Дети предлагают разные задания:
- распределить существительные по склонениям;
- выписать существительные с орфограммами;
- выписать слова, обозначающие имена собственные;
Выполняем третье задание, так как оно связано с темой урока. Предлагаю ребятам ответить на
вопросы: Что мы сегодня на уроке должны узнать? Чему должны научиться? Для чего нам нужны эти
знания и умения? Как правило, учащиеся достаточно легко отвечают на эти вопросы, тем самым
самостоятельно определяют цель учебного занятия. Практика показала, что такая постановка целей
урока позволяет развивать познавательную активность, самостоятельность суждений, повышает
мотивацию учащихся.
На этапе закрепления на этом же уроке провожу распределительный диктант. Предлагаю учащимся
записать имена существительные в два столбика: 1 – собственные, 2 – нарицательные. В диктанте
даю несколько существительных, которые могут быть как собственными, так и нарицательными
(пушок, земля и др.). Возникает новая проблемная ситуация. Ребята затрудняются, не могут решить, в
какой столбик записать эти слова. Даю право высказаться всем желающим, ответы всех поощряются,
отмечаю тех, кто сумел выбор грамотно аргументировать. Такой подход позволяет ребенку стать
субъектом своего обучения, позволяет овладеть осмысленными и прочными знаниями и навыками.
Проблемную ситуацию на уроке можно создавать с помощью проблемного изложения, проблемной
демонстрации, мыслительного проблемного эксперимента, игровых проблемных ситуаций.
Поиск решения проблемы, вывода из проблемной ситуации можно организовать с помощью
следующих методических приемов:
- подвести школьников к противоречию и предложить им самим найти способ его разрешения;
-сталкивать противоречия практической деятельности;
- излагать различные точки зрения на один и тот же вопрос;
- побуждать сделать сравнение, обобщение, выводы из ситуации;
- ставить проблемные задачи (с неопределенностью в постановке вопроса, с
противоречивыми данными, заведомо допущенными ошибками);
235
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
- побуждать к исследовательской деятельности, самостоятельному изучению
информации.
При изучении темы «Главные и второстепенные члены предложения»» на этапе объяснения нового
материала использую проблемную демонстрацию «Синтаксическая роль инфинитива». Для
наблюдения и анализа даю следующие примеры:
Жить – Родине служить. (подлежащее, сказуемое)
Я хочу хорошо учиться. (часть составного глагольного сказуемого)
Желание уехать было сильным. (определение)
Друг помог мне решить задачу. (дополнение)
Она вышла проводить гостей. (обстоятельство)
В школьном учебнике все синтаксические функции инфинитива не представлены, поэтому
побуждаю ребят заняться изучением дополнительной литературы, исследованием данной проблемы и
составлением алгоритма определения синтаксической роли инфинитива.
В результате работы получили такой алгоритм:
В предложении 2 инфинитива
да
нет
1 инфинитив – подлежащее, есть спрягаемая форма глагола
2 инфинитив – сказуемое да нет
оба действия относится к сущ-му,
относятся к одному деятелю отвечает на вопрос: какой?
да
нет
да
нет
есть целевое значение дополнение определение сказуемое
да нет
обстоятельство составное глагольное
сказуемое
Это позволило увлечь учащихся учебным материалом, сформировать навыки самостоятельной
работы, отработать умение обобщать изученное, делать вывод. А главное – они получили
удовлетворение от проделанной работы, научились безошибочно производить синтаксический разбор
предложения.
На этапе повторения темы «Морфология. Части речи» (урок систематизации и обобщения знаний)
даю проблемное задание, которое поможет увидеть взаимосвязь разделов школьного курса и убедит
учащихся в справедливости требований учителя четко различать части речи, знать их грамматические
признаки:
- слова в каком столбце написаны верно, ответ аргументировать
ожег ожог
впустую в пустую
по-моему по моему
в течение в течении
зато за то
туш тушь
После этого предлагаю доказать, что в ряде случаев умение верно определить часть речи помогает
правильно выбрать знаки препинания в предложении. Например, умение распознать, чем выражены
главные члены предложения, поможет верно поставить тире в простом предложении.
