы
193
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Киви
ІІІ. Өткен сабақты қорыту.
ІҮ. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
Ерекше ел өзге елге ұқсамаған,
Таңқалар ғажап елге басса қадам.
Аңдары балаларын қалтаға сап,
Емізіп алты ай бойы тастамаған.
Табиғат анамыздың қоймасындай,
Ғажабы артылыпты бойға сыймай.
Сол елді барып көз бен көрген адам,
Кетеді екен амалсыз қимай-қимай.
ІІ. Мағынаны тану.
ББҮ-әдісі
4-кесте
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
1.Аустралия Одағы Аустралия материгіндегі ел.
2. Ауданы жөнінен алтыншы орында
3.Астанасы Канберра
4. Елтаңбасында –эму тұйе құсы мен кенгуру
бейнеленген.
1. Халқының саны.
2. Халқының түрі
3. Шаруашылығы
4.Қандай
шаруашылық дамыған
1. Халқының
саны 18 млн,
2. Байырғы
халқы
Аборигендер.
ІХ. Сабақты бекіту. ІІІ Ой толғаныс-кезеңі.
І топ-«Венн диаграммасы»
Африка Аустралия
ІІ топ-«Сандарды сөйлету»
1. 7,6 млн. км
2
4. (-12)м
2. 18 млн 5. (+52,8°С )
3. 2228 м. 6. (86%)
ІІІ. Топ –«Семантикалық карта»
5-кесте
Сұрақ
Жауап
Дұрыс жауап
1. Аустралияның байырғы халқы
1. Резервацияларда
2
2. Байырғы халықтарды күштеп
қоныстандыруға арналған терретория.
2. Аборигендер.
1
3. Еуропадан әкелінген өсімдіктер.
3. (емен, терек)
3
4. Ең биік нүктесі
4. Эрй көл
5
5.Ең төменгі нүктесі.
5. Косцюшко.
4
6.Кеуіп қалған өзен арнасы.
6. шаңды дауыл
7
7. Вили-Вили
7. Крик.
6
8. Шөлді аудандарда аласа эвкалипт және
қарағандардан тұратын бұталар тоғайлары.
8. Скрэб.
8
Х. Қорытынды. Кескін картамен жұмыс.
1. Муррей.
2. Дарлинг.
3. Эрй.
4. Үлкен су айрық жотасы
5. Конбера.
ХІ. Оқушының бағалануы.
ХІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Аустралия материгіне сөз жұмбақ құрастыру
Сабаққа өз қорытындым: Сабақта СТО ның, ББҮ, топтастыру, тірек-сызба конспекттілерін құру,
Венн диаграммалары мен семантикалық карта әдістері қолданды. Оқулық тақырыбы мен жұмыс
жасай отырып, оқушылар өз бетімен, яғни ББҮ әдісімен сабақты меңгере алды. Әдебиет пәні мен
194
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
байланыстыра отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамытуға жағдай жасалынды.
-Тірек-сызба конспектілерін құруда оқушы мен мұғалімнің бірлесе жұмыс істеу шеберлігін
шыңдап, ізденісін дамытып, қосымша материялдармен, оқулық пен өз бетінше жұмыс істеу
қабілеттері қалыптасты
-Оқушының қызығушылығы артты.
-Бәрі топтық іс-әрекетте жұмыс жүргізді, топ алдына шығып, еркін өз ойын айтуға дағдыланды.
-Картамен жұмыс жасай алды.
Қорытынды
СТО бағдарламасын оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым қатынас жаңа
қағидаларға негізделеді. СТО бағдарламасының әдіс тәсілдері оқушыларды тынымсыз
ізденімпаздыққа баулыйды.
Баланың еркін терең жан-жақты ойлануына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Сабақты жұптап
өту кезінде оқушының ойлауына, шығармашылық тапсырмаларды орындауына мүмкіндік беріледі.
Білімді сыныпта игеріп, бекітіп, бағалауға мүмкіндік болады. Әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану,
оқушылардың пәнге қызығушылығын артттыра түседі.
СТО жүйесімен жұмыс жасай бастаған мұғалім басқа жүйеге бет бұра қоймауына сенуге
болады.Гография сабағында СТО бағдарламасының әдістерін пайдаланудың нәтижесінде,
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігі, ұйымшылдығы арта түседі. Бұл
бағдарламаның ерекшелігі:
•
Сабақ үстінде тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеруге болады.
•
Бір-біріне көмектесе жұмыс істеуге дағдыланады.
•
Бірінің білмегенін екіншісі толықтырып көпшіл болуға тәрбиеленеді.