На любом этапе урока стараюсь не давать готовую информацию, предоставляю учащимся право
первым формулировать понятия, правила, задания к упражнениям, темы уроков; даю им возможность
задавать вопросы; создаю доброжелательную творческую атмосферу партнерства и сотрудничества.
Достаточно эффективным в плане повышения познавательной активности школьников является
использование современных технических средств обучения. Сегодня школу трудно представить без
компьютера. Перед школьным образованием поставлена новая задача – подготовить учеников к
236
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жизни и профессиональной деятельности в высокоразвитой информационной среде, к возможности
получения дальнейшего образования с использованием информационных технологий. В своей
педагогической деятельности применяю компьютерные технологии в процессе подготовки к
учебному занятию, при введении нового, на этапах коррекции и контроля изученного материала.
Например, при изучении нового материала я активно использую в своей практике уроки-
презентации. Такая форма учебного занятия позволяет мне организовать обучение в
соответствующем темпе, усилить его практическую направленность, обеспечить в достаточной
степени обратную связь (устный и письменный опросы, опрос с выборочным ответом, тесты, при
которых выясняются знания и умения не отдельных учеников, а всего класса).
Так, на уроке по изучению темы «Удивительная часть речи – глагол!» с использованием
презентации удалось добиться высокого уровня активности учащихся, урок получился насыщенным,
интересным, результативным, ребята остались довольны своей работой.
В перспективе планирую особое внимание уделить развитию самостоятельной учебно-
исследовательской деятельности учащихся, повышению качества подготовки участников школьных
олимпиад по русскому языку.
Большая положительная роль проблемного обучения не может делать его универсальным способом
вооружения учащихся знаниями. Методы, приемы, способы, формы обучения и воспитания только
тогда становятся эффективными, когда они пройдут через душу педагога, согретую любовью к детям
и наполненную чувством гуманности. Нельзя говорить об эффективных методах воспитания и
обучения, если неизвестно главное: каков человек педагог, который будет пользоваться этими
методами, какая у него душа и какое сердце.
Библиографический список
1. Мельникова Е.Л. Технология проблемного обучения./“Школа 2100”. Образовательная программа и
пути её реализации./Под ред. А.А. Леонтьева. Выпуск 3. – М., “Баласс”, 1999.
2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. – М.: Народное
образование, 1998.
3. Трофимова О.В. Реализация принципов развивающего обучения Л.В. Занкова на уроках русского
языка в средней школе./Традиции и новации в современном образовании. – Ярославль, 1999.
4. А.К.Колеченко «Энциклопедия педагогических технологий» - М.,
«Педагогический поиск», 2001.
5.И.А. Ильницкая «Проблемные ситуации и пути их создания на
уроке» - М., «Август-Принт», 1999
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ЖАУЫНГЕР ЖӘНЕ ЖАЗУШЫ Б. МОМЫШҰЛЫ БЕЙНЕСІ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫ БАТЫРЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Атырау облысы, Исатай ауданы ,Хамит Ерғалиев ауылы,
Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп.
Жоғары санатты, бастапқы әскери даярлықты
ұйымдастырушы- оқытушы Қабиев Парух Ғатауұлы.
«Біздің тарихымыз-батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азамат пен
кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық, ерлік ұрпақтан-ұрпаққа ата дәстүр болып қала
бермек. Өткенін білмеген, тәлім- тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы түл, келешегі
тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы-батыр халық». Б. Момышұлы.
Кіндік қанымыз тамып, өскен өз Отанымызды қорғау әр азаматтың міндеті.Бұл халқымыздың
237
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
әскери қызметшілерге білдірген үлкен сенімі.Ата-бабаларымызға арман болған егемендігіміз
тұғырлы, баянды болу үшін ел Президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз
аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын
қамтамасыз ету».(«Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы).
Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені,
Отаншылдықты, елжандылықты дарыту-қазіргі кезде көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Н.
Назарбаевтың «Қазақстан-2030» статегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» деп аталатын
бөлімінде еліміздің тұтастығын, оның ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарды
Отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді.
Бүгінгі өскелең ұрпаққа Отан сүйгіштік, ұлттық сана-сезім қажет. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына
оқумен, біліммен, үйренумен, талаптанумен сіңеді. Осы қасиеттерді ұрпақ бойына дарытатын- ұстаз,
ата-ана, тәрбиеші, қоршаған орта екені даусыз.
Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі Отан десек, оның мазмұны туған жер, ұлттық тіл,
ұлттық дәстүр, олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерін ұялатып, ізгі
ерлік істер қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы десек болады.
Әр балаға өз еліне деген патриоттық рух қалыптастыру үшін оның бай тарихына, болашағына
деген жауапкершілік сездіретін әрекет жүйесін жасауымыз керек.Патриотизм өз-өзінен
қалыптаспайды, бала кезінен «Қазақстан- менің Отаным, мен Отанымның алдында борыштармын»
деген ойларды сіңіру қажет. Бүгінде оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беруден халықтық дәстүрге
негізделген батыр-бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін насихаттау барынша нығайып келеді. Елімізді
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде
«Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік
жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру «
туралы айтылады.
Қазақтың патриоттық, Отансүйгіштік тәрбиесі тереңнен тамыр тартқан, халқымыздың сан
ғасырлық болмысының, дүние тану көзқарасының, ақыл ойымен салт-дәстүр, мәдениетінің көрінісі.
Осыларды бойға дарытпайынша, келер ұрпақты патриоттық Отан сүйгіштік тәрбиеге лайықты
қалыптастырмайынша алтын бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында бар
күш-жігері мен қайратын жұмсайтын Отаншыл азаматтарды, яғни, нағыз патриоттарды тәрбиелеп
шығару мүмкін емес.
Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Патриотизм Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның
аман-саулығы, қоғамдық мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын тікелей сезіну, өзінің
мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз- жеке адамды күшейту екенін мойындау,
қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық
жағынан: өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді».
«Алғашқы әскери дайындық»-өзінің атына сәйкес әскери өнер әліппесі. Болашақ жауынгердің
әскери өнерді меңгеру сапасы да осы әліппеден басталатыны сөзсіз.Жастарды «әскери өнер
әліппесіне» жүйелі, педагогикалық ,әдістемелік заңдылықтарды сақтай отырып тұрақты үйретсек,
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына қазіргі заман талаптарына сай толыққанды нағыз
сарбазда даярлап бере аламыз.
Ал оқыту процесіндегі бұл заңдылықтар сақталмаған жағдайда болашақ жауынгерлердің әскери
даярлығының сапасыз болары да анық.
Қарулы Күштерге қандай сарбаз керек екендігіне жоғарыда тоқталдық, ал оны Бауыржан
Момышұлы сөзімен айтсақ: «...Оқыту дегеніміз не? Бұл- өте қатал түрде тәрбиелеу жолымен солдат
кәсібінің («мамандығының» П.Қ.) техникасын үйрету. Барлық айла-тәсілдерді солдат снарядта
жаттығу орындайтын гимнасттай дағдылы түрде істей беретіндей дәрежеге жеткізу керек» (Б.
Момышұлы. Екі томдық шығармалар жинағы, 1 том. 39-бет.Алматы, «Жазушы» баспасы 2004ж)
Жалпы білім беретін оқу орындарындағы «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің басты міндеті де осы
талаптар деңгейінде болуы шарт.
Елбасының Жолдауынан және басқа да заңды күші бар қаулылардан туындайтын талаптарды орындау
барысында алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту әдістемелерін жақсарту үшін көптеген ізденістер
керек. Ол дегеніміз әскери білімді меңгерту, оқушылардың дене шынықтыру тәрбиесіне көңіл бөлу
238
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
және жастардың бойына өз Отанына деген патриоттық сезімдерді қалыптастыру. Нәтижесінде мектеп
қабырғасынан тәрбиеленіп шыққан түлектер әскер қатарына шақырылған кезде қысқа уақыттың
ішінде аз ғана шығынмен әскери мамандықты меңгеріп, өз Отанының қорғаушысы болу.