•
Сабақтың әрбір мазмұның тиімді пайдаланудың нәтижесінде үй тапсырмасын орындауға аз
уақыт жұмсалатын болады.
Педагогтарға қажеттілігі:
•
Мұғалімдердің оқыту ортасын құрудағы қарым-қатынасында өзгерістер пайда бола бастайды.
Сабақтарда мұғалімдер бұл жобаның стратегияларынан гөрі философиясын жақсы меңгере
бастағанын байқалады.
•
Ұжым болып бір-бірінен үйрену процесі белсенді жүре бастайды.
•
Мұғалімдер өз сабақтарын талдау жасауды, өзінің сабағын жүйелі жазуды жолға қоя
бастайды.
Бұл тәжірибе кімдерге несімен ұнайды және қажет.
•
алынған теориялық мағлұматтарды сыни тұрғыдан талдайды.
•
негізгі ұғым мен заңдарды меңгереді.
•
дәледді де дәиекті шешімдер қабылдауға дағдыланады.
•
адамдар мен қарым-қатынас, сөйлеу мәдениетін меңгереді.
•
уақыттың өте қажет екендігін, оны ұтымды пайдалану қажеттігін сезінеді.
•
еркін пікірлер алмасу жүзеге асады.
•
Қандай жағдайларды кімдер қолдана алады.
•
Осы жобада тақырыптық әдістемелік апталықтарды ашық сабақтарды жиі беру;
•
Сабақта және одан тыс оқу күндерімен Оқу конференциялар өткізу;
•
Қала мектептеріндегі жоба қатысушыларын сабақтарға шақыру арқылымүмкіншілікке жету.
•
Басқа ұжыммен оқып жатқан мұғалімдерді күнделікті сабақтарға шақыру, сабақтарды талдау.
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе білім беру,
ғылымды дамыту екендігінде ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы-мектеп, ол мектептің
жаны-мұғалім екендігі баршаға мәлім.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «ХХІ ғасырда білім дамыта алмаған елдің болашағы жоқ, ХХІ ғасыр-
білімділер ғасыры» деп атап көрсетті. Ендеше, елімізді өркениетті елдер қатарына қосатын жас
жеткіншекті білім нәрімен сусындататын – мұғалім болмақ.
Білімнің кілті өз маманының нағыз майталман иесі-ұстаздың қолында. Әрине баланың бас ұстазы-
ата-анасы. Олай балса, ата-ана, мұғалім, бала атты үштік одақтың жұмыла көтерген жүгі ортақ болса,
195
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
алынбайтын асу болмас, сірә.
Бүгінгі бала-ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оқушыларымыз жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа
қатынастарға биімделуі тиіс. Осы үрдістен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар
қауымына зор міндеттер жүктейтінін ұмытпауымыз керек.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыруға
бағытталған шараларды ұйымдастыру әдістемесі
Жаңабаева Гүлханыс Қайруллақызы
№82 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Санаты 1
Қазақстан Республикасының балаларды тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттарының
бірі-қоғамға пайдалы, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге қызмет көрсетіп, кішіге қамқор бола
білетін,мемлекетіміздің болашағын гүлдендіре алатын жас ұрпақты қалыптастыру.
Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі –болашақ ұрпағын
тәрбиелеу.
Жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуді әр халықтың
салт-дәстүрі мен дамуындағы бағалы байлықтың біртіндеп сіңіру арқылы жүзеге асыруға болады.
Басқа халықтар сияқты, қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі,жиған-тергені, озық ойлары
мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның дәнегін мәпелеп екпейінше балаларды ізгілік
пен адамгершілікке тәрбиелеу мүмкін емес.
Білімді, тәрбиелі ұрпақ егеменді елдің берік тірегі.Сондықтан қазіргі кезде өскелең ұрпақты
тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі-қоғамға пайдалы үлкенге құрмет
көрсетіп,кішіге қамқор бола білетін, адами құндылықтар: сыйластық,сыпайы сөйлесу,кешірімділік т.б
қасиеттерді бойына сіңірген жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз тағдырына
өзі иелік ете білуі және өзінің мінез-құлқын жөнге сала білуі,сондай-ақ қоршаған орта мен өзінің
қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін жетілдіру және құндылық атаулыны таңдай алу сияқты
дамудың басты шарттары енеді.
Даму -жеке адамды жетілдірудің өте күрделі үрдісі. Балада туа біткен белгілі түсініктер сонымен
қатар өжет, жұмсақ мінездер болмайды. Олардың әуестік, белсенділік, батылдық және адамгершілік
сияқты қасиеттер даму үрдісінде қалыптасады. Өйткені баланың өсіп жетілуіне орта мен тәрбие әсер
етеді.