Біз жазушы, тәлімгер Б. Момышұлының еңбектерін оқи отырып, оның шығармаларынан патриоттық
тәрбиенің қайнар көзін табатынымыз айқын...
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында қарапайым отбасында
дүниеге келген. Әкесі- Момыш, шешесі- Рәзия. Әкесі жаны жомарт, көзі ашық, көкірегі ояу кісі.
Отбасыларында 4 қыздан кейін әкесі Момыш елуді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті.
Тәуіржан деген інісі бір жасында қайтыс болған. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші
Евгеньевка ауылындығы орыс мектебінде бір жыл оқып, келесі жылы Жамбыл қаласына келіп,
бастауыш мектепті бітіреді.
1921 жылы Шымкенттегі жетіжылдық мектепке түсіп, 1928 жылы бітіреді. Жиырма жастан сәл
асқан кезде ол міндетті әскери қызметке шақырылып, өзінің бүкіл болашағын Қызыл Армиямен
мәңгілікке байланыстырды.
Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Ол лейтенант шенінен
бастап полковник атағына дейін көтерілді, взвод, батальон, полк және дивизия басқарды.
Б. Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау шабуылын қайтарып, көрсеткен ерліктері аз емес.
Оның батырлығы және соғыс өнерін жетік білетіндігімен көзге түскені осы тұс.
1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді. Батырдың 207 рет ұрысқа қатысып, 5
рет өлімнің құрсауында қалғаны, 2 рет өлімші болып жараланғаны «Ақиқат пен аңыз» кітабында
жазылған.
1955 жылы Армиямен қоштасты. 11 ай қызыл әскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полк
штабының бастағының орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 ай
батальон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің командирі, 3 ай дивизия командирінің орынбасары, 6
ай дивизия командирі, 5 жыл әскери академияда әскери профессор болды.
1955 жылы қаруын қаламға айырбастап, азаматтық өмірге ауысқанда әдеби шығармаларымен де
өз биігіне көтерілді.
Біз Бауыржан атамыздың сонау сұрапыл соғыс күндерінде қатыгез жаумен қалай шайқасқанын,
азаматтық қасиеттерін майдангерлер ауызындағы сан-алуан естеліктер, кинофильмдер мен жыр
жолдары арқылы Александр Бек пен Александр Кривицкий, Мәлік Ғабдуллин мен Алексей Кузнецов
және Әзілхан Нұршайықовтың шығармалары арқылы кеңінен білеміз.
Ұлы Отан соғысынды қазақ халқының ұлттық батырына айналған Бауыржан Момышұлы бұлтта
ойнаған жасындай Москва түбіндегі шешуші шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан,
ерен ерлігі мен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды.
Мәскеуде қазақтың қайсар ұлы, Кеңес Одағының Батыры Б. Момышұлы туралы орыс тілінде жарық
көрген « Аңызға айналған батыр» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі болып өтті.Ұлы Жеңістің 65
жылдық мерекесі қарсаңында Мәскеуде №229 жалпы білім беретін орта мектептің аты берілді.
Батырдың туғанына 100 жыл толу қарсаңында Мәскеу қаласындағы аталған мектептің берілуі де
кездейсоқ емес.Крюкова стансасында орналасқан бұл мектеп Зеленоградтың орталығында тұр. 1941
жылғы қарашадағы Мәскеу үшін айқастың соңғы шебі де осында болған. 8-гвардиялық дивизияның
Б. Момышұлы басқарған жауынгерлері жауды осы жерде Мәскеуге өткізбей кері қайтарған. Қазір
мектепте батыр- Панфиловшыларға арналған музей бар. Онда Б. Момышұлына қатысты стенд
жасалған.