Бала өмірге келгеннен бастап тәрбиелеу процесі басталады.
Бала тумысынан жаман болмайды. Бұл көпке аян ақиқат. Бала мінезін дұрыс қалыптастыру үшін
жан-жақты тәрбие керек. Тәрбие –бұл өмірлік шығармашылық. Сондықтан мұнда бала бейнесі, яғни
адам бейнесі маңызды. Бұл тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің тәрбие мақсатына жетуге
бағдарланған арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын өзара әрекеті. Сондықтан
оның өзіндік ерекшеліктері мен негізгі категориялары болуы зеңды.
Тәрбие балаға әр қырынан жан-жақты беріледі. Оны мынадай жүйе арқылы қарастыруға болады.
Адамгершілік
тәрбиесі дене тербиесі ақыл-ой тәрб
экологиялық тәрб
төларанттық эстетикалық
тәрбие тәрбие
патриоттық азаматтық
тәрб тәрбие
елжандылық еңбек
тәрбие тәрбиесі
196
Тәрбие мазмұны
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Осы тәрбиенің түрлері балаға жан-жақты оқыта отырып беріледі. Оны бала бойына сіңіру,
нәтижесін көру бірлесе атқарылған жұмыс нәтижесінде көрінеді.
Адам болып өмірге келген тұлғаға осы тәрбие мазмұнының барлығы да қажетті. Адам бойында
осы тәрбие түрлері өз кезегінде байқалып тұрады. Соның ішінде адам өміріне ең қажетті тәрбие
коммуникативті тәрбие.
Коммуникативті тәрбие деген не?
Коммуникативтілік-адам бойында қалыптасатын адами құндылықтар жиынтығы. Яғни өзін және
басқаларды тыңдау, түсіну, дұрыс бағалай білу, жанашырлық таныту, өзара ынтымақтастықпен дұрыс
қарым-қатынас жасау
Осы адамгершілік құндылықтарды бала бойына сіңіру ата-ана мен мұғалім тәрбиесінің негізгі
де басты міндеті.
Бала кезең өзінің руханилығымен,тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен
ерекшеленеді. Кіші мектеп жасында бала бойында мәдениеттің бастапқы негізі қаланады. Үйренуге,
білуге деген қызығушылығы артады, дербестілігі дамиды. Бұл жаста бала өзінің жеке сапалары мен
мүмкіндіктерін түсіне бастайды және адамгершілік сезімдері эмоциялары, өзара қарым-қатынастары
туралы түсініктері кеңейеді.
Міне, осы кезде коммуникативті мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шаралар жүйелі түрде
жүргізілуі тиіс.
Бала бойына адами құндылықтарды қалыптастыру үшін мұғалім алдымен мына жайттарды есте
ұстағаны жөн.
17.
тәрбие процесін шығармашылықпен ұйымдастыра білу;
18.
оқушыны түсініп, онымен бірлесе жұмыс жасау;
19.
оқушыға жылылықпен қарап, жадына әсер ету;
20.
баланы адам ретінде қадірлей білу;
21.
шығармашылық ізденіспен баланы шабыттандыра білу;
22.
бала бойынан тек кемшілік іздемей жетістіктер іздеу;
Осы қасиеттерді есіне үнемі сақтап, бойына сіңіре білген ұстаз бала бойына да адами
құндылықтарды қалыптастыра біледі.
Бала жаны нәзік, ойы адал, сезімтал да толқымалы. Сол кіршіксіз адал, нәзік жанды майыстырып
алмай, адал ойға дақ салмай, толқымалы сезімді дұрыс тәрбиелеу мұғалімнің сезімталдығына, әрбір
оқушысын жете білуіне, бала жанына үңіле қарап, шығармашылықпен жұмыс жасауына байланысты.
Коммуникативті мәдениетті бала бойына қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін
ескерген жөн.
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршінге көп нәрселер таныс емес, түсініксіз болады.
Сондықтан оларға алдымен сол таныс емес, түсініксіз нәрселерді таныту, түсіндіру жұмыстары
жүргізіледі. Ол үшін баланың адам, өмір, отбасы, мектеп, отан, достық, еңбек, сыйластық,
мейірімділік, адалдық, еңбексүйгіштік т.б. адами қасиеттер туралы түсініктері кеңейтіледі.
Осы жұмыстар нәтижесінде бала өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы екенін сезініп,
түсінеді. Өз сыныптастарымен , ұстаздарымен, мектеппен танысып, жалпы ұжымда еңбек етуді
үйренеді. Солай ете отырып адами құндылықтарды меңгерудің алғашқы сатысын басады.