Гвардия полковнигі Б. Момышұлының бұдан 68 жыл бұрын айтқан тарихи сөздері, бүгінгі егеменді
еліміздің іргетасын нығайтуға, жастарды әскери өнерге тәрбиелеуге, Қазақстан туын жоғары ұстап,
Отанын жаудан қорғауға дайын болуға, намысын аяққа таптатпай, жоғары ұстауға шақырады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процес білім
парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын,
білім алу арқылы дамытуын қойып отыр. Қазіргі таңда педагогика ғылымының бір ерекшелігі
баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» оқыту формасын, әдістерін, технологияларын
239
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
таңдау да көп нұсқаулық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына
өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық
үлгімен құруға мүмкіндік бар.
Мен өз сабағымда оқытудың жаңа технологиялық әдістерінің ішінді педагогика ғылымдарының
кандидаты Марал Мәденқызы Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясын пайдаланамын.
«Алғашқы әскери дайындық сабағында баланы патриоттық, отансүйгіштік рухында тәрбиелеу»
тақырыбында шығармашылық жұмыспен айналысып келемін.
Алғашқы әскери дайындық сабақтарында мен негізінен дифференциалды, ұжымдық және жұптық
оқыту әдістерін қолданамын. Әсіресе, практикалық сабақтарда саптық даярлық бойынша сабақтар
алдыңғы сабақтарда дағдыланған машықтардың ұмытылмауы үшін жүйелі түрде және бірдей уақыт
аралықтарында өткіземін.
Әскери-патриоттық тәрбие жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапында адал
қызмет атқаруға, азаматтық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды. Бала әрдайым өмірге
қызыға қарайды, бәрін үйренгісі келеді, еліне керекті азамат болып өскісі келеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жасөспірімдердің отансүйгіштік, елінің патриоты мен азаматы
болып қалыптасуына көңіл бөліп отыр.Патриоттық тәрбие беру- оқушының саналы көзқарасын
қалыптастыру. Алғашқы әскери дайындық пәнінің енгізілуі, оған байланысты әскери патриоттық
тәрбиенің тереңдеуі, Отанымыздың саналы және белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды
еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға, талантты
әскери кадрлар даярлауға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Жастарды Отанды қорғауға даярлау, жас
азаматтардың патриоттық тәрбиесіне танымдары мен мінездерін қалыптастыру ауыр және сан қырлы
процесс. «Отанды сүю отбасынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы
тәрбиесінің маңызы зор. Патриот, ержүрек адамды, табанды күрескерлерді тәрбиелеудің негізі
мектепте қаланады.
Пәннің міндеті келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл-қыз
тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Сабақ барысында
ұжымдық қорғаныс жұмыстарына, сабақтан тыс уақытта жаттығу жұмыстарын өткізуге аса көңіл
бөлінеді. Ұжымдық қорғаныс жұмыстары алғашқы әскери дайындықты оқытудың негізгі бір бөлімі.
Оқушылар теориялық сабақта алған білімдерін ұжымдық қорғаныс жұмыстары кезінде іске асырып,
өздерінің білімдерін, біліктілік дағдыларын жетілдіреді.
Патриоттар даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терң сезініп,бар мүмкіндікті пайдаланып,
шыныққан шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісіне АӘД пәні мұғалімдеріне үлкен талап
қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу жеткіліксіз, сонымен қатар білімді, тың
ақпараттардан хабары мол болуы шарт.
Қазақ халқының тәрбие жүйесіндегі жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге
деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады.
Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды.
Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстаннның болашағы-қоғамның идеялық
бірлігінде» атты еңбегінде «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз-Қазақстандық
отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру»-деп жазды.
Ұлттық негізде ерлік және жауынгерлік тәрбие беруге байланысты халық қаhарманы Б.