1 сыныпта балалар тану, білу,түсіну кезеңінде болғандықтан оларға «Шынщылдық»,
«Сыпайылық», «Жылы жүрек-жақсы тілек», «Мейірімділік» т.б. таным сағаттары мен тренингтер
өткіздім.Өткізілген тәрбиелік шаралар бала ойына, зейініне салмақ салмайтындай жеңіл түрде
құрылды.Мысалы «Мейірімділік» тренингін өткізгенде балалар жалпы адамға ғана емес
табиғаттағы тіршілік атаулыға мейірімділікпен қарау қажеттігін түсінеді.Бір-біріне мейірімді де
кешірімді болу керектігін ұғынады.
Бұл жұмыстар нәтижесінде балалар өздеріне қажетті құндылықтар шыншылдық,
қарапайымдылық, достық,барша жанға жақсылық тілеу т.б. адами құндылықтар туралы алғашқы
түсініктерді біледі. Достық пен қарым-қатынас қуанышының мәнін түсінеді. Сыныптастары мен
үлкендер арасындағы сыйластықты бағалауға үйренеді.
Ал бала 2 сыныпта түсініктері кеңейіп, біршама есейгендік байқалады. Бұл жаста балаға адами
құндылықтарды қалыптастыруда тәрбиелік шаралар сәл күрделене түседі. Баланың жасымен бірге
197
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ой-санасы да өсіп жетіледі.
Сондықтан бұл кезеңде коммуникативті мәдениетті қалыптастыруда сыныпта ізгілікті тең құқылы
қарым-қатынастар орнатуға оқушының әлеуметтік белсенділігін дамытуға ерекше назар
аударылады.Осылайша көзге көрінбей үздіксіз жүргізілетін тәрбие процесі жалғаса береді.Бұл
сыныпта балалармен «Отбасыңа жақсылық тіле», «Құрметтеу, қадірлеу,сыйлау», «Қарапайымдылық»
т.б. адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасқа бағытталған іс-шаралар жүргіздім. Бұл іс-шаралар
нәтижесінде балалар:
23.
өзгеге деген сенімділік, адалдық, әділдік, құрмет
сияқты жағымды қасиеттері, сондай-ақ кісі туралы түсініктері болады;
24.
адамдармен қарым-қатынас жасап, достаса білуді, өзара келісімге келуді, түсінісуді, тіл
табысуды, кішіпейіл, кешірімді, көпшіл бола білуді үйренеді;
25.
адами сезімдер мен эмоцияларды, өзінің эмоциялық күйін ажырата
біледі;
26.
өз сөзі мен ісіне жауапкершілік таныта алады;
27.
адамның жағымды, жағымсыз сезімдері мен әрекеттерін ажыратып, олардың себебін білуге
ұмтылады.
28.
өзін қоршаған ортада адамдарға көңіл бөліп, сыйлайды, сондай-ақ бейтаныс адамдармен де
жағымды достық қарым-қатынас жасай алады.
Бала 3-4 сыныпқа,яғни 8-9 жасқа келгенде мұғалім бұл мәдениетті қалыптастыруда балалармен
өзара түсіністікпен тең құқылы адамдарша тілдесу қажет. Бұл жаста балалар жақсы-жаманды
ажыратып, жақсы нәтижеге жетуге ұмтылады. Өзінің жақсы жағын көрсетіп, жаман
қылығын,эмоциясын жасыра алады.
Сондықтан бұл кезде коммуникативті мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар
кеңейтілген түрде қткізілгені дұрыс. Әрбір өтілетін іс-шараны жан-жақты талдап өткізуге,
қорытындылауға ерекше көңіл бөлінгені дұрыс.
3-4 сыныпта осы мәдениетті қалыптастыруда «Кішіпейіл бала-кешірімді бала», «Сыйласаң сыйлы
боласың», «Татулық табылмас бақыт», «Менің жақсы,жаман қасиеттерім», «Адамгершілік-адам
өмірінің алтын бесігі», «Табиғатты аяла да, бағала» т.б. тәрбиелік шаралар өткіздім.
Мұнда балалар жақсы қасиеттер адамға ауадай қажет екендігін түсініп, бойларына жинақтауға
үйренеді. Жақсы болуға тырысады. Адамдар осындай адами құндылықтар арқылы бағаланатынын
түсініп біледі.