Момышұлының « Жігітті жауынгерлік қасиеттерге тәрбиелейтін қазақтың игі дәстүрлері» атты
мақаласында халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдарымен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор
екеніне тоқтала келе, жоспарын ұсынады. Одан төрт тарау мысал келтірейік:
1.Әдет және әдеп. Үлкенді сыйлау, парыз бен ар-ұятты қасиет тұту, қоғамдық тәртіпті мүлтіксіз
сақтау, заңға мойын ұсынушылық, адамды бәрінен де ардақтау, адам бойындағы адамгершілік,
Отанға, елге, халыққа, үй- ішіне, адамға, өмірге деген сүйіспеншілік сияқты жақсы қасиеттерге
тәрбиелейді:
1. Асық, жасырынбақ және жарыс, күрес, ақсүйек ойнау жастарды ептілікке, ширақтыққа,
табандылыққа және басқа да жақсы жауынгерлік қасиеттерге тәрбиелейді;
2. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Бәдік айтыс, той, айтыс тез ойлауға, тапқырлыққа тәрбиелейтін өнер
саласы. Бұл арқылы жасөспірімдер мен қыздар өлеңді суырып салып айтуға машықтанады, ауыз
240
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
әдебиеті мен музикаға сүйіспеншілігін арттырады, ой- өрісін кеңітеді, өткірлік пен ептілікке үйренеді;
3.Көкпар, бәйге, аударыспақ- батылдыққа ,ептілікке баулып, бұлшық етті шынықтырып, құмарлықты
оятар, есеппен тәуекелге бел байлауға, тіпті ары мен атағы үшін өлімге бас тігуге дейін баратын
дәстүрлі ұлттық спорттық ойындар. Бұл ойындар ер жігіттің бойында, Отан солдатына қажетті
игілікті рыцарлық қасиетті тәрбиелейді.
Жас ұрпақты халқымыздың құнды еңбектерімен жасынан намысты, Отанын сүйетін, адамгершілігі
терең етіп тәрбиелесек мерейіміз үстем болады деп ойлаймын.
Сабақты жоспарлау және оқыту әдістемелерін жетілдіру мақсатында әр тақырыптың өзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып тарих, география, әдебиет, салауаттану және құқықтану пәндерін
байланыстырып, жаңаша кіріктірілген сабақ өткізуге әбден негіз бар.
Оқушылардың бойына қайсарлық, батылдық және патриоттық сезімді қалыптастыруда тарихи жеке
тұлғаларды, оның ішінді әскери қолбасшылардың белгілі бір тарихи оқиғаларға байланысты
көрсеткен ерліктері мен соғыс тактикасындағы қолбасшылық өнерлерін дәріптеу оқушылардың
жадында қалары сөзсіз. Мысалға: жас ұрпаққа өнеге болатын аттары аңызға айналған батыр
бабаларымыз – Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев
және Әлия мен Мәншүк, Хиуаз апаларымыз тағы басқалары болмақ.
Оқушының әскери мамандыққа және пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін тарих пәнін
тактикаалық дайындық тарауына , сонымен қоса патриоттық тәрбиеге негіз болатын тақырыптарға да
қолдануға болады. Мысалы: 10- сыныпта «Қазіргі заманғы ұрыс сипаты» тақырыбын өткен кезде
«Ұрыс дегеніміз не?» деген сұраққа «Ұрыс –соғысушы жақтардың ұйымдасқан түрдегі қарулы
шайқасы, ұрыста әскерлердің қимылдары мақсаты мен уақыты жағынан бірлікте болады әрі шайқас
онша үлкен емес, атыс және тактикалық кеңістікте өрістейді.
Ұрыстың басты да негізгі мақсаты- дұшпанның адам күшімен қару-жарағын жою, құрту. Дұшпанның
қарсылық көрсете алмайтындай етіп сағын сындырып, моральдық күші мен қабілетін басып, жаншу,
басқаша айтқанда, ұрыстың басты мақсаты-жаудың көзін жою...» (Бауыржан Момышұлы. Екі томдық
шығармалар жинағы, 1 –том, Алматы, «Жазушы», 2004 ж.94-95 беттер),- деп жауынгер атамыздың өз
сөзімен жауап беруім ұтымды шықты.
«Қорғаныс дегеніміз не?» деген сұраққа қосымша 1941 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Кеңес
әскерлерінің қорғаныс шептері туралы тарихи деректерді әңгіме түрінде айтып кетуге болады.
Мысалға: Брест қамалының қорғанысы, Москва түбіндегі қорғаныстар кезіндегі жауынгерлердің
соғыс даласындағы асқан ерліктерін оқушылардың санасына суреттей отырып жеткізсек тақырыпты
аша білгеніміз.
Білімділік пен тәрбиелік негізді басшылыққа ала отырып, бір тақырыптың деңгейіндегі сабақты
жоспарладық дейік. Осы тақырыпты толық ашып бекіту үшін алғашқы әскери дайындық мұғалімі
тарихи деректерді қолдана білуі керек. Тактикалық дайындық бөліміндегі тақырыптарды нәтижелі
түрде ашып бекіте білудің тағы бір әдісі тақырыпқа байланысты көркем кинофильмдердегі
оқиғаларды талқылау.
Жалпы әскери ұрыс әрекеттерін теориялық түрде жай бағдарлама мен оқулықтың негізінде
түсіндірсек ол оқушыға ешқандай қызығушылық туғызбайды. Мысалы : « Бетпе-бет ұрыс»,
«шабуыл», «маневр түрлері, ұрыстағы атыс жүйесі деген түсініктерді алғаш оқығанда оқушылар
жаттанды түрде түсінеді де, ой елегінен өткізе қорытындылай алмауы әбден мүмкін. Тақырыптың
мазмұнын жаттанды түрде оқыту көбінесе оқушының есінде сақталып қалмайды.
Тактика- ұрыс жүргізу өнері өз алдына жеке бір ілім екенін түсіндіру мен оқушыларды
еңбексүйгіштікке баулимыз, сондай-ақ ер жігітке әскери маман болу халық арасында үлкен құрмет
екенін айтудың артықшылығы жоқ.
Мұғалім оқу бағдарламасының шеңберінде қалмай оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып, өзінің немесе жолдастарының әскери және еңбек жолындағы ерліктің үлгісі болатын
оқиғаларды айта отырса, оқушылар үлкен әсер алмақ.
Оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғыларымен таныстырғанда
әскери тәртіптің басқа мемлекеттік тәртіптен айырмашылығын, жарғылардың талаптары мен
ерекшеліктерін айта отырып, еңбек заңындағы еңбек тәртібіне байланысты кейбір баптары мен
салыстырмалы түрде түсіндіруге болады, бұл жерде құқықтану пәні мен байланыстылық қажет.
241
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«Әскери тәрбиенің басты мақсаты жауынгердің бойында әскери қызметтің, жауынгерлік өмірдің
қиындығы, мұқтаждығы мен ауыртпалығын жеңе алатындай қабілеттілікке тәрбиелеу, денесін , оның
рухы мен еркін қиындықтан тайсалмайтындай етіп шынықтыру.Командирдің әміріне мойын ұсыну-
бұл да ауыр нәрсе. Әскери тәрбиенің мәні қиындық пен ауыртпалықты, мұқтаждықты және
қорқынышты жеңе аларлық қабілеттілікке баулу, тәрбиелеу, ал бұл тек парасатты адамның ғана
қолынан келетін іс». (Бауыржан Момышұлы. Екі томдық шығармалар жинағы, 1-том, Алматы,
«Жазушы», 2004ж.36-37 беттер)
Сабақты талапқа сай ұйымдастыру, оқыту әдістерін жаңаша түрлендіріп өткізудегі мақсат білім
берумен қоса патриотизмді қалыптастыру, Абай атамыз айтқандай, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру.
Сабақ өткізу кезінде жаңа технологиямен шығармашылық жұмысты байланыстырып өтемін. Сабақта
заман талабына сай компьютер техникасы, интерактивті тақта, мультимедияны пайдаланамын.
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: |