Мысалы сыныбымда «Манің жақсы, жаман қасиеттерім» атты тренинг өткізген кезде балалар
өз бойларындағы жақсы, жаман қасиеттерін шыншылдықпен айта білді. Балаларға өз қолдарыңды
қағаз бетіне түсіріп, өз бойларыңдағы жақсы қасиеттеріңді бес саусаққа сәйкестеп жазу, келесі
қолдың бес саусағына жаман қасиеттерді жазуды тапсырдым. Балалар бұл тапсырманы
қызығушылықпен ,шыншылдықпен орындады. Осы өздері жазған қасиеттер жиынтығын талдай
отырып , балалармен бірлесе қорытындыладық. Қорытындылай отырып балалар бойында жақсы
қасиеттерді мол жинақтаған бала қандай екеніне баға берді. Сөйтіп қорытындысында «Жақсы
қасиеттер жиынтығы-адамгершілік айнасы» деген дәйексөзге тоқталдық.
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыруда әрбір өткізген жұмыста тиянақты қорытынды
жасап дәйексөз жинақтау балаларды тиянақтылыққа. нәтижелілікке үйретеді.
Бұл жұмыстарды ұйымдастыруда балалар мынадай нәтижелерге жетеді.
29.
Өз сезімдері мен талпыныстарын көрсете алады.Жағымсыз әрекеттерін мен эмоцияларын
тежей алады;
30.
этика ережелерін біледі;
31.
өз ойы мен алған әсерлерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады.;
32.
табиғатқа, жер-анаға, суға қамқорлық жасай алады;
33.
қоғамға қызмет етудің мәнін түсінеді;
34.
адамгершілік құндылықтар мен өмірді тану, білімге
құштарлық,ойлылық,
ұжымшылдық,өзімшілдік пен көпшілдік, кешірім мен келісім, ортақ іс біреуді тыңдай білу,
еңбекқорлық пен еріншектік, төзім мен табандылық туралы түсініктері кеңейіп, тұрақтанады;
198
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
35.
адами құндылықтардың маңыздылығын түсіне отырып, қоршаған ортаға деген көзқарасы
қалыптасады;
36.
табиғат, су,жерге қомқорлық жасау қажеттігін түсініп, табиғатты таза ұстау арқылы адамзат
саулығын сақтау қажеттігін біледі;
Бастауыш сынып жасындағы балалармен коммуникативті мәдениетті қалыптастыруда
жүргізілетін іс-шаралар күнделікті мұғалім мен оқушы қарым-қатынасында жүріп жататындықтан,
мұғалім оқушыға берер әрбір жауабына абай болғаны жөн.
Бұл тәрбие барысында балалар үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау
мәдениетіне қол жеткізеді. Бірқатар адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттердің мәнін
түсініп, оның Отанға, отбасына жақын адамдарына, қоршаған табиғатқа деген сүйіспеншілігі
артады. Ол алғаш рет өзінің алдында тұрған міндеттерді шешу керектігін, оқушының әлеуметтік
ролін ұғынуын, сондай-ақ сыныптастарымен және ұстаздарымен жағымды қарым-қатынас орнату
қажеттігін түсінеді. Және өз бойындағы қасиеттеріне, мінез-құлқындағы ерекшеліктеріне сын
көзбен қарап, олардың жағымсыз жағын болдырмауға тырысады.
Жақсыға құмар, өзгеге еліктегіш, тілалғыш сезімтал жіне батыл болғысы келеді.
Ендеше дәл осы кезеңде балаға ылғи да жақсы, дұрыс бағдар беріп, алғашқы жақсысын
жоғалтып алмауымыз керек.
Коммуникативті мәдениетті бала бойына қалыптастырудағы басты қағида – баланы құрметтеу.
Баланы құрметтей отырып, бар адами құндылықтарды бала бойына сіңіру. Мұғалім оқушыға
материалдық жағдай жасамағанмен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер
адамзаттық құндылықтармен, біліммен қамтамасыз етеді.
Ал бүгінгі күнгі мұғалімнің басты мақсаты өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала
бойына дарыта отырып, онығ жүрек түкпіріндегі руқани қазынасын жарыққа шығару, әрбір
баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту.
Мұғалім баламен кездескен сәттен, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде
баламен тікелей қарым-қатынаста екенін, онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт
естен шығармағаны дұрыс. Сонда ғана ол білімді де білікті, парасатты, жан-жақты жетілген
жеке тұлғаны тәрбиелеуде жетістіктерге қол жеткізе алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Өзін-өзі тану журналы 2010 № 1,2,3.
2. Алты жасарлар мектепте И. Мухина
3. Бастауыш мектеп 2001 № 6
4. 12 жылдық білім беру журналы 2007 № 5
5. Өзін-өзі тану әдістемесі 1-4 сынып Р.Ізғұттынова
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |